Директор жанындағы кеңес отырысының жоспары
2025-2026 оқу жылы
«Оқушылардың таңдау пәндерінің оқытылу сапасы» мәселесі бойынша директордың ОТЖЖ орынбасары А.Омарова «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері», «Ағылшын тілі», «Жаратылыстану пәндері», «Математика, информатика және физика пәндері», «Бастауыш», әдістемелік бірлестіктерінің жетекшілерінің анықтамалары негізінде сөйледі: - Оқушылардың таңдау пәндері – олардың бейіндік бағытын айқындап, жоғары оқу орындарына түсуге дайындығын қамтамасыз ететін маңызды білім беру саласы болып табылады. Таңдау пәндерінің сапалы оқытылуы білім алушылардың болашақ кәсіби бағдарын дұрыс таңдауға, терең білім алуға және өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға ықпал етеді.
Әдістемелік бірлестіктердің отырыстарында келесі мәселелер талқыланды:
-
таңдау пәндері бойынша білім сапасының көрсеткіштеріне талдау жасау;
-
пән мұғалімдерінің тәжірибесін сараптау және тиімді әдіс-тәсілдерді анықтау;
-
білім алушылардың жеке қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес оқыту процесін ұйымдастыру жолдарын қарастыру;
-
ҰБТ және өзге де қорытынды бақылау нәтижелерін зерделеу арқылы оқыту сапасын жетілдіру бағыттарын айқындау;
-
озық педагогикалық тәжірибені енгізу, цифрлық ресурстарды қолдану арқылы пәнді меңгеруді оңтайландыру.
Ұсыныстар:
1.Таңдау пәндерін оқыту сапасын арттыруға бағытталған шараларды мектепішілік бақылау жоспарына енгізу.
2.Пән мұғалімдерінің түрлі деңгейде тәжірибе алмасуын ұйымдастыру.
3.Оқушылардың таңдаған бағытына байланысты білім деңгейін көтеру бойынша нақты шаралар қатарын белгілеу.
Күн тәртібі: мамыр 2025 жыл
1. 10-11 сыныптарда алғашқы әскери дайындық пәнінің берілуі - Аймагамбетова Ш.Ж.,
Кулов М.А.
2. Оқушылардың таңдау пәндерінің оқытылу сапасы - Омарова А.Ж., ӘБ жетекшілері
3.Педагогтердің инновациялық тәжірибесін енгізу және тарату бойынша шығармашылық / зерттеу топтарының жұмыс тиімділігін бағалау - Омарова А.Ж.
4. Педагогтердің озық тәжірибелерінің оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік өнімдердің жариялануына және таралуы - ӘБ жетекшілері
5. Педагогтардың біліктілікті арттыру жоспарын орындауы - Омарова А.Ж.
6.Әдістемелік бірлестік жетекшілерінің жылдық есебі - Омарова А.Ж.
Күн тәртібі:
1.2024-2025 оқу жылында атқарылған әдістемелік жұмыстарға талдау, жаңа оқу жылының жоспарын бекіту, мақсат- міндеттерін анықтау.
2.2024-2025 оқу жылының әдістемелік нұсқау хатпен таныстыру, таңдау және элективті курс бағдарламаларын, шығармашыл педагогтардың бағдарламаларын, ғылыми-әдістемелік жұмыс жоспарын, дарынды оқушылармен жұмыс жоспарын, жас педагогтерге тәлімгер педагог бекіту.
3.Әдістемелік бірлестіктердің жұмыс жоспарларын бекіту.
4. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар мазмұнының үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкестігі.
1.Тыңдалды: 2024-2025 оқу жылында атқарылған әдістемелік жұмыстарға талдау, жаңа оқу жылының жоспарын бекіту, мақсат- міндеттерін анықтау мәселесі бойынша директордың ОТІЖ орынбасары Г.Бисенова 2023 - 2024 оқу жылында атқарылған әдістемелік жұмыстарға жасалған талдаумен таныстырды.
Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп- лицей ұжымы оқушылардың қабілетіне, белгілі бір бағыттағы икеміне, талантына, шығармашылық деңгейіне байланысты мектепте 310 оқушы дарындылар тізіміне енгізілген.
Оқу жылының басында дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың бағыты анықталып, соған сай жұмыс жоспары жасалынды. Мектеп-лицей директоры бекіткен осы жоспарға сәйкес нәтижеге жету мақсатында жұмыстар жүргізілді.
2023-2024 оқу жылы бойынша оқушылардың жеткен жетістіктерін атап өтейін. 2023-2024 оқу жылының қараша айының 8-і күні Республикалық «Зерде» шығармашылық жобалар мен зерттеу жұмыстары конкурсының мектепішілік кезеңіне 32 оқушы қатысып 10 оқушы қалалық кезеңге жолдама алды. 3 оқушымыз қалалық кезеңнен жүлделі орындармен марапатталды. Қазан айының 12-і күні Президенттік олимпиадаға мектебіміздің 11 сынып оқушысы Искакова Аружан қатысып қалалық, облыстық кезеңнен І орын алып Сәтбаев қаласына республикалық кезеңге жолдама алды. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пәндік олимпиаданың қалалық кезеңінде жүлделі орындарға ие болған оқушылар:
Қалалық кезеңге 32 оқушы қатысып, 15 оқушы І, ІІ және ІІІ орындарды иеленді, 2 оқушы Алғыс хатпен марапатталды. Облыстық кезеңге 6 оқушы жолдама алды.
Қаңтар айының 17-і жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпазы қазақ тілі мен әдебиет пәнінен I орын алған 10 класс оқушысы Қартбаева Айнара марапатталып республикалық кезеңге жолдама алды. Сонымен қатар құқық негіздері пәні бойынша 9 класс оқушысы Бердібекова Аңсатқа мақтау қағазы табысталды.
Сәуір айының 6-ы күні 5-6 сынып арасында ағылшын тілі, математика, қазақ тілі мен әдебиеті және Қазақстан тарихы пәндері бойынша “Достық-2024” олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындысы: І орын 5 сынып оқушысы Асылбекұлы Әділет
Жетекшілері: Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Максутова Акмарал Максутовна, Математика пәні нің мұғалімі Үбайтжанова Аружан Алтайқызы, Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абдіқалықова Сандуғаш Сайлаубайқызы, Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі Абдуалиева Галиябану Сердалиевна, ІІ орын 6 сынып оқушысы Жолдыбай Мерей
Жетекшілері: Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ерғазиева Маржан Мұхтарқызы, Математика пәнінің мұғалімі Бармашева Шара Шарапиевна, Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Картмагамбетова Бекзада Кайырбаевна, Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі Мамырова Галия Шариевна.
2.Тыңдалды: 2024-2025 оқу жылының әдістемелік нұсқау хатпен таныстыру, таңдау және элективті курс бағдарламаларын, шығармашыл педагогтардың бағдарламаларын, ғылыми-әдістемелік жұмыс жоспарын, дарынды оқушылармен жұмыс жоспарын, жас педагогтерге тәлімгер педагог бекіту мәселесі бойынша директордың ОТІЖ орынбасары А.Омарова баяндамасымен директордың ОТІЖ орынбасары Г.Бисенова таныстырды. 2024-2025 оқу жылының әдістемелік нұсқау хатпен таныстырды. Оқу жоспарының вариативтік бөлігін, таңдау және элективті курс бағдарламаларын. ғылыми-әдістемелік жұмыс жоспарын, дарынды оқушылармен жұмыс жоспарын бекітуге ұсынды. Әдістемелік бірлестік отырысының хаттамасы негізінде пәндер бойынша тәлімгерлер резервіне енгізуге ұсынылған педагогтер тізімімен таныстырды.
Жас мамандарға тәлімгер ұстаз бекіту бойынша директордың ОТІЖ орынбасары Ш.Аймагамбетова жас мамандарға тәлімгер педагог бекіту мәселесінде жұмысқа алғаш орналасқан педагогтерге тәлімгер бекіту «Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 160 бұйрығы негізінде жүргізілетіндігін атап өтті.
3.Тыңдалды: Әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспарларын бекіту мәселесі бойынша әдістемелік бірлестіктің жетекшілері (Картмагамбетова.Б.К. – «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері» әдістемелік бірлестігінің жетекшісі, Калиева Ж.К., – «Орыс тілі мен әдебиеті пәндері» әдістемелік бірлестігінің жетекшісі, Досмагамбетова Г.М. – «Ағылшын тілі пәні» әдістемелік бірлестігінің жетекшісі, Мамырова Г.Ш. – «Тарих пәндері» әдістемелік бірлестігінің жетекшісі, Калыкова А.М. – «Эстетикалық пәндер» әдістемелік бірлестігінің жетекшісі, Исагалиев Ж.Ж. – «Жаратылыстану пәндері» әдістемелік бірлестігінің жетекшісі, Бармашева Ш.Ш. – «Математика, информатика және физика пәндері» әдістемелік бірлестігінің жетекшісі, Есубаева Г.У. – «Бастауыш класс» әдістемелік бірлестігінің жетекшісі, Кулов М.А. – «Дене шынықтыру және АӘД пәндері» әдістемелік бірлестігінің жетекшісі) тыңдалды. Әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспарларымен таныстырды. 2024-2025 оқу жылында қалалық сараптамалық комиссияға ұсынылатын жұмыстар, іс-шаралар аталды.
4.Тыңдалды: Күнтізбелік-тақырыптық жоспар мазмұнының үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкестігі мәселесі бойынша директордың ОТІЖ орынбасары Ш.Аймагамбетова: - Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі бекіткен үлгілік оқу бағдарламалары, оқу жоспарларына және басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес тексерілді. Әр пән бойынша тақырыптардың мазмұны үлгілік оқу бағдарламаларының сәйкес келуі, яғни:
- білім берудің мазмұндық құрамдас бөлігінің толық көлемі;
- оқу мақсаттарының нақтылығы және құқықтығы;
- пәнаралық байланыстардың жеткізуі;
- оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестігі;
- ұлттық құндылықтар мен тәрбиелік мәселелердің жеткізілуі қаралды.
Тексеру нәтижесінде барлық пәндер бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарлардың құрылымы үлгілік талаптарға, мазмұны үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес келеді, пәндер бойынша оқу мақсаттарын нақтылау және оқыту әдістерін жетілдіруқаралған.
Ұсыныс:
-мұғалімдерге күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды құрастыру барысында үлгілік оқу бағдарламаларымен толық танысып, оқу мақсаттарын нақтылау бойынша әдістемелік көмек көрсету;
- оқу бағдарламаларының кейбір тақырыптарын оқытуға бөлінген сағаттар санын әдістемелік бірлестіктерде қайта қарау;
- оқытудың әдістері мен формаларын таңдауда оқушылардың жас ерекшеліктерін, жұмысын ескере отырып, белсенді әдістерді анықтау көңіл бөлу.
Жалпы, мектеп-лицейдің пәндер бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес келеді деп қорытынды жасауға болады
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1.2023 - 2024 оқу жылында атқарылған әдістемелік жұмыстарға талдау назарға алынсын.
2. 2024 - 2025 оқу жылының мақсат- міндеттері нақтыланып, ғылыми-әдістемелік жұмыс жоспары бекітуге ұсынылсын.
3.2024-2025 оқу жылының әдістемелік нұсқау хаты оқу-жоспарлау құжаттарын дайындауда назарға алынсын.
4.2024 - 2025 оқу жылының оқу жоспары, таңдау және элективті курс бағдарламалары, шығармашыл педагогтардың бағдарламалары, дарынды оқушылармен жұмыс жоспары, жас педагогтерге тәлімгер педагогтер және әдістемелік бірлестіктердің жұмыс жоспарлары бекітуге ұсынылсын.
5. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар мазмұнының үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкестігі жөнінде мәлімет назарға алынсын.
Төраға ______________________ Омарова А.Ж.
Хатшы ______________________ Аймагамбетова А.Ж.
№2 әдістемелік кеңес отырысы
Күн тәртібі:
1.Тәлімгерлік жүйесі қызметінің тиімділігі.
2. Педагогтерді аттестаттауды ұйымдастыру.
3.Жаратылыстану пәнінде оқушылардың зерттеу дағдыларын
дамытуда оқытудың инновациялық технологияны пайдалану ерекшеліктері (5-6 сыныптар).
4.1-4 сынып оқушыларының оқу жылдамдығын тексеру.
5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалау қорытындысы.
ҚАУЛЫ:
1.Тәлімгерлік жүйесі қызметінің тиімділігі жөнінде мәлімет назарға алынсын.
2. Педагогтерді аттестаттауды ұйымдастыру жөнінде мәлімет назарға алынсын.

дамытуда оқытудың инновациялық технологияны пайдалану ерекшеліктері (5-6 сыныптар) бойынша зерделеу қорытындысы «қанағаттанарлақ» деп бағалансын.
4.1-4 сынып оқушыларының оқу жылдамдығын тексеру қорытындысы «қанағаттанарлақ» деп бағалансын. .
5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалау қорытындысы «қанағаттанарлақ» деп бағалансын.
Тәлімгерлік жүйесі қызметінің тиімділігі мәселесі бойынша
АНЫҚТАМА
Қазіргі білім беру жүйесінде тәлімгерлік - жас мамандардың кәсіби қалыптасуына, біліктілігін арттыруға және тәжірибелі әріптестердің тәжірибесіне бағытталған маңызды құрал. Тәлімгерлік жүйе мектептегі педагогикалық ұжымның дамуы, оқыту сапасының артуына және жас мамандардың дайындығына септігін тигізеді. Тәлімгерлік жүйесінің негізгі мақсаты - жас мамандарды кәсіби дамуға бағыттау, бұл тәжірибелі әріптестердің білімі мен дағдыларын беру, оқыту процесіне бейімдеу және кәсіби мамандарды қолдау.
Тәлімгерлік жүйесінің негізгі міндеттері:
-
Жас мамандарды педагогикалық қызметке бейімдеу.
-
Оларға кәсіби білім мен дағдыларды дамытуға көмектесу.
-
Оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруға үйрету.
-
Өзара тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету.
-
Педагогтың жеке кәсіби дамуын қолдау.
-
Тәлімгерлердің кәсіби шеберлігін арттыру.
Тәлімгерлік тиімділік бағыттары: жас мамандардың кәсіби дамуы: біліктілігінің артуы, әдістемелік білімінің тереңдеуі, сабақтарды талдау және ұйымдастырудың кәсіби дамуы; жас мамандардың ұжымға тез бейімделуі, қондырғының артуы және өзін-өзі сенімді сезінуі; сабақтардың сапасының артуы, оқушылардың білім деңгейін көтеруі және оқу-тәрбие процесінің тиімділігінің артуы; тәлімгерлердің тәжірибесімен бөлісу арқылы жаңа кәсіби шеберлігін арттыру және дағдыларды жетілдіруі және ұжымдағы өзара қолдау, ынтымақтастық және тәжірибе алмасудың артуы.
Ұсыныс:
Тәлімгерлік жүйесінің тиімділігін арттыру жолдары:
-
Тәлімгерлерді даярлау бойынша тренингтер мен семинарлар ұйымдастыру.
-
Тәлімгерлік процесін ұйымдастыру бойынша нақты бағдарламалар жасау.
-
Тәлімгерлерге әдістемелік және психологиялық қолдау көрсету.
-
Тәлім алушылардың жеке мүмкіндіктерін ескеру және жеке көзқарас таныту.
-
Тәлімгерлік жүйесінің қызметін тұрақты бақылау, талдау және жетілдіру жүйесін енгізу.
Қорытынды: Тәлімгерлік жүйесі - жас мамандардың кәсіби деңгейін қамтамасыз ету, оқыту деңгейін арттыру және педагогикалық ұжымның дамуына ықпал ететін маңызды құрал. Тәлім жүйесінің тиімділігін арттыру үшін жоғары өнімділікті ескере отырып, оны тұрақты дамыту қажет. Бұл жас мамандардың кәсіби қалыптасуына, оқу процесінің тиімділігінің артуына және білім беру сапасының жақсаруына жол ашады.
Директордың ОТІЖ орынбасары А.Омарова
Педагогтерді аттестаттауды ұйымдастыру мәселесі бойынша
АНЫҚТАМА
Педагогтерді аттестаттау мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығы (ҚР Оқу-ағарту министрінің 02.04.2024 № 72 бұйрығымен өзгеріс енгізілген) негізінде жүргізіледі. Педагогтерді аттестаттау Қағидасы екі қосымшамен бекітілген болатын. 2-қосымшамен бекітілген норма 2025 жылғы 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді және ол норма бойынша педагогтердің құжаттары Педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы (бұдан әрі - Платформа) арқылы қабылданып, сол жерде аттестаттау жүргізілуі тиіс.
Қазіргі
таңда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Педагогтерді
аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы
27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР
Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығы жобасын әзірлеуде. Сол себепті
мектеп-лицейде түсіндірме жұмыстарын жүргізуді бұйрық бекітілген
соң бастаймыз. 2024-2025 оқу жылының басында аттестаттау және
сараптамалық комиссия құрылды.
Директордың ОТІЖ орынбасары А.Омарова
Жаратылыстану пәнінде оқушылардың зерттеу дағдыларын
дамытуда оқытудың инновациялық технологияны пайдалану ерекшеліктері (5-6 сыныптар) мәселесі бойынша
АНЫҚТАМА
Жаратылыстану пәнінде оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытуда оқытудың инновациялық технологияның қолданылуын зерделеу мақсатында 2024 жылдың 11-22 қараша аралығында 5-6 кластарында жаратылыстану пәні бойынша зерделеу эұмыстары жүргізілді. Мұғалімдердің сабақтарына қатысу кестесі бойынша жаратылыстану сабақтарына қатыстым. С.Жангабылова, Г.Кенесова, А.Кулдыкова және Г.Татаманова сабақтарында тәжірибелер арқылы оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар берді. Г.Кенесова беттік керілуді тәжірибе арқылы тиімді түсіндірді. С.Жангабылованың сабағының ұтымды тұсы үй жағдайында тәжірибелер арқылы жаңа тақырыпты толық меңгеріп алуға болатындығын оқушыларға түсіндіруі болды. А.Кулдыкова сабақтарында виртуалды анимациялық кескіндерді қолдану арқылы қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындатты. Жаратылыстану мұғалімдерінің күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары, сабақ жоспарлары мен қалыптастырушы бағалау тапсырмалары зерделенді.
Қорытынды: жаратылыстану пәні мұғалімдері оқушылардың зерттеу қабілетін дамытуда инновациялық технологияларды тиімді қолдануда. Тәжірибелер, анимациялар және өздік жұмыстарды пайдалану арқылы білім сапасын арттыру жолдары қаралған. Мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденістерінің арқасында оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту күнделікті сабақ жоспарларына енгізілген.
Ұсыныстар:
1.Инновациялық технологияларды қолдануды одан әрі жетілдіру:
-
Виртуалды зертханаларды, 3D модельдерді, интерактивті симуляцияларды және басқа да заманауи технологияларды сабаққа енгізуді жалғастыру.
-
Оқытудың әр түрлі әдістерін қолдану (түзету, жобалық оқыту, зерттеу сабақтары, STEM тәсілі) игеруді зерттеуді дамыту.
-
Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін топтық жұмыстарды, пікірталастарды және басқа да интерактивті әдістерді қолдану.
-
Тәжірибелік жұмыстарды жақсарту:
-
Тәжірибелердің көбейту және олардың оқу материалдарымен байланыстыру.
-
Оқушыларды тәжірибеге қатысуға және өз қорытындыларын шығаруға ынталандыру.
-
Тәжірибелерді жүргізуге арналған құралдармен және материалдармен қамтамасыз ету.
-
Директордың ОТІЖ орынбасары А.Омарова
№3 әдістемелік кеңес отырысы
ҚАУЛЫ:
1.Білім берудің төменгі сапасын көрсететін сыныптармен жұмыс нәтижесі назарға алынсын.
2.Педагогтердің инновациялық тәжірибесін енгізу және тарату бойынша шығармашылық / зерттеу топтарының жұмыс тиімділігін бағалау жұмыстары келесі оқу жылында жандандырылсын.
3.Педагогтардың сабақтарына мектеп әкімшілігі мүшелерінің, әдістемелік бірлестік жетекшілерінің қатысымын талдау нәтижесі бойынша іс-шаралар жоспары құрылсын.
№5 әдістемелік кеңес отырысы
ҚАУЛЫ:
1.Ғылыми жетекшінің жұмыс сапасы туралы мәлімет назарға алынсын.
2.Сабақтар мен элективті курстарда ғылыми жұмыс элементтерін енгізу туралы мәлімет назарға алынсын.
3.Жас педагогтардың кәсіби қиындықтарын анықтау туралы мәлімет назарға алынсын.
4.Халықаралық зерттеулерге дайындық жұмыстары «қанағаттанарлық» деп бағалансын.
5.Оқушылардың таңдау пәндерінің оқытылу сапасы «қанағаттанарлық» деп бағалансын.
6.Жас педагог тәжірибесінде тәлімгерлік жүйесінің элементтерін іске асыру барысын бағалау. туралы мәлімет назарға алынсын.
7.Педагогтардың тәжірибесін жақсарту мақсатында Lesson study және педаггогкалық іс-әрекетті зерттеуді ұйымдастыру және өткізу «қанағаттанарлық» деп бағалансын.
8.Педагогтардың біліктілікті арттыру жоспарын орындауы туралы мәлімет назарға алынсын.
№3 әдістемелік кеңес отырысы 30.
|
1. Ағылшын тілі оқытуда 8-9 сынып, 9-11 оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында тиімді әдістер мен жаттығуларды пайдалану. |
Талдау, нәтижесін қорыту |
қаңтар |
Аймагамбетова Ш.Ж. Досмаганбетова Г.М. |
|
2. Үлгермеушіліктің себептері мен салдарын анықтау. |
Мұғалімдер-дің талдауы |
Исмагамбетова А.У. ӘБ жетекшілері |
|
|
3. 5-11 сынып оқушыларына қиын тақырыптарды меңгеру бойынша жұмыстардың жай-күйі. |
Талдау, нәтижесін қорыту |
Аймагамбетова Ш.Ж. Бисенова Г.Н. |
|
|
4.Жас педагогтың кәсіби қызмет бағыттарының әртүрлілігін талдау. |
Тексеру нәтижесін қорыту |
Омарова А.Ж. |
|
|
5.Жас педагог тәжірибесінде тәлімгерлік жүйесінің элементтерін іске асыру барысын бағалау. |
Салыстыр-малы талдау, нәтижесін қорыту |
Тәлімгерлер |
№3 әдістемелік кеңес отырысы
КҮН ТӘРТІБІ:
1. Ағылшын тілі оқытуда 8-9 сынып, 9-11 оқушыларының сөйлеу
дағдыларын қалыптастыру мақсатында тиімді әдістер мен жаттығуларды пайдалану.
2.Үлгермеушіліктің себептері мен салдарын анықтау.
3. 5-11 сынып оқушыларына қиын тақырыптарды меңгеру бойынша жұмыстардың жай-күйі.
4.Жас педагогтың кәсіби қызмет бағыттарының әртүрлілігін талдау
5.Жас педагог тәжірибесінде тәлімгерлік жүйесінің элементтерін іске асыру барысын бағалау.
ҚАУЛЫ:
1.Ағылшын тілі оқытуда 8-9 сынып, 9-11 оқушыларының сөйлеу
дағдыларын қалыптастыру мақсатында тиімді әдістер мен жаттығуларды пайдалану туралы мәлімет назарға алынсын.
2.Үлгермеушіліктің себептері мен салдарын анықтау бойынша мәлімет назарға алынсын.
3. 5-11 сынып оқушыларына қиын тақырыптарды меңгеру бойынша жұмыстардың жай-күйі «қанағаттанарлық» деп бағалансын.
4.Жас педагогтың кәсіби қызмет бағыттарының әртүрлілігін талдау нәтижесі қабылдансын.
5.Жас педагог тәжірибесінде тәлімгерлік жүйесінің элементтерін іске асыру барысы туралы мәлімет назарға алынсын.
Жас педагогтың кәсіби қызмет бағыттарының әртүрлілігін талдау мәселесі бойынша
АНЫҚТАМА
Жас педагогтердің кәсіби құзыреттілігінің қалыптасу деңгейін анықтау, педагогикалық қызметіндегі жетістіктері мен деңгейін анықтау, әдістемелік көмек көрсету жоспарына сәйкес жұмыстар қатары жүзеге асырылуда. Талдау жүргізу үшін келесі мәліметтер жиналды:
-
Сабақтарға қатысу және талдау
-
Оқушылардың жұмыстарын талдау
-
Жас педагогтермен әңгімелесу
-
Жас педагогтердің құжаттарын қарау (жұмыс жоспары, сабақ жоспары, тәрбие жұмыстарының жоспары, т.б.)
-
Оқушылармен және ата-аналармен байланысты бақылау.
Талдау нәтижесінде жас педагогтер өздерінің кәсіби құзыреттілігін дамытуға құштар екендіктерін көрсетті.
Оқыту қызметі бойынша:
-педагогтер өз пәнін жетік меңгерген;
- сабақтарының мақсаттары, нақты құрылымы дұрыс құрылған.
- оқыту әдістерін дұрыс таңдайды және оларды тиімді қолданады;
- оқушылардың білім деңгейін арттыру әдістерін қолданады;
- оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыруға тырысады.
Әдістемелік қызметі бойынша:
-жас педагогтар өз білімін жетілдіруге тырысады;
- тәжірибелі педагогтерден кеңес алады, сабақтарына қатысады;
- оқушылардың зерттеу жұмыстарына жетекшілік етеді.
Байқалған қиындықтар:
-
сабақтың барлық кезеңдерінде уақытты тиімді пайдалану;
-
оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытуды даралау;
-
оқушылардың білімін бағалаудың әртүрлі әдістерін қолдану;
-
өз тәжірибесін жүйелеу және қорытындылау.
Ұсыныс:
-
Оқушылардың білімін бағалаудың әртүрлі әдістері мен құралдарын қолдану;
-
Сабақта интерактивті әдістерді қолдану (топтық жұмыс, ойындар, пікірталастар);
-
Тәжірибелі педагогтардың сабақтарына қатысу және олардан кеңес алу;
-
Әдістемелік семинарларға және конференцияларға қатысу.
Директордың ОТІЖ орынбасары А.Омарова
Жас педагог тәжірибесінде тәлімгерлік жүйесінің элементтерін іске асыру мәселесі бойынша
АНЫҚТАМА
Педагог-тағылымдамашыларға тәлімгерлік жүйенің тиімділігін бағалау, білім беру процесіндегі жетістіктер мен деңгейді анықтау, жас педагогтың кәсіби дамуына қолдау көрсету бағыттарын белгілеу мақсатында бекітілген тәлімгерлер жұмысы зерделенді.
Зерделеу барысында келесі жұмыстар атқарылды:
-
тәлімгер және жас педагогпен әңгімелесу;
-
жас педагогтың сабақтарына қатысу және талдау;
-
тәлімгерлік жоспардың орындалуын талдау;
-
тәлімгерлік бойынша тексеру (есептер, жоспарлар, т.б.).
Тәлімгерлік жүйенің іске асырылуы бойынша зерделеу қорытындысы:
-
тәлімгер мен жас педагог арасында тұрақты әңгімелесулер өткізіліп тұрады;
-
тәлімгер жас педагогқа сабақтарды жоспарлауға, әдістемелік нұсқаулық таңдауға көмектеседі;
-
тәлімгер жас педагогтың сабақтарына талдау жасайды;
-
жас педагог тәлімгердің тәжірибесімен танысады және кеңес алады.
-
тәлімгер жас педагогқа психологиялық қолдау көрсетеді;
-
тәлімгер жас педагогты әріптестерінің тәжірибесімен таныстырады;
-
тәлімгер жас педагогтың кәсіби дамуына жағдай жасайды.
Ұсыныс:
-
Тәлімгерлік жоспарды жасау кезінде жас педагогтың нақты қажеттілігін ескеру.
-
Тәлімгер мен жас педагог арасында тұрақты және тиімді қарым-қатынас орнату.
-
Тәлімгерлікке оқыту уақыт бөлу және оны мектептің жұмыс жоспарына енгізу.
-
Тәлімгерлерді даярлау және әдістемелік көмек көрсету.
-
Тәлімгерлік жүйенің тиімділігін бағалау және оны жетілдіру.

Білім беру нәтижелеріне қол жеткізу үшін цифрлық білім беру ресурстарын
пайдалану деңгейін анықтау мәселесі бойынша
АНЫҚТАМА
Мектеп-лицейдің әдістемелік тақырыбы «Интерактивті және танымдық-қызықты білім беру ортасын құру үшін цифрлық технологияларды қолдану» болғандықтан оқу-тәрбие процесінде цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану талабы барлық педагогтерге қойылған болатын.
Педагогтардың білім беру ресурстарын қолдану арқылы бағалауына, олардың тиімділігін анықтап, білім беруде қолдануды оңтайландыру бойынша ұсыныстар беру мақсаттында мектепішілік бақылау жоспарына сай мектеп әкімшілігі педагогтердің сабақтарына қатысып, құжаттарын зерделеді.

педагогтармен әңгімелесу жүргізілді;
-
сабақ жоспарларын талдау;
-
сабақтарға қатысу және бақылау жүргізу;
-
оқушылардың жұмыстарын талдау;
-
мектептегі цифрлық білім беру ресурстарына қол жетімділікті және пайдалану статистикасын қарау.
Талдау нәтижесінде педагогтарының цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану деңгейі әртүрлі. екендігі анықталды. Үш деңгей бойынша қарастырсақ:
-
Жоғары деңгей: Педагогтар ЦББР-ды сабақ жоспарлауда, оқыту материалдарын құрастыруда, оқушылармен интерактивті жұмыс жасауда және білім алу жетістіктерін бағалауда қолданып жүйелі түрде жұмыс жасайды.
-
Орташа деңгей: Педагогтар ЦББР-ды кейбір сабақтарда ғана жақсы немесе дайын ЦББР-ды қажет етеді, кейбіреулер жаңа материалдар әзірлемейді.
-
Төмен деңгей: Педагогтар ЦББР-ды мүлдем қолданбайды немесе тек қарапайым ресурстарды (интернет, презентациялар) пайдаланады.
Педагогтарға ЦББР-ды пайдаланудың тиімділігі бойынша практикумдар әдістемелік сағаттарда, мектепішілік семинарларда үнемі өткізілгенімен тәжірибе жүзінде қолданбайтын әріптестер анықталды.
Ұсыныс:
-
Педагогтардың цифрлық қабілетін арттыру үшін тренингтер мен семинарлар ұйымдастыруды жалғастыру.
-
Мектептегі ЦББР-ға қол жетімділікті арттыру (жаңа бағдарламалар мен платформаларды сатып алу, интернет ресурстарын арттыру).
-
Педагогтарға ЦББР-ды тиімді қолдану бойынша әдістемелік көмек көрсету (нұсқаулықтар, кеңестер, үздік тәжірибелермен бөлісу).
-
ЦББР-ды пайдаланудың тиімділігін бағалау үшін жүйелі түрде бақылау жүргізу.
Директордың ОТІЖ орынбасары А.Омарова
Қаулы
1.10-11 сыныптарда алғашқы әскери дайындық пәнінің берілуі бойынша мәлімет назарға алынсын.
2. Оқушылардың таңдау пәндерінің оқытылу сапасы «қанағаттанарлық» деп танылсын.
3.Педагогтердің инновациялық тәжірибесін енгізу және тарату бойынша шығармашылық / зерттеу топтарының жұмыс тиімділігін бағалау бойынша мәлімет назарға алынсын.
4. Педагогтердің озық тәжірибелерінің оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік өнімдердің жариялануы және таралуы бойынша жұмыстар алдағы оқу жылы жалғастырылсын.
5. Педагогтардың біліктілікті арттыру жоспарын орындауы «қанағаттанарлық» деп танылсын.
6.Әдістемелік бірлестік жетекшілерінің жылдық есебі «қанағаттанарлық» деп танылсын
.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Директор жанындағы кеңес жоспары

шағым қалдыра аласыз