"Бүгінгі ұрпақ тәрбиесі - ертеңгі
қоғам айнасы " атты мектеп директорлары тәрбие ісі жөніндегі
орынбасарларының аудандық семинарының ашылу салтанатының
бағдарламасы
Қазақта Абай дара.Абай
дана.
Ақын көп данышпаны Абай
ғана.
Кемеңді қай мұхитқа
салсаңдағы.
Қарап ал адастырмас
шарайнаңа.
Драмалық шағын көрініс.
Абайдың оныншы қарасөзі.
І
жүргізуші:
Ұстаздар бармысыздар
асқаралы.
Есті жұрт санасымен
мақтанады.
Тағдырың талайыңның түп
қазығы.
Тәрбие тал бесіктен
басталады.
ІІ
жүргізуші:
Ар- Ұят, Талап, Ождан
адамдағы.
Сарқылмас қазына ол
санамдағы.
Боранбай мектебіне қош
келдіңдер.
Тәрбиенің майталман
мамандары.
І
жүргізуші:
Болсада жүз қағида мың бір
арман.
Өмірде қағидасы мың
бұралған.
Сіздерсіз тәлім беріп
тәрбиеде.
Айнымай келе жатқан ізгі
жолдан.
ІІ
жүргізуші:
Би Боранбай бабаның
мектебінде.
Тәрбиемен өрлесін
биігіміз.
Ел ертеңін ойлаған ұстаз
қауым.
Құтты болсын бас қосқан
жиыныңыз.
Құттықтау сөз тізгіні: Ақсуат
ауданының білім бөлімінің әдіскері Жанар
Жексенбекқызына.
Би Боранбай атындағы орта
мектебінің директорының міндетін атқарушы Айгүл Кәдірқызына
беріледі.
І
жүргізуші:
Не қажетін біле ме қоғам
мына.
Білімділер білікті бола
алдыма.
Тәрбиесіз берілген
білімменен.
Талайлардың қалды орта
обалына.
ІІ
жүргізуші:
Ізгілікті көргенде басылар
мұң.
Заманы бұл Ұлы ұят. Асыл
Ардың.
Семинарға жасөрен тілек
айтсын.
Құттықтауын тыңдайық
Жасұланның.
Арма деп сәлем бердік
ұстаздарға.
Ұстамы биік жандар
бармысыздар.
Самаладай жарқырап
тұратұғын.
Сіздерге айтар менің алғысым
бар.
Бүгінді тәрбиелеп бағыт
берген.
Ертеңнің ізгілігін анық
көрген.
Сіздердей ұстаздарға мың
рахмет.
Айтарын санасына салып
келген.
Үйіңді аршаменен
аластарсың.
Қоғамды тек парасат
аластайды.
Білсеңіз нашақорлық деген
бәле.
Қазақтың баласына
жараспайды.
Лудамания олда дерт асқынып
тұр.
Білу керек жас ұрпақ басты
нені.
Ұтамын деп барады ұтылып қап
.
Ақырында өлімге бас
тігеді.
Қоғамға баламын ғой
таңғаламын.
Бұндайды балаға айтпай қою
керек.
Талай талай отбасы шырқын
бұзған.
Барлық Ойынхананы жою
керек.
Тентектен тәрбиелеп
ғұламаны.
Жасаған ұстаз бәрін ұға
алады.
Ата анасы жауапты нәрсеге
де.
Кейде ұстаз кінәлі боп шыға
алады.
Бәріне соның төзіп
келесіздер.
Өйткені осы елге
егесіздер.
Қоғамды тәрбиелеп жатқаннан
соң.
Шәкірттің ертеңіне
сенесіздер.
Арманның атың қалар
қанатында.
Тәртіппен нақтылыққа
жаратылған.
Әр мектептің мерейін
асқақтатып.
Тәрбие ісін меңгерген дара
тұлға.
Тайдырсаңыз сәл ғана
көзіңізді.
Бүлдіреміз сіздегі төзім
ізгі.
Тәрбиенің тарланы
құттықтаймыз.
Семинармен бүгінгі
өзіңізді.
Ел ертеңі жас ұрпақ
тәрбиелер.
Соларды ұстаздарым мықты
болсын.
Басқосқан сол саланың
мамандары.
Баршаңызға семинар құтты
болсын.
Би:
І
жүргізуші:
Би баба мектебіне қош
келдіңіз.
Боранбай ғасыр жасап өмір
көрген.
Батыр боп атойлатып жауға
шауып.
Сексен жыл ұрпағына тәлім
берген.
ІІ
жүргізуші:
Бір шәкірті әйгілі Ақтайлақ
би.
Кейінгінің ішінде асқан
дара.
Би Боранбай бабадан тәлім
алды.
Кім білсін қанша бала қанша
дана.
І
жүргізуші:
Сол мектепте мазмұнды жиын
болсын.
Тамсантқандай естіген елдің
бәрін.
Тәрбие саласының
мамандары.
Тағы да құтты болсын
семинарың.
Еңселі ұрпақ өседі
жетіледі.
Тәрбие мамандары өзің
барда.
Мақсатына жеткен бір жиын
болсын.
Тек сәттілік тілейміз
семинарға.