Дирижерлау пәнін оқытудың әдістері.
Сарқан көпсалалы колледжі
Оразаева Кенжегуль Касымжановна
Андатпа.
Бұл ғылыми мақалада дирижерлау пәнін оқытудың әдістері, олардың музыкалық білім берудегі маңызы қарастырылады. Мақалада дирижерлық техниканы меңгертудің теориялық және практикалық негіздері, педагогокалық әдістердің тиімділігі талданылады.
Түйін сөздер: дирижерлау, дирижерлық техника, оқыту әдістері.
Кіріспе.
Зерттеудің өзектілігі. Музыкалық білім беру жүйесінде жирижерлау пәні ерекше орын алады. Дирижерлау музыкалық шығарманың мазмұнын түсініп, оны орындаушыға жеткізе білу өнері. Дирижерлау пәні білім алушының музыкалық есту қабілетін, талдау жасау, ырғақтық сеімін, көркемдік талғамын, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытады. Дирижерлау пәнін оқытудың тиімді әдістерін зерреу қазіргі педагогика ғылымиының өзекті мәселелерінің бірі болып саналады. Дирижерлік өнер өзіне тән кәсіптік көркемдеуші құралдарымен белгілі. Ол қол қимылы музыка мазмұнына сай мимикалық қозғалыстар жасау, түсіндірмелі сөздер арқылы оркестр ұжымымен бірге шығармашылық жұмыс жасай отырып, шығарманы көркемдікпен жеткізуімен ерекшелінеді.
Зерттеудің мақсаты: колледж білім алушылары, жас мамандардың дирижерлік техниканы меңгерудегі, дағдыларынын қалыптастыру.
-
Білім алушылар мен жас мамандардың дирижерлау дағдыларын қалыптастыру.
-
Дирижерлаудың техникалық құралдары мен олардың музыкалық мәнерге әсері.
Білім алушылардың дирижерлік дағдыларын қалыптастыруға, музыкалық ойлауын дамытуға және шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге бағытталған, кәсіби музыкант ретінде қалыптасуы өте маңызды. Бұл пән жауапкершілік, тәртіп және шығармашылық бірлікті талап ететін күрделі процесс. Пәнді оқыту барысында дирижерлік ишараны түсіну қабілеті жетілдіріледі, музыкалық шығармамен жұмыс істеу қабілеті қалыптасады.
Негізгі бөлім.
Дирижерлау пәнінін басты ерекшелігі – теория мен практиканың тығыз байланысында. Дирижерлау сабағында оқытушы білім алушының музыкалық есту қабілетін дамыту, ырғақты сезімін қалыптастыру, қол қимылдарынның икемділігін жетілдіру, ансамбльмен жұмыс жүргізу қабілетін қалыптастырумен жұмыс жасайды.
Оқытушы сабаққа жауапкершілікпен дайындалып, әртүрлі әдіс-тәсілдермен әсер ету үшін пәнді оқыту әдістерін білуі керек. Пәнді оқыту әдістері:
-
Түсіндірмелі-иллюстрациялық әдіс – оқытушы шығарманың мазмұнын, стилін, формасын түсіндіреді. Оқытушы дирижерлік схемаларды, легато, фермато, синкопа секілді техникалық тәсілдерді қол қимылы арқылы көрсетеді. Дирижерлаудың теориялық негіздерін, музыкалық форманың логикасын, фразалау ерекшеліктерін түсіну үшін қолданылады. Әрбір дирижерлік қимыл мағынасын оқытушы ауызша түсіндіреді.
-
Практикалық әдіс – қайталау, фразалармен жұмыс, қиын тұстарын бөлек дирижерлап жаттықтыру. Жаттығу – әдісі дирижерлік техниканы дамыту, жетілдіру үшін қолданылады. Оқытушы әртүрлі байсалды қимыл қозғалыстарды, қол қимылдарының мәнерлілігі, ырғақты дәл көрсетуге арналған жаттығулар орындау арқылы дирижерлік техниканы дамытады. Білім алушы сол қимылдарды көріп, естіп, қайталау арқылы меңгереді.
-
Тыңдау және талдау әдісі – белгілі дирижерлардың орындауындағы оркестрлік шығармаларды тыңдау, талдау.
-
Шығармашылық әдіс –динамикалық ренктерді іздеу, орындау техникасын меңгерту.
Оқытушы өз сабақтарында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы білім алушының пәнге деген қызығушылықтарын арттыру түседі.
Музыкалық шығармамен жұмыс істеуге әдістемелік ұсыныс:
-
Әр шығарманы мұқият таңдау;
-
Қиын жерлерді баяу екпінде пысықтау;
-
Метроном қолдану;
-
Шығарманың әр бөлімімен жеке жұмыс жүргізу.
-
Білім алушы бойындағы нақта қандай қабілетті дамыту керектігіне байланысты тапсырма түрлерін әзірлеу.
Болашақ көркемөнерпаздар оркестрінің жетекшілері, дирижерлердің кәсіби құзіреттілігін дамыту, өз саласын жетік меңгерген, теориялық және тәжірибелік іс-әрекетін біріктіре алатын мамандарды даярлау аса маңызды.
Осыған байланысты білім алушының кәсіби даярлық сапасын арттыруға, болашақ мамандарды орындаушылық, дирижерлік құзіреттілігін қалыптастыруға бағытталған оқу құралын даярлап, ондағы тапсырмаларды өз сабағымда қолданамын.
Тапсырма беруге әдістемелік ұсыныс: Білім алушы әртүрлі тапсырмаларды орындау арқылы тақырыпты ашып, өзіне керек қосымша ақпараттар алады. Ізденушілік, жауапкершілік қабілеттері дамиды. Сол себепті білім алушыны жеңілден қиынға қарай біртіндеп тапсырманы өз бетінше орындауға бағыттап отырған дұрыс. Білім алушыға ырғақтық жаттығулар бойынша тапсырма бергенде оның есту, музыканы сезіну қабілеттерін шыңдалады. Әртүрлі ырғақпен байланысты тапсырма түрлерін даярлап, білім алушыны тапсырманы жүйелі орындауға бағыттап отырған дұрыс. Әртүрлі тапсырмалармен жұмыс жасау арқылы білім алушылар дирижерлік қол қимылдарын түсініп, дәл орындау, ырғақ пен екпінді сақтау, динамикалық және агогикалық белгілерді орындау, оркестр партитураларын сауатты оқуды меңгереді. Ұсынылған тапсырмаларға оқу нәтижелеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететін сұрақтар, кестелер, тірек-сызбалар, музыкалық шығармалар кіреді. Бұл тапсырмалар білім алушылардың дағдыларын дамып, оқу үлгерімін бақылауға мүмкіндік береді, теориялық білімді меңгеруді жеңілдетеді.
Қорытынды. Дирижерлау пәнін оқыту әдістемесі – бұл дәстүрлі педагогикалық тәсілдері теориялық білім мен практикалық дағдыларды ұштастырып, әрбір білім алушыға жеке тәсіл қолдану қажет етеді. Оқытушы дирижерлау өнерінде техникалық шеберлікке жету үшін білім алушының бойында тек дирижерлік дағдыларды ғана емес, сонымен қатар көркемдік ойлауды, жауапкершілікті, көркемөнерпаздар оркестрімен жұмыс жасай білу қабілетін дамыта білуі керек.
Қолданылған әдебиеттер:
-
Мусин И «Техника дирижирования» 1967г
-
Байжұманов. С. Халық аспаптары оркестрі. Алматы «Өнер» 1993ж
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз