«Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі:
А.Б.Тохлиева
Күні: 26.04.2018ж Пәні: Әдебиет Сыныбы: 6а
Сабақтың
тақырыбы: Дулат Исабеков «Ата
үміті»
Сабақтың
мақсаты:
а)Өткен сабақта алған білімдерін тиянақтау, оз
ойларын қорытынды жасай білуге дағдыландыру,
оқушылардың әңгімені толық оқып меңгергендерін тексере отырып
әңгімедегі кейіпкерлер туралы өзіндік
пікірлерін қалыптастыру;
ә)
жазушының портрет жасау шеберлігіне
назар аудару, кейіпкерлерге мәтіннен мысалдар
келтіре отырып сипаттамалар беру, сөздік қорын
дамыту;
б) Әңгіме идиясы негізінде оқушыларды
адамгершілікке, адалдыққа, мейірімділікке
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: аралас
Сабақтың
әдісі: баяндау, сәйкестендіру,
сұрақ-жауап
Сабақтың
көрнекілігі: таратпа
материалдар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
бөлімі
Оқушылармен амандасу.
Оқушылды тексеру. Оқушылардың
көңілін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын
тексеру.
Оқушылар алын ала екі топқа
бөлінеді. Бағалау парақшалары
таратылады.
Үй жұмысын
тексеру «Ата
үміті». Оқу, түсінігін баяндау.
Тест
тапсырмасы
-
Мені, мені шотпен ұрмақ! Аха-ха-ха… Катюшамен
атпаса анау-мынау мылтыққа өле қоймаймын . Кімнің
сөзі?
А) Тоқсанбай В)
Ергеш
С)
Омаш
-
«Жасымық» сөзінің
мағынасы?
А)
ноқат
В) шөп
атауы С)
мылтық
-
«Құдайдың ұрған жері осы болды. Мынау асығатын
емес» Кімнің сөзі?
А)
Тоқсанбай В)
Ергеш
С)
Омаш
-
………………… заманынан келе жатқан сары самаурын әндете
ызылдады.
А) ерте В)
атам С)
Николай
-
Тоқсанбай шал үйіне келген соң не
істеді?
А) ақша
санады В) немересіне велосипед сатып
алды С) қонақ шақырып,
садақа берді
-
«Ергешжанның атын атап келіп тұрған соң жеті
сомын соларға бердім». Кімнің сөзі?
А)
Тоқсанбай В)
кемпір
С) Омаш
-
Ауыл шалдарын ауызашарға шақырғандағы
Тоқсанбайдың ойы не еді?
А) жасаған күнәсін құдайы
беріп жеңілдету
Б)
қуанышымен бөлісу
С)
парызым деп есептеді
-
Омаш сол бетімен алдына кеп тізерлеп жығылып,
еңкілдеп қоя берді. Омаш неге жылады?
А)
кешірім
сұрады Б) өз ұрлығын жабу
үшін С) шын көңілімен
жылады
-
Тоқсанбай қарт соғыста неше баласын
жоғалтты?
А)
6 Б)
4
С)2
ІІІ. Жаңа сабақ
І
топ Әңгіме құрылысына
талдау
|
Р/с
|
Оқиға желісі
|
Оқиға өрісі
|
|
1
|
Оқиғаның басталуы
|
|
|
2
|
Оқиғаның дамуы
|
|
|
3
|
Оқиғаның байланысуы,
өрбуі
|
|
|
4.
|
Оқиғаның шиеленісуі
|
|
|
5.
|
Оқиғаның шарықтау шегі
|
|
|
6.
|
Оқиғаның шешімі
|
|
|
Неге, кімге қатысты
айтылады?
|
Не себепті
айтылады?
|
|
1.Пайдасынан басқа зияны жоқ, жан біткенге қылдай
қиянат келтірмейтін, бейкүнә, жазықсыз аңдар мен құстар, жануарлар
мен жәндіктерге айтылады.
|
|
|
2.Қасиетті, киелі
саналатын тағам атауларына қатысты
айтылады.
|
|
|
3.Адамға қатысты айтылады. Мысалы көрген қорлық,
кеткен ақы, төгілген жас, көрген қиянат.
|
|
ә) Сауап сөзінің мағынасын қалай
түсінесіңдер?
-
«Дұрыс болды, оған сол керек» деген мағынада
жұмсалады.
-
Алғыс, ықылас, қошемет, рахмет ұғымын
білдіреді.
СӘЙКЕСТЕНДІРУ
Кейіпкерлер іс-әрекеті мен портретін
сәйкестендіру.
|
Тоқсанбай
Ергешбай
Омаш
|
мейірімді
қатыгез
есті
қонақжай
қомағай
арсыз
иманды
тойымсыз
көргенсіз
төзімді
ұғымды
оспадар
елгезек
имансыз
ақпейіл
балажан
тірбиелі
әдепсіз
ұры
аяр
қанағатшыл
арлы, адал
арам ойлы
өнегелі
еңгезердей
қағылез
|
IV.Сабақты
қорытындылау
Бекіту
сұрақтары:
-
Әңгіменің «Ата үміті» аталу себебі неде деп
ойлайсыңдар?
-
Әңгіме соңы немен аяқталды? (дүниеқоңыздық пен
қатыгездікті адамгершілік пен адалдық
жеңді)
-
Омаш әңгіме соңында өзін қалай сезінді? (тауып
оқу)
Омаш іс-әрекетіне баға бере келе өмірде мұндай
жандардың, мұндай оқиғалардың әлі де болса кездесетініне
тоқталамыз. Оқушылады жаманнан жиреніп, жақсыдан үйреніп, ізгілік
жолын ұстануға шақырмын.
V.Үйге тапсырма Адамгершілік, адалдық тақырыбына өлең
құрау.
VI.Оқушыларды бағалау