400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дисграфия ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Көріп есте сақтауын дамытуға арналған тапсырма, оқу және жазу процесіне қатысатын танымдық аймақтарды дамытуға арналған тапсырмалар ұсынылады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Оқу және жазу дағдыларының алғышарттарын қалыптастыру

(сабақтың тақырыбы)

Кезеңі

Дайындық деңгейі

Логопедтің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

А.Аскарова

Күні:


Сынып/топ:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Оқу және жазу дағдыларының алғышарттарын қалыптастыру

Сабақтың мақсаты:

  • Көру гнозисін, талдау мен жинақтауын дамыту;

  • Сөйлеу – көру функцияларын дамыту;

  • Оптикалық - кеңістіктік гнозис пен праксисті дамыту;

  • Көріп есте сақтауын және естіп есте сақтауын дамыту;

  • Оқу және жазу процесіне қатысатын танымдық аймақтарды дамыту.


      Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі

2 мин









Сабақтың басы 5 минут

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар?

  • Бүгінгі көңіл күйлерің қалай?

Психологиялық ахуал

«Менің жанымның саябағы» әуенді терапия

Мақсаты: Білім алушыларды жігерлендіріп көңіл күйін көтеру. Медитация және визуализация релаксациясы.

Көрнекілігі: музыка аппараты, жағымды, баяу әуенді диск. Табиғат бейнеленген суреттер.

а) Білім алушыларды жайлы отырғызып, еркін ыңғайлы сезінуін қадағалау.

б) Әуенді қосар алдында білім алушы көзін жұмуы тиіс.

Кіріспе:

- Көз алдыңызға жаңа көрген табиғат көріністерін елестетіңіз.

- Терең дем алып, әуеннің ырғағына зейін аударып, менің сөздеріме құлақ салыңыз.

- Ал, бастаймыз. (музыка қосылады)

- Соқпақ жолмен жүріп келесіз …

- Жол ұзақ, шаршадыңыз, шөлдедіңіз …

- Кенет алдыңыздан ғажайып бақ көрінді …

- Алма бағы …

- Қып – қызыл алмалар қол созым жерде …

- Сіз үзіп алып жей бастадыңыз …

- Дәмі керемет …

- Жеген сайын жегіңіз келеді …

- Қалтаңыздан дорба алып алмаларды жинай бастадыңыз …

- Күн кешкірді … Қайту керек … Бақтан шығып жолға түстіңіз … Иығыңызда дорба.

- Жүгіңіз ауыр. Жол бітер емес. «Тастап кетсем бе екен?» деген ой келді …

- Сіз дорбаны емес, жалқау ойыңызды тастап кетіңіз …

- Міне, қалашыққа да жеттіңіз … Алдыңыздан қуана секіріп балалар шықты

- Оларға өзіңіз терген алмалардан үлестіре бастадыңыз …

- Алма тергеніңіз мұншама абырой болар ма?

Сізге балалар да, олардың ата – аналары да дән риза …

- Балалардың бақытты күлкісі сіздің де көңіліңізді көкке көтерді! Музыка тоқтатылып, балалар көзін ашады. Өз әсерлерін бөліседі.


Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

  • Бүгінгі сабағымызда түрлі ойындар арқылы оқу мен жазуға үйрену үшін танымдық қабілеттерімізді дамытатын боламыз.

- Сәлеметсізбе мұғалім!

- Көңіл күйіміз жақсы













Көздерін жұмып, саяхатқа барып келеді. Көздерін ашқан соң алған әсерлерімен бөліседі.




























Музыка аппараты, жағымды, баяу әуенді диск. Табиғат бейнеленген суреттер.



Сабақтың ортасы

30 минут


Көру гнозисін, талдау мен жинақтауын дамытуға арналған тапсырма

1-тапсырма

Суретте қандай заттар көріп тұрсыңдар, көрсеті, атаңдар

Сөйлеу – көру функцияларын дамытуға арналған тапсырма

2-тапсырма

Әріптердің жетіспейтін элементтерін толықтырып жазыңдар

Оптикалық - кеңістіктік гнозис пен праксисті дамытуға арналған тапсырма

3-тапсырма

Хэд пробасын жасау (логопед балаларға айтылған нұсқауды өз қолдарымен көрсету керектігін түсіндіреді).

  • Ең алдымен оң қолымызды көрсетеміз.

  • Енді сол қолымызды көрсетеміз.

  • Оң қолымызбен сол жақ құлағымызды ұстаймыз

  • Сол қолымызбен оң жақ иығымызды ұстаймыз.

  • Енді сол қолымызбен оң жақ құлағымызды ұстаймыз, оң қолымызбен сол жақ иығымызды ұстаймыз.

Сергіту сәті

Қол ұшына қара да,
Үшбұрыш сыз ауада,
Сол қол босқа тұрмасын,
Шеңбер жасап тынбасын.

Көріп есте сақтауын дамытуға арналған тапсырма

4-тапсырма

Сол жақтағы суретке 30 секунд қарап алыңдар, есте сақтаңдар. Сол 12 суретті оң жақтан тауып белгілеңдер

Естіп есте сақтауын дамытуға арналған тапсырма

5-тапсырма

Мен айтқан 10 сөзді естеріңде сақтап алып, дәптерге жазыңдар

Берілген сөздер: қызғалдақ, қарлығаш, жарысады, қамқорлық, кемедегілер, түркілер, ғаламшар, бауырсақ, ғажайып, таңданған.


Оқу және жазу процесіне қатысатын танымдық аймақтарды дамытуға арналған тапсырма

6-тапсырма

Ойлау қабілетін дамытуға арналған тапсырма

«Логикалық сұрақтың жауабын дұрыс табыңдар»


Зейінін шоғырландыруға арналған тапсырма

7-тапсырма

«Жіптің соңын табыңдар» ойыны.

Сол жақ бағандағы сандардан басталған жіппен жүру арқылы, оң жақтағы сәйкес санды табыңдар










Тақтаға шығып, суреттен қандай зат көріп тұрғанын айтып, сол заттың кескінін қоршап көрсетеді.
















Жазба әріптерінің жетіспейтін бөліктерін толықтырып жазады.












-Оқушылар логопед нұсқауын түсінгенінше орындайды.










Сергіту сәтін қимылдармен орындайды












Сол жақ бағандағы суретке 30 секунд қарап алады да, сол жақтағы бағаннан есте қалған суреттерді тауып белгілейді













  • 10 сөзді толықтай есте сақтап, дәптерге жазып шығады.










Логикалық сұрақтарға тез, әрі дұрыс жауап береді.(дұрыс болмаған жағдайда келесі оқушыдан сұралады)















Сол жақ бағанда берілген санның екінші сыңарын жіппен жүру арқылы оң жақ бағаннан табады.
















































Сабақтың соңы

5 мин

- Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнадыма?

- Оң қолдарың қайда?

- Сол қолымызды көрсетейікші.

- Оң аяғымыз қайда?

- Сол аяқтарыңды көрсетіңдер.

Кері байланыс

Бүгінгі сабақ ұнаса бағдаршамның жасыл түсіне, ал ұнамаса қызыл түсінне стикерді жапсыр

  • Ия ұнады.

  • Оң қолдарын көрсетеді.

  • Сол қолдарын көрсетеді

  • Оң сонан соң сол аяқтарын көрсееді.


Стикерлерді бағдаршамға жапсырады.




Үйге тапсырма

3 мин

Сөздерді орнын тауып орналастырыңдар



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
09.06.2026
7
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі