Материалдар / Диспут "Бөбекжай мен ата-ана ынтымақтастығы арасындағы қиындықтар"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Диспут "Бөбекжай мен ата-ана ынтымақтастығы арасындағы қиындықтар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Диспутта бөбекжай мен ата-ана ынтымақтастығы арасында орын алатын қиындықтары жөнінде талқыланып, олардың шешу жолдарын ұсынылды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қараша 2021
584
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Батыс Қазақстан обылысы
Орал Қаласы
«Айналайын»
бөбекжайы МКҚК
Тәрбиеші: Машканова
Бактыгуль Албековна

ТАҚЫРЫБЫ: . «Бөбекжай мен ата-ана ынтымақтастық арасындағы қиындықтар»
Өткізу формасы: Диспут

Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.Ата-аналар мен педагогтарды ұжым болып пікір таластыруға, өзара тәжірбие алмасуға,өз ойларын нақтылы жеткізе білуге,ең негізгісі өз беттерінше ойлай білуге жұмылдыру.
Міндеттері: Ата-аналардың балабақшамен, тәрбиешімен тығыз байланысын арттыру, балаларын білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу саласының аз да болса жоғарылауына ықпал ету.:
ДИСПУТ БАҒДАРЛАМАСЫ:
1.«Танысу» жаттығуы;
2. Кіріспе әңгіме
Топқа бөлу;
4.Мақал-Мәтел (Сурет арқылы мақал мәтел айту)
5.Диспут
6. «Әріптермен әңгіме»
7. Қорытынды.
ТРЕНИНГ БАРЫСЫ:
1.«Танысу» жаттығуы:
Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып және өз бойындағы 1 қасиет кезекпен айтып шығады.
Кіріспе әңгіме:
Баланы жастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң,
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек. – дегендей, баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана.
Топқа бөлу:
Құрметті ата-аналар тәрбиешілер бүгінгі тәрбие жұмысымыздың атауы «Бөбекжай мен ата-ана ынтымақтастық арасындағы қиындықтар» баланың тәрбие алатын орны –бирінші отбасы болса екінші балабақша. Ең алғаш екі жастан бастап балбақшаға келіп бейімделіп, білім мен тәрбие алады.
4.Мақал-Мәтел (Сурет арқылы мақал мәтел айту)
1. Ата – асқар тау,
Ана – (бауырындағы бұлақ)
Бала – (жағасындағы құрақ)
2. Ұлың өссе,
Ұлы (үлгілімен ауылдас бол)
Қызың өссе,
Қыз (үлгілімен ауылдас бол)
3 Бала жас шыбық сияқты (қалай исең солай иіледі)
4. Бала жақсы болса – (қуаныш, жаман болса – қиналыс)
5. Ерлі – зайыптылар тату болса (үйге береке, араз болса, елге келеке)
6. Анасы қандай болса – (баласы сондай)
7. Әкеге қарап ұл (өсер, шешеге қарап қыз өсер)

5.Негізгі бөлім:
Ең маңыздысы үш ереже:
-талқылауға барлығы түгелдей қатысулары керек.
-тек біреу ғана сөйлеу керек-әңгіме тақырыбы ережелердің сақталуына мүмкіндік туғызуы керек.
-Егер сіз бір тақырып аясында сөйлегіңіз келмесе, «сөзіңізді»басқаға бере аласыз.

Пікірталас алаңы
-
Кейбір ата-аналар бала тәрбиесіне не себепті көңіл бөлмейді. Екі топ осы бойынша өз ойларын ортаға салады.
6. «Әріптен сөйлемге дейін» ойын жаттығу

Б-бала-балабақшаға барды

А-Анарды-анасы-алма-ағашына-автобуспен-апарды

Ә-Әлидің-әпкесі-Әмина-әдепті-әкесімен-әмбебаптан-әткеншек-әкелді

О-Омар-Отбасындағы-отырыста-орындыққа-отырды

«Бөбекжайға» өздерінің жақсы тілектерін айтады.

7.Қорытынды:
Ардақты ата – аналар, тәрбиешілер! Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата – ана мен бөбекжай. Болашақ десек те, келешек десе де бала – ұрпақ деген мағынаны білдіреді.

Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.

Ұрпағымыз аман болсын



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!