400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Əдістемелік нұсқау

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға музыка сабағынан үйретілетін сабақтар
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

1

Ф.М. Қоңыратбай, Г.А. Абдрахманова, Т.Т. Сарыбаева





Музыка
Әдістемелік нұсқау

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
үлгілік оқу бағдарламасы бойынша екінші кіші топ (3-4 жас)
педагогтеріне арналған


Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі ұсынған





















Алматыкітап баспасы
2018


Page 2

2








































Музыка. Әдістемелік нұсқау. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу
бағдарламасы бойынша екінші топ (3-4 жас) педагогтеріне арналған/ Ф.М. Қоңыратбай,
Г.А. Абдрахманова, Т.Т. Сарыбаева. – Алматы: «Алматыкітап» баспасы, 2018. – 45 бет.




© Қоңыратбай Ф.М., Абдрахманова Г.А.,
Сарыбаева Т.Т., 2018
© «Алматыкітап баспасы» ЖШС, 2018


Page 3

3


ТҮСІНІКТЕМЕ

«Музыка» оку-әдістемелік кешені мынадай нормативтік құжаттарға сәйкес
дайындалды:
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
(Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 ж. 15 мамырдағы № 292 қаулысымен
бекітілген). Аталған стандарт Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытудың жаңа методологиялық негізін анықтайды;
2. 1 жастан 6(7) жастағы балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
2016 ж. 22 маусымдағы № 391 бұйрығымен бекітілген);
3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 ж. 12 тамыздағы №499
бұйрығымен бекітілген). Жаңартылған бағдарлама мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
контекстегі 5 білімдік саласына жаңа мазмұн ұсынып отыр.
ОӘК дайындаудың негізгі мақсаты – педагогтерге Музыка ұйымдастырылған оқу
қызметінде (бұдан әрі ҰОҚ) жаңа педагогтік тәсілдерін жан-жақты қолдану жөнінде
бағыт-бағдар береді.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасында «Музыка»
сабағы бойынша мынадай мақсаты мен міндеттері анықталған:
Музыка тыңдау:
Дағдыларды қалыптастыру:
1) түрлі сипаттағы әндердің мазмұны мен көңіл күйін қабылдау;
2) түрлі сипаттағы аспапта орындалған пьесаларды тыңдау, есте сақтау;
3) пьесаның көңілді мазмұнына эмоциялы көңіл күй таныту;
4) балалар аспаптарының, музыкалық және шулы ойыншықтардың дыбысталуын
ажырату;
5) ересектердің орындауындағы және аудио-бейне үнтаспадан музыка тыңдау.
6) түрлі қарқындағы музыканы тыңдау;
7) музыкалық шығарманы эмоциямен қабылдау.
Ән айту:
1. Дыбыстаудың бірыңғай күшімен бірдей қарқында ән салу, ересектермен бірге ән
салу, аспаптың сүйемелдеуші дауысына бейімделу дағдыларын қалыптастыру.
2. Музыкалық сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз ре-ля бірінші октавасының
диапазонында ән салу, дыбыстарды биіктігіне қарай ажырату (октава шегінде),
әуеннің басталуы мен аяқталуына мән беру дағдыларын қалыптастыру.
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:
Дағдыларды қалыптастыру:
1) бірінің артынан бірі жүру барысында би ырғағын, музыканың би сипатын игеру;
2) әуенмен бірге би қозғалыстарының қарапайым элементтерін орындау;
3) әуен сипатына үн қату, оның бөліктерінің өзгеруін байқау;
4) жоғары және төмен дыбыстауды ажырату, оны ойын әрекеттерінде аңғару;
5) сылдырмақтарды тыңдау және олардың дыбыстау динамикасын ажырату;
6) қимыл қарқынын өзгерте отырып қимылдау, бір-бірлеп, жұптаса отырып би
қимылдарын орындау, жануарлардың би қимылдарын ұқсату;


Page 4

4

7) ойындарға, хор айтуға қатысу, таныс би қимылдарын қайталай білу.
Оқу-әдістемелік кешеніне:
- әдістемелік нұсқау
- нота хрестоматиясы кіреді.
Әдістемелік нұсқауда бір жылға арналған перспективалық жоспар және
54 ҰОҚ-ға арналған үлгі жоспарлар берілген.

Сабақтың құрылымы төмендегі кезеңдерден тұрады:
Бірінші кезең – Ұйымдастыру кезеңі (жағымды эмоциялық көңіл күй
қалыптастырып, сабаққа ықыласын ояту, балалардың ұсынылып отырған сабақ
тақырыбын қуана қабылдауы үшін қажет);
Екінші кезең – Негізгі кезең, бұл үдеріс барысында зерттеліп отырған мәселе
түсіндіріліп, балалардың бәрі сабаққа белсенді араласады;
Үшінші кезең – Қорытынды бөлім. Рефлексия, бұл кезеңде жаңадан алған білім
игеріліп, реттеледі.
Оку-әдістемелік кешен 3-4 жас аралығындағы балалар жасының ерекшеліктері мен
мүмкіндіктеріне сәйкес жасалды.
Педагогке көмек ретінде балалармен сабақ жүргізуге арналған нота хрестоматиясы
әзірленді. Хрестоматияда берілген материалдар бес бөлімнен тұрады: музыка тыңдау, ән
айту, аспапта ойнау, дауыс жаттығулары, музыкалық ойындар. Тыңдауға арналған
материалдарда халық күйлері, әндері, классикалық шығармалардан үзінділер алынған.
«Музыка» білім беру бөлімі бойынша дайындалған осы ОӘК балалардың жан-жақты
дамуына көмегін тигізіп, туындаған сұрақтардың шешімін табады деп сенеміз.
Жұмыстарыңызға жетістік тілейміз!

Сіздерге құрмет көрсетіп, серіктестік қарым-қатынаста
боламыз деген сеніммен,
Авторлар










Page 5

5


«ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ «МУЗЫКА»
ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ЖОСПАРЫ

Екінші кіші топ

Ай
ы
Негізгі тақырып Тақырыбы Сағат
саны
Мақсаты мен міндеттері Репертуарлар

Қыргүйек



1. Біздің көңілді
балабақша
Бақшаға
келемін
№ 1-2
2 Балабақша туралы әңгімелеу. Бірінің
артынан бірі жүру барысында би
ырғағын, музыканың би сипатын
игеруге үйрету. Түрлі сипаттағы
әндердің мазмұны мен көңіл күйін
қабылдауға, ересектермен бірге ән
салуға баулу. Балалардың музыкаға
деген құштарлығын арттыру.
Музыка тыңдау: «Сәби қуанышы»
Е. Хасанғалиев.
Ән айту: «Топ-топ, балақан»
М. Арынбаев, А. Асылбек.
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:
«Достастық» беларус халық әуені, Р. Рустамов.
«Кел, балақан» К. Қуатбаев, А. Асылбек.
Менің добым
№ 3-4
2 Пьесаның көңілді мазмұнына
эмоциялық көңіл күй таныта білуге,
дыбыстаудың бірыңғай күшімен бірдей
қарқында ән салуға дағдыландыру.
Допты қолдана отырып әуенмен бірге
би қозғалыстарының қарапайым
элементтерін орындауға үйрету.
Музыка тыңдау: «Құлыншақ»
Қ. Шілдебаев, И. Сапарбай.
Ән айту: «Доп» Б. Қыдырбек, А. Асылбек.
«Топ-топ, балақан» М. Арынбаев, А. Асылбек
(қайталау).
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:
«Жүгіреміз» Г. Фрид. «Доптармен жаттығулар»
А. Жилинский (тәрбиешінің көрсетуімен).
«Өз түсіңді тап» ойыны Г. Омаров.
Біздің қуыршақ
№ 5-6

2
Қуыршақ ойыншықтары арқылы
балалардың қызығушылығын арттыру.
Түрлі сипаттағы аспапта орындалған
пьесаларды тыңдау, есте сақтау; әуен
Музыка тыңдау: «Кір қуыршақ»
И. Нүсіпбаев, Ж. Қашқынов.
Ән айту: «Көңілді қуыршақтар» Г. Жотаева.
«Доп» Б. Қыдырбек, А. Асылбек (қайталау.)


Page 6

6

сипатына үн қату, оның бөліктерінің
өзгеруін байқау; ересектермен бірге ән
салуға үйрету. Ойыншықтарды ұқыпты
ұстауға, әдептілікке тәрбиелеу.
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:
«Балдырғандар маршы» К. Қуатбаев.
«Қуыршағым-ай» («Билеп үйренейік» жинағынан).
«Кел, балақан» К. Қуатбаев, А. Асылбек.
Қазан


2. Алтын күз

Бұл қай кезде
болады?
№ 7-8
2 Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы
түсінік беру; түрлі сипаттағы әндердің
мазмұны мен көңіл күйін қабылдау;
аспаптың сүйемелдеуіндегі даусына
бейімделу дағдыларын қалыптастыру.
Әуенмен бірге би қозғалыстарының
қарапайым элементтерін орындауға
үйрету.

Музыка тыңдау: «Күз - жомарт»
Д. Ботбаев, Е. Өтетілеуұлы.
Ән айту: «Күз келді» А. Досмағамбетова.
«Көңілді қуыршақтар» Г. Жотаева (қайталау).
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:
«Күзгі жапырақтар биі» (Вальс) А. Аренский.
«Қуыршағым-ай» («Билеп үйренейік» жинағынан)
(қайталау);
«Жапырақтардың түсін ажырат» (педагогтің
таңдауы бойынша).

Көңілді жаңбыр
№ 9-10
2 Музыканы есту, сезіну қабілеттерін
дамыту. Сабырлы, жай сипаттағы
аспапта орындалған пьесаны тыңдау,
есте сақтауға үйрету; әннің көңіл
күйін, мазмұнын түсінуге үйрету;
дыбыстаудың бірыңғай күшімен бірдей
қарқында ән салуға баулу; музыканың
би сипатын игеру.
Музыка тыңдау: «Күз» С. Кибирова.
Ән айту: «Жау, жаңбыр» Т. Сарыбаева,
А. Асылбек.
«Күз келді» А. Досмағамбетова (қайталау).
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:
«Қолшатырлар биі» (музыка жетекшісінің
таңдауымен).
«Күзгі жапырақтар биі» (Вальс)
А. Аренский (қайталау).
«Күн мен жаңбыр»
(Муз-дидактикалық ойындар жинағынан).

Торғайлар
№ 11-12
2 Балаларға күз мезгіліндегі құстардың
іс-әрекеті туралы түсінік беру. Түрлі
сипаттағы аспапта орындалған
пьесаларды тыңдау, есте сақтауға, әуен
Музыка тыңдау: «Құстар жем шоқиды»
Е. Тиличеева.
Ән айту: «Торғай» А. Райымқұлова.
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:
«Қолшатырлар биі» (қайталау).


Page 7

7

сипатына үн қатуға баулу. Аспаптың
сүйемелдеуіндегі даусына бейімделу
дағдыларын қалыптастыру. Құстарға
қамқорлық жасауға шақыру.
«Мысық пен торғайлар» ойыны.
«Құстар» Л. Банников.
Қараша

3.
Ойыншықтар
дүкені
Қызыл, жасыл,
көк шар
№ 13-14
2 Көңілді сипаттағы әндердің мазмұны
мен көңіл күйін қабылдауға,
ересектермен бірге қосыла ән салуға
үйрету. Жоғары және төмен
дыбыстауды ажырата білуге, балалар
шулы аспаптары бубен, сылдырмақ
дыбысталуы динамикасын ажыратуға
үйрету.
Музыка тыңдау: «Қуанамын» М. Ержанов,
өңдеген А. Исакова.
Ән айту: «Шар» Б. Дәлденбай, Ж. Әбдрашев.
«Торғай» А. Райымқұлова (қайталау).
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:
«Марш» М. Раухвергер.
«Кішкентай би» Н. Александрова.
«Музыкалық аспаптар дүкені» ойыны.

Сылдырмақтар
әуені
№ 15-16

2
Ересектердің орындауындағы әнді
мұқият тыңдауға, әндегі жоғары және
төмен дыбыстауды ажыратуға баулу;
аспаптың сүйемелдеуімен бірге
қосылып әнді орындау, сылдырмақта
дыбысталу динамикасын еске сақтауға,
ажырата білуге үйретуді жалғастыру.
Музыка тыңдау: «Сылдырмақ»
Е. Хасанғалиев, А. Асылбек.
Ән айту: «Сылдырмақ»
А. Тоқсанбаев, И. Сапарбай.
«Шар» Ж. Әбдірашев, Б. Дәлденбаев (қайталау).
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:
«Кішкентай би» Н. Александрова (қайталау);
«Сылдырмақпен ойын» Б. Дәлденбаев.

Мерекелік ән
мен би
№ 17-18


2
Шығарманы соңына дейін тыңдауға,
пьесаның көңілді мазмұнына
эмоциялық көңіл күй танытады; бірдей
қарқында ән салуға, бірінің артынан
бірі жүру барысында ырғақты және
музыканың би сипатын игере жүруге
үйрету. Балаларға мерекелік көңіл күй
сыйлау.
Музыка тыңдау: «Шашу» Е. Брусиловский.
Ән айту: «Мерекелік ән мен би»
Е. Хасанғалиев, А. Асылбек.
« Сылдырмақ» А. Тоқсанбаев, И. Сапарбай
(қайталау).
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:
«Марш» М. Робер.
«Сылдырмақпен ойын» Б. Дәлденбай.


Page 8

8

Желтоқсан

4. Алғашқы
ақша қар
Шыршамызға
арнаймыз
№ 19-20

2
Музыка сипаты арқылы табиғат
ерекшеліктеріне көңіл бөлу, қыс
мезгілі туралы түсіндіру; ересектердің
орындауындағы әнді тыңдап, сезіне
білуге үйрету; аспаптың
сүйемелдеуіндегі даусына бейімделу
дағдыларын қалыптастыру; вальс
әуенмен бірге би қозғалыстарының
қарапайым элементтерін орындау;
музыкаға қызығушылығын ояту.
Музыка тыңдау: «Жаңа жыл» Қ. Шілдебаев.

Ән айту: «Арша» Б. Қыдырбек, И. Сапарбай.

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:
«Жаңа жыл» Б. Бейсенова (үнтаспада)
«Ақшақарлар» биі (Вальс) П. Чайковский
«Қар лақтыру» («Балалар полькасы»)
А. Жилинский

Аққала
№ 21-22


2
Көңілді сипаттағы әннің мазмұны мен
көңіл күйін қабылдау, әуен сипатына
үн қату, оның бөліктерінің өзгеруін
ажыратып, би қимылдарын орындау;
дыбыстаудың бірыңғай күшімен бірдей
қарқында ән салуға баулу; музыканы
тыңдауға, ырғақты сезіне білуге
үйрету.
Музыка тыңдау: «Ақша қар»
К. Қуатбаев, Қ. Ыдырысов.
Ән айту: «Аққала» Б. Дәлденбай, Ж. Әбдірашев.
«Арша» Б. Қыдырбек, И. Сапарбай (қайталау)
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:
«Полька» В. Косенко.
«Ақшақарлар биі» (Вальс) П. Чайковский
(үйретуді жалғастыру).
«Сиқырлы таяқша» ойыны (музыкасы педагогтің
таңдауымен).

Қысқы әуен
№ 23-24

2
Музыканы тыңдау, есте сақтау, ән айту
қабілеттерін жетілдіру; әнді тыңдап,
аспаптың сүйемелдеуіндегі даусына
бейімделу дағдыларын қалыптастыру;
ересектермен бірге ән салуға, әуенмен
бірге би қозғалыстарының қарапайым
элементтерін орындауға үйрету;
балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау.
Музыка тыңдау: «Шырша» Ж. Мұхамеджанов.
Ән айту. «Аязата» Б. Дәлденбай, Ж. Әбдірашев.
«Аққала» Б. Дәлденбай, Ж. Әбдірашев (қайталау).
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:
«Полька» Б. Сметана (қайталау).
«Ақшақарлар биі» (Вальс) П. Чайковский
(қайталау).
«Қар лақтыру» ойыны («Балалар полькасы»)
А. Жилинский.


Page 9

9

Қаңтар


5. Қысқы орман
әуендері

Қоянда қонақта
№ 25-26


2
Көңілді сипаттағы аспапта орындалған
пьесаларды тыңдау, есте сақтау; әуен
сипатына үн қату және оның
бөліктерінің өзгеруін байқай білуге
дағдыландыру; әндерді аспаптың
сүйемелдеуімен бірге орындай білуге
үйрету; жануарлардың қимыл-
қозғалысын би қимылдарында көрсете
білу.

Ән тыңдау. «Қояндар» Е. Тиличеева.
Ән айту: «Ақ қоян» Б. Аманжол, Н. Жанаев.
«Аязата» Б. Дәлденбай, Ж. Әбдірашев (қайталау).
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:
«Қояндар биі» Ж. Оффенбах.
«Қояндар мен аю» («Қояндар маршы»)
А. Райымқұлова.

Ақ тиін
№ 27-28

2 Пьесаның көңілді мазмұнына
эмоциялық көңіл күй таныта білуге,
музыкалық сүйемелдеумен бір
қарқында ән салуға баулу; жұптаса
отырып ырғақты сезіне би қимылдарын
орындауға үйрету. Музыкалық
қабілеттерін әрі қарай дамыту.
Музыка тыңдау: «Полька» Б. Сметана.
Ән айту: «Ақ тиін» Ә. Бейсеуов, Н. Жанаев.

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:
«Көңілді би» Ө. Байділдаев.
«Кім епті?» Н. Ладухин.

Көңілді достар
№ 29-30

2 Түрлі қарқындағы аспапта орындалған
пьесаларды тыңдау, ажырата білуге
үйрету; әнді бірге бастап, қосыла
айтуға, сылдырмақтарды тыңдау және
олардың дыбыстау динамикасын
ажыратуға баулу.
Музыка тыңдау: «Не қалай дыбыстайды?»
(«Қасқыр», «Аю, «Түлкі») Д. Ботбаев, А. Асылбек.
Ән айту: «Ақ тиін» Ә. Бейсеуов, Н. Жанаев.
«Ақ қоян» Б. Аманжол, Н. Жанаев (қайталау).
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:
«Балдырғандар маршы» К. Қуатбаев.
«Қояндар мен аю» ойыны («Қояндар маршы»)
А. Райымқұлова.
Ақпан



6. Отбасым

Ақ әжем
№ 31-32
2 Шығарманы тыңдап, сипаты мен
мазмұнына эмоциялық көңіл күй
танытуға, музыкалық сүйемелдеумен
әнді соза, әуенімен айтуға үйрету;
жұптаса отырып би қимылдарын
Музыка тыңдау: «Әй-әй бөпем»
(халық әні, Қ. Шілдебаев).
Ән айту: «Ақ әжем» К. Қуатбаев, О. Әубәкіров.
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:
«Биге шақыру» А. Тоқсанбаев.


Page 10

10

орындауға, ұрмалы-шулы аспаптардың
дыбысталуын ажыратуға және атауға
үйрету. Әжелерді сыйлауға,
құрметтеуге тәрбиелеу.
«Тайтұяқ пен асатаяқ»
А. Райымқұлова, А. Асылбек.

Әй-әй ата
№ 33-34

2 Халық әуенін тыңдап, көңіл күйін
қабылдау; әнді музыкалық
сүйемелдеумен бір қарқында
орындауға үйрету; таныс би
қимылдарын қайталау. Отбасы
мүшелеріне сыйластықпен қарауға,
құрметтеуге тәрбиелеу.
Музыка тыңдау: «Хайләйлім» халық әні, өңдеген
Б. Дәлденбай.
Ән айту: «Әй-әй ата» Ө. Байділдаев, Ж. Смақов.
«Ақ әжем» О. Әубәкіров, К. Қуатбаев (қайталау)
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:
«Биге шақыру» А. Тоқсанбаев (қайталау).
«Кім шапшаң?» ойыны («Балалар биі»)
А. Майкапар.

Анашым
№ 35-36

2 Музыкалық шығарманы эмоциямен
қабылдау; әуеннің басталуы мен
аяқталуына мән беріп, бірге ән салуға
үйрету; би қарқынын өзгерте отырып
ырғақты сезіне қимылдауға үйрету.
Анасына сүйіспеншілігін арттыру.
Музыка тыңдау:
«Ақ мамам» Е. Хасанғалиев, А. Асылбек.
Ән айту: «Мерекеңмен, анашым»
Б. Қыдырбек, И. Сапарбай.
«Ақ әжем» О. Әубәкіров, К. Қуатбаев (қайталау).
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:
«Жай және жылдам» Е. Хасанғалиев, А. Асылбек.
«Гүлдермен би» Т. Вилькорейская.
«Кім шапшаң?» ойыны («Балалар биі»)
А. Майкапар.
Наурыз



7. Наурыз –
мереке

Шуақты көктем
№ 37-38


2 Көктем мезгілінің ерекшеліктерін,
музыка ырғақтарымен байланысын
түсіндіру; үнтаспадан музыка тыңдау,
есту қабілеттерін арттыру; ұлттық би
элементтерінің қарапайым түрлерін
орындауға үйрету, вальс екпініндегі би
қимылдарын үйретуді жалғастыру;
музыкалық сүйемелдеумен және
Музыка тыңдау: Үнтаспадан құстардың дауысын
тыңдау.
Ән айту: «Көктем» К. Қуатбаев, А. Асылбек.
«Мерекеңмен, анашым» Б. Қыдырбек,
И. Сапарбай.
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:
«Марш» Е. Брусиловский.
«Гүлдермен би» Т. Вилькорейская (қайталау).


Page 11

11

сүйемелдеусіз сипатына сай ән салуға
және ойындарға таныс би қимылдарын
қолдана білуге үйрету.
«Балалар мен жаңбыр» ойыны.
(«Жаңбыр») Г. Абдрахманова.
«Полька») П. Чайковский.
Наурыз-думан
№ 39-40

2 Наурыз мерекесі туралы, қазақтың
салт-дәстүрі жайында түсінік беру;
әнді бірге бастап, бірге аяқтауға,
табиғи дауыспен айтуға, таныс би
қимылдарын қайталай білуге үйрету;
ойын арқылы музыкалық ұрмалы
аспаптардың дыбыстау динамикасын
ажыратуға баулу.

Музыка тыңдау: «Бауырсақ»
Ә. Бейсеуов, Н. Арынова.
Ән айту: «Наурыз» А. Досмағамбетова,
орыс тіліне ауд. В. Франк.
«Көктем» К. Қуатбаев, А. Асылбек (қайталау).
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:
«Хош келдің, төрлет, наурызым!» әні (үнтаспада)
Б. Бейсенова.
«Би» Л. Хамиди.
«Гүлдермен би» Т. Вилькорейская (қайталау).

Әдемі көбелек
№ 41-42


2 Музыкалық шығарманы тыңдап,
эмоциямен қабылдауға; дыбыстарды
биіктігіне қарай ажыратып, музыкалық
сүйемелдеумен әнді хормен айтуға
баулу; қимыл қарқынын өзгерте
отырып, ырғақты сезіне жеңіл билеуге
үйрету.
Музыка тыңдау: «Вальс» (үнтаспадан музыка
жетекшісінің таңдауымен).
Ән айту: «Көктем» К. Қуатбаев, А. Асылбек.
«Наурыз» А. Досмағамбетова.
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар: «Көбелек»
М. Жәутіков («Билеп үйренейік» жинағынан).
«Гүлдермен би» Т. Вилькорейская (қайталау).
«Гүлзардағы көбелектер» (музыкасы педагогтің
таңдауымен).
Сәуір


8. Сиқырлы әлем
Не қалай
дыбыстайды?
№ 43-44
2 Әртүрлі сипаттағы әндердің мазмұны
мен көңіл күйін қабылдап, ажыратуға;
ауыспалы ән сипатын ажырата білуге,
хормен ән айтуға дағдыландыру;
музыка сипатына сәйкес еркін
қимылдауға, үй жануарларының
Музыка тыңдау: «Төлдерді шақыру»
Д. Ботбаев, А. Асылбек.
Ән айту: «Төлдер» Б. Ғизатов, Е. Өмірбеков.
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:
«Төрттаған» Б. Дәлденбай.
«Төлдердің анасын тап» («Муз-дидактикалық


Page 12

12

қимылдарын көрсете білуге үйрету. ойындар» жинағынан).

Аспаптар әлемі
№ 45-46
2 Музыкалық ойыншық аспаптардың
(барабан, бубен, қоңырау) дыбыс
шығаруын ажырата білуге; әннің
мазмұнын түсініп, музыкалық
сүйемелдеумен «ре-ля» бірінші
октавасының диапазонында ән салуға
үйрету; бір-бірлеп би қимылдарын
жасауға, әуен ырғағына, мәтініне сай
ойыншықтар мен қуыршақтарды таныс
би қимылдарын орындауға үйрету.
Музыка тыңдау: «Барабан» Г. Левкодимов.
Ән айту: «Ойыншықтар» И. Нүсіпбаев,
Н. Әлімқұлов.
«Төлдер» Б. Ғизатов, Е. Өмірбеков (қайталау).
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:
«Марш» Е. Брусиловский.
«Кімнің жүгіргісі келеді?» Л. Вишкарева.
«Музыкалық аспаптар дүкені»
(«Муз-дидактикалық ойындар» жинағынан).


Кәне, қызық
ойын бар
№ 47-48
2 Музыкалық шығарманы эмоциямен
қабылдауға дағдыландыру;
шығарманың көңілді сипатына сәйкес
сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз ән
салуға үйрету; музыка ырғағына сай
жұптаса отырып би қимылдарын
орындауға баулу, көңіл күй, шаттық
сезімін ояту.

Музыка тыңдау: «Мәшине» К. Қуатбаев,
Т. Тұяқбаев.
Ән айту: «Кәне, қызық ойын бар» (эстон халық
әуені, сөзін жазған Ю. Энтин, ауд. И. Сапарбай).
«Ойыншықтар» И. Нүсіпбаев, Н. Әлімқұлов.
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:
«Бөбектер биі» К. Қуатбаев.
«Жай және жылдам» Е. Хасанғалиев, А. Асылбек.

Мамыр


9. Би билеп, ән
салайық
Қуыршақ
Айжанмен
билейміз

№ 49-50
2 Баяу, жай сипаттағы әннің мазмұны
мен көңіл күйін, қарқынын тыңдап
ажыратуға, әнді дыбыстардың
биіктігіне қарай хормен орындауға
баулу; би қимылдарының қарқынын
өзгерте отырып мәнерлі билеуге
дағдыландыру.
Музыка тыңдау: «Бесік жыры» Ж. Тұрсынбаев,
Е. Өтетілеуұлы.
Ән айту: «Қайсы екен?»
Б. Дәлденбай, А. Меңжанова.
«Кәне, қызық ойын бар» (эстон халық әуені, сөзін
жазған Ю. Энтин, ауд. И. Сапарбай) қайталау.
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:
«Түсті шашақпен би» А. Жилинский.
«Бөбектер биі» К. Қуатбаев (қайталау).
«Жай және жылдам»


Page 13

13

А. Асылбеков, Е. Хасанғалиев.

Көңілді би
№ 51-52
2 Музыкалық шығарманы эмоциямен
қабылдап, еске сақтауға; ән айту
барысында шығарманың көңілді
сипатына сәйкес сүйемелдеумен ән
салуға үйрету; көңілді әуенге жұптаса
отырып би қимылдарын орындауға
баулу.
Музыка тыңдау: «Илигай» халық әні, өңдеген
Б. Дәлденбай.
Ән айту: «Біз бақытты баламыз» А. Айтуова.
«Қайсы екен?» Б. Дәлденбай, А. Меңжанова
(қайталау).
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:
«Кел, билейік» Ө. Байділдаев («Билеп үйренейік»
жинағынан).
«Түсті шашақпен би» А. Жилинский (қайталау).
«Пойыз» К. Қуатбаев, Ж. Смақов.

Ғажайып
сылдырмақтар
№ 53-54
2 Көңілді әуенді тыңдап, сипатын
анықтай білуге, дыбыстарды биіктігіне
қарай ажырата отырып хормен бірге
қосыла ән айтуға; жұптаса отырып
таныс би қимылдарын өз беттерінше
орындауға үйрету; көңілді сипаттағы
әуенді ойын арқылы музыкаға
қызығушылығын арттыру.
Музыка тыңдау: «Латыш халық әні»
А. Жилинский.
Ән айту: «Біз бақытты баламыз» А. Айтуова.
Таныс әндерді еске түсіру, қайталау.
«Қайсы екен?» Б. Дәлденбай, А. Меңжанова.
«Ойыншықтар» И. Нүсіпбаев, Н. Әлімқұлов.
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:
«Кел, билейік» Ө. Байділдаев («Билеп үйренейік»
жинағынан).
«Балалар биі» А. Майкапар.
Барлығы 54


Page 14

14


ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖОСПАРЛАРЫ

№ 1-2 Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: Бақшаға келемін
Мақсаты: Балабақша туралы түсінік беру, әңгімелеу. Түрлі сипаттағы әндердің мазмұны
мен көңіл күйін қабылдауға, ересектермен бірге ән салуға баулу. Бірінің артынан бірі
жүру барысында би ырғағын, музыканың би сипатын игеруге үйрету. Балалардың
музыкаға деген құштарлығын арттыру.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды: билейтін әуендерге сәйкес қарапайым қимылдар орындайды;
түсінеді: әннің сипатын сезінеді;
қолданады: ересектермен бірге ән салады.
Көрнекіліктер: балабақша өмірі туралы суреттер, нота хрестоматиясы
Сөздік жұмыс: ойнақы – көңілді
Билингвальді компонент: балабақша – детский сад

ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Музыка залына көңілді музыка әуенімен қарсы алу.
Шеңбер бойымен жеңіл әуенге ілесіп аяқтың ұшымен жүгіруді, серіппелі қозғалыс жасау,
айналуды ұсынады.
Қанша бала, қанша қыз,
Бір шоқ гүлміз баршамыз!
Ойын-күлкі ордасы
Біздің балабақшамыз!

– Балалар, өлеңде не туралы жазылған?
2. Негізгі кезең
– Біз балабақшада не істейміз?
– Балабақша сендерге ұнай ма?
Сұрақ арқылы балалардың жауап беруіне мүмкіндік жасау.
Музыка тыңдау: «Сәби қуанышы» (Е. Хасанғалиев)
– Балалар, музыка көңілді ме, көңілсіз бе? Бұл музыкаға қандай қимыл жасауға болады?
Шығарманың көңілді мазмұнына эмоциялық көңіл күй танытады.
Ән айту. «Топ-топ, балақан» (М. Арынбаев, А. Асылбек)
Ән айту кезінде иықты көтермей, денені тік ұстап айтуға дағдыландыру. Алдымен мәтінін
үйреніп, әуенді анық айтуға үйрету. Әннің сипаты, мазмұны туралы түсіндіру. Әннің
бірінші шумағын үйреніп, екінші шумағын келесі ҰОҚ-та жалғастыру.
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар: «Достастық» беларус халық әуені
Би сипатын сезіне орындауға үйрету. Педагогтердің көрсетуімен би қимылдарын
қайталауға, бірге жасауға үйрету.
Муз-дидактикалық ойын: «Кел, балақан» (К. Қуатбаев)
Ән-ойын мәтініне сай жай және қатты шапалақтау, аяқ топылдату арқылы динамикалық
реңкті ажыратуға үйрету.


Page 15

15

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия.
– Қандай ән тыңдадыңдар?
– Әннің сипаты қандай екен?
– Балабақшадағы достарың туралы не айта аласыңдар?
Балалардың орындаған ән-би әрекеттері туралы айтып мадақтау.
Қоштасып, көңілді шығарып салу.


№ 3-4 Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: Менің добым
Мақсаты: Пьесаның көңілді мазмұнына эмоциялық көңіл күй таныта білуге,
дыбыстаудың бірыңғай күшімен бірдей қарқында ән салуға дағдыландыру. Допты қолдана
отырып әуенмен бірге би қозғалыстарының қарапайым элементтерін орындауға үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды: би әуендеріне сәйкес қарапайым қимылдар орындайды;
түсінеді: таныс әндерді біледі;
қолданады: сипатын сезініп, бірдей қарқында ән салады.
Көрнекіліктер: бала саны бойынша доптар, нота хрестоматиясы.
Сөздік жұмыс: ширақ
Билингвальді компонент: доп – мяч

ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды көңілді қарсы алады. Шеңбер бойымен музыкаға ілесіп жеңіл жүгіруді
ұсынады. «Жүгіреміз» музыкасы.

2. Негізгі кезең
Шаршамайсың, шалдықпайсың, доп, қалай?
Секіресің, секеңдейсің тоқтамай.
Асыққанда арықтан да аттайсың,
Бірақ түссең, батпайсың. (Р. Тышқанбаев)
Балаларға доптар таратылады.
Музыка тыңдау: «Құлыншақ» (Қ. Шілдебаев, И. Сапарбай)
Әнді тыңдап, сипатына, екпініне мән беруге, мазмұнын түсінуге үйрету. Эмоциялық көңіл
күйлерін, қызығушылықтарын ояту.
Ән айту: «Доп» (Б. Қыдырбек, А. Асылбек). Әнді орындап, мәтіні туралы әңгімелеу.
Екінші ретінде әннің әуеніне қосылып айтуға, сөздерін таза айтуға үйрету. Ән айту
ережелерін еске салу.
«Топ-топ, балақан» (М. Арынбаев, А. Асылбек) әнін қайталау, еске түсіру.
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар: «Доптармен жаттығулар» (Г. Фрид) (тәрбиешінің
көрсетуімен). Ырғақты сезіне, допты қолдана көрсетілген би қимылдарын қайталау.
«Өз түсіңді тап» ойыны.
Шарты: 3 топқа бөлініп, 3 түрлі шарлар немесе ленталар ұстайды. Ортаға шарлардың
түстеріне сәйкес түске боялған құрсаулар қойылады. Музыка ойналғанда балалар жеңіл
жүгіреді, аяқталғанда әрқайсысы шарларының түстеріне сәйкес құрсауға жиналуы қажет.
3. Қорытынды бөлім. Рефлексия


Page 16

16

Доп «секіреді», «домалайды», «жүгіреді» қимылдарын пысықтау, таныс әндерді еске
түсіру. Қорытындылау, мадақтау.

№ 5-6 Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары

Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: Біздің қуыршақ
Мақсаты: Қуыршақ ойыншығы арқылы балалардың қызығушылығын арттыру. Сабырлы
сипаттағы аспапта орындалған пьесаларды тыңдау, есте сақтау; әуен сипатына үн қату,
оның бөліктерінің өзгеруін байқай білуге, ересектермен бірге ән салуға үйрету.
Ойыншықтарды ұқыпты ұстауға, әдептілікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды: ырғақты сезіне би қимылдарын қайталайды;
түсінеді: әндердің сипатын, мазмұнын және көңіл күйін түсінеді;
қолданады: ересектермен қосыла ән орындайды.
Көрнекіліктер: қуыршақтар, нота хрестоматиясы.
Сөздік жұмыс: ойыншық, қуыршақ
Билингвальді компонент: қуыршақ – кукла

ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
«Балдырғандар маршы» ойналып, балалар педагогтің көрсетуімен әуенді қимыл-
қозғалыстарды бірге қайталайды.
Шеңбер бойымен жеңіл әуенге ілесіп аяқты нық басып жүруге, серіппелі қозғалыс жасау,
айналу т.б. қарапайым би қимылдарын қайталауды ұсынады.

2. Негізгі кезең
Балалардың назарын үстел үстіндегі қуыршаққа аударады.
Жуын, жуын, жуынсақ,
Қандай жақсы, қуыршақ!
Әйтпегенде, бөпешім,
Кірлеп кеткен екенсің.
Қазір аппақ баласың,
Қуанады анашың. ( М. Жаманбалинов)
Музыка тыңдау. «Кір қуыршақ» (И. Нүсіпбаев, Ж. Қашқынов)
Әннің мазмұнын, сипатын түсіндіру. Балалармен тазалық туралы әңгіме өткізу.
Ән айту: «Көңілді қуыршақтар» ( Г. Жотаева)
Әнді орындап беріп, әуенін ересектермен бірге қосыла айтуға үйрету.
«Доп» (Б. Қыдырбек, А. Асылбек) әнін еске түсіру, қайталау.
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар: «Көңілді қуыршақтар биі»
(«Билеп үйренейік» жинағынан).
Қуыршақтарды ұстап, би қимылдарын орындауға үйрену. Әуеннің көңілді сипатына сай
ширақ қимылдауын, мәнерлі билеуін қадағалау.
Кел, балақан» (К. Қуатбаев, А. Асылбек)
Ән-ойынды еске түсіру, пысықтау.

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия
Педагог оқу қызметіне белсене араласқан балаларға мақтау айтады, мадақтайды.


Page 17

17





№ 7-8 Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары


Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: Бұл қай кезде болады?
Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы түсінік беру; түрлі сипаттағы әндердің
мазмұны мен көңіл күйін қабылдау, аспаптың сүйемелдеуіндегі дауысына бейімделу
дағдыларын қалыптастыру. Әуенмен бірге би қозғалыстарының қарапайым элементтерін
орындауға үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды: әуенге сәйкес қарапайым би қимылдарын орындайды;
түсінеді: әннің көңіл күйін қабылдайды;
қолданады: аспаптың сүйемелдеуімен ән айтады.
Көрнекіліктер: түрлі түсті жапырақтар; түрлі түсті құрсаулар, нота хрестоматиясы.
Сөздік жұмыс: күз мезгілі, атырап
Билингвальді компонент: күз – осень, жапырақ – листья

ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы түсінік беру; суреттер көрсету арқылы табиғат
құбылыстары туралы әңгімелеу.

2. Негізгі кезең
Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз
Дүкендерге түседі.
Алма, алша, жүзім, өрік
Бәрі уылжып піседі.
Айтыңдаршы, балақандар,
Бұл қай кезде болады?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Музыка тыңдау: «Күз – жомарт» (Д. Ботбаев, Е. Өтетілеуұлы)
Түрлі сипаттағы әннің мазмұны мен көңіл күйін тыңдау.
Ән айту: «Күз келді» (А. Досмағамбетова) әнін педагог орындап, әннің мазмұны, сипаты
туралы түсіндіреді. Екінші рет орындап, ән әуеніне «ля-ля» буынымен қосыла айтуды
ұсынады. Келесі ҰОҚ «Көңілді қуыршақтар» (Г. Жотаева) – таныс әнді қайталау.
Алтын сары, қызыл, көк,
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап!
Балаларды жапырақтармен билеуге шақырады.
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:
«Күзгі жапырақтар биі» («Вальс» А. Аренский)
Балаларға түрлі түсті жапырақтар таратылады. Әуен ырғағына сәйкес би қимылдарын
көрсетіп, қайталауды ұсынады.
«Қуыршағым-ай» («Билеп үйренейік» жинағынан).
Педагог таныс би қимылдарының элементтерін қайталауды ұсынады.


Page 18

18

«Жапырақтардың түсін ажырат» қимылды ойыны (сары, қызыл, жасыл, қызғылт
сары).
Әуен ойналып, әртүрлі түстегі жапырақтарды сол түске сәйкес қойылған құрсауларға
ептілікпен, шапшаңдықпен жинау. Әуені музыка жетекшісінің таңдауымен.

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия
– Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
– Күзде балалар қандай киімдер киеді?
– Жапырақтардың түстері қандай болады?
– Бүгінгі үйренген әніміз не туралы екен?
Сұрақтар қою арқылы ҰОҚ бекіту.
«Күзгі жапырақтар» атты ұжымдық жұмыс жасау тапсырылады.



№ 9-10 Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары

Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: Көңілді жаңбыр
Мақсаты: Музыканы есту, сезіну қабілеттерін дамыту. Сабырлы, жай сипаттағы аспапта
орындалған пьесаны тыңдау, есте сақтауға үйрету; әннің көңіл күйін, мазмұнын түсінуге
үйрету; дыбыстаудың бірыңғай күшімен бірдей қарқында ән салуға баулу; би әуенін
сипатына сай игеру.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды: би әуенінің сипатын сезінеді;
түсінеді: пьесаны тыңдап, еске сақтайды;
қолданады: таныс әндерді бір қарқында орындайды.
Көрнекіліктер: «Күн мен жаңбыр» үлестірмелі текшелер, қолшатырлар, нота
хрестоматиясы.
Сөздік жұмыс: қолшатыр
Билингвальді компонент: жаңбыр – дождь

ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Педагог балаларды күзгі жапырақтармен қарсы алып, билеуді ұсынады.
«Күзгі жапырақтар биі» («Вальс» А. Аренский) би қимылдарын қайталау.

2. Негізгі кезең
Бұлттар, бұлттар, аусаңшы
Күркіреп, дүркіреп.
Бұлттар, бұлттар, жаусаңшы,
Сіркіреп, бүркіреп!
Музыка тыңдау: «Күз» (С. Кибирова)
Сабырлы, жай сипаттағы аспапта орындалған пьесаны мұқият тыңдап, есте сақтауға,
сипатын ажыратуға үйрету.
Ән айту: «Жау, жаңбыр» (Т. Сарыбаева, А. Асылбек)
Әннің сипатын түсіндіріп, бірге қосыла орындауға үйрету. Әннің мазмұны туралы түсінік
беру.
«Күз келді» (А. Досмағамбетова) әнін қайталау, еске түсіру.
«Күзгі жапырақтар» атты ұжымдық жұмысты бірге тамашалау.


Page 19

19

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар: Үнтаспада «жаңбыр» дыбысы естіліп, педагог
балаларға кішкентай қолшатыр үлестіреді.
Қолшатырды ашайық,
Жаңбырдан біз қашайық!

«Қолшатырлар биі». Әуен ырғағына сай би қимылдарын көрсетеді, қайталатады.
«Күн мен жаңбыр» (Музыкалық-дидактикалық ойындар жинағынан).
Шығарманың әртүрлі сипатын ажыратуға, көңіл күйін сезіне білуге баулу.

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия
– Жаңа ән не туралы екен?
– Қолшатыр не үшін қажет?
– Тамшылардың дыбысы қандай?
Балаларды мадақтау.


№ 11-12 Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары

Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: Торғайлар
Мақсаты: Балаларға күз мезгіліндегі құстардың іс-әрекеті туралы түсінік беру. Түрлі
сипаттағы аспапта орындалған пьесаларды тыңдау, есте сақтауға, әуен сипатына үн қатуға
баулу. Аспаптың сүйемелдеуіндегі дауысына бейімделу дағдыларын қалыптастыру.
Құстарға қамқорлық жасауға шақыру.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды: музыка ырғағымен қозғалып, қарапайым қимылдарды орындайды;
түсінеді: әртүрлі сипаттағы пьесаларды тыңдайды;
қолданады: музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен таныс әндерді айтады.
Көрнекіліктер: торғай суреті немесе ойыншық торғай; торғайлар және мысық
атрибуттары, ойынға арналған жіп, нота хрестоматиясы.
Сөздік жұмыс: торғай, ұя
Билингвальді компонент: торғай – воробей

ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Таныс марш әуені ойналып, балаларға ырғақпен нық басып жүруді ұсынады.
Нық басып келеміз!
Бір, екі, үш!
Көңілді жүреміз!
Бір, екі, үш!

2. Негізгі кезең
Балалар, мұнда келіңдер,
Қызықты көріңдер!
Торғай ұшып келіпті,
Үй үстіне қоныпты. (Үнтаспадан торғайлар дауысы естіледі).
Шиқ-шиқ етіп дыбыстайды,
Ешбір құстан қалыспайды.
Тұмсығымен жер шоқып,
Тары, бидай тереді.
Музыка тыңдау: «Құстар жем шоқиды» (Е. Тиличеева).


Page 20

20

Аспапта орындалған шығарманы тыңдап, сипатын анықтайды.
Ән айту: «Торғай» (А. Райымқұлова) әні орындалып, тыңдалады. Әнді қайталап айтып,
балаларға мәтінге сай өз беттерінше қимылмен көрсетулерін сұрайды. Келесі кезекте
балаларға торғай атрибуттары кигізіледі.
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар: «Қолшатырлар биін» қайталау, әуенге ілесе
жапырақтарды жоғары көтере тербеле қозғалуын, еске сақтауға үйрету.
«Мысық пен торғайлар» ойыны («Құстар» Л. Банников) әуенінің ырғағымен ілесе
қолдарын созып, «ұшуларын» сұрайды. Үйшік шатырында отырған ойыншық мысықты
көрсетіп:
Ала мысық пырылдап, жалықпайды, ұйықтайды,
Торғайды аңдып шатырдан күні бойы шықпайды.
Мияу-мияу... –
деп балаларды – «торғайларды» сақтандырады. Ойын барысында торғайлардың
мысықтан қашып, «сымдарға» – ұзын жіпке тізіліп, қонып үлгерулерін қадағалайды.

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия
Шиқ-шиқ еткен торғайды
Қорғамасақ болмайды.
Қамқорлыққа алайық,
Ұясына салайық.
– Балалар, топта тәрбиешімен бірге торғайға ұя жасап берейік.
Балаларға бүгінгі күннің көңілді өткенін айтып, мадақтайды.


№ 13-14 Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: Қызыл, жасыл, көк шар
Мақсаты: Көңілді сипаттағы әндердің мазмұны мен көңіл күйін қабылдауға,
ересектермен бірге қосыла ән салуға үйрету. Жоғары және төмен дыбыстауды ажырата
білуге, балаларды шулы аспаптар – бубен, сылдырмақтың дыбысталуы динамикасын
ажыратуға үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды: би қимылдарының қарапайым элементтерін қайталайды;
түсінеді: шығарманың мазмұны мен сипатын, көңіл күйін түсінеді;
қолданады: әнді сипатына сәйкес орындайды.
Көрнекіліктер: әртүрлі шарлар, құрсаулар, нота хрестоматиясы.
Сөздік жұмыс: шар, құрсау
Билингвальді компонент: қызыл – красный, көк – синий, жасыл – зеленый

ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Көңілді музыка әуенімен балаларды қарсы алу.
Марш (М. Раухвергер) ойналып, шеңбер бойымен жүріп, марш екпінімен тізені көтере
адымдай басу.
Балалар санына сай түрлі түсті шарларды дайындау, тарату. Шармен музыка жетекшісінің
таңдауымен әуенге би қимылдарын көрсету.

2. Негізгі кезең
Кімде қандай түсті шар?


Page 21

21

Қызыл, сары, көк шар,
Қолымызда көп шар
Әуеде қалқиды,
Әніміз шалқиды.
Музыка тыңдау:
– Балалар, сендер шармен ойнағанда қуандыңдар ма? Олай болса, мына әуенді бірге
тыңдап көрейік.
«Қуанамын» (М. Ержанов, өңдеген А. Исакова).
Әннің көңіл күйі мен сипатына балалардың көңілін аудару.
Ән айту: «Шар» (Б. Дәлденбаев, Ж. Әбдірашев).
Әнді орындап, көңілді, ойнақы орындалатынын түсіндіру. Әннің әуенін бірнеше рет
қайталап, үйрету. Балаларға ән мазмұнына сәйкес би қимылдарын жасауды ұсыну.
«Әуеде қалқиды» деген жерде шарларын қалықтата бұлғауы керек.
«Торғай» (А. Райымқұлова) әнін қайталау, еске түсіру.
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар: «Кішкентай би» (Н. Александрова).
Қарапайым би қимылдарын еске сақтау, жоғары және төмен дыбысталуын ажыратуға
үйрету.
Өткен ҰОҚ-де үйренген таныс әндерді қайталау, еске түсіру. Әннің сипатына сай бірге
қосыла, дауысқа күш түсірмей, мазмұнын түсіне орындауға үйрету.
«Музыкалық аспаптар дүкені» ойыны («Муз-дидактикалық ойындар» жинағынан)
Балалар музыкалық аспаптардың дауыстарын ажыратады.

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия
– Әннің көңіл күйі қандай?
– Кімге қандай музыкалық аспап ұнады?
Балаларды мақтау, мадақтау, қорытындылау.


№ 15-16 Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: Сылдырмақтар әуені
Мақсаты: Ересектердің орындауындағы әнді мұқият тыңдауға, әндегі жоғары және төмен
дыбыстарды ажыратуға баулу. Аспаптың сүйемелдеуімен бірге қосылып әнді орындау,
сылдырмақта дыбысталу динамикасын еске сақтауға, ажырата білуге үйретуді
жалғастыру.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды: әуен ырғағына, ән мәтініне сай сылдырмақпен би қимылдарын жасайды;
түсінеді: балалар аспабының дыбысталуын ажыратады;
қолданады: аспаптың сүйемелдеуімен бір қарқында таныс әндерді айтады.
Көрнекіліктер: бала саны бойынша сылдырмақтар.
Сөздік жұмыс: сылдыр-сылдыр
Билингвальді компонент: сылдырмақ – погремушка

ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Көңілді таныс әуен екпінімен шеңбер бойымен жүру, жүгіру, жеңіл секіру, қол ұстасып
айналу қимылдарын жасау.


Page 22

22

2. Негізгі кезең
Қолымызда сылдырмақ,
Сылдыр-сылдыр етеді.
Аяғымыз топылдап,
Өзі билеп кетеді.
Ән айту: «Сылдырмақ» (А. Тоқсанбаев, И. Сапарбай)
Жаңа әнді музыка жетекшісі орындап береді. Аспаптың сүйемелдеуімен ән әуенін бірге
қосыла орындауын қадағалау. Әннің 1-шумағының сөзін үйретіп, екі қатардан әнге
қосады. «Шар» (Б. Дәлденбай, Ж. Әбдірашев)
Музыка тыңдау: «Сылдырмақ» (Е. Хасанғалиев, А. Асылбек)
Ересектердің орындауындағы әнді мұқият тыңдау, дыбыс биіктігін ажыратуға үйрету.
Әннің мазмұны мен көңіл күйін қабылдайды.
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар: «Кішкентай би» (Н. Александрова (қайталау).
Ырғақты сезіне, мәнерлі, өзара қол ұстасып, шеңбер бойымен жүруге үйрету.
«Сылдырмақпен ойын» (Б. Дәлденбай).
Балаларды шеңбер бойымен тұрғызып, қолдарына сылдырмақтар беріледі. Музыка
ырғағына сай сылдырмақты сылдыратып, әуен дауысы бәсеңдегенде арттарына жасырып,
шеңбер бойымен ақырын басып жүреді. Музыка аяқталғанда аяқ бүгіп отыра қалу.

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия
– Бүгін қандай ән тыңдадыңдар?
– Ән қандай екен?
Балалардың орындаған ән-би әрекеттері туралы айтып, мадақтау.
Қоштасып, көңілді шығарып салу.


№ 17-18 Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: Мерекелік ән мен би
Мақсаты: Шығарманы соңына дейін тыңдауға, пьесаның көңілді мазмұнына эмоциялық
көңіл күй таныта білуге үйрету. Бірдей қарқында ән салуға, бірінің артынан бірі жүру
барысында ырғақты және музыканың би сипатын игере жүруге дағдыландыру. Балаларға
мерекелік көңіл күй сыйлау.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды: марш сипатын сезіне, жалаушалармен би қимылдарын орындайды;
түсінеді: пьесаның көңілді мазмұнын түсінеді;
қолданады: таныс әндерді бір қарқында айтады.
Көрнекіліктер: бала санына сай жалаушалар, сылдырмақтар, нота хрестоматиясы.
Сөздік жұмыс: жалауша, көкпеңбек
Билингвальді компонент: жалауша – флажок

ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды қарсы алып, көңілді серуенге шақырады. Педагогтің таңдауымен таныс әуен
ырғағымен ілесе адымдап, нық басып жүруді ұсынады. Балалардың ырғақты тыңдап,
жеңіл жүгіруін қадағалайды.

2. Негізгі кезең
Балаларға мерекелік күндер туралы түсіндіру. Мереке күнінің басқа күндерден
айырмашылығын, адамдардың ән салып, би билеп, қуанышты көңіл күйде болатындығын
әңгімелеу.


Page 23

23

Көңілді, көңілді
Әндерді шырқаймыз.
Көгілдір, көгілдір
Туларды бұлғаймыз!
Музыка тыңдау: «Шашу» (Е. Брусиловский).
Пьесаны соңына дейін тыңдап, еске сақтайды, эмоциялық көңіл күй танытуларын байқау.
Ән айту: «Мерекелік ән мен би» (Е. Хасанғалиев, А. Асылбек).
Әнді орындап беріп, мәтіні туралы әңгімелеу. Екінші рет орындалғанда әннің әуеніне
қосылып айтуға үйрету. 1-шумақ сөздерін қайталату. Ән айту ережелерін еске салу.
Келесі ҰОҚ-де таныс әндерді қайталап еске түсіру.
«Шар» (Б. Дәлденбай, Ж. Әбдірашев), «Сылдырмақ» (А. Тоқсанбаев, И. Сапарбай) әндерін
қайталау. Бірін-бірі тыңдай отырып, бірдей қарқында айтуға үйрету.
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар: «Марш» (М. Робер).
Жалаушалар ұстап, бірінің артынан бірі жүру барысында ырғақты және музыканың
сипатын игере мәнерлі орындауға үйрету.
«Сылдырмақпен ойын» (Б. Дәлденбай).
Әуенді тыңдап, ырғағы мен мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыс жасау.
Ойынды еске сақтап, белсене қатысуға баулу.

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия
– Бүгін қандай ән тыңдадыңдар?
– Мерекеде көңіл күй қандай болады?
– Жалауларды қалай бұлғаймыз?
– Әннің сипаты қандай екен?
Балалардың орындаған ән-би әрекеттері туралы айтып мадақтау.
Қоштасып, көңілді шығарып салу.


№ 19-20 Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: Шыршамызға арнаймыз
Мақсаты: Музыка сипаты арқылы табиғат ерекшеліктеріне көңіл бөлу, қыс мезгілі
туралы түсіндіру; ересектердің орындауындағы әнді тыңдап, сезіне білуге үйрету;
аспаптың сүйемелдеуіндегі даусына бейімделу дағдыларын қалыптастыру; вальс
әуенімен бірге би қозғалыстарының қарапайым элементтерін орындау.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды: вальс әуеніне қарапайым би қимылдарын орындайды;
түсінеді: әннің сипатын сезінеді;
қолданады: аспаптың сүйемелдеуімен ән айтады.
Көрнекіліктер: ойыншық шырша, «ақшақарлар» – қар әшекейлері; «қарлар» және
қорапшалар, нота хрестоматиясы.
Сөздік жұмыс: шырша, арша
Билингвальді компонент: шырша – елка

ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Үнтаспада «Жаңа жыл» (Б. Бейсенова) әні орындалып, балаларды қарсы алу.
Көңілді серуенге шақырып, қол ұстасып жүрулерін сұрайды.
Әннің 1-ші шумағында қол ұстасып, зал ішінде еркін жүрулерін қадағалайды.
Қайырмасында бір орында тұрып, қол шапалақтайды.


Page 24

24

2-ші шумағында ойыншық шырша айналасында шеңбер бойымен қол ұстаса айналу
қимылдарын үйрету.

2. Негізгі кезең
Қыс мезгілі туралы, табиғаттағы ерекшеліктерді түсіндіру. Шыршаның суретін немесе
кішкентай шыршаны көрсету. Жаңа жыл меркесі туралы әңгімелеу.
Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
Музыка тыңдау: «Жаңа жыл» (Қ. Шілдебаев)
Ересектердің орындауындағы әнді тыңдап, сезіне білуге үйрету.
Әннің мәтінін түсіндіріп, сипаты туралы әңгімелеу.
Ән айту: «Арша» (Б. Қыдырбек, И. Сапарбай)
Әнді орындап беру. Мазмұны туралы сұрап, көңілді, ширақ орындалатынын түсіндіру.
Әннің әуенін бірнеше рет қайталап, үйрету.
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:
«Ақшақарлар» биі (Вальс П. Чайковский)
Балалар «ақшақарлар» – қар әшекейлерін ұстап, педагогтің көрсетуімен мәнерлі би
қимылдарын жасайды.
«Қар лақтыру» ойыны («Балалар полькасы» А. Жилинский)
Көңілді әуен ойналғанда шапшаңдықпен «қар лақтырысу», әуен тоқтағанда
шапшаңдықпен «қарларды» жинап, безендірілген қорапшаларға салу.

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия
– Қыс мезгілі сендерге ұнай ма?
– Шыршаны қалай әсемдеп, сәндейміз?
– Бүгін қандай ән үйрендік?
Балалардың орындаған ән-би, ойын әрекеттері туралы айтып мадақтау.
Қоштасып, көңілді шығарып салу.

№ 21-22 Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: Аққала
Мақсаты: Көңілді сипаттағы әннің мазмұны мен көңіл күйін қабылдау, әуен сипатына үн
қату, оның бөліктерінің өзгеруін ажыратып, би қимылдарын орындау; дыбыстаудың
бірыңғай күшімен бірдей қарқында ән салуға баулу; музыканы тыңдауға, ырғақты сезіне
білуге үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды: әуен сипатына сай би қимылдарын орындайды;
түсінеді: әннің көңілді сипатын түсініп, көңіл күйін қабылдайды;
қолданады: таныс әндердің қарқынын, ырғағын сезініп айтады.
Көрнекіліктер: аққала суреті; «ақшақарлар», «қар» әшекейлері; «сиқырлы таяқша», нота
хрестоматиясы.
Сөздік жұмыс: аққала, топ бала
Билингвальді компонент: аққала – снеговик

ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі


Page 25

25

Музыка жетекшісі балалармен амандасады, қолдарына «ақшақарлар» – қар әшекейлерін
беріп, таныс «Ақшақарлар биі» («Вальс» П. Чайковский) қимылдарын үйретуді
жалғастырады.

2. Негізгі кезең
Жұмбақ: Сәбіз мұрын кімде бар,
Шелек киген басына,
Айтыңдаршы, балалар,
Сонымен ол кім екен? (Аққала)

Аққаланың, балалардың қысқы ойынын бейнелеген көрнекілік суреттер көрсету,
әңгімелеу. Аққаланың қардан жасалатынын түсіндіру.
Музыка тыңдау: «Ақша қар» әні (К. Қуатбаев, Қ. Ыдырысов)
Көңілді сипаттағы әннің мазмұны мен көңіл күйін, жоғары және төмен дыбыстарды
ажырата білуге үйрету.
Ән айту: «Аққала» (Б. Дәлденбай, Ж. Әбдірашев)
Әнді орындап, мәтіні туралы әңгімелеу. Екінші ретінде әннің әуеніне қосылып айтуға,
сөздерін таза айтуға үйрету. Ән айту ережелерін еске салу. Бір қалыпты қарқынмен ән
сипатына сай орындауға баулу.
Таныс ән: «Арша» (Б. Қыдырбек, И. Сапарбай) – қайталау, сөздерін пысықтау, еске түсіру.
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар: «Полька» (В. Косенко)
Балалар әуеннің 1-бөлімінде шеңбер бойымен жеңіл жүгіреді, 2-бөлімінде жұптасып, қол
ұстасып айналады.
«Сиқырлы таяқша» ойыны. Таныс көңілді әуен ырғағына өз еріктерінше би қимылдарын
жасайды. Әуен тоқтағанда, «сиқырлы таяқшадан» қашып, «үйшік»-құрсауларға кіріп
үлгеру. Ойын 2-3 рет қайталанады.
3. Қорытынды бөлім. Рефлексия
– Балалар, қандай ойын ойнадық?
– Бүгінгі үйренген әніміз қалай аталады?
Ата-анасының көмегімен аққаланың суретін салып келуді ұсыну.
Бүгінгі күннің өте көңілді болғанын айтып, көңілді қоштасып шығарып салу.


№ 23-24 Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: Қысқы әуен
Мақсаты: Музыканы тыңдау, мазмұны мен көңіл күйін қабылдай білу, аспаптың
сүйемелдеуіндегі даусына бейімделу дағдыларын қалыптастыру; ересектермен бірге ән
салуға, әуенмен бірге би қозғалыстарының қарапайым элементтерін орындауға үйрету.
Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды: әуенмен бірге би қозғалыстарының қарапайым элементтерін жасайды;
түсінеді: музыканың мазмұны мен көңіл күйін қабылдайды;
қолданады: аспаптың сүйемелдеуімен таныс әндерді айтады.
Көрнекіліктер: шырша, жаңа жыл мерекесін бейнелейтін суреттер, нота хрестоматиясы.
Сөздік жұмыс: жаңа жыл
Билингвальді компонент: жаңа жыл – новый год

ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі


Page 26

26

«Полька» (Б. Сметана) әуені ойналып, балаларды көңілді қарсы алу.
Балалар әуеннің 1-бөлімінде шеңбер бойымен жеңіл жүгіреді, 2-бөлімінде жұптасып,
таныс би қимылдарын қайталау, қол ұстасып айналу, би қимылдарын бекіту.

2. Негізгі кезең
Балаларға демалып отыруды ұсынады. Шырша, жаңа жыл мерекесін бейнелейтін
көрнекілік суреттерді көрсетіп, әңгімелеу.
Музыка тыңдау: «Шырша» (Ж. Мұхамеджанов)
Әннің мазмұнын түсініп, әңгімелеп беруге үйрету. Шығарманың көңілді мазмұнына
эмоциялық көңіл күй танытады.
Сақалы аппақ күмістей,
Тістері аппақ күріштей.
Қызыл ала шапаны,
Сағындық Аязатаны!
Ән айту: «Аязата» (Б. Дәлденбай, Ж. Әбдірашев)
Әнді орындап, мәтініне балалардың көңілін бөлу. Ән екінші рет орындалғанда әннің
мазмұнына сәйкес би қимылдарын үйрету, ересектермен бірге қосыла айту.
Келесі ҰОҚ-де «Аққала» (Б. Дәлденбай, Ж. Әбдірашев),
«Арша» (Б. Қыдырбек, И. Сапарбай) – таныс әндерді қайталау, еске түсіру. Әннің әуеніне
қосылып, сөздерін таза айтуға үйрету. Ән айту ережелерін еске салу.
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар: «Ақшақарлар» биі («Вальс» П. Чайковский)
Педагогтің көрсетуімен әуенмен бірге ырғақты сезіне, би қозғалыстарының қарапайым
элементтерін үйретуді жалғастыру.
«Қар лақтыру» ойыны («Балалар полькасы» А. Жилинский)
Көңілді әуен ойналғанда шапшаңдықпен «қар лақтырысу», әуен тоқтағанда
шапшаңдықпен «қарларды» жинау, безендірілген қорапшаларға салу.

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия
– Бүгін қандай ән тыңдадыңдар?
– Әннің сипаты қандай екен?
– Аязата туралы не білесіңдер?
Орындаған ән-би әрекеттері туралы айтып мадақтау.
Қоштасып, көңілді шығарып салу.


№ 25-26 Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: Қоянда қонақта
Мақсаты: Көңілді сипаттағы аспапта орындалған пьесаларды тыңдау, есте сақтау; әуен
сипатына үн қату және оның бөліктерінің өзгеруін байқай білуге дағдыландыру; әндерді
аспаптың сүйемелдеуімен бірге орындай білуге үйрету; жануарлардың қимыл-қозғалысын
би қимылдарында көрсете білу.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды: әуен ырғағын сезіне, жануарлардың қимыл-қозғалысын көрсетеді;
түсінеді: таныс әндер мен пьесаларды біледі;
қолданады: әннің кіріспесін тыңдап, әнді сипатына сай орындайды.
Көрнекіліктер: қысқы орман көрінісі, «паровоз» макеті, «қар үйіндісі», ойыншық қоян
мен аю, аю үйшігі, нота хрестоматиясы.
Сөздік жұмыс: паровоз, пойыз, «пш-пш», «пух-пух», «гу-гу-гу»
Билингвальді компонент: орман – лес, қоян – заяц


Page 27

27


ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды көңілді қарсы алу. Үнтаспада пойыз дауысы естіледі.
Пойызға біз барайық,
Вагоннан орын алайық, –
деп, «вагондарға» – тізбектелген орындықтарға жайғасып отыру.

2. Негізгі кезең
Ал паровоз бастайды,
Пыш-пыш, пух-пух,
Ән айтып біз қостайық.
Әуен аяқталысымен балалар «көңілді пойыздан» түсіп, қысқы орманда «қыдырады».
«Орманда» жүріп, «қар үйіндісінің» жанында тығылып отырған қоянға кездеседі.
Педагог ойыншық қоянды көріп, таңғалған кейіп танытады.
– Балалар, қараңдаршы, мынау тығылып отырған аңды танисыңдар ма?
Ақ қоян-ау, ақ қоян,
Ұзын құлақ сақ қоян,
Ақ қоян-ау, ақ қоян,
Жүйрік қоян, сақ қоян.
– Балалар, ақ қоянмен бірге секіріп, көңіл көтерейік, – деп ұсыныс айтады.
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар: «Қояндар биі» (Ж. Оффенбах) ойналып, педагог
балаларға әуенге ілесе өз еріктерінше қимыл-қозғалыстар жасауды, жеңіл секіруді
ұсынады.
Музыка тыңдау: «Қояндар» (Е. Тиличеева). Пьесаны тыңдап, сипатына көңіл аудару.
Көңілді, ойнақы әуенге эмоциялық көңіл күй танытуларын қадағалау.
Ән айту: «Ақ қоян» әнін (Б. Аманжол, Н. Жанаев) екінші рет орындағанда, балалардың
мәтінге сай қимылдарды көрсетуін сұрайды. Әннің 1-шумағын қайталап, сөздерін анық
айтуға үйрету. Әуенге ілесе бірге орындауын бақылау.
«Аязата» (Б. Дәлденбай, Ж. Әбдірашев (қайталау).
«Қояндар мен аю» ойыны («Қояндар маршы» А. Райымқұлова).
Балалардың ойынға белсене қатысуын қадағалайды, әуен орындалып, үйшіктен тәрбиеші-
аю шығады. Әуен қайта ойналып, аю би қимылдарын жасайды, балаларға аюдың
қимылын қайталауды ұсынады.

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия
– Қоян қалай билейді екен?
– Сендерге қоянмен бірге болған ұнады ма?
«Көңілді пойызға» отырып, жолға шығатындарын ескертеді.
«Пойыз» дауысы естіліп, бірінің соңынан бірі қатарласа жүреді.
Саяхаттың аяқталғанын, бүгінгі күннің көңілді өткенін айтып, балалармен қоштасады.




Page 28

28

№ 27-28 Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: Ақ тиін
Мақсаты: Пьесаның көңілді мазмұнына эмоциялық көңіл күй таныта білуге, музыкалық
сүйемелдеумен бір қарқында ән салуға баулу; жұптаса отырып ырғақты сезіне би
қимылдарын орындауға үйрету; музыкалық қабілеттерін әрі қарай дамыту.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды: жұптаса ауыса отырып, би қимылдарын орындайды;
түсінеді: музыканы тыңдау дағдысын меңгереді;
қолданады: музыкалық шығарманың қарқынын ажыратады.
Көрнекіліктер: ойыншық тиін, құрсау, жаңғақтар, себеттер, нота хрестоматиясы.
Сөздік жұмыс: тиін, жаңғақ
Билингвальді компонент: тиін – белка, жаңғақ – орех

ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды көңілді қарсы алады. Педагогтің таңдауымен балаларға таныс әуен ырғағымен
шеңбер бойымен жүру, жүгіру, жеңіл секіру, қол ұстасып айналу қимылдарын жасауды
ұсынады.

2. Негізгі кезең
Музыка тыңдау: «Полька» Б. Сметана)
Музыкалық шығарманы эмоциямен қабылдауға, мұқият тыңдап, сипатын сезінуге үйрету.
Көңілді әуен ойналып, ортаға тиін келеді (тәрбиешінің қолында ойыншық тиін).
Педагог: Балалар, бізге қонаққа келген бұл не? Танисыңдар ма?
Тиін: Мен тиінмін, тиінмін,
Қысқа жылы киіндім.
Қоймам толы жаңғаққа,
Іші жылы үйімнің.
Тиін: Балалар, мен көңілді әуен әлемінен келдім. Маған көңілді ән айтып беріңдерші.
Ән айту: «Ақ тиін» ( Н. Жанаев, Ә. Бейсеуов)
Музыкалық сүйемелдеумен бір қарқында қосыла, ән сөздерін анық айтуға үйрету.
Әннің мазмұнына көңіл бөлу.
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар: «Көңілді би» (Ө. Байділдаев)
Шығарманың 1-ші бөлімінде қол ұстасып айналу, 2-ші бөлімінде өкшелерін алға қою, екі
аяқты бірге қою. Би 2-3 рет қайталанады.
«Кім епті?» ойыны (Н. Ладухин)
Музыка ойналып, 2 топқа бөлінген балалар жаңғақты түсіріп алмай, «қоймаға» –
себеттерге тасиды.

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия
– Балалар тиін қалай секіреді екен?
– Тиін қандай?
– Бүгін сендер тиінге жаңғақ жинауға көмектестіңдер. Би билеп, ән салып, көңіл
көтердіңдер. Жарайсыңдар!
Тиінмен қоштасып, балаларды шығарып салады.


Page 29

29

№ 29-30 Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: Көңілді достар
Мақсаты: Түрлі қарқындағы аспапта орындалған пьесаларды тыңдау, ажырата білуге
үйрету; әнді бірге бастап, қосыла айтуға, жануарлардың би қимылдарын ұқсата білуге,
музыкалық аспаптарды тыңдау және олардың дыбыстау динамикасын ажыратуға баулу.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды: жануарлардың қимылдарын ұқсатады;
түсінеді: музыкалық аспаптардың дыбысталу динамикасын ажыратады;
қолданады: әуеннің басталуы мен аяқталуын біліп, әнді бірге айтады.
Көрнекіліктер: орман көрінісі, аю, қоян, тиін, түлкі ойыншықтары, сылдырмақ, барабан
аспаптары, нота хрестоматиясы.
Сөздік жұмыс: барабан
Билингвальді компонент: достар – друзья

ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Көңілді музыка әуенімен балаларды қарсы алу. «Полька» («Түлкі» В. Косенко)
Шеңбер боймен жеңіл әуенге ілесіп аяқтың ұшымен жүгіруді, бір орында секіру,
қарапайым би қимылдарын қайталауды ұсынады.

2. Негізгі кезең
Балаларға отырып демалуды ұсынып, ән тыңдауға шақырады.
Музыка тыңдау: «Не қалай дыбыстайды?» («Қасқыр», «Аю, «Түлкі» Д. Ботбаев).
Жабайы аңдар туралы түсінік беру.
Ән айту: «Ақ тиін» (Ә. Бейсеуов, Н. Жанаев)
Әнді орындап, мәтіні туралы әңгімелеу. Екінші ретінде әннің әуеніне қосылып, сөздерін
таза айтуға үйрету. Ән айту ережелерін еске салу.
Келесі ҰОҚ-де таныс әндерді қайталау. «Ақ қоян» (Б. Аманжол, Н. Жанаев)
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар: «Балдырғандар маршы» (К. Қуатбаев)
Аяқтарын нық баса, тізелерін көтере шеңбер бойымен адымдай жүруге үйрету.
Ортаға ойыншық аюды ұстап, педагог шығады.
Мен аюмын қорбаңбай,
Қимылдаймын қорбаңдай.
Омартаны көргенде,
Бас қоямын ойланбай (А. Асылбек)

Аю: Сәлеметсіңдер ме, балалар?!
Балалар амандасады.
Аю: Мен өз достарымды шақырайын! (Барабан соғады).
Балаларға барабан аспаптары таратылып беріледі.
Қоян (шығып): Сәлем, достар! Мен сендерге қонаққа келдім.
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді.


Page 30

30


Аю балаларға барабанды тағы соғып, ойнауды ұсынады. Көңілді әуен ойналып, ортаға
түлкі шығады.
Түлкі:
Мен сұлу түлкімін,
Жай өтпес бір күнім,
Ішінде жүремін
Айғай-шу, күлкінің!
Достар, бәріміз көңілді ойын ойнайық!
«Қояндар мен аю» ойыны («Қояндар маршы» А. Райымқұлова)
Әуенге сай жануарлардың қимылын көрсетуді, шапшаң қимылдауды үйретуді
жалғастыру. Балалардың ойынға белсене қатысуын бақылау.

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия
– Ертегі кейіпкерлерінің жүрісі қандай екен?
– Барабанның дауысы қалай шығады?
– Сылдырмақтың дауысы қандай?
Сұрақтар қою арқылы ҰОҚ пысықтау.
– Балалар, аюға өте көңілді болды, рақмет. Аюмен қоштасып, шығарып салайық.


№ 31-32 Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары

Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: Ақ әжем
Мақсаты: Шығарманы тыңдап, сипаты мен мазмұнына эмоциялық көңіл күй танытуға,
музыкалық сүйемелдеумен әнді соза, әуенімен айтуға үйрету; жұптаса отырып би
қимылдарын орындауға, ұрмалы-шулы аспаптардың дыбысталуын ажыратуға және атауға
үйрету. Әжелерді сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды: әуенге ілесе жұптаса отырып би қимылдарын орындайды;
түсінеді: музыкалық аспаптарды ажыратады, атайды;
қолданады: музыкалық сүйемелдеусіз ән салады.
Көрнекіліктер: бесік, қуыршақ, тайтұяқ, асатаяқ, нота хрестоматиясы.
Сөздік жұмыс: бесік, бесікке бөлеу
Билингвальді компонент: әже – бабушка

ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Үнтаспада күй (педагогтің таңдауымен) ойналып, балалар көңілді кіреді.
Балаларды қарсы алып, көңілді серуенге шақырады.
Әуен қарқынының өзгеруіне байланысты бірінің артынан бірі жүріп, таныс би
қимылдарын орындайды.

2. Негізгі кезең
Ортаға «әже» келеді, амандасады. Балалар әженің айналасына дөңгелене отырады.
Бесікке салу дәстүрін көрсетуді ұсынады. Әже бесіктің пайдасы туралы әңгімелейді.
Қуыршақты бесікке жатқызады, бесікке бөлеуді көрсетеді.
Әже: Әлди-әлди, бөпешім,
Ақ бесікке бөледім,
Ай мен күнге теңедім,
Әлди-әлди, жанарым,


Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
26 қаңтар
469
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі