400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Əдістемелік құралға пікір

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагог-психологтың əдістемелік құралына жазылған пікір үлгісі
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Балдырған» бөбекжайы МКҚК педагог-психологы

Джумагалиева Армида Сапаровнаның
«Мектепке жасына дейінгі балалардың әлеуметтік-эмоционалды сәттілігі»  тақырыбындағы іс-тәжірибелік жұмысына


ПІКІР


Әрбір қоғамның экономикалық-техникалық дамуы, сондай-ақ еңбек әрекетінің жемісі – сол қоғамның жан-жақты дамыған, эмоционалды тұрақты, өмірдің кез-келген қиын ситуацияларында өзіндік ұстамдылығы жоғары тұлғаларға байланысты. Ал мұндай қасиеттің меңгерілуі мектеп жасына дейінгі кезеңнен-ақ қалыптасатыны белгілі. Осы орайда Армида Сапарқызының таңдап алынған іс-тәжірибелік жұмысындағы мектеп жасына дейінгі балалардағы әлеуметтік-эмоционалды сәттілігі және сәтсіздігін психологиялық түзету-дамыту жолдарын көрсету мәселесі өзекті де келелі болып табылады.

Педагог-психолог Армида Сапарқызының өзінің іс-тәжірибелік жұмысының бірінші бөлімінде жалпы психологиядағы эмоцияның теориялық негізіне талдау жасайды. Тұлғаның әлеуметтік-эмоционалды даму ерекшеліктері мен мектеп жасына дейінгі баланың әлеуметтік-эмоционалды сферасын түзету-дамыту әдістерінің әрқайсысына психологиялық сипаттама береді. Балалар бойында кездесетін эмоционалды бұзылыстардың пайда болуы туралы мәлімет ғылыми негізде алына отырып, Армида Сапарқызының өз тәжірибесінде жинақталады.

Іс-тәжірибе жұмысының екінші бөлімінде мектеп жасына дейінгі балалардың эмоционалды бұзылыстарының алдын алуға арналған түзету-дамыту әдістемелерін дұрыс таңдай білген, дамыту бағдарламасын тиянақты құра білген.

Армида Сапарқызының жүргізілетін психологиялық түзету-дамыту жұмыстарын арнайы ұйымдастырылған іс шараларын кешенді жүргізуді басшылыққа алады. Педагогтармен және балалардың ата-аналарымен жүргізілетін жұмыстар бағыты көрсетіледі.

Қорыта келе, педагог-психологтың іс-тәжірибелік жұмысы ғылыми тұрғыда дәйекті, теориялық тұрғыда негізделіп, практикалық тұрғыда дәлелденіп келтірілген. Мектепке дейінгі ұйым психологтары мен тәрбиешілері мен ата – аналары үшін құнды еңбек деп санаймын.



6 «Шолпан» бөбекжайы МКҚК

педагог-психологы, психология

магистрі: М.С.Утепова



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
23 ұстаз жүктеп алған
15.02.2018
8262
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі