400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Диванға арналған жастықша тігу"

Материал туралы қысқаша түсінік
Технология пән мұғалімдеріне керекті дүние.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Мектеп №275

Пән мұғалімі: Оспанова Қ

Күні: 18.04.18ж

Сынып: 6 «А»

Пәні: Технология


Қатысқандар саны: 11

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы:

Диванға арналған жастықша тігу.

Сабақтың мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Сұраққа жауап береді. Техника қауіпсіздік ережелерін сақтайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбір оқушылар орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Жетістік критерийлері

Түстер үйлесімділігін сақтай алады.

Құрақтың симметриялығын сақтайды.

Аппликация жасау арқылы суреттер құрастыра алады.

Пәнаралық байланыс

Бейнелеу. Музыка. Биология.

АКТ қолдану дағдылары

Бейнеролик, интербелсенді тақта.

Бастапқы білім:


Шығармашылық жоба. Бұйым таңдау. Жоба жұмысының негізгі кезеңдері.

Құндылықтарды дарыту:

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут








Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу.

-«Өрмекші торы» әдісі арқылы бір- біріне сәттілік тілеу, техникалық қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.

-...

-Балалар, сабағымызды бастауға дайынбыз ба?

-...

«Түстер» әдісі арқылы шығырмашылық жоба тақырыптарын негізге ала отырып, топқа бөлу.

  1. топ: «Көк»

  2. топ: «Қызыл»

  3. топ: «Сары»

Топ ережелерін еске түсіру үшін тақтаға назар аударайық. Бүгінгі түстер арқылы топқа бөлінуіміздің себебі, біздің барлық жұмысымыз түске байланысты.

Мағынаны тану. Ақ түс- шындық, қуаныш, бақыттың нышаны. Қазақ халқының тұтыну құралы мен тағам түрлерінде ақ түс молынан кездеседі. Көк түс- аспанның, рәміздердің түсі, бұл түстерден аяқ астына тасталатын бұйымдар жасалмайды. Қызыл тұс- әсемдіктің, оттың, жеңістің белгісі. Сары түс- ақыл- парасаттың белгісі деп есептеледі. Сонымен бірге ол жұбаныш пен үміт кепілі. Жасыл түс- көктемнің, жастықтың символы.

Үй тапсырмасын ұяшықтағы сұрақтарға жауап беру арқылы сурет құрастырамыз.

Үй жұмысы сұрақтар қою арқылы сұралады «Пазл» құрастыру.

  • Шығармашылық жоба дегеніміз не?

  • Жоба қандай бөлімдерден тұрады?

  • Жоба жұмысының кезеңдерін атаңдар.

  • Жобаны дайындауға арналған құрал- саймандар.

  • Бұйымды таңдаудағы себеп.

  • Бұйымның шығу тарихы.

  • Жастықша түрлерін ата.

  • Құрақ құрау техникасы дегеніміз не?

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Диванға арналған жастықша тігу».


Қолөнермен айналыса отырып, үйге сән беретін қайталанбас әдемі бұйымдар жасауға болады. Әрбір қолдан жасалған туынды алдын ала жоспарланыа, белгілі түсте және нақты мақсатқа арналып жасалуы қажет. Күнделікті жұмыстан кейін демалатын орын- диван немесе кресло міне осыған орай ыңғайлы әдемі диван жастықтарын тігуге болады.

АКТ, қиынды суреттер, бағалау парақшалары, таратпа материалдары.
















қима парақшалар, смайлик

«Ой қозғау» әдісі бойынша тақырыпқа байланысты бейнеролик көрсету.

Сабақтың ортасы

(сарамандық жұмыс)

20 минут

Топтық жұмыс:

І топ:

Таспамен жастық бетін сәндеу.

ІІ топ:

«Фетр бөліктерінен аппликация құрастырады».

ІІІ топ:

Ою- өрнекті пайдалану арқылы жастық жасайды.


фетр матасы, ине, жіп, тігін машинасы, түкті мата, лента.


Сергіту сәті

2 минут

«Ақ бұлақ» бейнеролигі


6 минут

«Жарнама» жасау

Жобаның негізгі сипатын ашу тапсырылады. Әр топ өз бұйымдарын жарнамалайды, яғни қолданған матасы, түр-түсінің үйлесімділігі, күнделікті өмірде қолданылуы, қолдан дайындап алу мүмкіндігі және қолжетімділігі жөнінде шыққан шығыны, пайдасы жөнінде мағлұмат бере отырып қорғайды.

1. Жобаны қорғау .

2. Әр топтың жұмысын «басбармақ» тәсілі бойынша басқа топтар бағалайды.



Сабақтың соңы

2 минут


Үйге тапсырма: Ұнаған жастық тыс тігіп келу. Үш топ жасаған диван жастықшаларын бағалау (шығын+еңбек құны) .

Бағалау. Оқушылар топ басшысына өз ұпайларын жазғызады да, мұғалімнен табыс критерийлері арқылы жинақты бағасын күтеді.


Рефлексия

3минут

«Не ұнады? Не қиын болды? Ұсынысым» әдісі арқылы стикерлерге өз пікірін жазып қалдыру.

«Жеміс ағашы»





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
13 мамыр
1032
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі