жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Дизайн және технология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дизайн және технология |
Мектеп: |
|||||||
Күні: 14.11.2018 |
Мұғалімніңаты-жөні: |
|||||||
Сынып: 8 «Ә» |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||
Сабақ тақырыбы |
Қазақтың ұлттық киімі. Этностиль. |
|
||||||
Осы сабақта Қол жеткізілетін Оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) |
8.1.2.1 - тарихи және мәдени шығу тегі әр түрлі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктері туралы түсінігін көрсету;
|
|||||||
Сабақ мақсаттары |
Оқушылар: әртүрлі халықтың ұлттық киімінің ерекшелігі туралы түсінік береді; ұлттық киімнің заманауи модельдері(этностиль) туралы түсінігін көрсетеді. |
|||||||
Жетістік критерийлері |
- әртүрлі халықтың ұлттық киімінің түрлерін біледі, түсті гаммасы мен ою-өрнек түрлерін анықтайды; - қазақтың ұлттық киімінің жас бойынша бөліну мәнін түсінеді; - кейбір халықтардың ұлттық киімдерінің ерекшеліктері мен ұқсастықтарын айыра біледі; - этностильдегі ұлттық киім түрлерімен танысады. |
|||||||
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар сабақ тақырыбы бойыншаарнайы терминологияны қолдануларынаболады. Оқушылар алған ақпараттарын талдап, қажеттілігіне қарай қорытынды жасайды. Пәнге тән лексика және терминология: - ұлттық киім, этностиль; - түрлі халықтардың ұлттық костюмдерінің ерекшелігі туралы пән терминологиясын қолдану Диалог және жазу үшін қажетті сөзтіркестері: Сәндік-қолданбалы өнердегі суреттеу құралы … болып табылады. Қазақтың ұлттық костюмінің түрлері басқалардан … ерекшеленеді. Оны … ерекшелігіне қарай анықтауға болады. |
|||||||
Құндылықтарды дарыту
|
оқушылар арасындағы өзара құрмет, ынтымақтастыққа; өз отанына сүйіспеншілікке тәрбиелеу; азаматтық жауапкершілікке жәнепатриоттық сезімге баулу; топта жұмыс жасау арқылы адалдыққа тәрбиелеу. |
|||||||
Пәнаралық байланыстар |
Тарих – ұлттық костюм тарихы Қазақ тілі – сабақ тақырыбы бойынша қажетті сөздер мен сөйлемдер. |
|||||||
Бастапқы білім
|
Бұл екінші тоқсанның бірінші сабағы, оқушылар ұлттық киім туралы біледі, әртүрлі түрлерімен таныс болуы мүмкін. Сонымен қатар оқушылар этностильдегі киім туралы біледі. |
|||||||
Сабақ барысы |
||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
||||||
Сабақтың басталуы
|
Ұйымдастыру кезеңі: мұғалім оқушыларды белсенді оқу іс-әрекетіне және жаңа білім алуға бағыттайды; оқу барысында ынталандыру үшін жағдай жасайды.
Тақырыпты және сабақ мақсатын анықтау Оқушылар тақтаға орналастырылған қазақтың ұлттық киімдері бейнеленген әртүрлі фотосуреттерді (мысалы, бас киімдер, аяқ киімдер, сыртқы киім,аксессуарлар) қарастырады және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды. Мұғалім тақтаға, оқушылар – альбомына немесе жұмыс дәптеріне қажетті жазбаны жазады,
|
Альбом, оқушылардың жұмыс дәптерлері Қазақтың ұлттық киімдері - бас киімдер, аяқ киімдер, сыртқы киім, аксессуарлар бейнеленген әртүрлі фотосуреттер
|
||||||
Сабақтың ортасы
|
Мұғалімтақтаға бұрынғысына қосымша басқа ұлттық киімдер бейнеленген фотосуреттерді орналастырып, барлық оқушыларға суреттерге қарап, сұрақтарға жауап беруді ұсынады: Бұл суреттерде не бейнеленген? Оларды не біріктіреді? Сипаттаңдар, олардың айырмашылығы неде? Мұнда көрсетілген киімдердің негізгі түрлерін атай аласыңдар ма? Ұлттық киімдердің қандай түрлерін немесе элементтерін білесіңдер? Оқушылар бірлескен әңгімені негізгі сәттерін анықтай отырып, қорытындылайды, қажеттілігіне қарай альбомға немесе жұмыс дәптеріне жазады. Ақпаратпен жұмыс Оқушылар бұл тапсырманы топта орындайды. Оқушылар түрлі халықтардың ұлттық киімдерінің әртүрлі түрлері бейнеленген карточканы таңдап, 4 топқа бірігеді. Ары қарай – оқушылар топта мұғалімнің ұсынған әртүрлі ұлттың ұлттық костюмдері туралы ақпаратты (1 қосымша) зерттеулері және өздерінің зерттеу нәтижелерін кестеге (2 қосымша) жазулары тиіс:
Киімнің негізгі түрлері |
|
||||||
Жасына қарай |
|
|
|
|
|
|
|
|
Киім пішіні |
|
|
|
|
|
|
|
|
Түс гаммасы |
|
|
|
|
|
|
|
|
Ою-өрнекпен әшекейленуі |
|
|
|
|
|
|
|
|
Мұғалім қажеттілігіне қарай оқушылардың сұрағына жауап бере отырып, жұмысты қорытындылайды.
Бірлескен сұхбат
Мұғалім оқушыларға топта сұрақтарды талқылауды ұсынады:
Ойланыңдар, әртүрлі халықтардың ұлттық киімдерінің түсі мен пішінінде ұқсастық бар ма?
Әртүрлі халықтардың ұлттық киімдерінде қандай айырмашылық және неліктен екенін сипаттап бере аласыңдар ма?
Әр топ өз ойлары мен жауаптарын сыныптастарына айтады, мұғалім оны қажеттілігіне қарай түзетеді.
Кестемен жұмыс. ҚБ арналған тапсырма
Оқушылар топта сол құрамда жұмыс жасауды жалғастырады. Сұрақ бойынша жұмыс барысында алдыңғы тапсырманың ақпаратын пайдалана отырып, оқушыларға келесі тапсырманы орындау ұсынылады: кестеде (3 қосымша) берілген критериялар бойынша әртүрлі ұлттың ұлттық киімдерінің ерекшелігі мен ұқсастықтарын анықтау және білу.
Сипаттамасы
Ерекшелігі
Ұқсастығы
Пішіні
Түс гаммасы
Ою-өрнек
Оқушылар өздерінің жауаптарын басқа топтарға айтады.
Оның бірнеше түрін атаңдар?
Этностильде заманауи киім дайындауға бола ма? Мысал келтіріңдер.
Сән өнеріндегі қандай отандық киім дизайнерлерін білесіңдер?
Этникалық стиль – киім жиынтығында белгілі бір халықтың (этнос) ұлттық костюмінің ерекшелігін жаңғыртатын стиль. Жиынтық дайындау барысында ең бастысы осы немесе өзге ұлттың киіміне тән пішім, материал, реңк, ою-өрнек, сән, аксессуарларды қолдану болып табылады.
(Сабақтың шектеулі уақытын ескере отырып, мұғалім оқушыларға этностильдегі заманауи киімдердің фотосуреттерін көрсете отырып,этностиль түсінігі туралы шағын ақпарат береді, сонымен қатар қазіргі қазақстандық дизайнерлер, мысалы: «Құрақ көрпе» - сән студиясы, Аида Кауменова, Ая Бапани, Балнур Асанова, «Сымбат» сән студиясыжәне т.б. туралы әңгімелеуге болады.
(Қазақтың ұлттық киімі)
(Құрақ көрпе)
Қазақ, татар, белорусс, орыс халқының ұлттық киімі туралы мәтінімен ақпараты бар дидактикалық материал.
Кесте
Кесте
Бағалау карточкалары
Сабақтың соңы
Рефлексия(5 қосымша)
Мен ..... туралы көзқарасымды өзгерттім.
Мен ..... туралы көбірек білдім.
Мен ..... болатынына таңғалдым.
Мен ..... сезіндім.
Мен оған ..... қараймын.
Рефлексия
Саралау
Бағалау
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Топта жұмысқа қабілеті жоғары оқушылар басшылық жасайды. Топ ішінде рөлді бөліп беру ұсынылады.
Оқушылар бір бірінің топтық жұмысын карточка бойынша бағалайды:
? сұрақ қойыңдар;
+ақпаратты толықтыр;
Үзілісте сыныптың ауасын тазарту.
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтарытуралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген