400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ДНҚ

Материал туралы қысқаша түсінік
ДНҚ
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бөлім атауы: Молекулалық биология

Мектеп: «№11 ЖОББМ» КММ

Педогогтің тегі, аты, әкесінің аты:

Мұғалімнің аты-жөні: Ризина А.С

Күні



Сынып: 9


Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

ДНҚ молекулалық құрылысының принцптері: нуклеотидтердің комплементарлылығы.

Модельдеу «ДНҚ молекуласын құру»


9.4.1.2 - ДНҚ молекуласының қос шиыршықты құрылымын сипаттау

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

  • Дезоксирибонуклеин қышқылы молекуласының қос шиыршықты құрылымын сипаттау

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: дезоксирибонуклеин қышқылының молекуласының құрылысын біледі;

Көптеген оқушылар: дезоксирибонуклеин қышқылының құрылымдық қағидалары негізіне сүйене отырып ДНҚ моделін үлгілейді және сипаттайды;

Кейбір оқушылар: дезоксирибонуклеин қышқылының құрылымдық қағидаларының сақталуының маңызын бағалайды .

Құндылық

Тұқымқуалаушылық механизмі: ДНҚ құрылымын түсіну ата-анадан балаға берілетін ақпараттың сақталу механизмін білуге мүмкіндік береді.

Жоспар

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы









Өткен білімді еске түсіру

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу

Оқушыларды түгелдеу

Ынтымақтастыру атмосферасын құру

Оқушылардың назарын сабаққа аудару әрі жаңа сабақ барысы 4 топқа бөліп алу

Оқушыларға қима асық қағаздар таратылады.


Алдыңғы білімді еске түсіру мақсатында оқушыларға «Кім жылдам?» жаттығуы беріледі. Жаттығу барысында оқушыларға үй тапсырмасына берілген тақырып аясына қатысты сұрақ – жауап

Миға шабуыл сұрақтары:

Қалай ойлайсыз, ДНҚ дегеніміз не?

Оның құрылымын кім ашты?

Ол малекула не үшін керек?

Оның құрылысы қандай?


Жұмыс соңында орындалған тапсырманы тексеру әрі бағалау үшін мұғалімнің басқаруымен «көршіңе тексерт» жүзеге асырылады.


Оқушылардың ой-пікірлері тыңдалған соң, мұғалім тарапынан пікірлерге қатысты кері байланыс беріліп, сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылып, айтылады.

Бейнефильм арқылы сабақ тақырыбына қатысты қысқаша шолу жасалады. Соңынан слайдтың көмегімен тақырыптың негізгі түсініктеріне тоқталып түсіндірме жасайды.

Тірек сөздер

Нуклеин қышқылы

Нуклеотид

Азотты негіздер

Комплементарлы нуклетидтер

Комплементарлы тізбектер


Оқушылар төрт топқа бөлінеді



Оқушылар сұрақ-жауап арқылы Интерфаза ерекшеліктерін сипаттайды.


Абстрактылы ойлау дағдыларын қолдануды талап ететін айқындаушы проблемалық сұраққа оқушылар өз ойлары мен пікірлерін ұсынады.


Барлық оқушылардың қатысуы арқылы сабаққа белсенділігі артады;

Оқушылар топтарын іздеу негізінде тіл табысады, көңіл-күйлерін көтереді.

Кім жылдам әрі дұрыс жауап бергеніне қарай «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру арқылы ауызша бағалау

Оқушының сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауына мүмкіндік береді; әр оқушы өзіндік пікірлерін ұсынғанда оқушылардың ойлау дербестігі көрініс табады, оқушы үні ескеріледі.

Оқушылардың тілдік дағдыларын дамытады.

Оқулық

Жұмыс дәптерлері




Асық қима қағаздар арқылы топқа бөлу





Сәйкестендіру сұрақтары



















Слайд

Бейнежазба

Сабақтың ортасы




























































Сабақты бекіту












Мағынаны тану

Әрі қарай жаңа сабақтың тақырыбын түсіну әрі игеру мақсатында оқушыларға мұғалім сабақ басында бөлінген топтары (4 топ) бойынша топтық тапсырма ұсынады.

1 тапсырма. ДЖИГСО әдісі негізінде (білу, түсіну дағдылары)

Топтар өздерінің қажеттіліктеріне қарай ресурстарды және оқулықты (126-130бб) қолданып келесідей тапсырмаларды орындаулары тиіс:

  1. Тірек сызбалар арқылы нуклеотид құрамбөліктерін сипаттайтын түсіндірмелік Зияткер карта құрастырулары қажет (А3 парақта);

  2. ДНҚ құрылымын сипаттайтын модельдеу, ДНҚ құрылымын көрсетулері керек.

  3. ДНҚ құрлыс пиницперіне сәйкесін тап

  4. ДНҚ молекуласының құрылымы 4-сызба бойынша жоба.

Жұмыс соңында әр топ өз жұмыстарына таныстырылым жасайды, тыңдаушы топтар бағалау критерийлеріне сүйеніп өзара бағалау жүргізеді.

Дескриптор:

  1. Нуклеотид құрамбөліктерін анықтап, орналасуы сипаттап бойынша ажырата алады;

  2. ДНҚ құрылымын қағидаға сүйене отырып дұрыс үлгісін құра алады;

  3. ДНҚ құрлыс пиницптерін анықтайды.

  4. ДНҚ тұқым қуалау ақпаратын сақтау, ұрпаққа беру қызметін сипаттайды.

Бағалау критерийлері:

  1. Таныстырылым мазмұны түсінікті әрі нақты болды.

  2. Таныстырылым дизайны тірек сызбалармен қамтылған.

  3. Таныстырылым мазмұны тақырыпқа сәйкес тірек және кілт сөздерді қамтиды.

  4. ДНҚ үлгісі негізгі қағидаларды ескере отырып жасалған.

  5. Комплементарлық принципті түсіндіруде нақты бір мысал қолданады.

2 тапсырма. Биологиялық диктант (қолдану дағдылары)

Топтық жұмыс бойынша берілген ақпараттардан алған білімдерін қалай қолданатындарын бағалау мақсатында жеке орындалатын тапсырма.


3 тапсырма. Ал, қане, Кім мықты?

Оқушыларға дезоксирибонуклеин қышқылының құрылымдық қағидалары негізіне қатысты ережелерді талап ететін құрылымдық есептерді жеке шығару ұсынылады. Жалпы 6 есеп беріледі:

ДНҚ-ның комплементарлы тізбегін аяқтап, сызбасын сызады.

А)ДНҚ молекуласының бір тізбегі зерттелді. Оның 21 мономерден тұратыны белгілі болды. Олар:

А-Г-Т-Г-Т-А-А-Ц-Г-А-Ц-Ц-Г-А-Т-А-Ц-Т-Г-Т-А. Осы ДНҚ молекуласының екінші тізбегі қандай болады?

В)ДНҚ молекуласының бір тізбегінің бөлігі:

А-А-Г-Т-Ц-Т-А-Ц-Г-Т-А-Т...

1. ДНҚ молекуласының екінші тізбегін құрастырыңыз

2. Осы ДНҚ бөлігінің ұзындығын есептеңіз (нм).
С)Осы бөліктегі нуклеотидтердің % -тік мөлшерін есептеңіз.

2. ДНҚ молекуласындағы азоттық негіз Ц/цитозин / 20% құрайды. ДНҚ молекуласындағы қалған нуклеотидтер санының проценттік құрамына есептеңіз

Дескриптор:

  1. ДНҚ құрылымына қатысты ережелер мен деректерді дұрыс қолдана алады;

  2. Берілген есеп мазмұнына талдау жасай отырып, дұрыс шешімін көрсетеді.

Бағалау критерийлері:

  1. Қажетті деректерді қолдана отырып есептің дұрыс шығарылу барысын көрсетеді;

  2. Есептің дұрыс мәнін көрсетеді. (әр орындалған критерий үшін 1 баллдан есептеледі)

Бүгінгі сабақ мазмұнын бекіту мақсатында оқушыларға https://quizizz.com/ жаттығуы беріледі.


Топтар тақырып бойынша жұмыс жасайды:

  1. Нуклеотид құрамбөліктері

  2. ДНҚ молекуласының құрылымы

  3. ДНҚ құрлымы

  4. ДНҚ тұқым қуалау ақпараты












Оқушылар қажетті тірек сөздері қалып кеткен мәтінге берілген кілт сөздерді дұрыс мағынасына қарай жазады.

Оқушылар берілген уақыт аралығында мүмкіндігінше есептерді шығарады.









Деңгейлік тапсырма






Оқушылар ДНҚ құрылысы мен қызметіне қатысты берілген тұжырымдарды тексереді.


https://quizizz.com/join?gc=924704


Дескриптор бойынша топтар арасында бағалау критерийлеріне сүйене отырып өзара бағалау жүргізеді.


















Тақтада берілген дұрыс жауап негізінде өзара жұптық бағалау.


Бағалау критерийлері арқылы мұғалімнің басқаруымен бағаланады.













Оқушылар тапсырманы орындау арқылы көңіл күйлері көтеріледі әрі анализ дағдылары дамиды.

ҚБ «Бес бармақ»әдісі арқылы бағаланады

Кері байланыс оқушылар «Білім қоржын»ға асықтарын салады





Оқулық

Түрлі түсті қағаз

А4 не А3

Тақта






















Мәтіні бар таратпа қағаздар









6 есеп мәтін берілген жұмыс парағы






















Ұялы телефон арқылы (дұрыс жауап)











Сабақтың соңы

Үйге тапсырма:


Кері байланыс.

Мұғалім оқушыларды «Әжемнің құрты» әдісі арқылы бағалайды.

Үйге тапсырма: ДНҚ құрылымдық қағидалары негізінің өмірмен байланысы (ЭССЕ, кемі 20 сөз)






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
25.11.2025
50
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12