15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Дода" сайысы. Информатика пәнінен сыныптан тыс іс - шара
Сабақтан
тыс іс-шараның мақсаты:
Білімділігі:
сайыс өткізу арқылы оқушылардың
информатика пәнінен білімдерін тереңдету,
пәнге деген қызығушылығын
арттыру.
Дамытушылығы:
ой-өрісін шыңдау, есте сақтау, сөйлеу
мәнерін, шығармашылық қабілеттерін
дамыту, компьютерлік сауаттылыққа
баулу.
Тәрбиелілігі:Оқушылардың
қарсыласын бағалай білуге,
топтық жұмыста бірін-бірі тыңдай
білу.
Көрнекілігі:
Интерактивті тақта, флипчарт, түрлі-түсті
конверт, смайликтер.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру:
Саламатсыздар
ма, құрметті ұстаздар, оқушылар! Сіздермен
бірлесе отырып «Көңілді информатика»
атты сыныптан тыс сайыс сабағымызды
бастауға рұқсат етіңіздер! Осы жерде
сайысқа төрелік ететін мұғалімдерді
ортаға шақырайық:
Бақ пен бап сыналар бұл сайысқа қатысып отырған оқушыларға сәттілік тілейміз.
«Біреу
озса сайыста, біреу артта қалады,
Ренжімей
тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы
ежелден – жеңімпазды анықтау,
Озат
болу шарты сол – еңбектену, жалықпау!»-
дей келе сайысымыздың кезеңдерімен
таныстырып өтейін.
І-тур: «Кім жылдам»
ІІ-тур: «Адасқан әріптер»
ІІІ-тур: «Мақал-сөз мәйегі»
ІV-тур: «Бәрін білгім келеді»
V-тур: «Сұрақтар патшалығы»
VІ – тур: «Сөзжұмбақ шешу»
І-тур:
«Кім
жылдам?»
Ойынның
шарты: Барлығы 20 сұрақ қойылады. Сұраққа
“иә” не “жоқ” деп жауап беру керек.
Әр дұрыс жауап 10 ұпай деп саналады.
1.
«Ақпарат» сөзі латын тілінен аударғанда
түсіндіру, баяндау, мәлімет дегенді
білдіреді. (ия)
2. Баспаға шығару
құрылғысы пернетақта деп аталады.
(жоқ)
3. Адам ақпаратты сақтай алмайды.
(жоқ)
4. Ең алғашқы ЭЕМ 1946 жылы АҚШ –
та пайда болды.(ия)
5. Ақпараттың ең
кіші өлшем бірлігі килобайт деп аталады.
(жоқ)
6. Компьютер ақпараттық процестерді
жүзеге асыратын құрал. (ия)
7. Тышқан
ақпаратты сақтауға арналған құрылғы.
(жоқ)
8. Қазіргі компьютерлердің
пернетақтасында 80 перне болады. (жоқ)
9.
Delete алдыңғы символдыөшіру пернесі
(жоқ)
10. Компьютерде жұмыс жасау үшін
операциялық жүйенің қажеті жоқ. (жоқ)
11.
«Информатика» пәні ЭЕМ – нің көмегімен
ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу
заңдылықтарын зерттейтін ғылым. (ия)
12.
1 Килобайт 1024 байтқа тең. (ия)
13. Монитор
компьютер экранына ақпаратты шығарушы
құрылғы (ия)
14. Сканер ақпаратты енгізу
құрылғысы. (ия)
15. Электронды есептеуіш
техниканың даму тарихы бірнеше буындарға
бөлінеді. (ия)
16. Бит, байт ақпараттың
өлшем бірліктері. (ия)
17. Пернетақта,
сканер ДК – дің сыртқы құрылғыларына
жатады. (ия)
18. Принтер – ақпаратты
қағазға басып шығаратын құрылғы. (ия)
19.
1 Кбайтта 1024 Мбайт бар. (жоқ)
20. Пернетақта
компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы.
(ия)
ІІ-тур: «Адасқан әріптер!» Бұл сайыста оқушыларға әріп орындары ауысып кеткен сөздер беріледі. Әріптерді орындарына қою арқылы компьютер құрылғыларының аттары мен информатика пәніне қатысты термин сөздер шығару керек. Әр сөзге5 ұпайдан беріледі.
•ЕОДМЕ •ИМРКООНФ
•ОНТИРМО •АКЬЛУКТОЯЛР
•РСУИВ •ИТНРНЕТЕ
•ЫШТАҚН •ЕРНПЕАҚТАТ
•РИНПРЕТ •ОЛОКНАК
•ҚАПРАТА •МЕАРКА
Дұрыс жауаптары:
•МОДЕМ •МИКРОФОН
•МОНИТОР •КАЛЬКУЛЯТОР
•ВИРУС •ИНТЕРНЕТ
•ТЫШҚАН •ПЕРНЕТАҚТА
•ПРИНТЕР •КОЛОНКА
•АҚПАРАТ •КАМЕРА
ІІІ-тур: «Мақал-сөз мәйегі!» бұл бөлімде топ мүшелеріне компьютерге қатысты құрастырылған мақал-мәтелдер беріледі интерактивті тақтада, осы мақал-мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табу қажет. Әрбір дұрыс шешілген мақалға 10 ұпай беріледі.
1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала (Жігітті досына қарап, бағала)
2. Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады)
3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)
4. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім)
5. Білмесең, «анықтама»-дан сұра (Білмесең білгеннен сұра)
6. Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды (Досы күштіні – жау алмайды)
7. Күлсең ескірген компьютерлерге күл (Күлсең кәріге күл)
8. Компьютерде бес колонка, дауысы жер жарады (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)
ІV -тур: «Бәрін білгім келеді!» Интерактивті тақтада бірнеше ұяшықтарға бөлінген кесте берілген. Әрбір ұяшықтағы сұрақтардың тақырыбына сай сұрақтар беріледі. Ұяшықтардағы сұрақтарға дұрыс жауап берген топ ұяшық ұпайын ала алады, егер жауабы дұрыс болмаса келесі топ жауап беріп ұпайын иеленуге құқылы.
1. Ғалымдар:
10 ұпай – Компьютердің атасы? (Чарльз Бэббидж)
20 ұпай - 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасап шығарған ғалым? (Блез Паскаль)
30 ұпай – Ең алғашқы программист кім? (Ада Лавлейс)
2. Тарих:
10 ұпай - Бұл санау құрылғыларын Римдіктер «абак» деп, қытайлықтар «суанпан», деп атаған, ал, жапондықтар «соробан»деп ал біздің елімізде не деп атаған?(шоттар)
20 ұпай - ЭНИАК машинасын кімдер, қайда, қай жылы құрастырды? (АҚШ-та, Пенсильван университетінде, 1943-1946жж)
30 ұпай - Ақпарат сөзі қайдан шықты? Мағынасы қандай? (латыннан, түсіндіру, баяндау)
3 Әртүрлі:
10 ұпай – Биыл Ұлы Жеңіске неше жыл болады? (70 жыл)
20 ұпай – Желтоқсан оқиғасы қашан болды? (1986ж, 16-17 желтоқсан)
30
ұпай – Теңгенің туылған күні (15 қараша
1993ж)
Ғалымдар |
10 |
20 |
30 |
Тарих |
10 |
20 |
30 |
Әр-түрлі |
10 |
20 |
30 |
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер.-деп
V- турды бастайық «Сұрақтар патшалығы!» топтар берілген сұрақтарға жауап беріп, жауапты үш тілде айту керек, үш тілде жауап берсе 15 ұпай, екі тілде 10 ұпай, бір тілде 5 ұпай беріледі.
1. Бір байтта қанша бит бар? (сегіз, восемь, eight)
2. Қандай команданың көмегімен құжаттардың көшірмесін дайындаймыз?
(Көшіру, Копировать, Сору)
3. Файлдарды ашқан кезде, не шығады ? (терезе, окно, window)
4. Монитордың неше түрі бар? (үш, три, three)
5. Адам көмегімен басқарылатын құрылғы (тышқан, мышка, mouse)
6. Терезе командалары орналасқан бөлікті қалай атаймыз?
( Мәзір жолағы, Строка меню, Menu)
7. Экранның қоршаулармен шектелген төрт бұрышты аймақ? (терезе, Окно, Windows)
8. WORD бағдарламасында кестені не арқылы жасаймыз? (қарындаш, карандаш, pencil)
9. Әр түрлі объектілер орналасқан Windows экраны? (Жұмыс үстелі, Рабочий стол, Work table)
10.Адам мен компьютер арасындағы байланысты қамтамасыз ететін жүйелік программа? (Операциялық жүйе, Операционная система, Operation system )
VI - тур:
«Сөзжұмбақ шешу»
|
|
|
|
п |
р |
и |
н |
т |
е |
р |
|
|
|
|
|
|
|
|
п |
е |
р |
Н |
е |
т |
а |
қ |
т |
а |
|
|
|
|
и |
н |
т |
е |
р |
Ф |
е |
й |
с |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
о |
к |
н |
О |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
с |
к |
а |
н |
е |
Р |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
М |
а |
у |
с |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
п |
А |
й |
н |
т |
|
|
|
|
|
|
|
|
м |
о |
н |
и |
Т |
о |
р |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
и |
н |
ф |
о |
р |
м |
а |
ц |
и |
я |
ж |
ү |
й |
е |
л |
і |
к |
б |
л |
о |
к |
|
|
|
|
|
|
п |
р |
о |
г |
р |
а |
м |
м |
ы |
|
|
|
|
|
|
1. Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғыны қалай атаймыз?
2. Компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы?
3. Адам мен компьютер арасындағы қарым – қатынасты қалай атаймыз?
4. Терезенің орысша атауы?
5. Қағаздағы кескінді(мәтінді, суретті) экранға түсіруге арналған құрылғы?
6. Тышқанның басқаша атауы?
7. Сурет салуға арналған графикалық редактор?
8. Компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы?
9. Ақпараттың орысша атауы.
10. Компьютердің барлық жұмысын қамтамасыз ететін құрылғы?
11. Paint – ті іске қосқанда, Пуск – тан кейін қандай тізбек орындалады?
Осымен бес турдан тұратын сайысымыз аяқталды әділқазылар алқасы дайын болғанша мен сендерге логикалық сұрақтар қоя тұрайын:
1. Ағашта саңырауқұлақ кепті,
Жаңбыр жауып,оны жұмсартып кетті.
40-ы қызыл,8-і сары,20-сы жасыл еді,
Тышқан мен тиін 7-н жедің,
Қалды екен нешеу, айта ғой? Жауабы: (61саңырауқұлақ)
2. Әкемнің 7 ұлы бар, оның әрбір ұлының
қарындасы бар. Үйде неше бала бар ?
Жауабы ( 8 бала )
3. Үстел беті төртбұрыш, оның бір бұрышын
арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады ?
Жауабы ( 5 бұрыш қалады )
4. Ағаш үстінде 100 торғай отыр. Аңшы 10 торғайды
атып алды. Неше торғай ағашта қалды ?
Жауабы ( 10 торғай )
Жетпесіңе жеткізген,
Қызықты уақыт өткізген.
Бар ғылымды сыйдырып,
Білетіні көп бізден.
Жаңалықтың жаршысы,
Жұртты елең еткізген
Информатикаға мың алғыс! – деп әділқазылар алқасына сөз береміз.
топтардың қорытынды ұпайларын санап, жеңімпазды анықтайық.
Уақыттарыңызды бөліп, келіп көргендеріңізге көп рахмет!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген