Материалдар / Доға мен дөңгелек.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Доға мен дөңгелек.

Материал туралы қысқаша түсінік
1) Доға мен дөңгелек жайында түсінік беру және олардың қазақтың салт-дәстүріндегі маңыздылығы. 2) Аталған пішіндердің әр түрлі заттармен сәйкестендіру. 3) Ойын-жаттығу: «Жасырын пішінді тап». 4) Қималардан геометриялық пішіндес заттарды жинау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Ақпан 2021
439
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 25.04.2019ж.

Сабақтың тақырыбы: Доға мен дөңгелек.

Сабақтың мақсаты: 1) Доға мен дөңгелек жайында түсінік беру және олардың қазақтың салт-дәстүріндегі маңыздылығы.

2) Аталған пішіндердің әр түрлі заттармен сәйкестендіру.

3) Ойын-жаттығу: «Жасырын пішінді тап».

4) Қималардан геометриялық пішіндес заттарды жинау.

Түзету-дамытушылық: Балалардың логикалық ойлауын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Баланың зейінін нығайту.Ынталы, зерек болуға баулу.

Әдістемелік құралдар: Тақырыпқа байланысты суреттер топтамасы, әртүрлі пішінді қималар, «Ақылды үйректер» атты магниттік ойын құралы,кіші доп, магнитті тақта.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Баламен амандасу, жалпы көңіл-күйін сұрау. Балалар зейінін сабаққа тарту.

Үй тапсырмасын сұрау. Есімізге түсірейік балалар, өткен сабақта біз не туралы айттық? Пішіндерді ажырату.

Пішіндердің қандай түрлерін білесіңдер балалар?

Пішіндерді бір-бірінен қалай ажыратамыз?

ІІ.Негізгі бөлім.

1.Өткен сабақта төртбұрыштар, тіктөртбұрыштар, ұшбұрыштардың күнделікті өмірімізде жиі кездесетінін айтқанбыз. Ал дөға тәріздес бұйымдар немесе заттар көп кездеспейді, сондықтан да олар жайында көп біле бермейміз.

Астана қаласындағы Байтерек, Хан Шатыр және де өткен жылы Еліміздің төрі Астана қаласында өткен ЭКСПО-2017 ғимараттардың бөліктері біз айтып отырған пішіндерге келеді.

Киіз үй, кең жайлау қазіргі кезде әрбір қазақстандық үшін Отанымыздың қайталанбас, мәңгі символына айналды. Киіз үй- ұлттық қолөнеріміздің баға жетпес байлығы, көшпенді халқымыздың көне кезден келе жатқан жиналмалы баспанасы. Оның шаңырағы дөңгелек, ал уықтары доға тәріздес. Сонымен қатар бесіктің екі қабырғасы да доғаға ұқсайды.

Жалпы қазақ халқы ұлттық қолөнерде, әшекейлерде, асхана бұйымдарында дөңгелек пішінді жиі қолданған. Оның басты себебі ол -шеңбер- күн тәріздес. Яғни жылулықтың, татулықтың белгісі. Сондықтан да ас ішетін үстелдің өзі дөңгелек пішіндес болатын.



2.Доға тәріздес заттарға: шөп оратын орақ, велосипед крылосын, көліктердің дөңгелек үстіндегі бөлігін, таға, киіз үй шаңырағы ортасындағы таяқшалары және уықтары, аспандағы жаңа туған айды т.б.жатқызуға болады. Сонымен қатар жауыннан кейінгі кепмірқосақты (радуга). Жалпы мұндай пішіндер басқа көп бұйымдарда, заттарда кездеседі.

Ал дөңгелек доғаға қарағанда жиі кездесетін пішін. Оған көлік донғалағы, күн, киіз үй, оның шаңырағы, доптар, жихаздар бөліктері, шарлар, кейбір жемістердің формасы және тағы басқа.

3.Ал енді балалар біз зейінімізді, есте сақтау мен ойлау қабілетін жетілдіру мақсатында сергіту ойын жаттығу жасайық. Ойынымыздың аты: «Жасырын пішінді тап» деп аталады. Мақсаты: Баланың есте сақтау қабілетін жетілдіру. Зейінін нығайту. Ойынның шарты: балалар бір-біріне қарама –қарсы тұрады. Әр балаға 3-4 пішін мен заттар беріледі. Ойлануға және есте сақтауға 1 минут уақыт беріледі. Кейіннен бір-біріне арқаларымен тұрып, кімнің қолында не зат, қандай пішіндер бар екенін айтады. Ол үшін үш-төрт пішінді және көлік пен ұшақ әдістемелері үлестіріліп беріледі. Сол пішіндердің түр-түсін және қандай пішін екенін айтулары керек.

4. Енді балалар біз әр геометриялық пішіндерге сәйкес бұйымдардың төрт суретін тауып оларды арнайы жіктеріне орнатуымыз қажет. Мақсаты: Ойлау қабілеті мен зейінді арттыру. Алуан түрлі заттармен танысу, олардың түр-түстерін ажырату.



Сабақты аяқтау. Балалар бүгінгі сабағымыз сендерге ұнады ма? Пішіндерді білгендерің мектепте жақсы оқуларыңа және де болашақ өмірлеріңе көп көмегі тиеді.

Ал, балалар келесі сабақта кездескенше сау болып тұрыңдар!











Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!