400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Доклад на тему А П Чехов " Дама с собачкой "

Материал туралы қысқаша түсінік
учащиеся очень любит этот рассказ они помнят и чувствуют его
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»



Мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау.

Оқушының қабілеті:

Жалпыадамзаттық, мәдениетаралық білімдері мен сыни ойлау, зерттеушілік дағдылары дамыған, отансүйгіш тұлға.

Сабақта қамтылатын білім беру құндылықтары:

* Әріптестік; * Азаматтық жауаптылық; *

Ашықтық. Мектеп миссиясымен үндестігі: Өзінің даму барысында, өмір бойы оқуға қабілетті, жоғары адамгершілік құндылықтары бар, жоғары білімді, зияткерлік жеке тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған мектеп қауымдастығын құру.

Қазақстандық патриотизмді әр оқушының бойына өмірлік принциптері ретінде қалыптастыру

. Жаһандық азаматтық тұлғасы:

Өз Отанын қатты сүйетін, әлем халықтарын мәдениетін, салт-дәстүрін сыйлай білетін, әлемді дамытуға өз үлесін қоса алатын тұлға.

Көрнекіліктер:

1. Интерактивті тақта, бейне баян, түрлі-түсті парақшалар Сабақ кезеңдері

Ұйымдастыру кезеңі:

Сергіту сәті. 1. «Сәлемдесу» ойыны

Армысыздар, құрметті көрермендер ! 

Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс.

1 Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады. 
Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.

Оқушылар Қорапшадан қағаз алады, сол қағаздағы сурет бойынша топтарға бөлінеді(қағаздарда От, Су, Күн, Ай суреттері бейнеленген).


6. Сананың ашықтығы Оқушының іс - әрекеті:

Бір - бірлеріне сәттілік тілейді.

1 - топ. "Қазақстан" Ән: Көк тудың желбірегені

2 - топ. "Салт дәстүр" Ән: Қазақы дәстүрлер - ай

3 - топ. "Мәдени құндылықтар және өнер" Ән: Қара жорға

4 - топ "Ұлттық ойындар мен тағамдар" Ән: Қазақы дастарханым

Оқушылар сабақтың тақырыбын ашады. Оқушылар үйге берілген тапсырманы қорғайды. Топтағы ең үздік «Рухани жаңғыру» тақырыбында коллаж қорғайды 


Ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін іріктеп алғаннан кейін шетелдерде оларды таныстыру рәсімдерін өткіземіз.

Тапсырма: 1 - Қазақстан - Еуразия жүрегінде

2 - Қазақ халқының салт – дәстүрі

3 - Қазақ халқының мәдени құндылықтары және өнері

4 - Қазақ халқының ұлттық тағамдары және ойындары

3 - топ: туралы айту; «Шығыс шеберлері» жәрмеңкесі.

Оқушылар қазақ халқының рухани мәдениетін шет елге таныстырады Қадыр Мырза Әлінің «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» бейне ролик қарап, мазмұнын түсіну, өз ойларын жеткізу.

Құрметті балалар Тіл - халықтың жаны, сәні (Язык - душа народа). Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Ендеше, тілге қандай құрмет көрсетсек те лайық.


Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үшін үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық тіл, ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» делінген. Тек қазақ жұрты ғана емес, барша қазақстандықтар осы үш тілді өзара ұштастырып, өз орнымен қолдана білулері қажет.


1 бөлім. Аламан бәйге
1. «Қазақ хрестоматиясының» авторы Ы. Алтынсарин
2. Autumn қай мезгіл? Күз
3. «Екінші» сөзі ағылшынша қалай? Second.
4. Отан сөзінің орысша аудармасы? Родина
5. Семь қазақ тілінде айтылуы? Жеті.


2 бөлім. «Жеті жұрттың тілін біл»
(мақал ішіндегі белгілі бір сөздің үш тілде аудармасын айту керек)
1. Бала тілі - бал. ( тіл - язык - hanguage)
2. Еріншектің ертеңі таусылмас.( ертең - завтра - tomorrow)
3. Ақылдың көркі - тіл, тілдің көркі - сөз ( сөз - слова - word)
4. Ана тілің - арың бұл, ұятың болып тұр бетте. ( бет - лицо - face)
5. Шебердің қолы ортақ, шешеннің сөзі - ортақ. (Қол - рука - hand)


«Бәрін өзімізден бастайық» постері латын әліпиін пайдалана отырып оқушылар өз аты – жөндерін жазу


Міне, балалар тіл - халықтың байлығы, қазынасы. Тілді таза ұстап, қастерлеп, құрметтеуіміз керек. Мемлекеттік тілді жоғары дәрежеде меңгерейік. Ана тілін қадірлей отырып, өзге тілді білуге ұмытылу - уақыт талабы

Оқушыларға бейнеролик көрсетіледі:

«ЕХРО-2017» көрмесі /мұғалім көрме туралы ақпараттар береді, оқушыларға сұрақтар қояды көрмені тамашалаған оқушыларға сөз береді./

Топтық жұмыс Постер дайындау және қорғау):

1-топ. Патриот адам кім? Ол өзін қалай көрсетуі керек?

2-топ. Қандай патриот адамды білесіңдер? Олар кімдер? Не үшін?

3-топ: Қазіргі заманның патриоты қандай болуы керек? (мінезі, ерекше қасиеттері, ұстанымы, ұраны).

4-топ: Мен патриотпын себебі???

  1. «Қазақтың танымал тұлғалары» Елге белгілі танымал тұлғалардың суреттерінің астына оқушылар аты- жөндерін жазу керек.

  2. «Өзінен баста: Туған жеріңе не бересің?» ойыны

Ағаш – адамның күнкөрісіне қажет және рухани өмірде ерекше орын алатын табиғат нысаны. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы сендерсіңдер! Еліміздің көркейуіне, гүлденуіне «Туған жеріңе не бересің? ”ойыны арқылы өз үлестеріңді қосыңдар.

– Міне, сендерге қарағай ағашын дайындадым.

– Ағашқа не жетіспейді? жапырақтары

– Сендердің парталарыңда жапырақтар жатыр. Дайын тұрған жапыраққа «Туған жеріңе не бересің?» сұрағының жауабын жазып, оқып, қарағай терегіне ілеміз)

Ал мен сендердің тапқырлықтарыңды тексерейін. Мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер шешімін үш тілде атап берулерің керек.
Жұмбақтар:
1. өз қалпағын жасынан,
тастамайды басынан.
(саңырауқұлақ - гриб - a mashroom )
2. шаңқ – шұңқ еткен үні жоқ
сусыз оның күні жоқ.
(балық – рыба – a fish )
3. құлпырса қадірлейді, аялайды.
Қураса сыпырғышқа жарамайды.
(гүл - цветок - a flower)
4. Аспанға жайып қойған,
Ақ мақтам ғайып болған.
(бұлт – облако - a cloud)





4.Сұрақ-жауап ойыны.

Сұрақтары.

1.ҚР елтаңбасында не бейнеленген? – (тұлпар ,шаңырақ,жұлдызша.күн

2.Қазақстан өз тәуелсіздігін қай жылы алды? – (1991 жыл 16 желтоқсан)

3.«Отан қорғау» дегенді қалай түсінесің?

4.Әнұранның авторларын ата? – (Ш.Қалдаяқов,Ж.Нәжмединов,Н.Назарбаев.)

5.ҚР тұңғыш президенті кім? – (Н.Н.Әбішұлы)

6.ҚР неше облыс бар? – (14 облыс)

7.Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? – (Тоқтар Әубәкіров)

8.Конституция күні? – (30 тамыз)

Қорытынды бөлім:

Рефлексия
мұғалімнің қорытынды сөзі:

Алда әлі ұзақ жол , үлкен асулар бар . Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім , талант пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып , мерейін үстем етер , әлем таңғалар , талай-талай жаңалық ашар білімділер керек . Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын , бүгінімізді ертеңіне жалғайтын , қазақ елінің ертеңі , болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік. “Сен де бір кірпіш дүниеге , Кетігін тап та бар қалан!”- деп Ұлы ақын Абай атамыздың сөзімен сабағымды аяқтаймын.























Түркістан облысы Келес ауданы

Т. Бердияров атындағы

20 жалпы орта мектебі





Тәрбие сағаты

Тақырыбы : Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру







Орыс тілі және әдебиет пәні мұғалімі : Ж. Оралова





















2018 – 2019 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10.05.2019
464
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі