400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Доклат " Тілінде кемістігі бар балалармен жұмыс жасау"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастуыш сынып мұғалімдерімен бөлісу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қ.Р бойынша Сөйлеу тілінде кемістігі бар оқушылардың негізгі құрамында тұтықпа, ринолоия дизартрия алалия нашар естушілік диагноздары кездеседі. Әр баланың диагнозына байланысты сөйлеу қабілеті де қабылдау қабілеті де әртүрлі болып келеді.Дыбыс айтуын жетілдіру жұмысының негізгі мақсаты- балаларды сөздің дыбыстық құрамын, екпінін сақтай отырып тұтас анық таза сөйлеуге үйрету. Осындай тәрбиеленушілерді тәрбиелеу үздіксіз процес. Өкінішке орай мүмкіндігі шектеулі балалардың саны күнен күнге артып келеді. Әр баланың диагнозын ескере отырып олардың тәрбиесіне аса мән беріп ,пайдалы істерге үйрету. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауының басты құндылығы – Мәңгілік Ел идеясына ерекше мән беруі. «Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты демек, елдің туын көтеріп, тәуелсіздік талаптарын орындау ісіне батыл бетбұрыс жасаған бүгінгі таңда адамзаттық игіліктерді, халқымыздың ғасырлар бойы армандаған мәдени-рухани мұрағаттары мен ұлт­тық тәлім-тәрбие саласындағы, білім жүйе­сіндегі ізденістерін көрсету – басты мін­детіміз. Тәрбие көп қырлы, сан алуан сипатты, күрделі, қоғамдық, әлеуметтік, ұлттық, жалпыадамзаттық, халықтық, көп жақты феномен. «Мәңгілік Ел»  жал­пыұлттық идеясы – бала тәрбие­сіндегі Ұлттық тәрбие  – жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің қайнар көзі, рухани мұрасы. Еліміз тәуелсіздік алғалы қол артқан қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жетістік пен мемлекеттілікті баянды етпекке, әрі келешектегі ел тұт­қасы жастардың санасын дамыту үшін тек материалдық игілікті ғана мақсұт ету жет­кіліксіз. Олардың бойына ата-баба дәс­түрі мен өз халқының тарихын қас­тер­­леуге, ең бастысы, отансүйгіштікті ны­ғайту үшін ұлтының рухани-мәдени құн­ды­лықтарын сіңіру қажет. Біздің оқушыларға Елбасының жолдауымен қазақ халқының мәдени құндылықтарын бойына қалыптастыруға еңбектену қажет. Біздің оқушыларға демалу, тынығу ғана үшін емес, рухани қажетін өтеуге, ойлау қабілетінің жетілуіне, жалпы жан - жақты болуына тәрбиелеу.Жалпы тәрбие үдерісі - көп жағдаятты, оның құрамында субъектив және шынайы себептер ықпал-әрекетке келеді. Ескеретін жәйт - тәрбиеші іс-әрекеті тек шынайы заңдылықтарымен, қағидалармен қатып қалмау керек. Себебі тәрбие - өнер, ал өнер тәрбиеші тұлғасына, оның даралығына, тәрбиеленушілермен түзген қатынасына орай туындайды. Баланың бос уақытын оның өз қалауымен өткізуге атсалысу, оған аса мән беру - қазіргі таңның басты мақсаты саналуы тиіс. Біздің балалардың жағдайын ескере отырып, адамдармен тез тіл табысып ортаға тез бейімделуі қиындық туғызбас үшін жан жақты болуы.Мысалы : түрлі үйірмелерге қатыстыру, түрлі қызықты жерлерге алып шығу, өз ойларын толық айтуға , өздеріне деген сенімдерін арттырады.Болашақта өмірлеріне кері әсерін тигізбеуге және де мамандық иесі болуға ықпалын тигізу мақсатында, тілдерін түзетуге, таза сөйлеуге бар ынта ықпалын салуда.Біздің мектеп интернатымызда әр түрлі жоспарда әңгіме, тәрбие сағат,іс шаралар өтіледі. Өтілу мақсаты балаларды патриаоттылыққа, үлкенге ізет кішіге құрмет көрсете білуге тәрбиелеу ..Жағымсыз әдеттерден үнемі аулақ болуға тыйым салып отыру. Тағы түрлі атақты адамдармен кездесу ұйымдастырып отыру мақсаты: оқушылар түрлі атақты адамдармен кездесу кезінде өзіне керекті дүниені жадына түйіп неге сондай болмасқа деген әр оқушының еліктеушілігі өзіне деген күш жігерін артырады. Бүгінде жас  ұрпақты  білімнің мазмұны мен тиістілігі  емес, өзінің оқу еңбегінің қандай нәтиже беретіні қызықтыратыны дәлелденіп отыр. Білімге ұмтылатын әр оқушының нені білетіндігі емес, не істей алатындығы  толғандырады. Оқушыға білім мен қатар тәрбие үздіксіз беріліп отырады. Біздің оқушыларға тәрбиеші ,логопед мұғалім тығыз бірге атқарған жұмыстан нәтиже шығарып, оқушылар анық асықпай сөйлеуге дағдыланып жатады. Мұндай  біліктілікті меңгертуде «түрлі іс шараларының » алатын орны зор. Бұл ата- анамен  жәй қарым –қатынас қана орнатып қоймайды, олардың өз балаларына үйден қалай көмек жасау түрлерін үйренеді. Бала мен ата – ананың бір-біріне деген жақын көзқарасы қалыптасады.  Әр өтілген тәрбие сағаттары оқушының жаңа қырынан көрсетіп, оқушы өз жетістігімен  ата – анасының  алдында мақтана алады. Бұл еңбектің  ата- ана үшін де, оқушы үшін де, мұғалім үшін де берер жемісі мол деп ойлаймын. Біздің оқушылардың қол өнерге музыка биге деген қызығушылықтары терең. Олар өз еріктерімен шын көңілдерімен қол өнерін жасайды және қызығады. Тырысып келтіруге барын салып жасауға ,үлкен еңбек пен шыдамдылықты талап етеді. Жақсы жасаған оқушыларға көрме ұйымдастырып оқушыларды атап өту . Бала үшін әрқашанда өзінің мінез-құлқына, ойына, жұмысына баға бергенді қажетсінеді. Жанұядағы ең бірінші мадақтау-ауызша мақтау және ата-ананың қолдауы. Мадақтау және қолдау балаға стимул беретін үлкен әсер береді. Халықта баланы жақсы әрекет жасауға тырысуы үшін мақтайды. Бұл жағдай балаға емес, ата-аналарына ризашылық білдіріп, мақтау берген.Біздің балалар осындай қолдаудан кейін тағы басқа жақсы дүниелерді.Мысалы: гүл ,бет орамал т.б әдемі заттарды жасап аналар мерекесіне тарту етіп жатады.Аналарына деген көңілдерін сүйіспеншіліктерін білдіріп жатады. Этнопедагогиканың біздің балаларға ерекше маңыздылығы – қазақ халқының салт- дәстүрлері болып табылады. Наурыз айында қазағымыздың ерекше мерекесі Ұлыстың ұлы күні 22 наурыз мейрамында, салт дәстүрлеріміз , ұлттық тағамдарды біздің балаларға ерекше маңызы бар. Күн мен түн теңелетінін, ұлттық тағамдардан дәм татып наурыз көже неше тағамнан құралып жасалатынын біліп көріп өнерлерін көрсетіп белсенді қатысады.Қазақ халқының салт- дәстүрлері рәсімдер мен жора- жоралғылар, рәміздер, ырымдар мен тыйымдар, түрлі сенімдер арқылы өмірде қолданыс тауып келеді. Оның бәрі дамып, толысып, жаңарып отырады.

Біздің оқушыларды игі дәстүрлері: ізеттілік, қайырымдылық, мейірімділік, қонақжайлылық, имандылық, иманжүзділік- барлық мәдени үлгі өнегелі іс- әрекеттердің көрінісі- әдет деп аталады.Қазақ халқының осы игі дәстүрлерін айқындап, дәлелдей келе, халықты рухани тазалығы жағынан алып, қазақ халқын әдепті, яғни қайырымды, мейірімді халық деп атауға мүмкін болады.Бұл- ұлт мәдениетінің ең озық көріністері. Өмірдің өркениетті дамуы дәстүрлердің толысып, олардың жаңарып отыруына себепші болады.Мысалы, қыз ұзату, үйлену тойлары толысып, жаңарды да, ал «атастыру» салты бірте- бірте өмірде қолданудан қалып барады.Сондықтан салтың түр түрлерін біздің оқушыларға таныстырып отыруымз қажет.

Этнопедагогиканың біздің оқушыларға салт- дәстүрлердің ұлттық санаға сіңіп, біржола заңдандырылуы- салт- сана деп аталынады.Ұлттық санаға сіңіп, қалыптасқан салт- дәстүрлер сол ұлттың санасының дәрежесін көрсетеді.Ұлттық сананың қозғаушы күші- ұлттық намыс, ұлттық абырой.Ол жеке тұлғалардың перзенттік борышты өтеу дәрежесіне сай өмірден өз көріністерін байқатады.Сондықтан да әрбір әдет- ғұрыптың, салт- дәстүрдің салт- санаға әсер ететін тәрбиелік мәні зор. Біздің оқушылардың түзетушілік жұмыс барысында ұлттық ойындарды ойнатып мысалдар келтіріп турумыз қажет.Біздің оқушыларымызды үнемі қозғалыста болып тұруы оларды сергектікке әкеледі.

Біз өз тәжірбиемізде тілінде кемістігі бар балалармен жұмыс жасғанда. Біздің оқушылардың неге бейім екенін біліп аңғарып. Олар би билегенді қатты ұнатып бар ынталарын салатынын байқап білдік. Әрине бұл біз үшін үлкен қуаныш болды. Өйткені балаларды музыка түрін, қарқынын, музыкалық фразалардың қарама-қайшылығын ажыратуға, музыка әуеніне қарай қимыл-қозғалысын өзгертуге үйрету. Осы жұмыстардың нәтижесінде музыка түрін, қарқынын басшылыққа ала отырып, қимылды өз бетімен орындауға дағдыландыру болып табылады. Ырғақты-қимыл қозғалыс арқылы дене сымбатын жақсартады. Бұлшық еттерін, сіңірлерін бекітіп, тез қимылдауға, әдемі,қозғалыстар жасауға ықпал ету. Музыка екпініне қарай  қозғалыстарды баяулатып, шапшаңдатып орындауға Денені тік ұстап шеңбер бойымен жүруге үйрету.   Қозғалыс үйлесімділігіне жаттықтыру дағдыларын үйрету. Әр түрлі кедергілермен ойындар ойнату арқылы би қимылдарын,  ырғақты соғу, доп, шеңберше,ленталармен жаттығулар жасату ,арқылы дене қозғалыстарын дамыту. Есту, сөйлеу, ойлау, есте сақтау, қабылдау процестерінің  жетілуіне ықпал ету. Музыканың көмегімен ойын ойнап көрсету  арқылы баланың тілін ширату, сөздік қорларын дамыту.Оқушыларды ептілікке, әсемділікке, әдемілікке, әдептілікке,  шапшаңдылыққа, татулыққа, икемділікке, достыққа тәрбиелеу.Жалаушамен жүру ,жүгіру. жаттығуларын  жасауды  үйрену. Оқушыларды ойын мазмұнымен таныстырып, оны   үйрету.Түрлі   логопедиялық мәтіндерді пайдалана отырып  сергіту жаттығуларын   жасату.

Музыканы, әнді тыңдауды би билеуді біздің балалар, жастайынан сүйеді. Ол – баланың жан дүниесіне, көңіл күйіне, көркемдік сезімдеріне зор эмоциялық әсер етедіӘрбір әнде берілетін халқымыздың ән туралы сүйіспеншілігін, халқымыздың басынан өткен тарихи оқиғаларын, арман мен мақсатын, өмірге деген сүйіспеншілігін жастарға жеткізе білу әрбір педагогтың міндетіне айналуға тиісті. Этнопедагогиканың біздің балаларға ерекшелігі қазақтың әдет ғұрыптары мен салт дәстүрімізді еске салу мақсатында. Біздің балалар биді билеу кезінде денсаулықтарына ғана көңіл бөлуғана емес. Сонымен қатар қыздарымыз билегенде өздерінің нәзіктігін күлімсіреп нан жаяу, ұршық үйіру, текемет тігу, ою оюу тағы басқа қазақ қыздарына тән қылықтар ды да үйретіп жатамыз. Ал ұлдарымыз малдас құру, атқа шабу, қылышпен шайқасу , жекпе жеке шығу күштерін сынау, садақ ату.Біздің оқушыларға игі дәстүрлері: ізеттілік, қайырымдылық, мейірімділік, қонақжайлылық, имандылық, иманжүзділік- барлық мәдени үлгі өнегелі іс- әрекеттердің көрінісі- әдет деп аталады.Қазақ халқының осы игі дәстүрлерін айқындап, дәлелдей келе, халықты рухани тазалығы жағынан алып, қазақ халқын әдепті, яғни қайырымды, мейірімді халық деп атауға мүмкін болады.. Халықтық әдет- ұрпақ тәрбиесінің өзекті арқауы деп түсіндірсек артық етпейді. Біздің оқушыларымызға би ырғағымен жоғарыда айтып өткендей, париоттықа ұлдарымызды елін жерін қорғауға тәрбиелеу барысында. Қазақ халқымыздың салт дәстүрімізді әдет ғұрпымызды кәзіргі таңда әдет ғұрпымызды қыздарымыздың бойына сіңіре берсек, үйрете білсек, болашақта қыз бала ана болу мақсатында жақсы ана аяулы жар болуына үлкен ықпалын тигізері анық. «Ел боламын десең бесігіңді түзе » деген қазақ. Біздің балалардың бойына сіңіре берсек, сусындай берсек бесігіміз түзелері анық.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 ақпан
624
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі