400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Домбыра - халық мұрасы 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ҚМЖ 7 - сыныптарға арналған. Күнделікті сабаққа қолданылатын сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: №57 орта мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Кенжебекова Б.А

Сынып: 7 «Ә»

Сабақтың тақырыбы

Домбыра – халық мұрасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Т/A2 Әлеуметтік-қоғамдық, оқу–еңбек тақырыптарына байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас, жаңалық, ән, көркем әдеби шығармалардан үзінді) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдайды.

ӘТН5 Сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін (даралаушы және ерекшелеуші) дұрыс қолданады.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады: Диалог, монолог мәтіндерді тыңдайды, көтерілген мәселені түсінуге тырысады. Сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді интонацияға қарай дұрыс қояды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Диалог, монолог мәтіндерді тыңдайды, көтерілген мәселені түсінеді. Автор көзқарасына талдау жасауда қателеседі.Сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді интонацияға қарай дұрыс қояды, сөйлем ішінде тыныс белгілерді қоюда қателеседі.

Кейбір оқушылар орындай алады: Диалог, монолог мәтіндерді тыңдайды, көтерілген мәселені түсінеді. Автор көзқарасына талдау жасайды. Сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: Диалог, монолог мәтіндерді тыңдайды, көтерілген мәселені түсінеді. Автор көзқарасына талдау жасайды. Сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолданады.

Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер: домбыра, скрипка, күй, классика, бас, дерижер, аспаптар, опера, т.б.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Музыка, ән, әуен ұғымдарының айырмасы бар ма?

Қандай күйлерді ұнатасыңдар? Домбыра жайлы не білесіздер?

Қазіргі заманда өмірлеріңді музыкасыз елестете аласыңдар ма?

Бағалау критерийі

Т/A2

  • Мәтіндегі көтерілген мәселені талдайды.

  • Автор көзқарасын талдайды.

ӘТН5

  • Сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді дұрыс қолданады.

  • Сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді дұрыс қолданады.

Құндылықтарға баулу

Күйлерді тыңдатқызу, мағлұматтар беру арқылы өнердің биік шыңын ұғындыру

Пəнаралық байланыс

тарих, музыка

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Музыкалық аспаптар мен бағыттар туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар


Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгелдеу.

«Көңіл-күйді анықтау» ойсергегін өткізу

Топқа бөлу (Топ басшыларын анықтап алу)

Қиынды суреттер



Сабақтың ортасы

















Мәтінді тыңдайды.

1-тапсырма.

Домбыра – қазақтың халық аспабы. Домбыра – қазақ халқының әрбір үйінің төрінде тұратын аспап. Домбыраның екі түрі бар: батыстық және шығыстық. Бұл орындалу дәстүрінің екі түрлілігіне байланысты. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады. Домбыра ежелде қазақтың тарихын баяндаған музыкалық аспаптардың бірі. Домбыра құрылысы бірнеше бөліктен тұрады: басы, құлақтары, пернелер, мойын, шанақ, бетқақпақ, ілгек және ішектер. Сондай-ақ, оның көптеген қосымша бөлшектері бар (тиек, кемер ағаш, тұжым ағаш, бастырма, ойық, қалқа, түйме, өрнек, желкелік). Домбыра тиегі үш түрлі болады (шайтан тиек, негізгі тиек, табалдырық тиек).

Домбыра дыбыс өткізгіштігі жоғары қарағай, дыбыс жаңғырту қасиеті бар тұт, қатты жынысты үйеңкі, емен секілді киелі ағаштардан, негізінен, екі түрлі әдіспен – құралып немесе ойылып (шауып) жасалады. Құрама домбыралардың шанағы жұқа тілшелерден құралып жасалса, бітеу домбыра тұтас ағаштан ойылады.

Домбыра аспабы халықтық кәсіби өнердің туып-қалыптасуына, өркендеуіне негіз болған. Байжігіт, Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Сейтек, Қазанғап, Сүгір, Тоқа, т.б. даңқты күйшілердің төкпе, шертпе күй дәстүрлерінің тууы, дамуы осы Домбыра аспабымен тікелей байланысты. Олардың дәстүрін, мұрасын бүгінгі күнге жеткізген Дина Нұрпейісова, Ә. Хасенов, Науша Қашағанов, Махамбет Бөкейхановтар, Төлеген Момбеков, М. Хамзин, Қ. Жантілеуов, С. Балмағамбетов, Л. Мұхитов, т.б. сияқты домбырашылар болса, қазіргі майталман орындаушылар – Қаршыға Ахмедияров, У. Бекенов, Р. Ғабдиев, С. Шәкіратов, Б. Ысқақов, Бекболат Тілеуханов, Айгүл Үлкенбаева, А. Райымбергенов, т.б.

Домбыра – тек күй тартуға ғана емес, ән айтқанда сүйемел үшін де қолданылатын аспап. Біржан сал, Ақан сері,Жаяу Мұса, Мұхит, Мәди, Кенен Әзірбаев, Әміре Қашаубаев, М.Ержанов, Ж.Елебеков, Ғ.Құрманғалиев, Қ.Байбосынов т.б. белгілі әншілер домбыраның әнге әр беріп, әншіге демеу болатынын дәлелдеді.

1-топ. «Төрт сөйлем» арқылы мәтінді талқылайды.







2-топ. «Қос құты» арқылы күйлерді ажыратады.

3-топ. «Балық қаңқасы» әдісі арқылы күйлер мен авторларын анықтайды.

4-топ. «Суретпен жұмыс» арқылы шағын эссе жазу.

2-тапсырма. Видеожазба көрсету. Жұптық жұмыс. Музыка аспаптарының атауын түрлеріне қарай топтап жаз. Осындағы бір аспап жайлы шағын эссе жазу.

3-тапсырма. Жеке жұмыс.

«Ақпараттық ахаулық» әдісі бойынша тыныс белгілерін қойғызу.

Бетховеннің шығармаларының адам жүйкесін емдейтін ерекше қасиеті бар Әсіресе Ай сонатасы Себебі Бетховен Ай сонатасын жазу арқылы өзінің ішкі күйзелісін жеңген екен Сурет көзбен көретін өлең өлең құлақпен еститін сурет деген сөз бар ғой Ал Бетховеннің музыкасы жүрекпен еститін өлең жүрекпен көретін сурет Бетховеннің ұлты – Адамзат.



























Сабақтың соңы



«Көңілді қалпақ» әдісі арқылы сабақты қорытындылау.

«Арал» арқылы оқушылар рефлексия жасайды.





Жалпы бағалау

Ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1.

2.

Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың бұдан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1.








































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
2034
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі