400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Домбыра аспабын үйретудегі алғашқы қадамдар.

Материал туралы қысқаша түсінік
"Домбыра аспабын үйретудегі алғашқы қадамдар" атты ашық сабақ .
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Домбыра аспабын үйретудегі алғашқы қадамдар

Сабақтың мақсаты: Домбыра аспабын үйретудің алғашқы жолдарын меңгерту

Сабақтың міндеттері:

Білімділік:Домбыра аспабымен танысу.

Тәрбиелік: Қазақ халқының музыкалық аспабын құрметтеуге , бабалар мұрасын қастерлеуге тәрбиелеу

Дамытушылық: Қазақ халқының музыкалық аспабын меңгерту арқылы оқушылардың ойлау, тыңдау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың типі: жаңа ұғымды қалыптастыру

Оқыту әдісі: проблемалық оқыту, теория мен практиканың ұштастығы

Көрнекіліктер: қазақ халқының музыкалық аспабы салынған суреттер, слайд,видео жазбалар

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру: Оқушының көңіл-күйі, сабаққа дайындығы сұралады

Бүгінгі сабағымыз «Домбыра аспабын үйретудегі алғашқы қадамдар» деп аталады. Біз бүгінгі сабағымызды аңыз әңгімеден бастағалы тұрмыз.

Домбыра аспабының шығу тарихымен танысамыз Аңыз әңгіме Аңыздағы кейіпкерлердің суретін көрсету арқылы оқушыға әңгімелеп беру.

Аңыз әңгіме:

Домбыраның шығу тарихы.

Баяғы өткен заманда бір бай болыпты. Оның керемет сұлу қызы болыпты. Бай қызын өзі сияқты байдың ұлына атастырған екен. Бірақ қыз жалшы жігітті ұнатады. Мұны сезген бай жігітті дарға асып, қызын бай ұлына қосады. Көп ұзамай қыз егіз нәрестелі болады. Ашуланған бай егіз баланы жалмауыз кемпірге беріп, көзін құртады.

Жалмауыз кемпір екі баланы ен далаға апарып, бір терекке біреуін күнбатыс жаққа, екіншісін күншығыс жаққа зарлатып байлап кетеді. Әбден зарыққан қыз қос нәрестесін іздеуге шығады.

Күн жүріп, ай жүріп теректің түбіне жата кетеді. Ұйықтап кеткен екен, бір кезде құлағына шырылдаған нәрестенің даусы естіледі. Оянып кетсе, ештеңе жоқ, тек кәрі теректің басында салбыраған екі ішек. Теректің ойылған жеріне келіп, бір - бірімен түйісіп, дыбыс шығарып тұр екен. Қыз әлгі екі ішекті ала салып, теректің ойылған жеріне байлап, өз мұңын осылай тарқатса керек. Міне, осылай домбыра пайда болған.

-Ал енді, қалай ойлайсың, домбыраның шанағында неге тесік бар?

Ертеде ел билеген қатал Жошы хан өмір сүріпті. Оның бала дегенде жалғыз ұлы болыпты. Бір күні баласы аңға шығар алдында әкесі жаман түс көріп, баласын тоқтатқысы келеді. Баласы әке сөзіне мән бермей, нөкерлерін ертіп, ұзақ жолға шығады. Біршама уақыт өткен соң, жазық далада бір топ құланның жайылып

жүргенін көреді. Бала құланды қуып жүріп, алысқа ұзап кеткенін байқамай қалады. Хан баласының атқан оғы құланның аяғына тиеді.Құлан хан баласына қарсы шығып, оны теуіп өлтіреді. Арада біраз уақыт өтеді. Хан нөкерлері баланың қазасын әкесіне қалай естіртуді білмейді. Хан жүрегі сезгендей, «Кімде- кім баламды естірте келсе, сол кісінің көмейіне қорғасын құйдыртам» - дейді. Сол елде асқан күйші қазаны естіртетін болып, сарайға келіп, хан алдында күй тарта береді. Ханның көз алдына баласының қандай жағдайда қайтыс болғаны елестейді. Күйші барлығын күй тілінде жеткізген екен. Сонда хан: «Балам өлген екен ғой, мына кісінің көмейіне қорғасын балқытып құйыңдар»- деп жарлық береді.

  • Дат тақсыр! – дейді күйші. – Бәлкім жаманат хабарды жеткізген домбырам шығар.

Амалы таусылған хан баласының қазасын естірткен домбыраның шанағына қорғасын құйдырады.

Сергіту сәті: Жаттығулар

Біз сабағымызды әрі қарай шағын әндермен бастаймыз. Біз қткен сабақтарда орындап үйренген әндерімізді қайталап көрейік.

  1. Орыс халық әні «Как со горки»

  2. В. Калинников «Тень тень» әні.

Бүгінгі сабақта осы әнді күйсандықтың сүйемелдеуімен орындап береміз.

Бүгінгі сабағымызда үйренетін әніміз Б Ғизатов «Біз өмірдің гүліміз» әні. Өткен сабақтарда біз тек қана астыңғы ішектің бойындағы пернелерді басып қана шектелсек, енді үстіңгі нотаны пернедее басуды үйренеміз.

Ең бірінші шығарманың авторы кім екен? Иә, Бисенғали Ғизатов.

Бисенғали Ғизатов – Батыс Қазақстан облысының тумасы, музыкатанушы, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері.

Ән көңілді . 2/4 өлшемінде жазылған. Әннің нотасы бойынша талдау және ырғақтарын алақанмен соғып көрсету.Әннің аспапта орындалуы екі ішекте гі пернені басып, алма кезек қағыста орындалады.»Біз өмірдің - гүліміз»әніне аспапта орындап көрсету. Оқушыға үйрету.

Сабақты дамыту:

Ноталарды бес сызық бойына орналастыру.






Сабақты бекіту

Оқушы осы төрт бөлімдегі берілген сұрақтарға таңдау арқылы жауап береді.

  1. Аңыз ертегі.

  2. Ноталар.

  3. Музыка.

  4. Сыйлық .


Сабақты қорыту:

«Екі ішектің бірін қатты

Бірін сәл-- пәл кем бұра.

Нағыз қазақ, қазақ емес,

Нағыз қазақ домбыра»- деп қазақтың бабалардан қалған мұрасын көзіміздің қарашығындай сақтап,дәстүрімізді жалғастыра берейік.

Үйге тапсырма «Біз өмірдің гүліміз» әнін орындап келу.






























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
02.03.2024
304
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі