Материалдар / Домбыра аспабының тәрбие берудегі маңызы атындағы баяндама
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Домбыра аспабының тәрбие берудегі маңызы атындағы баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Домбыра аспабының тәрбие берудегі маңызы атындағы баяндаманы мұғалімдер ата-аналар жиналысына қосалқы көмек ретінде қолдана алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Ақпан 2020
368
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Домбыра аспабының тәрбие берудегі маңызы


Домбыра мұнша шешен болдың неге?

Күй толған көкірегің шежіре ме?

Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесің

Саусағым тиіп кетсе ішегіңе

(Қ.Аманжолов)


Құрметті ата-аналар, әңгіме арқауы музыка мектебіндегі домбыра аспабы бойынша оқушылармен қандай жетістікке жете аламыз немесе қалай да осы аспапқа деген қызығушылықты арттыра аламыз? Және сіздердің бұл үрдіске қандай үлес қоса аласыздар, сол жайында әңгіме өткізбекпіз. Әрине, сіздерге бала тәрбиесі жөнінде мүлде ақыл айтудан аулақпыз, дегенмен де осы мектепте оқып жүрген соң балалардан тәрбиесі және оқуға деген оның ішінде музыкаға көзқарасы, ынтасы біздерді, яғни мұғалімдерді де, бей-жай қалдырмасы анық. Өздеріңіз де байқап бақылап жүрген боларсыздар – Музыка өнері өте қиын. Ол үлкен шыдамдылықты, төзімділікті және еңбекқорлықты талап етеді.

Ал енді оның ішінде домбыра аспабына тоқтала кетсек, бұл аспап ата-бабамызбен жасасып «Аттың жалында, ата-ананың қомында» дүниеге келіп, енді біздің өмірімізбен біте қайнасып келе жатқан көне аспап. Байырғы кезде қазақ үйінің төрінде әрдайым домбыра ілулі тұратын немесе үй ішінің біреуі күй шертпейтін отбасы қазақ арасында кем де кем болған.

Домбыра – ертеден келе жатқан қазақ халқының музыкалық аспабы, қазақтың қасиетті дүниесі. Өскелең ұрпақтың жан-жақты білімді болуы, эстетикалық талғамының жоғары болуына, жалпы адамгершілік, имандылық қасиетінің дамуына бұл аспаптың тигізетін әсері мен рөлі өте зор. Оны тарта алмаса да, қадірлей білу керек. Себебі, баланың бойына халықтың рухани байлығын, дүниетанымен сіңіру домбырадан басталады.

«Домбыраны қастерлей білмеген қазақтың баласы туған халқының жанын білмейді. Ал халықтың жанын түсінбеу деген тамыры шабылған ағашпен тең. Ондай ағаш жапырақ сая да болмайды, жеміс те бермейді», - деген Бауыржан Момышұлы сөзінің мәні тереңде жатқанын ұғуға болады. Балалардың жалпы музыканы қабылдау ерекшелігі, өмірге деген көзқарасы, мінез-құлқы, білімі, жалпы мәдениеті, музыкалық қабілеті, ой-өрісі бірдей бола бермейді. Тәй-тәй басқан баланың жүрісін бірітіндеп түзеу, былдырап сөйлеген сөздерін қалыпқа келтіру, жаман әдеттерін сол кішкентай сәби кезінен қадағалау – ата-ананың парызы болса, ал шәкірттің дұрыс отыруын және оң қол, сол қол саусақтарының қойылуын, алғаш домбыра ұстаған сәттен бастап үнемі ескертіп отыру, қадағалау – домбырашы-ұстаздың парызы.

Келешекте домбыра үйренуге арналған жаттығулардың түрлерінің ішіндегі әр шәкірттің қабылдау мүмкіншілігіне қарай, дене бітіміне лайықтап, таңдап беру. Саусақтарының қойылымын, дұрыс, түзу, жарасымды отырысын, көрнекті құралдарды қолдану, айнаға қарап орындау арқылы байқалған кемшіліктерді жойып отыру.

Ерте кездегідей бұрынғыдай құлақпен естіп, көкірекпен қабылдау емес, нота арқылы жүргізілетінін білесіздер. Бізде музыка мектебінде домбыра сабағынан басқа сольфеджио, музыкалық-сахналық өнер, хореография, хор, оркестр, музыка әдебиеті, жалпы фортепиано, пәндері өтіледі. Олар өзара пәнаралық қатынаста бір-бірімен тығыз байланыста болады. Жалпы мектептегі сабақтардан бас тарта алмайсыздар ғой, сол себептен бұл пәндер мемлекеттік стандартқа сай белгіленетін пәндер болып есептелінеді. Мұғалім сабақтар әр оқушымен жеке өткізеді. Қабілетіне және талпынысына қарай жеке жоспар құрайды. Сыныпта жасалған жұмыстар өз үйде өз жалғасын табуы керек. Сондықтан сіздердің міндеттеріңіз баланың үй жұмысын орындау процессіне қатысып, күнделіктерін тексеріп отырғаныңыз жөн. Кейде сыныпта өткен тақырыбын жете меңгеріп, сахнаға шығарда абыржу салдарынан сәтсіздіктерге ұшырауы әбден мүмкін. Сол себептен, баланы көпшілік алдында өзін еркін ұстауына дағдылау үшін, үйдке әрбір мереке немесе айтулы даталапрда ойнатқызу керек.

Қазақ музыка өнеріне деген қызығушылықты арттыру мақсатында үйде жүргенде ұлттық дәстүрлі күй, терме, айтыс өнерінің үлгілерін таңдату аса маңызды. Қолына домбыра ұстап, ойнай білген бала келешекте өте мейірімді, тәрбиелі, жаны таза адал азамат болу, үлкендерге ілтипатты болып қалыптасуына септігін тигізеді.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!