"Домбыра жасау технологиясы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Домбыра жасау технологиясы"

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл материалды мұғалімдерге көмекші құрал ретінде ұсынып отырм
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы: 9 2 сағат


Тақырыбы: Домбыра жасау тхнологиясы

Мақсаты:

1.Білімділігі:Оқушыларға домбыра жасау технологиясының әдіс-тәсілі туралы жалпы мағұлмат беру.

2.Дамытушылығы:Оқушыларды музыкалық аспаб домбыра туралы ой-өрісін дамыту

3.Тәрбиелігі:Оқушыларды ұқыптылыққа,тазалыққа, үнемділікке тәрбиелеу.

Көрнекілік: Плакаттар

Құрал-жабдықтар: Құралдар жиынтығы

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Сабақ әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, сарамандық жұмыс.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

а)оқушыларды түгендеу

ә)сабаққа дайындығын тексеру

ІІ.Жаңа сабақ

Ғасырлар бойы қазақ халқының тұрмысында анағұрлым кең тараған саз аспап екі ішекті домбыра болып келеді. Егер домбыра бұрыңғы заманда ән, жыр, ертедегі аңыздарды сүйемелдеу үшін ғана қолданылса, енді домбыра жеке шығарма орындауға арналып, күрделі аспаптар қатарына қосылып отыр. Әртүрлі ерекшеліктеріне, сондай-ақ этнографтардың жазып қалдырғанына жүгінсек, домбыра тіпті сонау орта ғасырларда белгілі болған екен.

Балашық күй домбырасы – жас талапкерлерге арналған кішкентай домбыраның домалақ түрі. Оның жалпы ұзындығы – 640 мм. Оның шанақ бөлігінің өлшемі – 340 мм, ал мойнының ұзындығы – 420 мм. Алақанының ұзындығы -60 мм. Балашақ домбырасының құрылысы үлкен домбыраның құрылысымен бірдей. Ол пернелерінің атауларымен қоса алғанда 36 бөліктен тұрады. Салпы домбыралардың құрылысы бірдей. Ертеде домбыраны көбінесе шайыры аз қарағайдан жасаған. Тоғыз немесе он төрт пернелі қазақ домбырасы, әдетте, онша үлкен болмаған. Жалпы ұзындығы 1 м шамасында.

Домбыраның мойны шанағынан мөлшермен екі есеге жуық ұзын келеді де, тұтас ағаштан шабылады. Шанақтың ортасы қашаумен кеуленіп ойылып алынады, ал беті жұқа қарағай тақтаймен жабылып, ағаш шегемен бекітіледі. Ал қазіргі кезде әр бәр домбыраның белгілі өлшем бірліктері бар, оларға байланатын пернелердің атауы, өлшемдері анықталды. Қақпағына шпон ағашы да салынатын болды. Балашық күй домбырасы арнаулы қалып арқылы жасалады. Оның шанағы жеті бөліктен таңдаулы қатты ағаштар түрінен арнаулы пеште майыстырылып, құралады. Оғн көбінесе шамшат,жаңғақ ағаштары қолданылады. Бұл ағаштар өте құнды әрі сапалы жақсы майысады. Құрамы өте тығыз, қатты болғандықтан жаңғырықты жақсы шығарады, яғни қақпақтан шанаққа берілген дыбысты өз бойына қабылдамай кері қарай жаңғыртып, домбыра үнін үдете түсуге қабілеті мол. Ал домбыраның қақпағы кептірілген сапалы шырша ағашынан таңдалады.

ІII. Машықтық жұмыс

Оқушыларды машық барысында сувинерлік домбыра жасату, қадағалап жүру түсінбеген жерлері болса түсіндіру.

IV.Сабақты қорытындылау, бағалау

V.Жұмыс орнын жинау



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.11.2018
1032
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі