400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

ДОМБЫРА МАМАНДЫҚ БАҒДАРЛАМА

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыка мектеп мұғалімдері не
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы Шалқар ауданының саз мектебі» МКҚК

«Бекітемін» «Бекітуге ұсынамын»

Қазанғап Тілепбергенұлы директордың оқу жұмысы жөніндегі

атындағы саз мектебінің орынбасары: Г.Г.Үмбетова

директоры З.С. Абилова «__»__________2018ж

«__»__________2018ж







«Домбыра»

мамандық бағдарламасы

(оқу мерзімі-5жыл)


















Шалқар қаласы

2018-2019 оқу жылы







Аудандық эксперттік комиссияға ұсынылды



Хаттама № ________ «____»_______________2018жыл



Эксперттік комиссия төрайымы: Ә.О.Оспанова

Аудандық әдістемелік

құрылымдық бөлімше меңгерушісі























Түсінік хат

Музыка – адам сезімінің нәзік тілі, яғни адамдардың бір-бірімен эстетикалық тәрбие беруде адам өмірінде музыканың атқаратын рөлі аса зор. Сондықтан жастарымызды музыка мәдениетіне тәрбиелеу ісін жан-жақты ойластырып, олардың музыкалық талғамын әрдайым дамытып отыруға мейлінше көңіл бөлуіміз керек.

Қазақ ұлтының өнер саласындағы қасиеттеп, маңдайға басар мақтанышы – домбыра. Оның қос ішегінен күмбірлей төгілген құдіретті күй талайды тамсандырып, таңдай қақтырары шүбәсіз. Сондықтан біз оқушыларға домбырадан Құрманғазы мен Динаның қуатты күйлерін үйретіп қана қоймай, оның мазмұнына, шығу тарихына, айтайын деген ойына терең бойлап, түсініп ойнауға баулуға тиіспіз.

Әр ұлттың өзіндік жері мен суы, тілі мен мәдени ошағы, музыкасы мен поэзиясы, қолөнері мен тарихына сай мінез-құлқы да болады. Ал оны мақтан етіп зерделей түйіп оқыту, ұлттық сезімін ояту – сіз бен біздің міндетіміз. Өйткені, ата-бабалардың нақыл сөздерді, күйлері мен әндері, жыр мен толғау өсиеттері, айтыс, дастан сияқты толып жатқан өнер түрлері бізге домбыра аспабы арқылы жеткені мәлім.

Домбыра үні арқылы сөз ұйқастары құралып сан түрлі өлең жолдары ауыз әдебиетіне үлесін қосты. Ұйқасы шұбыртпалы, төкпе түрлеріне сай өлең жолдары неше түрлі сарындардың пайда болуына ықпалын тигізеді. Екі арна тоғысып, көптеген жанрларды дүниеге әкелді.

Домбыра аспабын оқушыларға үйрету керек, оны үйретудің әдіс-тәсіл жолдары мыналар: көрнекті құралдарды көп пайдаланып, аспаптардың түрлерін көрсету, сурет-бейнелер, күйтабақ, үнтаспалар арқылы, не болмаса мұғалім ауызша белгілі бір әуен негізінде оқушыларға өлең сөзінің ырғағымен орындату, т.т.

«Домбыра – қазақтың қасиетті дүниесі. Оны тарта алмасаң да, қадірлей біл. Себебі, баланың бойына халықтың рухани байлығын сіңіру домбырадан басталады. Домбыраның сырлы сазына ауызданбаған бала, уызына жарымаған көтерем қозыдай болады. Домбыраны қастерлей білмеген қазақтың баласы туған халқының жанын білмейді. Ал халықтың жанын түсінбеу деген тамыры шабылған ағашпен тең. Ондай ағаш жапырақ жайып сая да болмайды, жеміс те бермейді» – деген Бауыржан Момышұлы.

Жеткіншектерге музыкалық білім беру саласында ең негізгі буын – ол балалар музыка мектептері.

Белгілі бір аспапта мұғалімнің бақылауымен жүргізілетін сабақ жүйесі – оқу- тәрбие жұмысының негізгі көзі болып саналады.Оқушыларға музыкалық білім беруде және олардың өмірге көзқарастарын қалыптастыру ісінде жетекші пән мұғалімі ғана емес, бүкіл ұстаздар ұжымының да атқарар жұмысы айрықша.

Педагогтік тәжірибеде сабақ үлгерімі бірдей екі оқушы болмайды. Әр оқушының өзіндік ерекшелігі, мінезі, тәртіп-тағылымы, бейім қабілеті бар десек, айтылған ескертулер әр оқушыға әр түрлі әсер етеді. Кей оқушылар берілген тапсырманы жылдам орындаса, ал кейбіреулері сол тапсырманы орындап шығу үшін көп уақыт жұмсайды. Сондықтан да шәкіртті жүйелі түрде оқытып, үйрету үшін оның жас айырмашылықтарымен қатар өзіндік ерекшеліктерін де ескеріп отыру қажет.

Осы орайда «домбыра тенор» класына арналған бағдарламаның мақсаты жас өнерпазға домбыра тарту шеберліктерін дұрыс меңгеруге, оқушының өнерге деген ынта – ықыласын өсіріп, баланы кәсіби өнер жолына баулу болып табылады.

Оқу барысында оқушының домбыра тартуды меңгеруі табиғи логикалық жүйесімен баспалдақты түрде – алғашқы қағыстар , перне басу, әртүрлі дыбыс шығару әдіс тәсілдерін, жеңіл ән әуендерін үйренуден басталады. Одан әрі халық күйшілерінің күйлері, төкпе күйлер мен шертпе күйлерді меңгерумен жалғасады. Сондай-ақ фортепиананың сүйемелдеуімен домбырада пьеса орындаушылық өнері де кеңінен орын алған. Оқушының орындау шеберлігін арттыруға күй сипатты жаттығулар, әртүрлі штрихтарға арналған этюдтердің, гаммалар мен арпеджиолардың да әсері мол.

Оқушының бағдарламада қамтылған теориялық, практикалық оқулар бойынша жинақталған білім сапасы бақылау сабағында (гамма, арпеджио, бір этюд немесе күй) техникалық сынақта, академиялық концерттерде сарапталып, бағаланып отырады.

Балалар музыка мектебінде домбыра үйрету барысындағы педагогикалық жұмыстың басты мақсаты-оқушының қабілет дарын икемділігін қадағалай отырып, оның шығармашылық ой-қабілетін жан-жақты жетілдіріп, саналы көзқарасын қалыптастыру.

Бағдарлама мақсаты: Ұлттық музыка негізінде оқушының аспапта шебер орындау мәдениетін қалыптастыру және оған   рухани тәрбие беру. Оқушыны орындаушы музыкант ретінде қалыптастыру

Міндеттері:

  • күйдің қазақ болмысындағы орнын зерделеу;

  • күй тарихы, әйгілі орындаушылар туралы мағлұматтар беру;.

  • күйдің мән-мағынасын, түрлерін,  көңіл- күй әсерін ажырату арқылы тыңдаушы мәдениетін қалыптастыру;

  • оқушылардың күй құдіретін бойына сіңіру арқылы әлемдік музыканы қабылдау қабілеттерін қалыптастыру.

  • күйдің мағынасын түсіну арқылы үйрету шебер орындаушылық қабілетін қалыптастыру

  • Оқушыны әр дәуірдің, әр елдің, әр композитордың музыкалық шығармаларымен таныстыра отырып, музыканы дұрыс тыңдай білуге және түсіне білуге баулу.

Күтілетін нәтижелер:

  • күйдің мән-мағынасын ажырата білуі;

  • көркем шығармаларды түсіне білуге;

  • күй желісін бейнелі түрде елестете алуға;

  • өзіне лайықты күйлерді орындай алуға;

  • ұлттық-рухани   тәрбиені   бойына   жан-жақты сіңіре білуі қажет.

  • аспапта ойнаудың негізін меңгерген, музыкалық шығарманы өз бетінше үйреніп орындай алатын музыкант

Оқытушы бағдарламаны барлық сыныптарға баланың қабілетіне қарай таңдап беріп отырады. Бұл бағдарламада – дәстүрлі күй мектептеріне баса көңіл бөлінгендігі және балалардың музыкалық қабілеттерінің әр түрлі болып келетіндіктеріне байланысты әрбір сыныпқа үш деңгейде жасалынды.

І деңгей – орташа музыкалық қабілеті бар оқушыларға ( олар музыканы әуесқойлықпен ,өзі үшін үйренгісі келетіндер).

ІІ деңгей - жақсы музыкалық қабілеті бар оқушыларға (академиялық әуесқойлықпен өзі үшін үйренетіндерге) .

ІІІ деңгей - музыкалық қабілеті өте жақсы , дарынды оқушыларға және кәсіби музыкалық білімін жалғастыратындар үшін.

Тақырыптық оқу жоспары

Бір жылда балалар музыка мектебінде әр сыныпқа 68 сағаттан беріледі. Оқушыларға жан – жақты сапалы білім беру және деңгейі жоғары орынаушы дайындау үшін ұстаздар өз әдістемелерінің үлгісін үнемі жаңартып өзгертіп отырулары қажет. Сабақты оқушының жасына, музыкалық қабілетіне, ойлау, үйрену ерекшеліктеріне қарай ұйымдастырған жөн.

1-сынып


Тақырыптар атауы

Сағаттар саны

Теория

Практика


1 бөлім. Оқушыны аспаппен таныстыру.

1.1 тақырып. Оқушыны аспаппен, аспаптың шығу тарихымен, құрылысы, бөлшектері және бұрауларымен таныстыру. Оқушының оң қол, сол қолдарын аспапқа дұрыс қою.

11

1

10


1.2 тақырып. Нота әліппесі, ноталық сауат. Аспаптың бойындағы ноталарды игеру. Ең қарапайым жаттығулар. Дәстүрлі қағыстар (қара қағыстар ПППП, VVVV, ПVПV, ППVV, түйдек қағыстар ПVП VV және т.б)

11

1

10


1.3 тақырып. Орындауға жеңіл халық әндері мен халық күйлері. Оларды бірте – бірте сатылап үйретіп, күрделендіре беру.

10

1

9


ІІ бөлім. Төкпе күй дәстүрімен таныстыру.

1.1 тақырып.Төкпе және шертпе күйлердің орындалу ерекшеліктерімен таныстыру, жалпы шолу. Аспаптың композициялық буындарын меңгерту.

10

1

9


1.2 тақырып. Домбыраға арнайы жазылған өңделген Қазақстандық және шетел композиторларының шағын пьеса, әндері.

6

1

5


ІІІ бөлім. Дәстүрлі күй мектептерін жеке – жеке меңгеру.

1.1 тақырып. Қазанғап орындаушылық күй мектебі (жеңіл күйлерінен)

10

1

9


1.2 тақырып. Құрманғазы және Дәулеткерей орындаушылық күй мектебі (жеңіл күйлерінен)

10

1

9


Барлық сағат саны:

68 сағат

7

61



2-сынып


Тақырыптар атауы

Сағаттар саны

Теория

Практика


1 бөлім. Гаммалар және арпеджиолар. Этюдтер.

1.1 тақырып. Екі белгісі бар мажорлық гаммаларды әр түрлі штрихтармен, минорлық гаммалардың 3 түрін орындау.

8

1

7


1.2 тақырып. Домбырашының орындаушылық техникасын жетілдіру мақсатында этюдтер орындау.

9

1

8


ІІ бөлім. Төкпе күй дәстүрімен таныстыру.

1.1 тақырып.Дәулеткерей орындаушылық күй мектебі (жеңіл күйлерінен)

10

1

9


1.2 тақырып. Қазанғап орындаушылық күй мектебі (жеңіл күйлерінен)

10

1

9


ІІІ бөлім. Шертпе күй дәстүрімен таныстыру

1.1 тақырып. Тәттімбет орындаушылық күй мектебі (жеңіл күйлерінен)

11

1

10


1.2 тақырып. Арқа өңірінің күйлерін орындаушылық (жеңіл күйлерінен)

10

1

9


1.3 тақырып Қазақ , орыс композиторларының шағын пьеса әндерін орындау.

10

1

9


Барлық сағат саны:

68 сағат

7

61


3-сынып


Тақырыптар атауы

Сағаттар саны

Теория

Практика


1 бөлім. Гаммалар және арпеджиолар. Этюдтер.

1.1 тақырып. Үш белгісі бар мажорлық гаммаларды әр түрлі штрихтармен, минорлық гаммалардың 3 түрін орындау. Техника жетілдіру мақсатында этюдтер орындау.

8

1

7


1.2 тақырып. Пернелердің және оң қол қағыстарының дәстүрлі атауларын біле отырып күйлерді орындау.

9

1

8


ІІ бөлім.

1.1 тақырып. Аңыз күйлер.( күйлердің аңыздарын әңгімелей отырып орындау)

10

1

9


1.2 тақырып. Тартыс күйлер

10

1

9


ІІІ бөлім.

1.1 тақырып. Тәттімбет, Сүгір орындаушылық күй мектебі .

11

1

10


1.2 тақырып. Күй орындау тәсілдерін дамыту, күрделі қағыстар мен орындау әдіс амалдарын меңгеру.

10

1

9


1.3 тақырып Қазақ , орыс,шетел композиторларының шығармаларын орындау.

10

1

9


Барлық сағат саны:

68 сағат

7

61





4-сынып


Тақырыптар атауы

Сағаттар саны

Теория

Практика


1 бөлім. Гаммалар және арпеджиолар. Этюдтер.

1.1 тақырып. Төрт белгісі бар мажорлық гаммаларды әр түрлі штрихтармен, минорлық гаммалардың 3 түрін орындау. Техника жетілдіру мақсатында этюдтер орындау.

8

1

7


ІІ бөлім. Ұлы күйшілердің өнерінің жалғастығы.

1.1 тақырып. Дина күйлерін орындау. Динаның күй тарту өнеріне қосқан үлесі.

10

1

9


1.2 тақырып. Қазіргі заман композиторларының күйлері.

Конкурстық және концерттік бағдарламалар дайындау. Оқушыларын қабілеттеріне қарай қалалық, республикалық, халықаралық, фестивальдар мен конкурстарға қатыстыру.

10

1

9


1.3 тақырып. Махамбеттің күйлерін орындау.

11

1

10


ІІІ бөлім. Барлық өңірдің күйлерін жеткізушілер мен орындаушылар туралы мәліметтер.

1.1 тақырып. Батыс Қазақстан өңірі: Құрманғазы күйлерін жеткізушілер мен орындаушылар туралы мәліметтерді білу, күйлерін орындау.

10

1

9


1.2 тақырып. Қазанғап күйлерін жеткізушілер мен орындаушылар туралы жалпы мәліметті білу, күйлерін орындау.

9

1

8


1.3 тақырып Қазақ ,шетел композиторларының шығармаларын орындау.

10

1

9


Барлық сағат саны:

68 сағат

7

61



5-сынып


Тақырыптар атауы

Сағаттар саны

Теория

Практика


1.1 тақырып. Күйшілік мектептердің аймақтық құрылымдық және орындаушылық ерекшеліктерін ескере отырып орындау барысында ойнау шеберлігін, көркемдік мазмұнын аша түсу.

11

1

10


1.2 тақырып. Қазанғап күйшілік мектебінің орындалу ерекшеліктерін меңгеру.

10

1

9


1. 3 тақырып. Арқа өңірінің күйлерін жеткізушілер мен орындаушыларды білу, күйлерін орындау. Тәттімбет орындаушылық күй мектебі.

11

1

10


1.4 тақырып. Қаратау өңірінің күйлерін жеткізушілер мен орындаушыларды білу, күйлерін орындау.

9

1

8


1.5 тақырып Жетісу, Алтай Тарбағатай өңірінің күйлерін жеткізушілер мен орындаушыларды білу, күйлерін орындау.

10

1

9


1.6 тақырып. Шеберлік мүмкіндіктері қиын, көлемі жағынан және мазмұны жағынан күрделі шығармаларды орындау. Мемлекеттік емтиханға дайындық.

8

1

7


1.7 тақырып. Қорытынды емтихан. Әр тоқсан сайын бағдарламаны сахналарға шығарып тыңдап отыру.

9

1

8


Барлық сағат саны:

68 сағат

7

61



6-7-сыныптар


Тақырыптар атауы

Сағаттар саны

Теория

Практика


1.1 тақырып. Күй өнеріндегі дыбыс, тербеліс, интонация және сахна мәдениетін қалыптастыру.

12

2

10


1.2 тақырып. Барлық күй мектептерінің орындаушылық мәнерін қатаң сақтай отырып орындау.

17

2

15


1. 3 тақырып. Барлық орындаушылық күй мектептерінен қор жинау. Орындаушылық тәжірибе жинау.

17

2

15


1.4 тақырып. Барлық алған білімін қорытындылау. Мемлекеттік емтихан

22

2

20


Барлық сағат саны:

68 сағат

8

60



1- класс

Оқушылармен музыкалық аспаптар туралы әңгіме өткізу. Домбыраның тарихымен қысқаша танысу. Домбыраны дұрыс ұстап, дұрыс отыруы. Оң қол мен сол қолдың дұрыс орналасуы. Музыкалық сауат ашу сабақтары. Домбыраның бұрауы. Қағыстар. Домбыра пернелеріндегі ноталармен, олардың бес сызық бойында орналасу тәртібі. Динамикалық шартты белгілер. Оқушы жыл бойына 3-4 шағын әндер мен пьесалар, 2-3 күй, 1 белгісі бар гаммаларды ойнауы тиіс.

Жалпылама репертуар тізімі

Гаммалар, этюдтар, жаттығулар

Төремұратова Н.Т, Каринова Г.Ы, Мұқанова Ж.Қ«Этюд, гамма арқылы домбырашының орындаушылық техникасын жетілдіру»

До мажор – ля минор, соль мажор – ми минор гаммалары

А.Жайымов, С.Бүркітов, Б.Ысқақов «Домбыра үйрену мектебі»

8-9- жаттығулар

С.Хұсайынов

Этюд

А.Ержанов

Этюд

Т.Естаев

Этюд


Халық әндері, күйлер, шығармалар және күрделі форма

халық күйі

Келіншек

халық күйі

Кеңес

халық күйі

Тепең көк

халық күйі

Жастар биі

халық күйі

Телқоңыр

халық күйі

Айжан қыз

халық күйі

Боз жорға

Сейтек

Заман-ай

Қазанғап

Учитель

Түркеш

Қарабас

Ж.Еңсепов

Ұстазым

Калинников

Тень – тень

Орыс халық әні

Аннушка

Халық әні

Еркем-ай

С.Хачатурян

Қонжық полька билейді

Орыс халық әні

Веселые гуси


2- класс.

Қағыстардың түрлері одан әрі күрделене түседі. Тремоло. Пиццикато. Лига. Позиция туралы түсінік. Гаммалар мен арпеджиолар. Оқушы жыл бойына бір октавалық 2 мажор және 2 минор гаммалары мен арпеджиоларды ойнауы тиіс.Этюдтерді, 4,5 шағын халық әндері мен пьесаларды және 2-3 күйді толық үйренеді.

Жалпылама репертуар тізімі

Гаммалар, этюдтар, жаттығулар

Төремұратова Н.Т, Каринова Г.Ы, Мұқанова Ж.Қ«Этюд, гамма арқылы домбырашының орындаушылық техникасын жетілдіру»

Ре мажор –си минор гаммасы штрихтарымен, арпеджиосымен, 3 түрімен

Төремұратова Н.Т, Каринова Г.Ы, Мұқанова Ж.Қ«Этюд, гамма арқылы домбырашының орындаушылық техникасын жетілдіру»

Си бемоль мажор – соль минор гаммалары штрихтарымен, арпеджиосымен, 3 түрімен

И.Хабибулин

Этюд

Ю.Шишаков

Этюд

И.Беркович

Этюд

Ғ.Әдепқалиев

Этюд

С.Луканюк

Этюд

М.Қойшыбаев

Этюд

Халық әндері, күйлер, шығармалар және күрделі форма

Ж.Еңсепов

«Әке толғауы»

Дәулеткерей

«Қыз Ақжелең»

Ж.Еңсепов

«Шыныаяқ»

Дина

«Тойбастар»

Дәулеткерей

«Қосалақа»

Дәулеткерей

«Жеңгем сүйер»

Қазанғап

«Кіші қаратөс»

Қазанғап

«Өттің дүние»

Құрманғазы

«Балқаймақ»

Құрманғазы

«Кісен ашқан»

Құрманғазы

«Көбік шашқан»

Қазанғап

«Ақжелең»

Жаяу Мұса

Ақсиса

К.Вевер

«Аңшылар хоры»

М.Әубәкіров

«Сюита»

Мәди

«Үшқара»

Бетховен

«Контрданс»

Ыбырайдың әні

«Гәкку»

Халық әні

«Маусымжан»




3-класс.

Қағыс түрлері. Қос ішекті тремоло. Сол қол саусақтары арқылы бір қағыспен алынатын лигалар. Шертпе қағыстар. Ішектен ішекке ауысу әдістері. Форшлаг. Акцент. Динамикалық белгілер. Нотаны бірден оқып ойнау. Сол қолдағы дыбысты тербелту (вибрато).Үлкен сағаларды меңгеру. Қазанғап күйлерінің қағыс ерекшеліктерін меңгеру.Оқушы жыл бойына бір және екі октавалық 2 мажор мен 2 минор гаммаларымен арпеджиоларды, 3-4 этюдтерді, халық әндерімен, пьесаларды және 3-4 күйді үйренуі тиіс.

Жалпылама репертуар тізімі

Гаммалар, этюдтар, жаттығулар

Төремұратова Н.Т, Каринова Г.Ы, Мұқанова Ж.Қ«Этюд, гамма арқылы домбырашының орындаушылық техникасын жетілдіру»

Ля мажор –фа диез минор гаммасы штрихтарымен, арпеджиосымен, 3 түрімен

Төремұратова Н.Т, Каринова Г.Ы, Мұқанова Ж.Қ«Этюд, гамма арқылы домбырашының орындаушылық техникасын жетілдіру»

Ми бемоль мажор – до минор гаммалары штрихтарымен, арпеджиосымен, 3 түрімен

И.Хабибулин

Этюд

Ю.Шишаков

Этюд

И.Беркович

Этюд

Ғ.Әдепқалиев

Этюд

С.Луканюк

Этюд

М.Қойшыбаев

Этюд

Халық әндері, күйлер, шығармалар және күрделі форма

Қазанғап

Күй басы Ақжелең


Көкіл


Домалатпай


Бұраң бел Ақжелең

Құрманғазы

Алатау

Ә.Желдібаев

Ерке сылқым

М.Әубәкіров

Наркескен

К.Күмісбеков

Өмір жолы

Мөңке би күйлері


Есбай күйлері


Е.Рахманинов

Итальян полькасы

Орыс халық әні

Ах вы сени, мои сени

Украин халық әні

Казачок

Орыс халық әні

Коробейники


Как у наших у ворот


Полноте ребята

Ғ.Жұбанова

Жыр жазамын жүрегімнен


4-класс.

Қағыс түрлерін меңгеруді одан әрі жалғастыру. Сұқ саусақ пен бас бармақпен немесе керісінше алма –кезек орындалатын пиццикато. Мордент. Групетто. Глиссандо. Сол қол саусақтарындағы ілме әдісі. Теріс (квинта) бұрау. Үлкен сағаларды одан әрі меңгеру. Оқушы жыл бойына 1 және 2 октавалық 2 мажор және 2 минор гаммаларын 1-2 хроматикалық гаммаларды, 2 этюд пен халық әндерімен пьесаларды, күрделі формадағы көлемі шағын бір шығарма (немесе бөлімін) және 4-5 күйді орындауы тиіс.

Жалпылама репертуар тізімі

Гаммалар, этюдтар, жаттығулар

Төремұратова Н.Т, Каринова Г.Ы, Мұқанова Ж.Қ«Этюд, гамма арқылы домбырашының орындаушылық техникасын жетілдіру»

Ми мажор –до диез минор гаммасы штрихтарымен, арпеджиосымен, 3 түрімен

Төремұратова Н.Т, Каринова Г.Ы, Мұқанова Ж.Қ«Этюд, гамма арқылы домбырашының орындаушылық техникасын жетілдіру»

Ля бемоль мажор –фа минор гаммалары штрихтарымен, арпеджиосымен, 3 түрімен

Х.Тастанов

Этюд №1,9

Л.Хамиди

Этюд №7,8,9,10

Х.Тастанов

Этюд

Халық әндері, күйлер, шығармалар және күрделі форма

Қазанғап

Көкіл


Торы жорға аттың бөгелек қағуы


Орынбай Ақжелең


Кербез Ақжелең


Құс қайтару

Құрманғазы

Алатау


Қызыл қайың серпер


Ақсақ киік


Қайран шешем

С.Хұсайынов

Мереке

Дина

Әсем қоңыр


Байжұма

Дәулеткерей

Көроғлы


Қаражан ханым


Көркем ханым

Сүгір

Қосбасар

Тәттімбет

Қосбасар ІІ, ІV , V түрі

Сүгір

Ілме

Н.Тілендиев

Арман

Орыс халық әні

Яблочко

Затаевич

Қазақ маршы

Огинский

Полонез

Орыс халық әні

То не ветер ветку клонит

Доргамыжский

Сорочин жәрмеңкесі





5-класс

Қағыс түрлерін үйретуді жалғастыру. Оң қол мен сол қолды ұстау әдістері. «Дина» қағыс (бас бармақпен төмен, ал қалған саусақтармен іліп қағу), табиғи және жасанды фложеттер. Трель. Оқушы жыл бойына бір және екі октавалық 2-3 мажор және минор гаммаларын, арпеджиоларды, этюд, халық әндері мен күрделі формадағы шағын шығарма, 5-6 күйлерді үйренуі тиіс.


Жалпылама репертуар тізімі

Гаммалар, этюдтар, жаттығулар

Төремұратова Н.Т, Каринова Г.Ы, Мұқанова Ж.Қ«Этюд, гамма арқылы домбырашының орындаушылық техникасын жетілдіру»

Ре мажор –си минор гаммасы штрихтарымен, арпеджиосымен, 3 түрімен

Төремұратова Н.Т, Каринова Г.Ы, Мұқанова Ж.Қ«Этюд, гамма арқылы домбырашының орындаушылық техникасын жетілдіру»

Си бемоль мажор – соль минор гаммалары штрихтарымен, арпеджиосымен, 3 түрімен

И.Хабибулин

Этюд

Ю.Шишаков

Этюд

И.Беркович

Этюд

Ғ.Әдепқалиев

Этюд

С.Луканюк

Этюд

М.Қойшыбаев

Этюд

Халық әндері, күйлер, шығармалар және күрделі форма


Құрманғазы

Байжұма

Құрманғазы

Арба соққан

Құрманғызы

Терісқақпай

Құрманғазы

Төремұрат

Дина

Науай

Қазанғап

18 жасар Балжан қыз

Қазанғап

Жұртта қалған

Қазанғап

Жыр күйі

Қазанғап

Рұқсат берші Балжан қыз

Махамбет

Жұмыр қылыш

Махамбет

Өкініш

Жантөре

Шалқыма

Дайрабай

Дайрабай

Сүгір

Кертолғау

Сүгір

Қосбасар

Н.Тілендиев

Аққу

Т.Момбеков

Салтанат

Тәттімбет

Сарыжайлау

Сүгір

Шалқыма

Сүгір

Бесжорға

Ә.Хасенов

Қоңыр

Тәттімбет

Көкейкесті

Сүгір

Назқоңыр

Үсенов

Отырар туралы поэма

Брамс

Венгр биі ,5

Тастанов

Фантазия

Моцарт

Түрік маршы

Жайымов

Шалқыма

Орыс халық әні

Светят месяц

Үсенов

Түркі әлемі

Үсенов

Шәмші дастан

Үсенов

Майраның әні

Әубәкіров

Жас екпін

Орыс халық әні

Коробейники


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1.ЛХамиди; Б.Ғизатов «Домбыра үйрену мектебі»

2.А.Жайымов; С.Бүркітов «Домбыра үйрену мектебі»

3.Л.Хамиди «Балалар әндері»

4.Қ.Мұхитов «Домбыраға арналған пьесалар»

5.У.Бекенов «Күй табиғаты»

6.Т.Мерембаев «Домбыраға арналған педагогикалық репертуар»

7.Қ.Мерғалиев «Домбыра сазы»

8.Әділғазиев «Көңілді әуендер»

9.М.Әубәкіров «Домбыра мен қобызға арналған пьесалар»

10.А.Райымбергенов «Қазанғап Ақжелең»

11.Е.Басығараев; Е.Басығара «Қазанғаптың ізімен»

12.А.Тоқтаған; М.Әбуғазы «Құрманғазы»

13.А.Тоқтаған, М.Әбуғазы «Тәттімбет және Арқа күйлері»

14.Е.Үсенов «Домбыра мен фортепианоға арналған шығармалар»

15.Л.Хамиди; Б.Ғизатов «Домбыра үйрену мектебі»

16.А.Жайымов; С.Бүркітов «Домбыра үйрену мектебі»

17Л.Хамиди «Балалар әндері»

18Қ.Мұхитов «Домбыраға арналған пьесалар»

19У.Бекенов «Күй табиғаты»

20Т.Мерембаев «Домбыраға арналған педагогикалық репертуар»

21Қ.Мерғалиев «Домбыра сазы»

22Әділғазиев «Көңілді әуендер»

23.М.Әубәкіров «Домбыра мен қобызға арналған пьесалар»

24.А.Райымбергенов «Қазанғап Ақжелең»

25.Е.Басығараев; Е.Басығара «Қазанғаптың ізімен»

26.А.Тоқтаған; М.Әбуғазы «Құрманғазы»

27.А.Тоқтаған, М.Әбуғазы «Тәттімбет және Арқа күйлері»

28.Е.Үсенов «Домбыра мен фортепианоға арналған шығармалар»

29.А.Райымбергенов «Қазанғап Ақжелең»

30.Е.Басығараев; Е.Басығара «Қазанғаптың ізімен»

31.А.Тоқтаған; М.Әбуғазы «Құрманғазы»

32.А.Тоқтаған, М.Әбуғазы «Тәттімбет және Арқа күйлері»











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
11 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
2567
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі