жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Домбыра-қазақтың рухы Тұйық етістіктің түрленуі 7-сынып
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:5 Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы |
№ 18 орта мектеп лицейі |
||
Күні:10.12.18. |
Епекова Гүлсім Есімханқызы |
||
Сынып: 7в |
Қатысқаны: |
Қатыспағаны:0 |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Домбыра-қазақтың рухы Тұйық етістіктің түрленуі |
||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
7. Т/А5 проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау 7.О6 Оқылым стратегияларын қолдану:комментарий жасау, іріктеп оқу, зерттеп оқу.
|
||
|
|||
Сабақта меңгерілетін дағдылық мақсаттар |
Барлық оқушылар істей алады: Мәтіндермен жұмыс істей алады. |
||
Оқушылардың басым бөлігі:
|
|||
Кейбір оқушылар істей алады: тұйық етістіктің түрленуін түсініп қолданады. |
|||
Бағалау критерийі |
Мәтінді түсініп оқып, негізгі идеясын ашады; Тұйық етістіктің түрленуін түсініп қолданады, «топтастыру» әдісімен жазады; . |
||
Құндылықтарға баулу |
Қазақтың киелі аспабы домбыраны қадірлеуге тәрбиелеу. Домбыраның түрлерін меңгерте отырып, музыкаға сүйіспеншілігін ояту |
||
Пәнаралық байланыс |
Әдебиет, музыка |
||
Тақырып бойынша алдыңғы білім |
Тұйық етістік туралы түсінік. Ұлттық аспап. |
||
|
Сабақтың барысы |
|
|
Сабақтың жопарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
ресурстар |
|
Көңіл күй ахуалы
Сабақтың басы 2 минут 3 минут
Топқа бөлу
|
Оқушылардың сабаққа дайындығы. Психологиялық ахуал тудыру. Үй тапсырмасын» Қарлы кесек» әдісі бойынша сұрау . 1 сұрақ. Қазақта қаншадан астам музыка аспабы бар? 2 сұрақ . Күй дегеніміз не? 3 сұрақ. Тұйық етістік дегеніміз қандай етістік? 4 сұрақ. Тұйық етістікке мысал келтір? 5 сұрақ. Ежелгі күйдің атасы кім? Бағалау: смайлик арқылы -Балалар, қазір бейнетаспаны көрейік. -Бейнетаспадан не көрдіңіздер? Оқушылардың жауабынан кейін тақырыпты айтамын. Тақырып: Домбыра-қазақтың рухы. Тұйық етістіктің түрленуі
Сұрақ қою:
(домбыра, қобыз, сыбызғы,адырна, сазсырнай, сазген, жетіген ) Балалардың жауабынан кейін топқа бөлінеді. 1-топ – домбыра. 2-топ – қобыз. 3-топ – адырна
|
Слайд
Домбыраның суреті.
Үлестірме кеспе қағаздар ҚБ: смайликтер Оқулық
Стикер |
|
Сабақтың ортасы
|
Сабақтың ортасы.
125 бет.1-тапсырмадағы мәтінді оқиық.
ҚБ: смайликтер арқылы
№1 Топтық жұмыс
1-топқа: Мәтіннен тұйық етістікті тауып, бір-екі сұрақ құрастырыңдар 2-топқа: Мәтіннен тірек сөздерді тауып, мәтіннің идеясын ашыңдар 3-топқа: Домбыраның құрылыс бөліктерін атаңдар Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы топтар бір- бірін бағалайды.
Дескриптор: 1.Мәтінді түсініп оқиды, негізгі идеясын ашады, домбыраның құрылыс бөліктерін айтады. 2. Мәтіндегі тірек сөздерді табады 3. Мәтіннен тұйық етістікті тауып, сұрақтар құрастырады. ҚБ: мұғалімнің одағай сөздері Өте жақсы!Ойларың дұрыс! №2 Топтық жұмыс. Сергіту сәті (күй орындалып тұрады)
Грамматикалық
тақырып бойынша «Постер қорғау» 2-топқа Тұйық етістіктің тәуелдену үлгісі 3-топқа Тұйық етістіктің көптелу үлгісі Дескриптор:
Бағалау: домбырамен бағалау
№ 3 Жұптық жұмыс Жазбаша: оқулықтағы 3-тапсырманы орындау Мәтіндегі тұйық етістіктерді түрлендіріп жазыңдар
Домбырамен ән айтудың жолы бөлек. Қазақтың әндеріндегі «Домбыра екі ішекті қолға алайын», «Домбыра- ер жігіттің қолғанаты» деген сөздер текке айтылмауы тиіс. Яғни, әннің домбырамен орындалуы әннің төресі екендігін білдіреді. Домбыраның екі және үш ішекті түрі сал-серілерде кеңінен қоланыста болған. Арқа әншілерінде бұл аспап болмады деудің реті жоқ, әйткенмен екі ішекті домбыраның қолданылуы басым болды.
Дескриптор: Мәтіннен тұйық етістікті тауып, түрлендіріп жазады. ҚБ: смайликтер арқылы
|
«Екі жұлдыз, бір тілек» |
|
Сабақтың соңы.
Саралау |
Сабақтың соңы. 1. «Нағыз қазақ-қазақ емес, Нағыз қазақ ─ домбыра!» – деп, Қадыр Мырзалиев атамыз айтқан екен. Осыны қалай түсінесің? 2. Домбыра тарта аласың ба? 3..Қандай күйлерді білесің? 4. Домбырамен күй шерткенде, күйшінің саусақтарына жіп арқылы байланып, секіріп ойнайтын (құлан, киік,ешкі) ойыншықтары қалай аталады? 5. «Қоңыр үн» дегенді қалай түсінесің? ҚБ: мұғалімнің қолдау сөздері (Жарайсың! Тамаша!) Үйге тапсырма: 127- бет, 4-тапсырма
|
|
|
Рефлексия |
-Балалар, сабақты қорытындылайық.Бүгінгі сабақта үйренген, меңгерген мәліметтеріңді, білімдеріңді стикерге жазып,«Табыс баспалдағы» әдісі арқылы әр сатыға жабыстырыңдар.(әр топтан 1-2 оқушыға оқыту керек). |
|
|
Қосымша ақпарат |
|
|
|
Саралау – оқушыға мейілінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? |
Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
Оқушыға мейлінше қолдау көрсету сабақ кезеңіндегі қалыптастырушы бағалауда көрініс табады.Оқушының жауабын жақсы жағынан мадақтап, «жарайсың», «өте дұрыс» сөздерімен қолдау көрсету арқылы ішкі уәжін өсіремін.Қабілетті балаларға әртүрлі жанрдағы мәтіндердің ортақ идеясын тапқызып, әр түрлі әдістермен тапсырмаларды орындаттым.
|
Бағалау алдын ала дайындаған бағалау критерийлерін мен дескриптор арқылы бағаланады. «табыс баспалдағы» әдісін қолдандым.Тапсырма соңында барлық пікірлер оқылып,сабаққа қорытынды жасалады:
«Смайликтер» арқылы, Мұғалімнің одағай сөздері арқылыбағалайды. |
Сабақтың басында оқушыларды қауіпсіздік ережесімен таныстырып өтемін. |
|
|
|
Рефлексия Сабақтың мақсаты мен міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма? Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге? |
«Табыс баспалдағы» әдісі |
|
Қорытынды бағалау
|
|
|
Ең жақсы өткен екі нәрсе(оқыту мен оқуға қатысты)
|
||
Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)
|
||
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?
1.Саралауға жекеленген тапсырма.
2. |
||
|
||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген