Материалдар / Домбыра сыныбына арналған бағдарлама

Домбыра сыныбына арналған бағдарлама

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жоспары домбыра сыныбынан алғаш үйірме жұмыстарын бастаған жас мамандарға арналған бағдарлама. Әр жас маман алғаш жұмыс бастағанда көптеген қиындықтармен кездеседі. Сондай жағдайларда осы оқу бағдарламасына қарап жұмыс жасаса, әр балаға сай репертуар таңдай алады.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады





















Домбыра

СЫНЫБЫНЫҢ ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ









Пән мұғалімі: Имекеев А.К











Түсінік хат.

Осы бағдарлама оқушыларды әсемдік әлемінің таңғажайып сырын түсініп, көркемділік атаулыны шынайы сезінуге, одан рухани ләззат алуға, өмір жайлы ой толғауға, ізгілікті мұрат-мақсаттарға жетуге баулиды.

Музыкадан арнаулы мамандық класы бойынша оқу-тәрбие жұмысынын басты мақсаттары мен міндеттері:

Балалар музыка мектебінің міндеті - өзінің оқушыларына музыкалық білім беріп, олардың эстетиқалық талғамын тәрбиелеу, көп ұлтгы және дүние жүзі музыка мәдениетімен таныстырып, болашақ профессиионалдык өнер жолына баулу.

Бұл міндеттерді, ата-аналар мен музыкалық-теориялық пәндер мұгалімдердің бірлескен күш-жігерінің нәтижесінде ғана ойдағыдай жүзге асыруға болады.

Сондықтан музыка мектептерінің домбыра класына домбыра тартуды суйетін, табиғи дарынды есту, жаттап алу, ырғақтық сезімі жақсы дамыған 7-9 жастагы балалар қабылданады. Олардың музыкаға бейімділігі, профессионалдык қабілет-дарыны оқу барысында үнемі қадағаланып, тексеріліп отырады. Мұғалімнің міндеті оқушының қабілет, икемділігін уздіксіз дамыта отырып, оны жан-жақты жетілген, ой-өрісі кең, жетік маман, өнерге күштар азамат етіп тәрбиелеу болып табылады.

Тәрбиелеуші міндет:

Оқушылардың өнерге қызығушылығын арттыру, және осы өнер- музыка арқылы Отанына, халкына сүйіспсншілік қасиетгерді дарытып, рухани эстетикалық, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырып, көркемдік сезімталдығын, талғам өрісін арттыру.

Дамытушы міндет:

Оқу бағдарламасында оқушыны өз алдына кезең-кезеңімен және жан-жакты дамыту, яғни музыкалық көркемдік және домбырада ойнау шеберлігін меңгеру.







Күтілетін нәтиже

Оқушылардың музыкаға деген ынта- жігерін, белсенділігін күшейту, алған білімдерін тиянақтап отыру.

Ойнайтын шығарманың тарихи- мазмұндық, сыр- сипатын өз қалпында түсініп, мазмұнды жеткізе білу.

Оқушының жеке жоспары

Мұғалімнің негізгі міндетінің бірі - әрбір оқушынын жеке оқу жоспарын жасау.

Ол баланың қабілет ерекшеліктеріне сәйкес күйлер мен пьесаларды дұрыс таңдап алуга негізделеді.

Домбыра ойнаудың осы күні екі орындаушылык дәстүрі бар: бірі-күй орындау дәстүрі, екіншісі- фортепианоның сүйемелдеуімен ойналатын көркем шығармаларды орындау дәстүрі.

Окушылардың орындау шеберліктерін арттыруға күй сипатты жаттығулардың, әр түрлі кағыстарға, штрихтарға арналған этюдтердің, гаммалар мен арпеджиолардың әсері мол.

Мұгалім оқушы назарын орындалатын шығармалардың көркемдік мазмұнын жете аңғарып, соны ашып көрсету керектілігіне аударып отыруы тиіс. Әр-бір баланың жеке-дарындылык ерекшеліктерін ескере отырып, іске творчестволык тұрғыдан карауы керек.

Бірінші сынып

Оқушымен музыкалық аспаптар туралы түсінік сабағын өткізу. Домбыраның тарихымен тнысу. Домбыраның құрылысын жаттау. Аспапты дұрыс ұстау, отыру ідңсңне дағдылану. Оң қолмен сол қолдардың қойылымдарымен жұмыс жасау. Төмен және жоғары қағыстарды, дыбыс шығару әдісін үйрену. Ноталарды жаттау. Оң қолмен сол қолды бірге ойнау. Бас буынмен ортанғы буындрды меңгеру (1-4 позициялар).

Оқушы жыл бойына 6-7 күй, 3-4 этюд, 7-8 халық әндерін үйренуі керек. Және жаттығуларды үйренуі керек.Академиялық концерт II тоқсанның аяғында тыңдалынады. Оқушылар 1 күй орындаулары керек.Сыныптан- сыныпқа көшіру академиялық концерті мамыр айында өтеді.





Күйлердің үлгісі

Автор

Шығарманың атауы

Халық күйі

«Жастар биі»

Халық күйі

«Кеңес»

Халық күйі

«Келіншек»

Халық күйі

«Көк дөнен»

Халық күйі

«Кербез қыз»

Халық күйі

«Мұңды қыз»

Халық күйі

«Айжан қыз»

М.Аубакиров

«Өрнек»

Халық күйі

«Көкейкесті»

Халық күйі

«Ақсақ қаз»



Жаттығулардың үлгісі

Автор

Шығарманың атауы

1.

Қ.Мерембаев

«Домбыраға арналған педагогикалық репертуар 1-5 сынып» Алматы 1987ж

2.

Қ.Абдукеев

«Хрестоматия» Алматы «Әуен» 2003ж

3.

К.Сахарбаева

«Домбыра уйрену әдістері» Алматы 2009

4.

А.Жайымов

«Домбыра үйрену мектебі» Алматы «Әуен» 2003 ж



Емтихан талаптары:

Жылдық жоспарды желтоқсан айында өтетін академиялық концертте: 1 күй орындалады. Сыныптан-сыныпқа көшетін емтиханда 2 күй орындалады.

Екінші сынып

Жылдық жоспар

Қағыстың түрлері: пиццикато, лига. Позицияларды меңгеру, қағыстардң түрлерін игеру. Гаммалар мен арпеджиоларды меігеру.

Оқу жыл бойына бір октавалық 2-3 мажорлық, 2-3 минорлық гаммалар мен этюд және арпеджиоларды ойнауы тиіс. 5-6 күй, 3-4 жаттығулар, этюдтерді үйренеді.

Екінші сыныпта екі академиялық концерт, екі техникалық сынақ болады.

Оқушы бірінші жарты жылдық соңында болатын академиялық концертте 2 төкпе күй ойнауы тиіс.

Екінші жарты жылдық соңында 2 төкпе күй ойнауы тиіс.

Этюдтер мен жаттығулардың үлгісі

Автор

Шығарманың атауы

1.

А.Жайымов

«Домбыра үйрену мектебі» жаттығулар Алматы «Әуен» 2003 ж

2.

Қ.Абдукеев

«Этюд»

3.

К.Черни

«Этюд»

4.

К.Черни

«Этюд»

5.

Г.Беренс

«Этюд»

6.

Г.Тышкевич

«Этюд»

7.

А.Шишаков

«Этюд»

8.

И.Беркович

«Этюд»



Күйлердің үлгісі

Автор

Шығарманың атауы

1.

Халық күйі

«Тепең көк»

2.

Даулеткерей

«Қос алқа»

3.

Даулеткерей

«Қыз Ақжелең»

4.

Сейтек

«Заманай»

5.

Халық күйі

«Айда ,Былпым»

6.

Құрманғазы

«Қапы»

7.

Құрманғазы

«Көбік шашқан»

8.

Халық күйі

«Ақжелең»

9.

Сейтек

«Той бастар»

10.

Дина

«Той бастар»

11.

Қазанғап

«Учитель»

12.

Арынғазы

«Арынғазы»



Қолданылған оқу- құралы:

  1. Қ.Мерембаев «Домбыраға арналған педагогикалық репертуар 1-5 сынып» Алматы, 1987ж

  2. Қ.Абдукеев «Хрестоматия» Алматы «Әуен», 2003ж

  3. К.Сахарбаева «Домбыра уйрену әдістері» Алматы ,2009

  4. А.Жайымов «Домбыра үйрену мектебі» Алматы «Әуен», 2003 ж

  5. А.Тоқтаған, Т.Бәділов «Домбыраға арналған гаммалар мен арпеджиолар» Алматы «Өнер»,1990ж

Емтихан талаптары:

Техникалық сынақ:

Бірінші тоқсандық техникалық сынақ талабы бойынша оқушы 1 этюд, 2 мажорлық гамма (әр-түрлі штрихтармен), коллоквиум тапсырады.

Үшінші тоқсандық техникалық сынақ талабы бойынша оқушы 2 минорлық гамма (табиғи, мелодиялық, гармониялық), коллоквиум және нотаны бірден оқуды тапсырады.

Академиялық концерт:

Бірінші жарты жылдық соңында 2 төкпе күй, екінші жарты жылдық соңында 2 төкпе күй (оқушының қабілетіне қарай 1 төкпе, 1 шертпе күй) орындайды.

Үшінші сынып

Бір ішекті тремолло, шертпе қағыс, форшлаг, лига ойнау әдістеріне машықтану.

Шертпе қағыстар, ішектен-ішекке ауысу әдістерін үйрену. Динамикалық белгілерді ойын барысында пайдалану, 3-4 гаммамен арпеджиолар, 5-6 күйлері, 4-5 этюдтер меңгереді.

Бірінші тоқсандық техникалық сынақ талабы бойынша 2 мажорлық гамма, 1 этюд және коллоквиум тапсырылады. Үшінші тоқсандық техникалық сынақ талабы бойынша 2 минорлық гамма (табиғи, гармониялық, мелодиялық), коллоквиум, натоны бірден оқу.

Академиялық сынақ талабы бойынша 1төкпе, 1 шертпе күй орындау керек.

Этюдтер мен жатты,у үлгісі

Автор

Шығарманың атауы

А.Жайымов

«Домбыра үйрену мектебі» жаттығулар

Қ.Мерембаев

«Домбыраға арналған педагогикалық репертуар 1-5 сынып»

С.Луканюк

«Этюд»

Ю.Шишаков

«Этюд»

К.Черни

«Этюд»

Г.Беренс

«Этюд»

А.Улкенбаева

«Этюд»

А.Жайымов

«Этюд»

Е.Естаев

«Этюд»

Г.Вольфарт

«Этюд»



Төкпе күйлердің үлгісі

Автор

Шығарманың атауы

Құрманғазы

«Боз шолақ»

Құрманғазы

«Балбырауын»

Құрманғазы

«Перовский марш»

Құрманғазы

«Қапы»

Құрманғазы

«Машина»

Құрманғазы

«Не кричи, не шуми »

Ә.Желдібаев

«Ерке сылқым»

Даулеткерей

«Құдаша»

Даулеткерей

«Жеңгем сүйер»

Әренжан

«Шалқыма»

Х.Тастанов

«Би»

А.Құсаинов

«Мереке»

К.Күмісбеков

«Өмір жолы»

Исламбек

«Күршілер биі»

Дина

«Әсем қоңыр»

Дайрабай

«Дайрабай»



Шертпе күйлер үлгісі

Автор

Шығарманың атауы

Тәттімбет

«Қош жанаған»

Тәттімбет

«Қосбасар №2»

Тәттімбет

«Құлақ күйі»

Тәттімбет

«Азамат қожа»

К.Күмісбеков

«Арман»

Аққыз

«Қосбасар»

Қыздарбек

«Сылқым қыз»

Әбді

«Қосбасар»

Тоқа

«Жайлау»

Қолданған оқу- құралы:

  1. Қ.Мерембаев «Домбыраға арналған педагогикалық репертуар 1-5 сынып» Алматы 1987ж

  2. Қ.Абдукеев «Хрестоматия» Алматы «Әуен» 2003ж

  3. К.Сахарбаева «Домбыра уйрену әдістері» Алматы, 2009ж

  4. А.Жайымов «Домбыра үйрену мектебі» Алматы «Әуен», 2003 ж

  5. А.Тоқтаған, Т.Бәділов «Домбыраға арналған гаммалар мен арпеджиолар» Алматы «Өнер» ,1990ж

  6. Б.Ысқақов «Сарыарқа саздары» Алматы ,2007ж

  7. М.Айтқалиев «Домбыраға арналған хрестоматия» Алматы ,1980ж



Төртінші сынып

Жылдық жоспар

Қағыс түрлерін меңгеруді одан әрі жалғастыру. Сұқ саусақ және бас бармақпен алма-кезек орындалатын пицикатто. Мордент. Группето. Глиссандо. Хроматикалық гамма. Сол қол саусақтарындағы ілме әдісі. Теріс бұрау. Үлкен сағаларды одан әрі меңгеру.

Оқушы жыл бойына 1 және 2 октавалық гаммалар мен арпеджиоларды 4-5, 8-10 этюдтерді, 1-2 шығарманы және 4-5 күйді орындау тиіс. Бесініш сыныпқа өтердегі академиялық концертте 1 төкпе және 1 шертпе күйді, 1 күрделі формадағы көлемі шағын шығарманы ойнауы тиіс.

Техникалық сынақтың жылдық міндеттері:

Оқушы жыл бойына 1 және 2 октавалық гаммалар мен арпеджиолардың 4-5, 4-5 этюдтерді ойнауы тиіс.

Этюдтер мен жаттығулардың үлгісі:

Авторы

Шығарманың атауы

1.

Қ. Мерембаев

«Домбыраға арналған педагогикалық репертуар 1-5 сынып» Алматы 1987 ж

2.

Л. Хамиди, Б. Ғизатов

«Домбыра үйрену мектебі» Алматы 1983 ж. Этюдтер, жаттығулар

3.

К.Черни

«Этюд»

4.

А. Жайымов

«Этюд»

5.

Ю.Шишаков

«Этюд»

6.

Т. Естаев

«Этюд»

7.

Г. Беренс

«Этюд»



Оқушының сүйемелдеушімен ойнайтын шығармалардың үлгісі:

Авторы

Шығарманың атауы

1.

М. Огинский

«Полонез»

2.

Шуберт

«Кешкі серенада»

3.

П. Чайковский

«Танец цветов»

4.

Брамс

«Венгерский танец

5.

Брамс

«Венгерский танец

6.

П. Чайковский

«Марш из щелкунчика»

7.

Орыстың халық әні

«Коробейники»

8.

Е. Үсенов

«Түркі әлемі»

9.

П. Чайковский

«Аққу балапандарының биі»

10.

Ж. Массне

«Элегия»

11.

Э. Фибих

«Поэма»

12.

И. Брамс

«Венгерский танец

13.

Л.Делиб

«Пиццикато»

14.

Н. Тілендиев

«Парыз»

15.

С. Рахманинов

«Полька»

16.

Е. Нұрымбетов

«Балдырған»

17.

Е. Брусиловский

«Шашу» биі



Төкпе күйлердің үлгісі

Авторы

Шығарманың атауы

1.

Дәулеткерей

«Түркмен күйі»

2.

Дәулеткерей

«Көркем ханым»

3.

Дәулеткерей

«Қаражан ханым»

4.

Құрманғазы

«Алатау»

5.

Құрманғазы

«Ақсақ киік»

6.

Құрманғазы

«Қызыл қайын серпер»

7.

Құрманғазы

«Бұлбұл»

8.

Құрманғазы

«Балқаймақ»

9.

Қазан,ғап

«Кербез Ақжелең»

10.

Қазанғап

«Үлкен қаратөс»

11.

Қазанғап

«Домалатпай Ақжелең»

12.

Н. Тілендиев

«Жекпе жек»

13.

Боранқұл

«Кең жайлау»

14.

Сүгір

«Ыңғай төк»

15.

Халық күйі

«Ақсақ құлан- жошы хан»

16.

Шал Мырза

«Жемнің ағыс күйі»

17.

Жалдыбай

«Қара жорға»

18.

Н. Тілендиев

«Әлқисса»

19.

Алтынай

«Ақжелең»

20.

Қазанғап

«Боз жорғаның бөгелек қағуы»

Шертпе күйлердің үлгісі

Авторы

Шығарманың атауы

1.

Тәттімбет

«Сылқылдақ»

2.

Тәттімбет

«Молқара»

3.

Тәттімбет

«Былқылдақ»

4.

Тәттімбет

«Қосбасар III»

5.

Тәттімбет

« Қош жанаған»

6.

Тәттімбет

« Бозайғыр»

7.

Қ. Ахмедияров

«Ақ қайың»

8.

Тоқа

«Жалғыз ішек»

9.

Т. Момбеков

«Жайдары»

10.

М. Хамзин

«Қосбасар»



Қолданылған оқу құралдары:

  1. Қ. Мерембаев «Домбыраға арналған педагогикалық репертуар 1-5 сынып» Алматы 1987 ж

  2. Қ. Абдукеев «Хрестоматия» Алматы «Әуен» 2003ж.

  3. К. Сахарбаева «Домбыра үйрену әдістері» Алматы 2009ж.

  4. А.Жайымов «Домбыра үйрену мектебі»

  5. А.Тоқтағанов, Т. Бәділов «Домбыраға арналған гаммалар мен арпеджиолар» Алматы «Өнер» 1990ж.

  6. Б.Ысқақов «Сарыарқа саздары» Алматы 2007ж

  7. М. Айтқалиев « Домбыраға арналған хрестоматия» «Өнер», Алматы 1980ж.

  8. А.Тоөтағанов, М.Абуғазы «Құрманғазы кйлері» Алматы «Білім» 2005ж.

  9. Г.Абишева, А.Сағымбаев «Домбыраға арналған шығармалар» Қарағанды 2017ж.



Емтихан талаптары:

Бесінші сыныпқа көшкенде оқушы жыл бойына:

5-6 этюд, 4-5 мажор, минор гаммалары мен арпеджиолары; пиццикато; жалғыз ішекті тремалло; екі ішекті тремалло



Техникалық сынақ:

  1. Гамма ми бемоль мажор, до минор (нат. гарм. мелод.) трезвучие, арпеджио, қос ішекті тремалло.

  2. Этюд



Академиялық концерт:

  1. Қазақ, орыс, шетел халқының шағармасы

  2. Шертпе күй

  3. Төкпе күй



















Бесінші сынып

Жылдық жоспар

Қағыс түрлерін меңгеруді жалғастыру. Сұқ саусақ және бас бармақпен алма-кезек орындалатын пицикатто. Лига. Форшлаг. Флажелет. Вибрация. Триоль.

Оқушы жыл бойына 3-4 отавалық гаммалар мен арпеджиоларды 4-5, 8-10 этюдтерді, 1-2 шығарманы және 4-5 күйді орындау тиіс.

Мектеп бітірушілерге қойылатын талап:

1 күрделі формадағы қазақ, орыс немесе шетел композиторларының шығармасын орындауы тиіс.

2 төкпе күй

1 шертпе күй



Этюдтер мен жаттығулардың үлгісі:

Авторы

Шығарманың атауы

1.

Қ. Мерембаев

«Домбыраға арналған педагогикалық репертуар 1-5 сынып» Алматы 1987 ж

2.

Л. Хамиди, Б. Ғизатов

«Домбыра үйрену мектебі» Алматы 1983 ж. Этюдтер, жаттығулар

3.

А. Жайымов

«Этюд»

4.

Т. Мерғалиев

«Этюд»

5.

О. Дүйсенов

«Этюд»

6.

Б. Ысқақов

«Этюд»

7.

Б. Тастанов

«Этюд»

8.

К. Чернни

«Этюд»

9.

Г.Беренс

«Этюд»



Оқушының сүйемелдеушімен ойнайтын шығармалардың үлгісі:

Авторы

Шығарманың атауы

1.

Е. Үсенов

«Майра»

2.

Е. Үсенов

«Маусымжан»

3.

Е. Үсенов

«Шәмші дастан»

4.

А. Жайымов

«Шалқыма»

5.

Моцарт

«Түркі маршы»

6.

С.Шабельский –Л.Шаргородский

«Тойбастар»

7.

В.Городовская домб. түсірген Қ. Мерембаев

«Калинка»

8.

С. Бүркітов

«Отырар туралы поэма»

9.

Доброхотов

«Фантазия»

10.

В. Калинкин

«Фантазия»

11.

А. Затаевич

«Қазақ маршы»

12.

Г.Денику

«Мартовский хоровод»

13.

Қ. Ахмедияров

«Арпалыс»

14.

Орыс.халық әні өнд. Қ.Сахарбаева

«Как под яблонькой»

15.

Қ.Қожамияров

«Би» опера «Нагузум»

16.

Г.Камалдинов

«Белорусская»

17.

Қ.Тасбергенов

«Нартай сазы»

18.

А.Титов

«Плясовая» орыс әуенге вариация



Төкпе күйлердің үлгісі

Авторы

Шығарманың атауы

1.

Құрманғазы

«Аман бол,шешем, анам бол»

2.

Құрманғазы

«Адай»

3.

Құрманғазы

«Қызыл қайың»

4.

Құрманғазы

«Байжұма»

5.

Құрманғазы

«Қуаныш»

6.

Құрманғазы

«Серпер»

7.

Құрманғазы

«Кішкентай»

8.

Құрманғазы

«Терісқақпай»

9.

Құрманғазы

«Сарыарқа»

10.

Құрманғазы

«Төремұрат»

11.

Н. Тілендиев

«Аққу»

12.

М.Аубакиров

«Талас»

13.

Махамбет

«Жұмыр қылыш»

14.

Махамбет

«Қайран Нарын»

15.

Махамбет

«Өкініш»

16.

Құлшар

«Кербез Керік»

17.

Сейтек

«Сексен ер»

18.

Өскенбай

«Бұлбұл Ақжелең»

19.

Өскенбай

«Жеңіс»

20.

Абыл

«Нарату»

21.

Абыл

«Абыл»

22.

Қазанғап

«18 жасар Балжан қыз»

23.

Дина

«Науаи»

24.

Дина

«Домалатпай»

25.

Дина

«Қазақстанға 30 жыл»



Шертпе күйлердің үлгісі

Авторы

Шығарманың атауы

1.

Тәттімбет

«Қосбасар V»

2.

Тәттімбет

«Cекіртпе»

3.

Тәттімбет

«Сарыжайлау»

4.

Тәттімбет

«Көкейкесті»

5.

Тәттімбет

«Бес төре»

6.

Сүгір

«Қаратау шертпесі»

7.

Сүгір

«Шалқыма»

8.

Сүгір

«Телқоңыр»

9.

Тоқа

«Жайлау»

10.

Тоқа

«Сән қосбасар»

11.

Т.Момбеков

«Анама»

12.

Т.Момбеков

«Салтанат»

13.

С.Тұрысбек

«Көңіл толқыны»





Қолданылған оқу құралдары:

  1. Қ. Мерембаев «Домбыраға арналған педагогикалық репертуар 1-5 сынып» Алматы 1987 ж

  2. Қ. Абдукеев «Хрестоматия» Алматы «Әуен» 2003ж.

  3. К. Сахарбаева «Домбыра үйрену әдістері» Алматы 2009ж.

  4. А.Жайымов «Домбыра үйрену мектебі»

  5. А.Тоқтағанов, Т. Бәділов «Домбыраға арналған гаммалар мен арпеджиолар» Алматы «Өнер» 1990ж.

  6. Б.Ысқақов «Сарыарқа саздары» Алматы 2007ж

  7. М. Айтқалиев « Домбыраға арналған хрестоматия» «Өнер», Алматы 1980ж.

  8. А.Тоқтағанов,Г.Ұлтарханова «Сүгір Қаратау шертпесі»

  9. Г.Абишева, А.Сағымбаев «Домбыраға арналған шығармалар» Қарағанды 2017ж.



Мемлекеттік емтихан бағдарламасының үлгісі:

  1. Усенов «Майра»

  2. Тәттімбет «Қосбасар №5»

  3. Н. Тілендиев «Жекпе жек»

  4. Махамбет «Жұмып қылыш»

ЖИ арқылы жасау
04 Наурыз 2025
205
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі