Таным сағаты: "Домбырам – асыл қазынам"
Мақсаты:
Оқушыларға домбыраның тарихы мен маңызын түсіндіру;
Қазақ халқының ұлттық өнерін насихаттау;
Оқушылардың рухани-мәдени танымын арттыру.
Көрнекіліктер:
Домбыра, ұлттық киімдер, слайд-презентация, видеоматериалдар.
1. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім:
Құрметті оқушылар және қонақтар! Бүгінгі таным сағатының тақырыбы – "Домбырам – асыл қазынам". Бұл тек аспап қана емес, ол – халқымыздың жан дүниесінің айнасы, рухани мұрасы.
Ендеше, сабағымызды бастайық.
2. Кіріспе бөлім Мұғалім:
Домбыра – қазақ халқының ең көне аспаптарының бірі. Оның тарихы тереңде жатыр. Ежелден-ақ қазақтың мұңын, қуанышын, сағынышын домбыраның үнімен жеткізген.
Домбыра туралы аңыз бар: "Ертеде бір жауынгер ұлының өлімін естірту үшін домбыраны пайдаланып, қайғысын күй арқылы жеткізген екен". Осылайша, домбыра қайғыны да, қуанышты да жеткізуші құралға айналған.
Бейматериалдар (Домбыраның шығуы, түрлері)
3. Негізгі бөлім
1. Домбыраның түрлері
Домбыра екі түрге бөлінеді:
Екі шекті домбыра – көбінесе қазақтың дәстүрлі күйлерін орындау үшін қолданылады.
Үш шекті домбыра – ерекше дыбыс шығарады және сирек қолданылады.
2. Күй тыңдау
Домбыра қазақтың киесі, қазынасы. Қазақ пен домбыра егіз ұғым Қазақстан Республткасының Тұңғыш Президенті Елбасы Н. Назарбаев 2018 жылы маусымда қазақтың қарапайым аспабы дәріптейтін күнді шілденң бірінші жексенбісі ұлттық домбыра меркесін жарияланды.
Ауылымыздың тұрғыны болған Б. Аққалиев ағаларыңның орындауында Әлқисса, Теріс қақпай күйлерін тыңдауға шақырамын
Мұғалім:
Қандай әсер алдыңдар? Күй бізді терең ойға жетелейді. Ол адамның жүрегіне рух береді екен.
4. Шығармашылық бөлім көрме
"Домбыра – дауысым менің,
Саған деген сүйіспеншілігім шексіз менің.
Сен арқылы жетеді жүрек үні,
Саған тағзым етер әрбір ұрпақ бүгінде!"
2. Сұрақ-жауап бөлімі домбыра таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру
Мұғалім:
Көрме,макет жасап келген оқушыларды марапаттау рәсімі
5. Қорытынды бөлім
Мұғалім:
Домбыра – қазақ халқының рухани байлығы. Оның үні арқылы біз өз тарихымызды, мәдениетімізді, болмысымызды сезінеміз. Сондықтан әрқашан ұлттық өнерімізді дәріптеп жүрейік.
Қадыр Мырза Әлінің өлеңімен аяқтайын
Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-сәл кем
бұра.
Қазақ – нағыз қазақ
емес,
Нағыз қазақ –
Домбыра!
Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек
қана:
Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ
дана.
Ақиқатты айтқандардың бәрі осылай
сорласын
Деп бір қаһан шанағына құйған оның
қорғасын.
Жалған сөйлеп көрген емес бірақ соның
өзінде:
Аппақ жалын күйдің жанын жалап жатқан
кезінде.
Бір ішегінде биіктік бар, бір ішегінде
тереңдік.
Ол мақауды сөйлетеді, жылатады
кереңді.
Көкірекке толған кезде бар қуаныш, бар
бақыт,
Сандуғаш боп, бұлбұл болып сайрайды ол әр
уақыт.
Көкірекке толған кезде бар қасірет, бар
қайғы,
Бозінген боп боздайды ол, бозінген боп
сарнайды.
Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек
қана:
Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ
дана.
Екі ішектің бірін қатты,
бірін сәл-сәл кем
бұра.
Қазақ – нағыз қазақ
емес,
Нағыз қазақ –
Домбыра!
Осымен бүгінгі таным сағаты аяқталды. Қатысқандарыңызға рахмет!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Домбырам – асыл қазынам"
"Домбырам – асыл қазынам"
Таным сағаты: "Домбырам – асыл қазынам"
Мақсаты:
Оқушыларға домбыраның тарихы мен маңызын түсіндіру;
Қазақ халқының ұлттық өнерін насихаттау;
Оқушылардың рухани-мәдени танымын арттыру.
Көрнекіліктер:
Домбыра, ұлттық киімдер, слайд-презентация, видеоматериалдар.
1. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім:
Құрметті оқушылар және қонақтар! Бүгінгі таным сағатының тақырыбы – "Домбырам – асыл қазынам". Бұл тек аспап қана емес, ол – халқымыздың жан дүниесінің айнасы, рухани мұрасы.
Ендеше, сабағымызды бастайық.
2. Кіріспе бөлім Мұғалім:
Домбыра – қазақ халқының ең көне аспаптарының бірі. Оның тарихы тереңде жатыр. Ежелден-ақ қазақтың мұңын, қуанышын, сағынышын домбыраның үнімен жеткізген.
Домбыра туралы аңыз бар: "Ертеде бір жауынгер ұлының өлімін естірту үшін домбыраны пайдаланып, қайғысын күй арқылы жеткізген екен". Осылайша, домбыра қайғыны да, қуанышты да жеткізуші құралға айналған.
Бейматериалдар (Домбыраның шығуы, түрлері)
3. Негізгі бөлім
1. Домбыраның түрлері
Домбыра екі түрге бөлінеді:
Екі шекті домбыра – көбінесе қазақтың дәстүрлі күйлерін орындау үшін қолданылады.
Үш шекті домбыра – ерекше дыбыс шығарады және сирек қолданылады.
2. Күй тыңдау
Домбыра қазақтың киесі, қазынасы. Қазақ пен домбыра егіз ұғым Қазақстан Республткасының Тұңғыш Президенті Елбасы Н. Назарбаев 2018 жылы маусымда қазақтың қарапайым аспабы дәріптейтін күнді шілденң бірінші жексенбісі ұлттық домбыра меркесін жарияланды.
Ауылымыздың тұрғыны болған Б. Аққалиев ағаларыңның орындауында Әлқисса, Теріс қақпай күйлерін тыңдауға шақырамын
Мұғалім:
Қандай әсер алдыңдар? Күй бізді терең ойға жетелейді. Ол адамның жүрегіне рух береді екен.
4. Шығармашылық бөлім көрме
"Домбыра – дауысым менің,
Саған деген сүйіспеншілігім шексіз менің.
Сен арқылы жетеді жүрек үні,
Саған тағзым етер әрбір ұрпақ бүгінде!"
2. Сұрақ-жауап бөлімі домбыра таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру
Мұғалім:
Көрме,макет жасап келген оқушыларды марапаттау рәсімі
5. Қорытынды бөлім
Мұғалім:
Домбыра – қазақ халқының рухани байлығы. Оның үні арқылы біз өз тарихымызды, мәдениетімізді, болмысымызды сезінеміз. Сондықтан әрқашан ұлттық өнерімізді дәріптеп жүрейік.
Қадыр Мырза Әлінің өлеңімен аяқтайын
Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-сәл кем
бұра.
Қазақ – нағыз қазақ
емес,
Нағыз қазақ –
Домбыра!
Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек
қана:
Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ
дана.
Ақиқатты айтқандардың бәрі осылай
сорласын
Деп бір қаһан шанағына құйған оның
қорғасын.
Жалған сөйлеп көрген емес бірақ соның
өзінде:
Аппақ жалын күйдің жанын жалап жатқан
кезінде.
Бір ішегінде биіктік бар, бір ішегінде
тереңдік.
Ол мақауды сөйлетеді, жылатады
кереңді.
Көкірекке толған кезде бар қуаныш, бар
бақыт,
Сандуғаш боп, бұлбұл болып сайрайды ол әр
уақыт.
Көкірекке толған кезде бар қасірет, бар
қайғы,
Бозінген боп боздайды ол, бозінген боп
сарнайды.
Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек
қана:
Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ
дана.
Екі ішектің бірін қатты,
бірін сәл-сәл кем
бұра.
Қазақ – нағыз қазақ
емес,
Нағыз қазақ –
Домбыра!
Осымен бүгінгі таным сағаты аяқталды. Қатысқандарыңызға рахмет!
шағым қалдыра аласыз













