400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Domestic animals.Үй жануарлары

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» деп дана халқымыз бекерден-бекер айтпаса керек.ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технологиялық бағытта дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Жаңа заман баласын қалыптастырып,дамыту үшін,тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анықтап,мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызуымыз қажет.Қазіргі заман жаңашылдық,жаңа көзқарас,жаңалықтар заманы.Заман талабына сай тәрбие саласына енгізілген жаңа бағыттағы тың үрдістерді тәрбиеші меңгеріп қана қоймай,оны тәжірибеде орынды қолданып
Материалдың қысқаша нұсқасы


Білім беру саласы: Коммунакация

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Ағылшын тілі

Тақырыбы: Domestic animals. Үй жануарлары.

Мақсаты: Балаларды үй жануарлары туралы (олардың фермада тұратынын)

әңгімелеуге жаттықтыру, ағылшынша атауын үйрету, оларды жабайы

жануарлардан ажырата білуге үйрету, қойылған сұрақтарды

түсініп толық жауап беруге дағдыландыру, тіл үйренуге

деген қызығушылықтарын арттыру, достыққа, бірін-біріне

көмектесуге, жануарларға деген қамқорлыққа тәрбиелеу.


Әдіс - тәсілдер: ой қозғау, әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап, мадақтау, ойын,қорыту

Қажетті көрнекіліктер: ТСО, жануарлардың суреттері,ферманың макеті 

Билингвальді компонент: сиыр-cow, қой-sheep, жылқы-horse, түйе-camel, ит- dog, есек- donkey , шошқа-pig

Мотивациялық-қозғаушылық

Бөлме ашық оқу іс-әрекетіне байланысты безендірілген. Балалар тәрбиеші апайларымен фермаға келіп, аралап жүреді. (проекторда ферманың бейнеролигі жүріп жатады). Mr.Vacdonald. Good-morning, children! You are welcome my farm My name is Macdonald. And what is your name? How are you? Very good!

If you are good, let’s clap your hands. Балалар сендер фермаға келдіңдер, ферма деген сөзді қалай түсінесіңдер? Фермада нені көріп отырсыңдар? Дұрыс балалар ферма бұл жануарлардың мекен ететін жері. Қандай жануарларды көрдіңдер?

Міне балалар бүгін мен сендерге бірнеше жануарларды таныстырып ағылшыншасын үйретемін

Балалардың іс – әрекеті

Балалар фермермен амандасады. Есімдерін айтып, көңіл-күйлерін айтып шығады.

Сұрақтарға жауап береді.

Алдымен тілдік жаттығу жасап алайық.

(проектордан бейнеролик арқылы фонетикалық жаттығу жасаймыз)

Ұйымдастырушылық ізденістік

Мұғалімнің іс - әрекеті

Балалар бүгін мынадай жаруарлармен таныс боламыз тақтаға қарайық(Бейнеролик арқылы)

Қайталайық. сиыр-cow,

қой-sheep

жылқы-horse

түйе-camel

ит-dog

есек- donkey

шошқа-pig

Және менің жануарларымның төлдері бар сиырдың төлі-бұзау, қойдың төлі-қозы, шошқаның төлі-торай, есектің төлі-қодық, иттің төлі-күшік, түйенің төлі-бота, жылқының төлі-құлыншақ.

Сергіту сәті

(бейнеролик «Үш қой»)

Шығармашылық жұмыс

Балалар менің жануарларыма көмектесесіңдер ме?

2 топқа бөлінейік: бірінші топ есекке алма жинап береміз, ал екінші топ қой тоңбасын деп үстіне жүн жапсырамыз. Балалар міне сендер жануарларға қамқор болдыңдар, бір –біріңмер дос болыңдар. Рахмет балалар сендер маған көмектескендерің үшін алғыс білдіремін. Тағы ойнағыларың келе ме?

Балалардың іс – әрекеті

бірінші топ есекке мініп, жерде жатқан алмаларды жәшікке салады, ал екінші топ ақ бет қағаздағы қойдың үстіне желіммен жүн жапсырады

Ал енді балалар үй жануарлары туралы тақпақ білесіңдер ме? Кім айтады

Балалар тақпақ айтады.

Cat

I love my cat

It’s warm and fat

My cat is grey

I likes to play

Dogs

I see a dog

The dog sees me

I like the dogs

The dogs like me

Pig

I have a pig

Not very little

Not very big

Not very pink

Cow

Moo cow moo cow

How do you do, cow?

Very well, thank you

Moo moomoo


«Төлдерін тап» ойыны

Ойынның шарты: Тақтада ілініп тұрған жануарлардың төлдерін табамыз.

Балалардың іс – әрекеті

Балалар тақтаға төлдерді орналастырады .

Рефлексивті Коррекциялаушы

Жарайды балалар өте керемет, білімді балалар екенсіңдер. Сонымен балалар сендер қайда келдіңдер? Не көрдіңдер? Ағылшыншасы қалай болады? Балалар келген қонақ кәдесіз кетпейді, мен сендердің топтарыңа мына керемет қойдың мүсінін сыйлағым келіп тұр

Балалардың іс – әрекеті

Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Білуі: Жануарларды бір-бірінен ажырата білу. Ағылшыншасын біледі

Меңгеруі: Үй жануарлары туралы толық мағлұматты меңгерту.

Жасай алуы: Көру, есту, түсіну арқылы өз беттерінше іс-әрекет жасай алу





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 наурыз
429
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі