400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дөңгелек және шеңбер, олардың элементтері.Циркульдің көмегімен шеңбер салу.

Материал туралы қысқаша түсінік
математика ҚМЖ 3-сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: математика Мектеп: № 81 мектеп-гимназия

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Салимбаева С.К.

Сынып: 3 Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Дөңгелек және шеңбер, олардың элементтері.Циркульдің көмегімен шеңбер салу.

Оқу мақсаты

3.3.1.1 шеңбер мен дөңгелекті ,олардың элементтерін (центр, радиус,диаметр) бір-бірінен ажырату және атау/симметриялы және симметриялы емес жазық фигураларды айыра білу және оларды қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:Шеңбер мен дөңгелекті ,олардың элементтерін (цент, радиус,диаметр) бір-бірінен ажырату

Көптеген оқушылар: Симметриялы және симметриялы емес жазық фигураларды айыра білу

Кейбір оқушылар: Оларды қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру

Бағалау критерийлері

1.Шеңбер мен дөңгелекті сызады.

2.Олардың элементтерін (центр, радиус,диаметр) анықтайды.

3. Симметриялы және симметриялы емес жазық фигуралар екенін дәлелдейді

4. Оларды қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіреді.

Тілдік мақсат

Шеңбердің центрі, радиусы, диаметрі, симметриялы, симметриялы емес.Терминологияны пайдаланып алгоритм бойынша дәлелдейді.

Құндылықтар

Оқушылардың ынтымақтастығын барлығы бірлесе отырып орындаған сәтте іске асады,еңбек және шығармашылық құндылығы оқушылардың зерттеу жұмысын жүргізу барысында байқалады.

Пәнаралық байланыс

Көркем еңбекпен байланыс (Фигураларды сызу, өлшеу)

Информатика пәнімен байланыс ( АКТ слайд көрсету арқылы жаңа сабақ түсіндіру, психологиялық ахуал туғызу)

Дүниетану пәнімен байланыс (симметриялы және симметриялы емес жазық фигураларды айыра білу, жаңа сабақ түсіндіру кезінде болады.)


АКТ қолдану

Слайд көрсету арқылы жаңа сабақ түсіндіру, психологиялық ахуал кезінде қолдану.

Бастапқы білім

Айналадағы қоршаған ортадан дөңгелек пен шеңберді тауып, ажыратады.

Сабақтың барысы


Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Уақыт 7 мин

1.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал (муз әуен қосып оқушыларды шеңберге тұрғызып, әр оқушы алдыңғы оқушының арқасына әртүрлі фигуралардың суретін салады, алдыңдағы оқушы оны табады)

2. Топқа біріктіру(мозайка әдісі арқылы, үшбұрыш,дөңгелек, шаршы топтарына бірігеді)

3. Үй тапсырмасын пысықтау:

Ішкі және сыртқы шеңбер әдісін пайдалану.

Оқушылар ішкі және сыртқы шеңберқұрады.Оқушылар бір-біріне пысықтау сұрақтарын қояды. Мысалы:«Кез келген шаршыны тік төртбұрыш деуге бола ма?» «Кез келген тік төртбұрышты шаршы деуге бола ма? Қандай дөңгелек фигураларды білесің?

пазл , суреттер, колонка

Сабақтың ортасы

25 мин

Сабақта слайд арқылы шеңбер мен дөңгелектің өмірде қандай сәттерде кездестіретінін көрсете отырып жаңа сабақты түсіндіру.(Мысалдар келтіру)Біз дөңгелектің және шеңбердің элементтерімен танысамыз.Циркульдің көмегімен шеңбер салуды және шеңбер мен дөңгелекті бір-бірінен ажыратуды үйренеміз.

Суретте көрсетілгендей шеңберді арнайы құралмен сызады, оны циркуль деп атайды.

О нүктесі- шеңбердің центрі, ОА кесіндісі – шеңбердің радиусы, АС кесіндісі-шеңбердің диаметрі. Үлгіге қарап, циркульдің көмегімен шеңбер сыз және дөңгелек сал. Әр фигураға сипаттама бер. Оларды салыстыр. Олардың ұқсастығы неде? Айырмашылығы ше? Олар симетриялы ма, симметриялы емес пе?

Олардың центрлерін белгіле, радиустары мен диаметрлерін жүргіз, әріптермен белгіле.

Топпен және жұппен,жеке жұмыс жүргізу кезінде белсенді оқыту әдістерін пайдаланамыз.

Үшбұрыш тобына тапсырма:

Дәптеріне түбі дөңгелек тәріздес затты қой да, айналдырып сыз.Қандай фигура шықты? Оны ата.

Дөңгелек тобына тапсырма:

Алдымен сол заттың түбін жіппен ора да, оны түзетіп сыз. Жіптің ұзындығын өлше. Осы жіптің ұзындығы сен сызған суреттегі шеңбердің ұзындығына тең.Пікір дұрыс па? Дәлеледе. Шеңбер бұл тұйықталған қисық сызық. Шеңбердің ұзындығы болады.

Шаршы тобына тапсырма:

Дәптердің торкөздерін палетка ретінде пайдаланып,сенің дөңгелегіңде неше шаршы бар екенін анықта.Суретіңдегі дөңгелектің ауданы толық емес шаршылардың жартысы мен толық шаршылардың қосындысына тең.

Пікір дұрыс па? Дөңгелек –шеңбермен шектелген жазық фигура.Дөңгелектің ауданы болады.

Дескриптор:

  • шеңбер мен дөңгелек сызады

  • центрін, радиусы мен диаметрін белгілейді.

  • радиусы мен диаметрінің өлшемдерін жазады

  • әріптермен белгілейді

Басбармақ әдісі арқылы бағалау

Жұптық жұмыс

Центрлері А,В,С нүктелері болатын, радиусы 3 см, диаметрі – 6см шеңберлерді сыз.

Дескриптор:

  • Шеңбер сызады

  • Шеңбер мен дөңгелектің элементтерін белгілейді

Оқушылардың өзін-өзі бағалау және сыныптасын бағалау (жасыл,сары,қызыл стикерлер арқылы көрсетеді )


Сергіту сәті: Доппен сұрақ жауап (жүзік, доп, шығыршық ол шеңбер) ия немесе жоқ)

Жеке жұмысPicture 26

Оқушыларға шығармашылық тапсырма беріледі. Оларға әртүрлі заттар таратылады, олар оның дөңгелек немесе шеңбер екенін анықтайды, оның элементтерін көрсетеді,симметриялы,симметриялы емес екенин анықтап, дәлелдейді.)

Дескриптор:

  • Оқушылар шығармашылық тапсырманы орындайды

  • Олар заттардың дөңгелек немесе шеңбер екенин анықтайды

  • Оның элеметтерін көрсетеді

  • симметриялы және симметриялы емес екенін анықтайды

  • Және жұмысын дәлелдейді

Көрсет және әңгімеле

Әр оқушы өз жауабын жазуға/салуға шағын маркер тақтасын қолданады.

Слайд, геометриялық фигуралар, циркуль
























Жіп, сызғыш, циркуль, дәптер






























Циркуль,қарындаш

































Жасыл, сары,қызыл стикер






















Шағын маркер тақтасы


Сабақтың соңы

8 мин

Рефлексия

-Нені білдім, нені үйрендім?

-Нені толық түсінбедім? (бір сәт ойлануға уақыт беру)

сағат

Кері байланыс

ЖShape1 азбаша кері байланыс «Екі жұлдыз бір тілек»

Shape2 Бүгінгі күннің сәтті тұстары

Мен үшін жаңалық болды

БShape3 ерер ұсынысым бар

Парақша

Үйге тапсырма

Геометриялық фигураларды қолдана отырып өз бөлменннің суретін сал.

Сурет,қарындаш



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау- оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері.

АКТ мен байланыс.

Құндылықтар

дағы байланыс


  • Деңгейлік тапсырмалар ұйымдастырдым

  • Шығармашылық

тапсырмалар бердім.

  • Бастапқы білімдеріне қарай,тапсырмаларды күрделендіріп құрастырдым.


  • Жеке жұмыста оқушылардың деңгейін анықтау.

  • Көрсет және әңгімеле

Әр оқушы өз жауабын жазуға/салуға шағын маркер тақтасын қолданады.

  • Сабақ барысында оқушылардың жұмысын бақылау.

  • Мадақтау


Көркем еңбекпен байланыс (Фигураларды сызу, өлшеу)

Информатика пәнімен байланыс ( АКТ слайд көрсету арқылы жаңа сабақ түсіндіру, психологиялық ахуал туғызу)

Дүниетану пәнімен байланыс (симметриялы және симметриялы емес жазық фигураларды айыра білу, жаңа сабақ түсіндіру кезінде болады.)

Оқушылардың ынтымақтастығын барлығы бірлесе отырып орындаған сәтте іске асады,еңбек және шығармашылық құндылығы оқушылардың зерттеу жұмысын жүргізу барысында байқалады.

Сергіту сәті оқушының жас ерекшелігіне сай.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары\ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақта берілген оқу мақсаты мен сабақ мақсаты шынайы қойылған. Оқушылардың барлығы топтық жұмыс, жеке жұмыстар, шығармашылық жұмыстар орындай білді.

Сабақта жеке жұмыс, топтық,жұптық жұмыс кезінде саралау жұмыстары жүргізілді.

Саралау жұмысында білу, түсіну, қолдану, жинақтау, талдау дағдылары қалыптасты.

Уақытты тиімді пайдалана білдім.

Алдыма қойған мақсатыма жеттім.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.Топтық жұмыс барысындағы белсенді оқыту,саралап оқыту әдісі жақсы өтті.

2. Дескриптор құру, формативті бағалау

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.Критериалды бағалау жүйесі тиімді болды.

2.Оқушылардың бірлесе отырып жұмыс жасауы

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік \ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Сабақ барысында оқушылардың білім деңгейін анықтадым. Келесі сабаққа сынып деңгейіне қарай тапсырмалар ұйымдастырамын.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
02.04.2019
863
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі