Математика негіздері: Дөңгелек пішінді жеміс пен
көгөністер
ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТТІҢ МАҚСАТЫ
Балалардың геометриялық фигуралар, сондай-ақ дөңгелек, туралы ұғымдарын
қалыптастыру.
Міндеттері
Балаларды геометриялық фигура дөңгелекпен таныстыра отырып, қоршаған
заттар арасынан дөңгелек пішінді заттарды таныбуға ынталандыру;
шаршымен салыстырып, ұстау және көру тәсілдері арқылы аталған
фигураларды зерттеуге мүмкіндік беру; жеміс пен көгөністер туралы білімін
бекіту.
Балалардың қолдың ұсақ моторикасын, зейін, еске сақтау, қабылдау қабілетін
дамыту.
Балалардың бойында адам еңбегін құрметтеу сезімін қалыптастыру,
ұқыптылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.
СӨЗДІК ЖҰМЫС
Заттың пішініне қатысты қасиеттерін зерттеу. Дөңгелек, домалайды,
домаламайды, бұрыштары жоқ сөздері мен сөз тіркестерін айтқызу арқылы
сөйлеу қабілетін жетілдіру.
ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
Аудиожазбаны тыңдау, ғажайып сәт, дамытушы жаттығу, сергіту сәті, зерттеу
жаттығуы, мақтау, пысықтау.
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР
1. Көрнекілік материалдар.
Жүк мәшинесінің дыбыстық белгісінің аудиожазбасы.
Жеміс пен көгөністер тиелген ойыншық жүк мәшинесі.
1
Сурет топтамасы: жүк мәшинесінің шанағына дейін тірелген жеміс пен
көгөністерді төмен қарай домалатуға арналған, ортасы шұңғыл тақтайша; сол
жақта қызыл табақшаға салынған картоп, оң жақтағы көк табақшада алма,
шабдалы, апельсин.
Көк текше.
Ғажайып дорба.
Қызыл дөңгелек және көк шаршы пішіндерінің макеттері.
Көрнекіліктер үшін панно.
Көрсеткіш.
Орташа қарқынмен орындалатын ырғақты әуенжазбасы.
Геометриялық пішіндер көлеміндегі алма, апельсин, шабдалы, дөңгелек картоп
кескіндері.
Шынайы алма, шабдалы, апельсин, картоп немесе олардың нақпішіндері.
2. Үлестірмелі материалдар.
Әр балаға бір көлденең түзу сызық салынған карточка, алма, шабдалы, апельсин
мен картоптың көлемді суреттері.
ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТТІҢ БАРЫСЫ
1. КІРІСПЕ БӨЛІМ
1.1. Аудиожазбаны тыңдау.
Жүк мәшинесінің дыбысы естіледі.
Әуенді тыңдау және бейнелерді көру үшін QR-кодты сканерлеңіз
Педагог:
- Балалар, бізге бір көлік келіп қалған сияқты?
1.2. Ғажайып сәт.
Жүк мәшинесіне тиелген жеміс пен көгөністердің суреті.
- Бұл не? Иә. Жүк мәшинесі.
2
- Алақай, балалар! Күз мезгілі сыйға бай екен. Қараңдаршы, балалар, қаншама
астық жиналды!
- Кәнеки, жүк мәшинесінін күз сыйларын түсірейік.
Педагог жүк мәшинесі шанағының шетіне ортасы шұңғыл тіреуішті тіреп қояды.
Дөңгелек пішінді жеміс пен көгөністер жоғарыдан төмен қарай, ортасы шұңғыл
тіреуіштің үстімен домалап жатады.
Домалап түскен жемістер немесе көгөністер үлкен табақшаға қойылады.
Кіріспе әңгімелесу.
Педагог:
- Балалар, мынау не? Мынау алма (апельсин, шабдалы). Алма (апельсин,
шабдалы) не істеді? Алма (апельсин, шабдалы) домалап кетті. Жарайсыңдар!
- Мынау не? (Мынау картоп. Картоп не істеді? (Картоп домалап кетті.)
Жарайсыңдар!
- Балалар, мен картопты қызыл табақшаға не үшін салдым? Алма, шабдалы,
апельсинді көк табақшаға неге бөлек жинадым? Иә. Картоп - көгөніс. Мынау
жемістер.
- Дариға, картоп нешеу? Картоп біреу. Ал жемістер нешеу? Жемістер көп.
- Бағлан, картоп қай жақта жатыр? Жемістер қай жақта жатыр?
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Панно алдында дамытушы жаттығу. «Дөңгелек жемістер мен
көгөністер».
Педагог:
- Балалар, байқадыңдар ма? Алма, шабдалы, апельсин мен картоп неге
домалап кетті?
Үстел басына біреуін алып, тағы да домалату.
- Жарайды! Ендеше, балалар, мен сендерге мына текшені көрсетейін. Оны да
домалатып көрейін.
3
Балалар текшенің бір орында аударылып тұратынын байқайды.
Ғажайып сәт.
Дорбаны көрсету. Баланы шақыру.
- Айсәуле, мына дорбада не бар? Алып шықшы.
Бала дөңгелек пен шаршы пішіндерін шығарады.
Педагог екі пішінді панноға жапсырады.
- Айсәуле, ойланып көр. Алма, апельсин, картоп пен шабдалының қайсы мына
пішінге ұқсайды? Соның қасына суреттерді қой.
Балалар дөңгелекті таңдайды.
- Дұрыс айтасыңдар. Айсәуле, отыра ғой. Жарайсың!
Педагог артық пішіндер мен суреттерді алып тастайды.
- Балалар, мынау дөңгелек пішін. Қайталаймыз. Берік (Салтанат), мынау
қандай пішін? Иә. Мынау дөңгелек пішін.
- Шынымен, балалар, дөңгелек домалайды. Қараңдар.
4
- Неге домалайды?
- Дөңгелекте бұрыштары жоқ. Сандуғаш, дөңгелек неге домалайды? Жарайсың!
- Мақсат, алма неге домалайды?
- Мансұр, апельсин неге домалайды?
- Осы жемістер мен көгөністер қандай пішінге ұқсайды? Иә. Дөңгелекке ұқсайды.
Қайталаймыз, балалар! Жарайсыңдар!
2.2. Сергіту сәті. Д. Ахметова «Дөңгелек пішінді саламын».
Ырғақты, темпі орташа әуенжазба қосылады.

Суретші бала боламын,
Дөңгелек пішін саламын.
Дөңгелек қызыл алма,
Дөңгелек сары құрма,
Апельсиндер, қызанақ,
Дөп-дөңгелек бауырсақ.
Міне, мен қандай баламын,
Алтын күнді сала аламын.
Балалар шеңбер бойымен тұрады. Үлгі бойынша ырғаққа сай қимылдарды
жасайды. Сөздерді қайталайды.
2.3. Үстел басында зерттеу жаттығуы. «Күз сыйлықтарының пішінін
айналдыра салайық».
2.3.1.
Балаларға бір қатарға тізілген алма, шабдалы, апельсин мен картоптың суреті
көрсетіледі.
- Балалар, мен мына күз сыйларын сумен жуып алдым, енді саусағыммен
айналдыра сүртемін. Саусақты бір шетіне қоямын да шетін бойлап жүргіземін.
5
Тағы да екінші шабдалыны сипап сүртемін, айнала жүргіземін.
Педагог дөңгелек пішіндердің бәрінің сұлбасын саусақпен айналдыра жүргізіп
шығады.
2.3.2.
- Қанекей, балалар, барлығың оң қолдарыңның сұқ саусағын көрсетіңдер.
Жақсы!
Кейбір солақай балалар үшін жеке көмек көрсетіледі. Түсіндіру кезінде айтылып
жатады. Бұндай ерекшелікті үнемі ескере жүру керек.
- Еркежан (Тимур, Әзиза, Мағжан), алманы (шабдалыны, апельсинді, картопты)
саусағыңмен айналдыр. Саусағыңды қағаз бетінен көтерме. Жақсы, жарайсың!
3. ҚОРЫТЫНДЫ
Ұйымдастырылған іс-әрекетті пысықтау, балаларды мақтау.
Педагог:
- Балалар, бүгін не істедік? Иә. Біз жемістер мен көгөністерді жинап ойнадық.
Жақсы!
- Жеміс нешеу болды? Жеміс көп болды. Көгөніс нешеу болды?
- Біз тағы да не істедік? Біз дөңгелек пішінмен таныстық. Ерқанат, қайтала.
- Бүгінгі жемістер мен көгөністердің пішіндері қандай болды? Пішіндері
дөңгелек болды. Өте жақсы!
- Балалар, бүгін сендер зеректік таныттыңдар. Дөңгелек пішінді елестетіп,
бірнеше заттан сол пішінді байқап қалдыңдар. Жарайсыңдар! Ұйымдастырылған
іс-әрекет аяқталды, сау болыңдар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Дөңгелек пішінді жеміс пен көгөністер

шағым қалдыра аласыз