Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Дөңгелек. Шаршы.Тіктөртбұрыш.Үшбұрыш»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«№36 қазақ орта мектебі» КММ
мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі.
Бисенгалиева Арайлым Кенжебаевна
Білім беру дағдылары: «Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту»
Білім беру бөлімі: Математика негіздері
Тақырыбы: «Дөңгелек. Шаршы.Тіктөртбұрыш.Үшбұрыш»
Оқу бағдарламасына сай оқудың мақсаты: Балаларға геометриялық пішіндер туралы түсінік беру.Пішіндер жайлы балалардың білім деңгейін анықтау және тиянақтау.Логикалық ойлау қабілеттерін,зейіндерін дамыту.
Сабақтың міндеті:Қойылған сұрақтарға толық жауап беруге,өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру. Математикаға қызығушылықтарын арттыру,ұқыптылыққа,мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Слайдтар, сұрақ жауап- әдісі, пвх материалынан А3 форматта жасалған пішіндерді көрсету, асық жасалған көрнекілі, сандықты пішіндерден сәндейміз.
Психологиялық ахуалды қалыптастыру
Шаттық шеңбері
Математика сабағын,
Мен меңгеріп аламын.
Қазір есеп шығарып,
Ата-анамды қуантып
Бес деген баға алып барамын.
Топқа бөлу:
Пішіндердің суреті арқылы топқа бөлінеміз.
1 топ «Шеңбер»
1 топ «Төртбұрыш»
3 топ «Үшбұрыш»
4 топ «Шаршы»
Ұйымдастыру
іздестіру
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.
-Балалар, бүгінгі біздің ұйымдастырылған оқу қызметіміз күнделіктегідей емес, күндегіден өзгеше. Не себепті өзгеше деп ойлайсыздар?
- Бізге қонаққа апайлар келді.
-Дұрыс айтасыздар балалар, бүгін бізге қонаққа көптеген апайлар келіп отыр.Балалар бүгінгі күнімізге барлығымызға сәттілік тілеймін!
- Балалар, бүгінгі ауа райы қандай?
-Тамаша
-Олай болса біздің көңіл-күйлерімізде ауа райындай тамаша деп ойлаймын.
Бүгін бізде математика негіздері деген ұйымдастырылған оқу қызметі болады екен.
Математика бізге не үйретеді?
Балалар бізде жалпы 1- ден 10- ға дейінгі сандарды танимыз, білеміз.
Тақтада тұрған сандарды санаймыз.
-1 ден 9 ға дейін бір таңбалы сандар 10 екі таңбалы сан.
Дидактикалық ойын:
«Жасырған сандарды табу»
Жұмбақ жасыру.
-
Төрт бұрышы бар
Төрт қабырғасы бар
Бұл қандай пішін? (Төртбұрыш)
Тіктөртбұрышқа қандай заттар ұқсайды?
Теледидар, тақта, есік, терезе
-
Үш бұрышы бар
Үш қабырғасы бар?(Үшбұрыш)
Үшбұрышқа қандай заттар ұқсайды?
Шатыр, тұмар,
-
Допқа өзі ұқсайтын
Ерекше бір пішін бар.(Дөңгелек)
Кәне атын атаңдар
-Дөңгелекке қандай заттар ұқсайды?
Доп, қарбыз, шар
Жаңа сабақ
Үшбұрыш дегеніміз-ең қарапайым көпбұрыш, үш нүктеден, үш қабырғадан және үш бұрыштан тұрады
Тіктөртбұрыш дегеніміз- барлық бұрыштары тік болып келетін параллелограмм.
Шаршы дегеніміз- барлық қабырғасы бірдей тіктөртбұрыш
Шеңбер дегеніміз-барлық нүктесі берілген нүктеден бірдей қашықтықта жататаын тұйық қисық сызық.
Балалар, міне дөңгелек. Ол неге ұқсайды?
(Допқа)
Дұрыс, допқа ұқсайды және көліктің
доңғалағына. Қараңдаршы: дөңгелек
домалайды.
- Ал мынау ұшбұрыш. Ұшбұрыш неге ұқсайды? (
Пирамидаға, үйдің
шатырына).
Балалар, сендер білесіңдер ме, Ұшбұрышты неге
ұшбұрыш деп атаған? Ұшбұрыштың ұш бұрышы бар. Кәне санаймыз: бір,
екі, ұш. Ұшбұрыш домалай алмайды, өйткені бұрыштар бөгет
жасайды.
- Ал мынау пішін: шаршы. Терезеге немесе үйге
ұқсайды. Шаршының төрт бұрышы бар. Олда домалай алмайды, өйткені
шаршының да бұрыштары бөгет
жасайды.
Ғажайып
сәт:
Қонаққа Балақай
келеді.
Балақай :- Сәлем, балалар, қалдарын
қалай?
Тәрбиеші:- Сәлеметсің бе, Балақай. Бізде бәрі
жақсы. Өзін
қалайсың?
Балақай:- Менің көңіл күйім
жоқ.
Тәрбиеші:- Неге?
Балақай :- Достарыммен асық ойнап едім. Сол ойында мен жеңіліп қалдым. Балалар маған көп деген тапсырмалар берді. Өзім сол тапсырмаларды шеше алмай қойдым. Маған көмектесіңдерші.
Сол тапсырмаларды орындасауға көмектесесіндерме?
Тәрбиеші:- Балалар, көмектесеміз бе?
(Иә)
1 топ «Шеңбер» -
1 топ «Төртбұрыш» -
3 топ «Үшбұрыш»-
4 топ «Шаршы»-
Әр топ әр түрлі тапсырмаларды орындайды.
Тапсырмалардың атауы:
1.«Заттарды сәйкестендір»
2. «Таяқшаларды пластилин арқылы бұрыштарын қосу.
3. Үйшіктің түстеріне және пішіндеріне қарай липучкамен жабыстырады.
4.Пішіндерден нелерді
құрастыруға болады?
Бірінші
тапсырма:
- Балалар, менде бірнеше суреттер бар. Олар
қандай пішіндерге ұқсайтының табу
керек.
Балалардың алдарында тапсырмалар тұрады
пішіндердің суреттері . Балалар бір суреттен алып пішіндердің
астына жабыстырады.
Мысалы: алма - дөңгелектің астына, ал
пирамиданы - ұшбұрыштың
астына.
- Жарайсыңдар,
балалар!
Екінші тапсырма:
-Балалар таяқшаларды алып әр түрлі пішіндер жасайды. Олар ермексазды дөңгелектеп алып бір-бірін қосады.
Үшінші тапсырма:
Балалар әр түрлі түстерден жасалған үйшіктерді пішіндеріне сәйкес липучкамен жабыстырады.
Төртінші тапсырма:
Әр түрлі пішіндерді пайдалана отырып қандай
бейнелерді жасауға болады
.
- Балалар шаршаған шығарсыңдар, ендеше
бойымызды сергітіп алайық.
Дидактикалық ойын:
«Стакандарды түстеріне сәйкес қою»
Сергіту сәті
Санамақ.
Бас бармағым-атам,
Балан үйрек- әжем,
Ортан терек –әкем,
Шылдыр шүмек – шешем,
Кішкене бөбек-мен,
Бір үйде біз нешеуміз?
Кел санайық екеуміз.
Көңілді және көңілсіз бетперделерді бояу:
1. Көңілді өзінің жұмысына риза.
2. Көңілсіз толық аяқтаған жоқ.