жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Дөңгелек стол.Мен жәнеменің полициям.
112 курсов профессиональной переподготовки от 3540 руб.
268 курсов повышения квалификации от 840 руб.
МОСКОВСКИЕ ДОКУМЕНТЫ ДЛЯ АТТЕСТАЦИИ
ВходРегистрация
Войти с помощью:
Инфоурок›Классному руководителю›Конспекты›«Мен және менің полициям»
Важно!Узнайте, чем закончилась проверка учебного центра "Инфоурок"?
«Мен және менің полициям»
СКАЧАТЬ
Реклама 0+
Яндекс Браузер+ сервисы Яндекса
Для учеников 1-11 классов и дошкольников
«Мен және менің полициям»
ҚАЗАҚ ПОЛИЦИЯСЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ҚОРҒАНЫ!
Әр күн сайын соғыстың алаңында,
Жүрсе дағы нықтылық бар қадамында.
Полицейлер – жан берер тыныштығын,
Сақтау үшін жер шары ғаламында.
Сабақтың тақырыбы: «Мен және менің полициям ».
Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру.Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімінқалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру.
Түрі: Кездесу, пікірталас.
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.Оқушыларды тынышталдырып, сабаққа назарын аудару.
Жүргізуші:Тоқтаусыз тіршілікте бұқарамен біте қайнасып, қоғамдық тәртіпті қадағалауда күні-түні көз ілмейтін құқық қорғау қызметкерлерінің жүгі мол, қиын да күрделі кәсібі қай құрметке болмасын лайық. Анығында, қоғамда орын алып отырған түрлі дәрежедегі қылмыстар үшін тәртіп сақшыларын жерден алып, жерге салуды көпшілік қанына сіңдіріп алғандай. Біреуді біреу ұрып соғып, сойқан шығарып жатса да, қолындағы барын үптеп кетсе де полицейлер кінәлі. Қылмыссыз қоғамды қалыптастыру жалғыз құқық қорғаушылардың еншісінде емес екенін ескеру керек. Жалпы, құқық қорғау органдары күнделікті өмірде халықпен жүзбе-жүз, бетпе-бет қарым-қатынасқа түсетін мекемелердің бірі.
2жүргізуші:Санамалап айтар болсақ, бұлардың санатына Білім министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі және Ішкі істер министрлігі кіреді екен. Ал қалың бұқарамен аралас-құралас жатқандықтан осындай мекемелер, соның ішінде құқық қорғау органдары биліктің айнасы іспеттес дәрежеде. Егер құқық қорғау органдарының бет-бейнесі, жүріс-тұрысы жақсармаса, ендеше биліктің бейнесі де көрнекті кейіпке ене алмайды деген сөз. Орын алған әрбір қылмыстың астарына үңіліп, мәнін ашу – бұл қыруар жұмыстың, самайдан аққан ащы тердің нәтижесі. Айтуға оңай болғанмен, қолға алғанға қиын іс.
Достар, дәл осындай көп күш – жігер мен ерлікті, өз өмірін құрбан етуді, кез келген уақытта қорғаныш қажеттерге көмек беруге үнемі дайын болуды талап ететін мамандық жоктығына келісетін шығарсыздар?
1оқушы:Тыныштығым кепілденген сенімен,
Қорғадым деп санаспайсын менімен.
Болса да қорқынышты бұл заман,
Полициям мен өзіңе сенемін!!!
2оқушы:ОНИ каждый день как - будто на войне:
Уйдет на службу - может не вернуться.
Им не оплачивают выслугу в двойне,
А ведь от пуль так сложно увернуться.
3оқушы: Болса дағы қаншалықты қауіпті ,
Жан салады қорғау үшін халықты.
Ең ауыр жүк тұрса дағы мойнында,
Полицейлер жаны жайсаң, байыпты.
1оқушы: Полиция – бұл тек қана рухы мықты, намысы жоғары адамдардың сферасы екені белгілі. Бұл - нағыз ерлікті талап ететін жұмыс!Бұл – нағыз ер адамның мамандығы!
2оқушы: Күнделікті естіп жүрген, қалыпты «Полиция» сөзінің астарында көптеген , әр түрлі қызмет қатарлары бар. Олар бір – біріне мүлдем ұқсамайды. Бірақ олардың барлығының қызметінде бір ғана мақсат бар – Ол бізді және біздің құқығымызды қорғау.
3оқушы: Тоқтай тұр,Абылай ,егер мен 02 – ге хабарлассам, сонда бұл полиция емес пе?
4оқушы: Сен онда кезекшілік бөліміне хабарласасын
5оқушы: Олар сол сәтте- ақ бірден қылмыстық жағдай орын алған жерге барады да зерттеу жүргізе бастайды, сосын
6оқушы: Жоқ – жоқ мүлдем олай емес, Қылмыстық жағдай орын алған жерді арнайы зерттеу жүргізетін мамандар қарайды. Ал оларды жаңағы сіз хабарласқан кезекшілік бөлімі жібереді.
7оқушы: Ия ия, мен кинодан көргенмін олар саусақ таңбаларын, айғақтар іздестіреді.
8оқушы: Дұрыс айтасын, Лайла!Мен сенімен келісемін.Білесіңдер ме, сондай – ақ, біз тыныш, қорықпай өмір сүруміз үшін тағы да бір қызмет түрі қолданылады.
9оқушы: Олар күзет , тергеу , барлау – қарауылдық бөлімшелері.
10оқушы: Мен тағы да бір қызмет түрін білемін. Ол жол полициясы.
11оқушы: Ия,менде білемін. Бұл қызмет саласындағылар біздің жолда жүрген кездегі тыныштығымызды, қауіпсіздігімізді қорғау мақсатында, үнемі жол тәртібін бақылайды.
12оқушы: Біз мектепке келер жолымызда бізді тосып алып , жаяу жүргіншілер жолымен еркін өтуімізге көмектеседі.
13оқушы: Ал,біздің сүйікті хикаяларымыздағы ержүрек , батырларымыз полицияның қай бөлімінде қызмет атқарады сонда?
14оқушы: Олар зерттеу басқармасының қызметкерлері.
15оқушы: Дәл осы жерде кез – келген қылмыстық істер айқындалады. Тіпті ең қиын дегендері де.
16оқушы: Тіпті мектепте де полиция қызметкерлері болады.
17оқушы: Олар бізді үнемі қадағалап, біздің жағымсыз жағдайларға ұшырамауымызға көмектеседі.
18оқушы: Кәмілетке толмағандардың, яғни, біздің құқығымызды қорғау үшін арнайы жасақталған қызметкерлер бөлімі бар.
19оқушы: Бұл қызметкерлер біздің құқығымыздың тапталмауын қамтамасыз етіп, бізге жарқын болашақ сыйлайды.
Көрдіңдер ме балалар, олар бір мезгілде барлық жерде болуы керек екен. Мол сеніммен ешқандай күмәнсәз айтуға болады.Бұл адамдар, өз жандарын өсіп келе жатқан жеткіншектер үшін құрбан етуге дайын, шыдамды, мықтылар. Олар бар кезде біз еш нәрседен де қорықпаймыз!
Викториналық сұрақтар:1Бағдаршам жоқ болып қалса не істеу керек?(Өз көзіне сену керек, жол ортасына жеткенше, әуелі сол жаққа қара, ортасынан асқан соң, оңжаққа мойныңды бұр)
2.Жаяу жүргінші жол бойында қалай жүріп-тұруы керек? (жиекжолдың оң жақ шетімен)
З.Қандай көліктің түрлеріне бағдаршамның қызыл жарығына жүруге рұқсат етеді?(жедел жәрдем, полиция, өрт машиналарына)
4.Жолаушы таситын қоғамдық көліктерді қай жерден күтеді? (аялдамада)
5.Полиция, жедел жәрдем, өрт сөндірушілер өтіп кеткенше күтіп тұру міндетті ме? (иә міндетті):
1.Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге рұқсат етіледі? (14 жастан)
2.Жақындап қалған көліктің алдынан жүгіру неліктен қауіпті?(жүргізуші көлікті тоқтата алмауы себепті адам өміріне қауіп төнеді)
3.Жол-көлік оқиғасына куә болған адамдар қандай әрекет жасайды?(жедел жәрдем машинасын, полицияны шақырып, машинаның нөмірін жазып алу керек)
4.Жүргізушіге қандай жағдайда транспорт құралын басқаруға болмайды? (ішімдік ішкен жағдайда)1.Көшеде біз сақ болайықү.
ҚорытындыЖ.
Аймауытов: “Тәрбиеге әсер беретін нәрсе
өскен орта, ата-ананың тәрбиесі. Соңғысы
күшті болмаса, бара-бара адамды замандас,
жолдастың азғырып, адам неше түрлі жаман
мінезді жұқтыратыны белгілі” дегендей,
баланың қылмыстық жолға түспеуіне
бірінші жауапты отбасы. Сондықтан
Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде
жасөспірімдер арасындағы тәртіпті
күшейтіп, олар үшін мәдени шараларды
кең деңгейде өткізу олардың болашағына
жағдай жасауды қолға алып отыр..

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген