Материалдар / Дөңгелек үсте "Дін және тәрбие" 9, 10, 11 сынып

Дөңгелек үсте "Дін және тәрбие" 9, 10, 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жастарға қазіргі кездегі салт-дәстүрдің ара қатынасы, ондағы шешімін табуға тиіс мәселелер, сондай-ақ қазақ қоғамын жайлап бара жатырған түрлі теріс діни ағымдар, олармен күресу, сақтану жолдары турасында пікірлесе отырып, діни наным сенімін, олардың пайда, зияны туралы өмірден нақты мысалдар келтіріп, жастардың ойлау қабілетін шыңдау, отан сүйгіштікке, мейірімділікке баули отырып, имандылық тәрбие беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Желтоқсан 2017
386
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дөңгелек үстел тақырыбы: Дін және тәрбие Өткізілетін түрі: Дөңгелек үстел.Құрметті ата - аналар, ұстаздар, студенттер және дөңгелек үстелімізге келген қонақтар бүгінгі Байғанин техникалық колледжінде өткізіліп жатырған «Дін және тәрбие» атты дөңгелек үстелімізге қош келдіңіздер!Бүгінгі дөңгелек үстелінің мақсаты: Білімділік: Жастарға кәзіргі кездегі салт - дәстүрдің ара қатынасы, ондағы шешімін табуға тисті мәселелер, сондай-ақ қазақ қоғамын жайлап бара жатырған түрлі теріс діни ағымдар, олармен күресу, сақтану жолдары турасында пікірлесу. Дамытушылық: Діни наным сенім мен олардың пайда, зияны туралы өмірден нақты мысалдар келтіре отырып жастардың ойлау қабілетін шыңдау.Тәрбиелік: Отансүйгіштікке, ізгілікке, мейірімділікке баули отырып, имандылық тәрбие беру. Енді бүгінгі дөңгелек үстелімізге келіп отырған қонақтармен таныстырып өтейін.

Аудандық мешіттің бас имамы Ғабит СақтағанұлыАудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бауыржан ЕрдауылұлыҚұқықтық ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Нұргүл СалиқызыЖастар ресурстық орталығының басшысы Сая БазаралықызыАта – аналар комитетінің төрайымы Зауреш Түйтенқызы Гүлнәр ЕлубайқызыЖем сағыз газетінің тілшісі Майра МанарбекқызыКолледж директоры Бөрібай ТөлеуішұлыДиректордың орынбасары Бағыбай ҚалиұлыКолледждің тәрбие жөніндегі орынбасары Нұрлыбек АйсаұлыБүгінгі дөңгелек үстелінің жоспары:
  • Кіріспе
  • Бейне фильм көрсету
  • Бейне фильмге байланысты пікірталас ұйымдастыру
  • «Абайлаңыз!» Діни экстремизм
  • «Не істер едің?» Жағдаяттардың шешімін табу
  • Қорытынды


1.КіріспеМұғалімнің сөзі. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауларының бірінде айтып өткендей: «Біз мұсылманбыз оның ішінде Әбу Ханифа мәзһабын ұстанатын сүннеттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт- дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген. Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін – Ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал». Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев өзінің қара сөздерінде: «Адам баласын заман өсіреді, кімде – кім жаман болса, оған замандастарының бәрі кінәлі» деп ұлағатты сөз айтты. Сондықтан, мемлекеттің жастарын тәрбиелеуде, тәні сау және рухани бай жастар ортасын қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға ерекше көңіл бөлуі өте маңызды. Осы орайда адам мен діннің байланысы бүгінгі таңдағы қоғамымыздың дін мәселесі жайында оз ойларымызды, пікірлерімізді ортаға салып пікір алысайық? Олай болса сіздерге қойылатын алғашқы сұрағымыз 1.ДІН ДЕГЕНІМІЗ НЕ, СОНЫМЕН ҚАТАР ДІННІҢ САЛТ – ДӘСТҮРГЕ ТИГІЗЕР ПАЙДАСЫ ҚАНДАЙ? Осы сұраққа сіздердің пікірлеріңізді білсек.(ПІКІРЛЕРІҢІЗГЕ РАХМЕР)Осы жерде сіздерге мына бір бейне роликті ұсынғым келіп тұр, назар аударайық. (БЕЙНЕ РОЛИК КӨРСЕТІЛЕДІ) Енді біздің мақсатымызда осы жастарды осындай жат діни ағымдардан аулақ болуға шақыру. Олай болса бейне фильм туралы пікір алыссақ.ӨЗ ОЙЛАРЫҢЫЗДЫ ОРТАҒА САЛҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ! Діннің адамзатқа берер пайдасы мол, бірақ бүгінгі күні өздерінің теріс әрекеттерін пайдаға асыру үшін дінді қолданып жүргендер де жеткілікті.Сондықтан Қазақстан Республикасы аймағында тиым салынған діни бірлестіктер туралы біліп жүрген дұрыс. Олай болса біздің мына отырған жастарымызға өз ақыл кеңесіңізді айта отырсаңыз деп сөз кезегін аудандық мешіттің бас имамы Ғабит Сақтағанұлына береміз.Енді студенттердің де сізге қояр сұрақтары бар екен, ендеше кезекті студенттерге берейік.
  • Дәстүрлі емес діндерге және ағымдарға тән ерекшеліктерді айтып берсеңіздер?
  • Оның дәстүрлі емес екендігі немен байланысты?
  • Өзге діннің ықпалында кетіп қалмау ушін нені білуіміз керек?
  • Экстремизм дегеніміз не?
  • Неліктен экстремистік күштер діншілдікті пайдаланады?




Сонғы кезде әлемнің көптеген елдері үшін терроризммен күрес мәселесі аса өзекті болып отыр. Тероризм - бұл қылышынан қаны тамып тұрған зұлымдық. Терроризмнің барлық түрлері және көріністерімен, ауқымды және қарқындылығымен, зұлымдығы және қанішерлігімен бүгінгі заманда ең өткір мәселеге айналуда.3. «Абайлаңыз!» (Діни экстримизм) Ролик көрсету4. «Не істер едің» (Жағдаяттардың шешімін табу)1 – жағдаят Сен сабақтан қайтып келе жатырғаныңда алдыңнан өзің қатарлы жігіттермен қыздар шығып сенің дінге деген көз қарасыңды білмек болып сұрақтар жаудырады. Осы жағдайдағы сенің іс әректің қандай?Олармен пікір бөлісесіңбе немесе үндемей кете бересің бе? Шешіміңді дәлелде?2 – жағдаят Бір күні сені жан досың бір жерге ертіп баратындығын айтты. Онда барғаныңда үлкен жиынның үстіне түстің. Сені бейтаныс адамдар сөздерімен өздеріне қосылуға үгіттей бастады. Досыңда солар жағында, тіпті саған сыйлықтар ұсынғандары да болды. Осы жағдайда сен не істер едің? Қандай да бір шұғыл шешім қабылдайсың ба? Өз шешіміңмен бөліс. 6. Осыған байланысты студенттерге тағыда сұрақтар қойып сіздердің ойларыңызді білсек?1. Иманды адам деп кімді айтамыз?2. Сіздердің ойларыңызша имансыз адам дегенді қалай түсінесіңдер?3.Ата-ананы құрметтеу, ұстазға бағыну, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсетуге байланысты сіздердің айтар ойларыңыз. (Дәстүр туралы) Ролик көрсетуКелесі кезекті Шәкәрім Құдайбердиевтің «Адамдық борышың» атты өлеңіне кезек берейік.Оқитын Автокөлік жүргізушісі оқу тобының студенті Өтеулина НұрханымҚорытынды: Бүгінгі «Дін және тәрбие» атты дөңгелек үстелімізді Елбасымыздың сөзімен қорытындылағым келіп отыр. «Діни экстремизмді алатын болсақ, ол адамдар арасына іріткі салуға, өшпенділік отын тұтатуға, қантөгістер ұйымдастыруға жол ашады. Пиғылы бөтен, қазақтың болмысына жат ағымдарға кәзір тосқауыл қоймаса, онда ертең бірлігімізге сызат түседі. Егер елімізде нағыз таза мұсылман, Құранның жолымен жүретін халық көп болса елде береке, бірлік тыныштық болады» келешек қоғамның алтын тірегін сақтап қалу керек болса, ибалы адам, иманды сол тіршіліктің алтын тірегіне айналсын деп бүгінгі дөңгелек үстелімізді аяқтағым келіп тұр. Келген қонақтарымызға рахмет айтамыз.























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ