400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Дөңгелек үстел

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиелік мәні бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дөңгелек үстелдің тақырыбы: Менің мамандығым – менің болашағым.

Мақсаты: Оқушылардың мамандық таңдау, олардың әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын қызығушылықтарын арттыру, бағыт-бағдар беру және психологиялық қолдау көрсету.

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, слаидтар

Әдісі: әңгімелесу,сауалнама,дидактикалық ойындар

Қатысушылар: 9-сынып оқушылары

Дөңгелек үстелдің ережесі:

  1. Сыйластық;

  2. Тыңдай білу;

  3. Сөзді бөлмеу;

  4. Белсенділік таныту;

  5. Шығармашылық:

  6. Төзімділік:

  7. Түсіністік қарым-қатынас.

  8. Кіріспе сөз:
    Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны таңдау. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: « Отанның болашағы мемлекеттің келешегі жастардың қолында, олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді» деп айтқан. «Мамандық дегеніміз не?», қоғамға, адамдардарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Жақсы маман болу үшін алға қандай мақсат қою керек? Осы және басқа да мәселелер туралы ой өрбітеміз.
    Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды сабаққа дайындау.1. Тренинг. Сенің ерекше қабілетің: Бір-бірімізге тек қана бір жақсы қабілетімізді жазайық. Оқушылар, сыныптастарының арқасында ілінген ақ қағазға, оқушының өзі байқаған жеке қасиетін жазады. Мысалы: ұйымшыл, белсенді, іскер, өнерлі. Әр адам ерте ме, кеш пе өз өмірінде Қандай мамандық иесі боламын? деген сұраққа жауап іздейді. Мамандық таңдау – өте жауапты іс. Өйткені, таңдаған мамандығың ертеңгі сенің өмірің, болашағың, қоғамның болашағы, еліміздің ертеңі. Ал осы мамандықтың қанша түрі бар деп ойлайсыңдар? Американдық кәсіптер сөздігінің мәліметтері бойынша 40 мыңға жуық мамандық түрі бар екен. 
    2. Миға шабуыл- ой қозғауды бастайық: 
    Мамандық дегеніміз не? 
    Мамандықты меңгеру үшін не қажет?
    Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?
    Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыңдар?
    Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
    Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек?
    Адам өзің белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек?
    Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?

    3.Кім боламын?
    Бұл аса бір күрделі де қиын сауал. Осыған жауап беретін адам кім дегенде алдымен ауызға ілігетіні тағы да сол баланың ата- анасы. Өйткені олар өз перзентінің жай-күйін бесікте жатқан кезінен жақсы біледі. Одан кейінгі оның бірден- бір ақылшысы: өз шәкіртін күнде көріп, өзіндік мінез-құлық, қабілет бейімін көңіліне түйіп жүретін ұстазы. 

    Мамандық таңдау
    Алға тарт деп жас жүрек бұлқынады.
    Балалықпен қоштасар күн туады.
    Онжылдықтан шыққандар оқу іздеп
    Юрфакқа түсуге ұмтылады.
    Не демекпіз шөліркеп дала жатса
    Не болмақшы теңіз, құм араласса?
    Жұмыс іздеп уақытша келгендермен
    Кешіп жатыр өз күнін балабақша.
    Бала бағу. Оны ешкім жаратпады,
    Заң маманы болуды қалап бәрі.
    Ақиқатқа құштар ма мына ұрпақ
    Армандап жүр кімдерді жауаптауды?..

    4. Пікірталас:
    1) Мамандық таңдауда нені есепке алу керек?
    2) Адамның қандай қасиеттері кәсіби түрде қажет?
    3) Адам кәсіби жұмыста қалай табысқа жете алады?
    4) Маман иесі дегенді қалай түсінуге болады?
    5) Алдағы уақытта қандай маман иесі болатыныңыды, қандай бағытты, қандай оқу орнында оқитыныңды жәнеде өзіңнің болашақ кәсіби қызметің туралы білесің бе? Осы туралы ойладың ба?

    Ата-ананың арманы-баласын дүниеге әкелген соң, қызығын көру. Қазақта сөз бар: Жақсы бала- сүйік, жаман бала- күйік деген. Осы айтылған сөздің түбінде үлкен ой жатыр. Әрбір ата-ана баласының қызығын көруді армандайды, білімді болғанын қалайды, өмірден өз орнын тапса екен деп жатса да, тұрса да алладан сұрайды.

    5. Кеңестер:
    1. Ең бірінші оқушы өзіне деген сенімін және өзін -өзі құрметтей білуі керек.
    2. Өзіңіздің шын тілегіңізді аша біліңіз. Өзіңізге сұрақ қойыңыз: Шынымен маған не қажет? Қайда жұмыс жасағым келеді?
    3. Мамандық алу және маман болу үшін көп нәрсені үйренуің керек. Мамандықтардың талаптары туралы білуге, содан кейін жеке қасиеттеріңмен сәйкестендіру, яғни кәсіби жоспар жасау. (Сіз кіммен араласасыз? Соның бәріне мынандай сұрақ қойыңыз: Ол қайда оқыды? Неге бұл мамандықты таңдады? Ол мамандық ұнай ма? Ұнаса, неге ұнайды?)
    4. Өзіңнің мамандануыңдағы ең басты да түпкі жетістігіңді анықта. (Қазіргі замандағы мамандықтардың маңызы не? Кез келген жағдайда мамандық әлемінде қажетті болу және өмір сүруге не керек?)
    5. Кез келген арманды іске асыра біл.
    6. Сізге, мемлекет үшін де, қоғам үшін де- компьютерлік сауаттылық, тілдер білу және адамдармен тіл табысып, оған қоса өзіңді жақсы білуің керек.
    Бес қадам маңызды жолдағы дұрыс қадам- қоғамда сіздің қажетті болуыңызға және арманыңыздың орындалуына себебін тигізері сөзсіз. Мамандық таңдауда оның 5 қадамын жоспарлау керек:

    6.Әріпті мамандық ойыны 
    Нұсқауы. Тренингке қатысушылар 3-4 топқа бөлінеді. Әр топқа бір әріптен беріледі. Әр топ өзара келісе отырып, сол әріптен басталатын мамандық аттарын жинақтап жазып, ауызша атап шығулары керек. Сонымен қатар, өздері тапқан мамандықтарының қыр - сырын айту керек. 
    Мысалы:
    І топ: А, ІІ топ: К, ІІІ топ: Ж, ІІІ І топ: Б.
    агроном күзетші журналист биолог
    “Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе” - деген Жүсіпбек Аймауытовтың мұралы сөзі әлі күнге маңызын жойған жоқ.
    7. Егер мамандық иесі болсаң не істер едің... (ситуациялық шешу)
    Дәрігер. Ауырған адам сізге келіп, қойған диагнозбен келіспейтінін айтты. Сіздің шешіміңіз?
    Мұғалім. Сабаққа атана қатысып отыр. Үй тапсырмасын сұрадыңыз, ешбір оқушы дайын емес. Не істер едіңіз?
    Журналист. Жазған мақалаңыз кейбір жандарға ұнамай, сізге ескерту жасады, қорқытты, Не істер едіңіз?
    Заңгер. Екі бала арасында келіспеушілік болды, екуіде өздерінің іс-әрекеттерін дұрыс деп есептейді. Бұл дау-жанжалды заңгер ретінде қалай шешер едіңіз?
    Программист. Сізге облыстан тексеруші келіп ехсеl прогаммасымен жұмыс жасап жүргізді. Бірақ бұл кісі сенің қасында қарап тұр, сен жұмыс істей алмай жатырсың. Не істер едің?
    Автоэлектрик. Сіз машинамен келе жатырсыз. Кенеттен машинаңыздың ішінен бір жағымсыз иіс шықты. Ал сонда сіз не істер едіңіз?
    Қаржыгер. Зейнеткердің зейнетақысы бір номер қателесіп, келесі адамға түсіп кетті. Сондағы сіздің әрекетіңіз?
    Кәсіпкер. Сіз кәсіпкерсіз. Жаңа жылға орай сіз көп отшашулар әкелдіңіз. Бірақ тұтынушылардың ешқайсысы оны алмады. Сізге оның ақшасын толтыру қажет. Сіздің сондағы әрекетіңіз?

    8. Шағын викторина. 
    1. Кім бірінші: ер ме, әйел ме тоқыма тоқыған? (ер)
    2. Адамды жұмысқа алу үшін толтыратын құжат қалай аталады? (контракт)
    3. 14 кәсіпорын ашқан орыс патшасы кім? (Петр І)
    4. А. П. Чехов мамандығы бойынша кім болған? (дәрігер)
    5. Ақшаңыздың санын қалай екі еселеуге болады? (айнадан қарағанда)
    6. Қай адам бір қолын көтеріп автомобильді тоқтата алады?(май инспекторы)
    7. Кімнің алдында адам бас киімін шешеді? (бастық)

    Қорытынды: Әбунасыр Әл Фараби: ...адам кез-келген жұмысқа жарамды бола бермейді. Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесекте содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады,-деген.
    Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап,
    Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
    Өзіңе сен өзіңді алып шығар,
    Еңбегің мен ақылың екі жақтан.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25.03.2019
2304
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі