Материалдар / Дөңгелек үстел
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Дөңгелек үстел

Материал туралы қысқаша түсінік
Дөңгелек үстелдің басты мақсаты тілді қорғау, оның қолданыс аясын кеңейту... Ұлтшыл емес, ұлттық сана-сезімі мол, Отанын, ана тілін өз анасынан кем сүймейтін азамат пен азаматша тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін ояту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қырқүйек 2021
2210
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: "Тілім менің тірегім

Мақсаты: Дөңгелек үстелдің басты мақсаты тілді қорғау, оның қолданыс аясын кеңейту... Ұлтшыл емес, ұлттық сана-сезімі мол, Отанын, ана тілін өз анасынан кем сүймейтін азамат пен азаматша тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін ояту

Дөңгелек үстелдің барысы:
Кіріспе сөз:
Құрметті бүгінгі дөңгелек үстелге жиналған қонақтар, тіл жанашырлары! Сіздерді өткір тілді, дархан пейілді, «Тілдер мерекесі» күнімен шын жүректен құттықтаймын! «Тілім менің – тірегім »атты дөңгелек үстел басындағы ой бөліске қош келдіңіздер



«Өткірдің жүзі ,кестенің бізі,

Өрнегін сендей сала алмас»-нені айтқан?

Жауабы: Тілімізді айтқан.


Олай болса тіл дегеніміз не ол?Тіл деген ұғымды кім қалай түсінеді?



Ұлттық қазынамыз

Shape1

Shape2 Shape3 Әдебиет Намысымыз



Shape4 Shape5 Мәдениет Тіл Байлығымыз

Shape6 Shape10 Shape8 Shape7 Shape9

Арымыз Достық көпірі



Халықтың күре тамыры Қарым-қатынас құралы

Баға жетпес құндылық







Тіл- халықтың жаны,сәні, тұтастай кескін келбеті. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі.Біздің осындай қасиетті мұрамыз, ана тіліміз-қазақ тілі.Қазақ тілі- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі.

Тілім менің ғасырлардан аманат,

Аманатқа адам болсын қолғанат.

Ар-намысқа келтірмейік жаман ат.

Қазақ болып туылдың ба,ендеше,

Өз тіліңді өзгелерге бағалат-дегендей,осы мақсатқа біз өз өңірімізді мекендеген басқа ұлт өкілдерін де қазақ тілін меңгерулеріне ықпал жасау керекпіз.

Елбасының қазақ тілі туралы айтқан сұхбаты бар соған назар аударайық.Барлығымыз бейне роликке қарайық. (Слайд көрсетіледі) бейне ролик бойынша қандай ой түйіндедіңіздер? Әр сұрақтан кейін жауаптары, пікірлері тыңдалады.
Жауаптарыңызға рахмет!

Ал енді сыр сандықты ашайық,ішінен жібек шашайық.

Тіл туралы мақал - мәтелді жалғастыр:


2. Дәлелсіз сөз........(желмен тең)

3.Ине көзінен сынады,.....(шешен сөзінен сынады)

4.Піл көтермегенді,......(тіл көтереді)

5.Жеті жұрттың тілін біл,.....(Жеті түрлі ілім біл)

6.Бас кеспек болса да,......(тіл кеспек жоқ)

7.Жыланның уы тісінде,адамның уы...(тілінде)

8.Тілден артық.......(қазына жоқ)

10.Көре-көре көсем боларсың,

Сөйлей-сөйлей....(шешен боларсың)

11.Ана сүті бой өсіреді,ана тілі.....(ой өсереді)

12.Шебердің қолы ортақ,

Шешеннің..........(тілі ортақ)

13. Өз тілің –бірлік үшін,

14.Өзге тілің......(тірлік үшін)

15.Тауды, тасты жел бұзар, ... (адамзатты сөз бұзар)

16.Сүңгі жарасы бітер, ... (тіл жарасы бітпес) 







Зеректік

(мақалдағы бос сөзді тауып жауабын 3 тілде айту)



Тапқыр болсаң тауып көр :

(сурет бойынша мақал – мәтелдер табу)

Викториналық сұрақтар: 

1.Қазақ тілі қашан мемлекеттік мәртебеге ие болды?

/22.09.89ж/

2.Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы қашан қабылданды?

/11.07.97ж/

3.Қазақ әліпбиін құрастырған қазақ зиялысы кім?

/А.Байтұрсынов/.



4.Қазақ халқы алғаш қандай жазуды қолданған?

/Араб жазуын/

5.Нешінші жылы латын алфавитіне көшті? /1929ж/.

6.Кириллица жазуын қай жылы қолдана бастады? /1940ж/.

7.Елбасымыздың туған жылы ?/06.07.1940ж/

8. Н.Ә.Назарбаев қашан президент болып сайланды?/01.12.1991ж/

9. Қ.Р - ның Мемлекеттік рәмізі қай жылы бекітілді?/04.06.1992ж/

10.Шөлдегі ең ұзақ ұйықтайтын жәндік? /тасбақа/

11.Ең жарық жұлдыз қалай аталады? /сириус/

12. Дүниедегі ұшатын құстар мен жәндіктердің ішіндегі қанатын жиі

қағатыны қайсысы? /шыбын/

13.Әлемдегі ең кішкентай құс қалай аталады?/Колибри/

14. Аты да,мінезі де бұзық өзен  /Тентек/

15. Неліктен 1 желтоқсан мереке күні болды?







Сергіту сәті

«Өнер алды –қызыл тіл»,

Анаңдай оны құрметте!

Қажымай,талмай үйрен біл,

Асылын сөздің өрнекте.

Ана тіл – асыл қазына

Байлығың – білсең ол сенің.

Жеткізер өмір жазына,

Сонымен өсер өркенің







Тіл өнері

(мақалды дұрыс орналастырып табу)

  1. Жатқан, қария, дария, ақылды, ағып

  2. Күйініш, жақсысы, жаманы, сүйініш, баланың

  3. Тамған, тамар, у, бал, тілден, да

  4. Үйдің, жылы, туған, түтіні

  5. Шықпас, шаңы, үні, жаяудың, жалғыздың

  6. Ананың, далада, көңілі, баланың, балада, көңілі



Қызықты сұрақтар

1.Жерден неше қоян табуға болады?

2.Түймедейді қалай үлкейтеді?

3.Қара қылды қалай жарады? қақ жару

4.Сөз неден өтеді ?

5.Шебер мен шешеннің несі ортақ? қолы мен тілі

6.Не жетпеген жерге сөз жетеді? көз

7.Қызым саған айтам,бұны кім тыңдасын?

8.Қандай сөзден мән шықпайды? құр

9.Піл көтермегенді не көтереді?

10.Аңдамай сөйлеген қайтеді?



Қорытынды сөзБүгінгі дөңгелек үстеліміз өз мәресіне жетті.

Қазақ тілі-біздің ана сүтімен бойымызға дарыған- ана тіліміз

Қадыр Мырза Әли ағамыз айтқандай;

Ана тілі-арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте-дегендей ,өз тілімізде сауатты жазып,сөйлей

білейік,тіл тазалығын сақтап,қадірлей білейік .

Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет!




Жамбыл ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Ертөстік»бөбекжайы»



Shape11



Дөңгелек үстел





Тақырыбы: «Тілім менің тірегім»









Өткізген тіл маманы: Ж.Асанова





2017 жыл

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!