400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 20 материал табылды

дөңгелек үстел 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге, өзін-өзі тану пән мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Таныстым»

ДОІЖО: Ғ.Мамытова

Тақырыбы: «Ата-анаң-алтын тұғырың» /дөңгелекүстел/

Мақсаты: Отбасы құндылықтарын дәріптеу; ұстаз - оқушы - ата-ана өзара қарым-қатынастарын жақсарту; отбасындағы сүйіспеншілік, сыйластық сезімдерді нығайту.

Әдістері: дөңгелек үстел, пікір алмасу, сұрақ-жауап, психологиялық жаттығулар.

Көрнекілігі: Отбасы туралы мақалдар, нақыл сөздер, слайд-презентация.

Барысы:
1. Кіріспе сөз
2. Ой қозғау
3. Сөйлемді жалғастыру 
4. Бүгінгі менің ойым
5. Рефлексия: «Бәйтерек ағашы» (тренинг)
6. Қорытынды

1. Кіріспесөз

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің мектебімізде «Отбасылық тәрбие баланың әлеуметтендірудегі басты факторы» атты аудандық семинар аясында10 сынып оқушыларының қатысуымен өткелі отырған «Ата-анаң-алтын тұғырың» атты дөңгелек үстелге қош келдіңіздер! 

Ата-ананың тілегі баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.

Баланы баптап бақпасаң.
Жамандықтан қақпасаң
Қадірден жұрдай қасқа боп.
Кешкенің өмір босқа тек –
 дегендей баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата анна жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі, бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол анаға қарап өсіп, бой түзеді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы демеуші ата ана. 

Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы ата-ана. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда сонны іледі» деген ата бабамыздың қалғана сыл сөздің сырына үңілер болсақ, бала әкеден ақыл, анадан мейір алады.

Балаң жақсы тәрбиелі болса, о дүниеде Алла Тағаланың алдында бұлдүниеде адамзат арасында да жүзің жарқын болады дейді сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед хадистерінің бірінде, біздің балаларымыз әлі жасшыбық тәрізді, түбінәрлі болса, мәуелі болып өседі, нәрі әлсіз болса, жапырағы қураған ағаш тәрізді білімсіз, ғасыр індетіне айналған азғындық жолына түсіп, соның құрбаны болуы өсуі үшін ата-аналардың азаматтық борышы өте зор.

2. Ойқозғау (Отбасыкүні, видео 1)

- Қарызға берем деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Ұстаздарға арналған сұрақ
Баламен қарым қатынаста ата ананың қызметі сізді қызықтыра ма?
Оқушыларға арналған сұрақ
Білім алуда саған жауапты кім деп ойлайсың?

3. Сөйлемді жалғастыру 
Бүгінгі сіздерді «Отбасы - бақыт мекені» деп аталатын тақырып төңірегінде ойымызды топтастырып, әрі қарай жалғастырайық /оқушыларға да ата аналарға да мына ойларды жалғастыру беріледі/
Бақыт дегеніміз не.................
Отбасы бақытты ол....
Келешектегі отбасымның бақыты үшін мен....

Отбасы мүшелерінің міндеттері..................
Борыш дегеніміз не...?

Отбасы бақыты кімның қолында

Баланың жақсысы – қызық, жаманы күйік (Абай)

Ата – бабасын сыйламау – азғындықтың белгісі (Пушкин)

Кімде – кім ата – анасын разы еткен болса, ол қандай жақсы . Алла тағала оның өмірін ұзартады (Мың бір хадистен)

Ағайынды алтау болсаң, адам тимейді,

Тура жүрсең, лебізің күймейді.

4. «Бүгінгі менің ойым» деп аталады(Отбасы күні, видео 2).

Оқушыларға мынандай сұрақтар беріледі.

-Ата-ана алдындағы парызыңызды білесіз бе?

-Өз ата-анаңызды ренжіткен, артынша өкінген кезіңіз болды ма?

-Ата –анаңыз үшін күнделікті өмірде дұға жасап жүресіз бе?

-Өзіңізге не түйдіңіз?
-Ой мама, қойыңызшы осы, сіз оны түсінбейсіз?

Мұны дұрыс істеген жоқсың, сол үшін анаң ұрсып жатыр. Ұрысқаны үшін анаң кінәлі ме, дұрыс істемегені үшін сен кінәлісің бе?

Ата-аналарға (тыңдаушы ұстаздарға сұрақ)сұрақ
Балаңыздың «ой, қойшы мама» деген сөздері сізге ауыр тиеме?

Сенің кез келген жақсы ісің үшін алғаш қуанатын да анаң, кез келген дұрыс емес ісің үшін ренжитін де анаң. Ана жүрегі енді ғана қауызынан ашылар гүл. Сенің бір ауыз сөзің гүлдей болған ана жүрегін тырнап алуы мүмкін. Ана жүрегі ренішті де, ауруды да, қайғыны да бәрін бәрін көтереді. Бірақ әрбір тырнаудың ізінен мәңгілікке жара қылып кетеді осыны ұмытпа. Оқушылар сендерге осы жерде айтылған сөздер тек анаға арналады, яғни әкені ренжітуге болады деген ой тумасын, анасын сыйлаған бала әкесін де сыйлайды. 

5.Рефлексия: «Даналық ағашы» (тренинг)

Құрметті ата-аналар, оқушылар! Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Даналық ағашы» жаттығуын тілек айта отырып жүргізейік..

6. Қорытынды. 





С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернаты





аудандық семинар



Дөңгелек үстел


Тақырыбы:Ата-анаң-алтын тұғырың.





Рисунок 7


Сыныбы: 10ә

Пән мұғалімі: М.Сатыбалды





2018-2019 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
03.04.2019
1101
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі