400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дөңгелек үстел "Берекелі отбасы-бала бақыты"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі мекеме қызметкерлеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы



Мақсаты: Ата-аналардың бала тәрбиесіне көзқарасын өзгерту, балабақшаға позитивтік қатынасының қалыптастыру. Педагогикалық және психологиялық салауаттылықты жетілдіру; қалыптасу мен дамыту мәселері бойынша тәжірибе алмасу, бір-бірімен сұхбаттасу.
Көрнекіліктер: нақыл сөздер, суреттер, электронды тақта, қалам, қағаз. Бөлме іші шар, тақырыбы және нақыл сөздер жазылған плакаттар мен мазмұнды суреттермен әсем безендірілген.
Әдіс-тәсілдер: әңгіме, сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, ойын, ассоциация, Венн диаграммасы, сауалнама.
І. Кіріспе. Тақырыпқа байланысты қысқаша әңгіме, баяндама.
Құрметті ата-аналар! Бүгін біздің «Шұғыла»тобында «Берекелі отбасы-бала бақыты» деген дөңгелек үстел өткізіліп жатыр. Біз бала, оның тәрбиесі, отбасы және
балабақшаның бала тәрбиесіндегі орны туралы пікірлерімізді, өз ойымызды, көзқарасымызды ортаға салып сұхбатасамыз, бір-бірімізбен тәжірибе алмасамыз.
Балабақшаға келер алдында бала отбасында тәрбиеленеді. Отбасы деген не? Отбасы адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген
сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады.
Отбасы – шағын мемлекет әр мемлекеттің өзіне тән өндіріс, өнім, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс – шығыс бюджеті, тәртібі, заңы болады .
«Ел болам десең – бесігінді түзе» деген нақыл сөзді біздің ата-бабамыз мұра болып қалдырған. Бұл нақыл сөзді қалай түсінуге болады?
Қазақ отбасында өз баласың мейірімділікке, имандылыққа бауылып өсірген. Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді.
Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана  әуелі баласына өздерін сыйлап – құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сипайлық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған.
Отбасы – жақын туыстық қатынас. Қазақтың отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол – ата, әке, бала.
Ата — әжелер, ауыл – аймақ, ағайын арасының берекесі, ақылшысы болып келеді. Олардың әрқашанда мәртебесі биік болып, сый – құрметке бөленген. Олар жыр, дастан, ертегі айтып немере – шөбелеріне рухани байытып тәрбиелеп отырған.
Әке – әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушы, қамқоршысы.Әке үйі барлық балалары үшін үлкен үй, қара шаңырақ деген киелі ұғымдармен сыйлы да құрметі.
Әйел, ана – отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір – шапағат көзі. Аналардың басты міндеті – отбасы беріктігін сақтау, бала тәрбиелеу, ерлерін барынша сыйлау, рухани қолдау көрсету болып табылады.
«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дегендей ата-ана отбасында балаларына қандай тәрбие берсе, ертең сондай бала өседі, ата-анасына сондай абырой алып береді. Сол себептен қазақ халқы бала тәрбиесіне ерекше назар аударған. Бала – әке-шешесінің перзенті, ұрпағы. Бала – ата-ананың көз нұры, көңіл қуанышы

Екі топқа бөлінеді: Қызыл гүл тобындағылар:

  1. Нұрбек Әлібекұлы

  2. 2.Айкүміс Сакенаева

  3. ГүлбадамМасалимова

  4. Құндыз Уахитова


Сары гүл тобындағылар:

1.Атшыбаева Рита

2.Алина Жолдығалиева

3.Ақмарал

4.Бақытжамал Ержанова

5.Айгерім



Барысы:
1.

Баланы баптап бақпасаң.
Жамандықтан қақпасаң
Қадірден жұрдай қасқа боп.
Кешкенің өмір босқа тек -
 дегендей баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі, бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол анаға қарап өсіп, бой түзеді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы демеуші ата ана. (Отбасы күні, видео 1)

Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы ата-ана. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата бабамыздың қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ, бала әкеден ақыл, анадан мейір алады.

Балаң жақсы тәрбиелі болса, о дүниеде Алла Тағаланың алдында бұл дүниеде адамзат арасында да жүзің жарқын болады дейді сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед хадистерінің бірінде, біздің балаларымыз әлі жас шыбық тәрізді, түбі нәрлі болса, мәуелі болып өседі, нәрі әлсіз болса, жапырағы қураған ағаш тәрізді білімсіз, ғасыр індетіне айналған азғындық жолына түсіп, соның құрбаны болуы өсуі үшін ата-аналардың азаматтық борышы өте зор.

2. Ой қозғау (Бала тәрибиесі, видео 2)

- Ата-аналарға арналған сұрақ
Балаңыздың білім алуына көп көңіл бөлесіз бе?
- 
Ұстаздарға арналған сұрақ
Баламен қарым қатынаста ата ананың қызметі сізді қызықтыра ма?
- 
Оқушыларға арналған сұрақ
Білім алуда саған жауапты кім деп ойлайсың?

3. Сөйлемді жалғастыру (Жанұяңа уақыт бөл, видео 3)
Бүгінгі сіздерді «Отбасы - бақыт мекені» деп аталатын тақырып төңірегінде ойымызды топтастырып, әрі қарай жалғастырайық /оқушыларға да ата аналарға да мына ойларды жалғастыру беріледі/
Ата-аналарға
Отбасы бақытты ол....
Келешектегі отбасымның бақыты үшін мен....
Оқушыларға
Бақыт дегеніміз не....?
Борыш дегеніміз не...?

4. «Бүгінгі менің ойым» деп аталады. Оқушыларға мынандай сұрақтар беріледі.
Ой мама, қойыңызшы осы, сіз оны түсінбейсіз?

Мұны дұрыс істеген жоқсың, сол үшін анаң ұрсып жатыр. Ұрысқаны үшін анаң кінәлі ме, дұрыс істемегені үшін сен кінәлісің бе?

Ата- аналарға сұрақ
Балаңыздың «ой, қойшы мама» деген сөздері сізге ауыр тие ме?

Сенің кез келген жақсы ісің үшін алғаш қуанатын да анаң, кез келген дұрыс емес ісің үшін ренжитін де анаң. Ана жүрегі енді ғана қауызынан ашылар гүл. Сенің бір ауыз сөзің гүлдей болған ана жүрегін тырнап алуы мүмкін. Ана жүрегі ренішті де, ауруды да, қайғыны да бәрін бәрін көтереді. Бірақ әрбір тырнаудың ізінен мәңгілікке жара қылып кетеді осыны ұмытпа. Оқушылар сендерге осы жерде айтылған сөздер тек анаға арналады, яғни әкені ренжітуге болады деген ой тумасын, анасын сыйлаған бала әкесін де сыйлайды. (Мен әкемді жақсы көремін, видео 4)

5. «Жанұя» ойыны (тренинг)
1 Балаңыздың туған күні?
2 Сынып жетекшінің толық аты жөні?
3 Балаңыздың парталас көршісі кім?
4 Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?
5Балаңыздың сүйікті асы қандай?
6 Балаңыз кеше қандай баға алды?
7 Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
8 Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?
9 Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
10 Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?
11 Балаңызға ашуланғанда ең алдымен аузыңызға қандай сөз түседі?
12 Балаңыздың ең жақын досы кім?

6.Рефлексия: «Тілек шамы» (тренинг)

Құрметті ата-аналар, оқушылар! Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып, бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңыз сұралады.

7. Қорытынды. Қадірменді ата-ана Макаренконың «Біздің балаларымыз біздің қартайған шағымыз. Дұрыс тәрбие бұл бақытты қарттық, нашар тәрбие бұл біздің болашақтағы сорымыз, бұл біздің көз жасымыз, бұл біздің басқа адамдар мен бүкіл ел алдындағы кінәміз» деп айтқандай бақытты қарттық көргіміз келсе, балаларымызды жақсылап тәрбиелейік. Баланың бас ұстазы-ата-ана. Отбасы мерекесі құтты болсын!

«Тәрбие басы- отбасы» дөңгелек үстел.






Тақырыбы: «Тәрбие басы- отбасы» дөңгелек үстел.
Мақсаты: Бала тәрбиесін ата- аналармен біріге шешу. Ата - аналардың өзара қарым - қатынасын жақсарту.
Көрнекілігі: Ақ қағаз, акварель бояу, ағаштың суреті салынған А3 қағаз.

Барысы:

Сәлеметсіздерме құрметті ата- аналар. Бүгінгі біздің «Тәрбие басы- отбасы» атты дөңгелек үстелімізге қош келдіңіздер! Қазір мен сіздерге сұрақтар дайындап қойдым. Сол сұрақтарды оқып, өз ойларымызбен бөлісейік.

І. Берілетін сұрақтар:

1.Ата-анамен бала арасындағы махаббатты қалай түсінесіз?
2.Бақытты жанұя қандай болады?
3.Бала тәрбиесіндегі әке мен ананың рөлі?
4.Ата-анамен балабақшаның ынтымақтастығы дегенді қалай түсінесіз?

5. Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?
6. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер, Мысалы: түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады,..... деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да сондай сауалдарды көп қоятын болса, жауап беруге тырысасыз ба, әлде елеусіз қалдырасыз ба?
 
7. Сізге балабақшадағы тәрбиешіден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата - аналардан да «Біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?
8. Кейбір ата - аналардың баласының әрбір іс - әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың», - деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
9. Балаңыздың тәртібі жайлы білгіңіз келіп, балабақшаға келіп тұрасыз. Тәрбиешісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз?
10. Балаңыз қандайда бір теріс іс - әрекеттер көрсетсе, сіз қандай шара қолданасыз?

Келесі тапсырма мен сіздерге сөйлемнің басы бар, ал аяғы аяқталмаған карточкалар тараттым. Сол карточкалардағы сөйлемдерді өз ойларыңызды ортаға салып аяқтау қажет.

ІІ. Сөйлемді аяқтау.
1. Егер баланы үнемі сынап отырса...(оқуға құлқы болмайды).
2. Балаға үнемі күлсе...(бұйығы болып өседі).
3. Баланы қолдап отырса...(өз қадірі үшін оқиды).
1. Баланы шыншылдықта өссе...(ол шыншыл болады, өтірік айтпайды).
2. Бала төзімділікте өссе...(адал болып жетіледі).
3. Бала қауіпсіз жағдайда өссе...(ол адамға сеніммен қарайды).
1. Бала кекшілдікте өссе...(ол қатыгез болып өседі).
2. Бала адалдықта өссе...(адал болып жетіледі).
3. Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе...(бұл әлемнен махаббат табуға үйретеді).

ІІІ. Тренинг:
1. «Танысу» тренингі.

Жүргізу жолы: Әр ата - ана өзін таныстыру керек, өзінің атына екі - үш сын есімін қосып таныстыру. Мысалы: Айдай сұлу - Айсұлу.

2. «Шеңбер» тренингі.

Мақсаты: Өзара сенімділікті арттыру.

Барлық қатысушылар 10 адамнан бөлініп шеңбер құрып тұрады. Ортаға бір адам шығып көзін жұмып, орнынан қозғалмай тұрады. Ал басқалары сол адамды қолдарымен итеріп шеңбер бойымен айналдыру керек.
3.
Тақырыбы: «Бір- біріңе жақында» тренингі.

Мақсаты: Қатысушыларда болатын агрессияны төмендету.

Жүргізу жолы: Сіздер бөлмеде еркін ,билеп жүресіздер де, менің айтқанымды орындайсыздар. Мен екеу деп айтқанда, сіздер өздеріңізге жұп тауып алуларыңыз керек. Еркін дегенде барлығы қайтадан еркін жүреді. Төртеу дегенде төрт адам бірігіп шеңбер құрып тұра қалу керек. Барлығы билеп тұру керек. Бесеу дегенде бес адам шеңбер құрып тұра қалу керек.

4. Тақырыбы: «Сенімділік» тренингі.

Мақсаты: Қатысушыларда басқа адамға деген сенімділігін арттыру.

Жүргізу жолы: Қатысушылар екі адамнан бөлінеді. Бірінші бір адам көзін жұмады ал екіншісі ол адамды қолынан ұстап бөлмені аралату керек. Көзі жұмық адам көзін ашып қойса онда ол жанындағы адамға сенбейді, ал көзін ашпаса ол жанындағы адамға сенеді. Сосын орындарын ауыстырады. Соңында өз сезімдерімен бөліседі.

5.«Есім» тренингі.

Әр топ мүшелері өзара әр адамға неге ұқсатады сол бойынша есім қояды. Әсіресе табиғат құбылыстарына, өсімдіктерге ұқсатады. Мысалы Арай байсалды мінезі де өзі де қайың ағашына ұқсайды сондықтан ол қайың болады. Солай барлығына қойып болғаннан кейін жүргізуші А3 ақ қағаз бен акварель бояуын береді. Олар әр қайссысы өздерінің аттарының суретін салады. Сурет сюжеттік картина болып шығады. Болған соң әр топтан бір адам шығып өз суреттерін қорғайды.
6. «Тілек шамы» (қорытындылау)
«Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен жанұядағы ата - ана мен балабақша арасындағы қарым - қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан - жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя - жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір - бірімізге тілек айта отырып жүргізейік.

Енді мына алдарыңызда ақ қағазда ағаштың суреті салынған сіздер мына стикерлерге бүгінгі дөңгелек үстелден алған сезімдеріңізді, тілектеріңізді жазып ағашқа жапыстыруларыңызды сұраймын.
Ата - аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахметімді айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін дегім келеді. Сау болыңыздар!.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 ақпан
1143
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі