400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дөңгелек үстел жоспары. "Латын қарпіне көшу - заман талабы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жоспар мектепте оқушылар арасында немесе мұғалімдер арасында дөңгелек үстел өткізуге көмегі тиеді деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Рухани жаңғыру. Латын қарпіне көшу – заман талабы» атты

дөңгелек үстелдің жоспары


Өткізілетін топ: Оқушылар мен мұғалімдер

Өткізілетін орын: №130 жалпы орта мектеп кітапханасында

Тақырыбы: «Рухани жаңғыру. Латын қарпіне көшу – заман талабы»

(дөңгелек үстел)
Мақсаты: Елбасы бағдарлап берген межелерге жету жолдарын талқылауға салу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, латын әліпбиіне көшу туралы пікір алмасу.

Көрнекілігі: ИКТ, латын қарпі жазылған қағаздар.


Дөңгелек үстелдің барысы:
Кіріспе сөз:
Құрметті бүгінгі дөңгелек үстелге жиналған қонақтар, ұстаздар қош келіпсіздер! 

Бүгінде «Латын әліпбиіне көшу қажет пе?» деген уақыт талабы тудырған сауал алдымыздан көлденең шықты. Латын жазуы қазаққа бейтаныс емес.

Латын алфавитінің тарихымен таныстыра кетейін. Латын алфавиті – көне және халықаралық алфавит. Латындар – римдік көне тайпалар. Біздің заманымызға дейінгі VII ғасырда  грек тілінен  классикалық латын алфавитіне 23 әріп  енгізілді. Латын тілінің негізінде қазір 70-ке  жуық  әліпби, соның ішінде  30-дан жоғары  еуропалық, 20 азиаттық, 20 африкалық әліпбилер бар. 1928 жылы Кеңес Одағы кезінде Орталық Ақпараттық Комитетінің ІҮ сессиясында  латын тілінің әліпбиіне  көшу туралы қаулы қабылданды.  1929-39 жылдары Қазақстанда жаңа алфавитке көшу жазба  мәдениетімізде  белгілі бір тарихи кезең болды.

1929 жылы қазақ тіліндегі білім жүйесі өте қиын кезеңді бастан өткізді. Араб  тілінен латын тіліне көшірілді. Ғасырлар  бойы  қазақтардың  бірталай рухани мұралары, жазылған кітаптары араб жазуымен қайтадан жазылып шығарылды. 1924 жылы А.Байтұрсынов қазақтарға түрік  тілінде жазылған кітаптарды да араб тілінде  оқуға мүмкіндік туғызған.  Мыңдаған араб тілінің негізінде қазақ тілінде оқи білетін қазақтар жаңадан шыққан жаңа латын әліпбиді үйренуге тура келді.  Бірақ латын тілі қазақ тілі дыбыстарының жүйесі бойынша  сәйкес келмеді.

Осылай қазақ халқы елеулі тарихи кезеңдерді бастан кешірген. Ал қазіргі қоғамды бұл сұрақ қаншалықты толғандырады?! Сол қоғамның кішкентай бөлігі – біз, мұғалімдер болғандықтан осы сұрақтарға пікір алмасу мақсатында дөңгелек үстелге жиналып отырмыз.

Дөңгелек үстелдің мақсатымен сұрақтарына тоқталып өту.

Қатысушыларға регламент сақтау қажет. (2 минут)

Дөңгелек үстелде талқыланатын сұрақтар:

  1.  Латын әліпбиіне көшуде алғаш қандай жұмыстар атқарылу керек?

  2. Латын әліпбиіне көшудің тиімді және тиімді емес жақтары қандай?

  3. Білім саласында қандай өзгерістер болуы мүмкін деп ойлайсыз?

  4. Мұғалімдерге латын қарпінде сабақ беру қиындық тудырмай ма?

  5. Латын қарпінде Жалпыхалықтық диктант алынды. Сол кезде қандай қиындықтар кездесті?

Осы сұрақтар төңірегінде ой-пікірлер айтылады.

Дөңгелек үстел барысы:

Экраннан бейнебаян көрсетіледі. Жоғарыдағы сұрақтар төңірегінде пікірлер айтылады.

Қорытынды сөз:

Біз латын қарпіне көше қалған жағдайда туындайтын проблемалар қатары мынандай болуы мүмкін: 
1) қазақ тіліндегі ғылыми әдебиеттің осы уақытқа шейін тұтастай дерлік тек кирилл графикасында жазылуы;

2) жаңа әліпби бойынша мұғалімдер дайындау;

3) жекеменшік мекемелердің бұрынғыша кирилл әріптерімен жұмыс істей беруі;

4) латын әліпбиімен шығатын ұлттық баспасөзге деген сұраныстың азайып кетуі;

5) қазақтардың бұрыннан да кириллицамен оқитын тобы әліпби екіге бөлінгеннен кейін, латын шрифтісімен жазылғандарды мүлде қолға алмай кету ықтималдылығы және т.б. 

Алдағы уақытта бұндай проблемалар талқыланып, өз шешімін табады деген үмітпен, бүгінгі дөңгелек үстелімізді өз мәресіне жетті деп жариялайық. Егеменді еліміздің тұғыры қашан да тіліменен биік. Тіл тағдыры туралы көкейді тескен көп ойлармен сусындадық.

Ой бөлісіп, назар аударғандырыңыз үшін рақмет, сау болыңыздар!














130 жалпы орта білім беретін мектеп









Дөңгелек үстел


Тақырыбы: «Рухани жаңғыру.

Латын қарпіне көшу – заман талабы»











Дайындаған: қазақ тілі мен әдебиеті

пәні мұғалімі Алиева Г.И.



2018 жыл










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
25.02.2019
2599
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі