жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Дөңгелек үстел: «Лаула, лаула желтоқсанның алауы»
Тақырыбы: «Лаула, лаула желтоқсанның алауы»
Сабақтың мақсаты: 1986 жылы желтоқсан оқиғасы оқушыларға таныстыру.
Желтоқсан оқиғасының неден бастау алып, оның не себепті қанды оқиғаға ұласқанын ашып көрсету.
Желтоқсанның жастарымен таныстыру, оқушыларды елін, жерін, халқын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнелігі: түрлі қанатты сөздер, Қ. Рысқұлбеков, Л. Асанова, Сабира Мұхамеджанова
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар, қонақтар!
1986 жылы 16 желтоқсанда бұрынғы астанамыз, қазіргі бас қаламыз Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп, шеруге шықты. Олар: Тәуелсіздік керек! Қазақ елінің өз көсемі сайлансын! деген тілек білдірді. Сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен күш көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп шеруге шыққан жастарға бұзақылар, ұлтшылдар, нашақорлар деген кінәлар тағылды.
Міне, біз бүгін Дөңгелек үстелді желтоқсан оқиғасына байланысты ой толғап, тәуелсіздікке өз үлесімізді қоспақпыз.
Дөңгелек үстелді бастауға рұқсат етіңіздер.
Ән ұраны қойылып тыңдалады.(слайд)
1жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және осы кештің қонақтары.
2: жүргізуші «Лаула, лаула желтоқсанның алауы» тақырыбындағы Дөңгелек үстелді бастаймыз.
Бүгінгі қонақтарымыз-
: Дауылға желтоқсанның желі айналды,
Ашуға Алатау мінді нәрі айбарлы,
Күтпеген іс ақыры не болды деп,
Күллі әлем Алматыға қарай қалды.
: Кез емес жауапкершілік «Аттан»атты,
Алаңың шеруі емес салтанатты емес,
Қытымыр қыстың басы сол бір айда,
Желтоқсан желі әлемді жалт қаратты.
1986 жыл, 16-желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жақын, әрі қаралы да, қасіретті күн еді.(слайд –көтеріс туралы)
Қонаққа сурак
1 Желтоқсан көтерілісіне шыққанда, сіздер қанша жаста едіңіздер, қандай мақсата шықтыңыздар?
1жүргізуш: Қақап күннің ызғары,
Сүйектен өтіп кеткен күн
Қаракөз қазақ қыздарын,
ОМОН-дар бастан тепкен күн
2 жүргізуш: Қариялар итке таланып,
Ер басын күрек шапқан күн.
Аппақ қар қанға боялып,
Қып-қызыл мұз боп жатқан күн.
Оқушы: Енді назарларыңызға Әбдірахман Асылбековтың сөзіне жазылған Әшірбектің, Әлиевтің «Желтоқсан желі» әнін ұсынамыз.
1жүргізуш: Желтоқсан көтерілісіне қатынаскан қандай қаһарман қыздарымызды білесіздер?
1Ләззәт Асанова, Сабира Мұхамеджанова туралы оқушылар айтады
Сабира Мұхамеджанова 1985 жылы 8 жылдық мектеп үздік бітірісімен, Өскемен қаласындағы педучилищенің бастауыш сыныптарға мұғалім дайярлайтын қазақ бөліміне оқуға түскен. 22 желтоқсанда Өскемен ЦУМ маңайына жиналған. Бұл жерге жастар Алматы оқиғасының шындығын білуге өздерінің ізгі тілек, ниетін білдіруге барған. 26 желтоқсан күні өткен жиналыста анасымен бірге барған Сабираны айыптап, бар кінәні оған үйіп-төгіп, сөккен қатқыл сөздер айтып, тәртіпсіз деп бағалаған. Мұның бәрі Сабираның ашу-ызасын тудырады.
2 жүргізуш: Желтоқсан көтерілісіне қатынаскан қандай қаһарман ұлдарды білесіздер?
Қайрат Рыскулбеков, Ербол Спатаев окушылар айтады
ҚАЙРАТ
РЫСҚҰЛБЕКОВ
Қайрат
Рысқұлбеков 1966-жылы
13-наурызда Жамбыл облысы, Мойынқұм
ауданы, Бірлік ауылында малшы әулетінде
дүниеге келді. Қайрат 1973-1981 жылдары Шу
ауданындағы Төле би ауылына орналасқан
Сәду Шәкіров атындағы мектеп-интернатта
оқып сегіз жылдық білім алды. Мектепте
сабақты жақсы үлгеріп, кластан класқа
емтихансыз көшіп отырды. - Қайраттың
мінезінің қаңдай екеңдігін туған анасы
мен тұрмақ, жора-жолдастары және
ұстаздармен қатар бүкіл ауылымыздың
халқы бес саусақтай біледі.
Cыпатаев
Ербол Мұқажанұлы (10.03.1964
ж. Алматы облысы Панфилов ауданының
еңбекші ауылы - 23.12.1986 ж. Алматы) – 1986
жылғы Желтоқсан көтерілісінің құрбаны.
Орта мектепті бітіргеннен кейін 1981-1982
жылдары Кеңшарда жүргізуші болып істеді.
1982-1984 жылдары Кеңес Армиясы қатарында
болды. 1985 жылы Алматыдағы энергетика
институтына оқуға түсті. 1986 жылдың 17-18
желтоқсанында болған қазақ жастарының
отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы
көтерілісіне белсене қатысты. 18 желтоқсан
күні ауыр жараланып ауруханаға түсіп,
сонда қайтыс болды. Мәйітін ауылына
Ішкі істер министрлігі мен Мемлекеттік
қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері
арнайы қарауылдап апарған. Қазақстан
тәуелсіздік алған соң ғана Сыпатаев
жөніндегі шындық айтыла бастады. Ол
туралы баспасөз беттерінде, Желтоқсан
көтерілісіне байланысты жарық көрген
жинақтар мен кітаптарда жазылды.
1986-жылы
16-желтоқсанда Қазақстанның бас тізгіні
қайдағы біреуге тапсырылуына бейбіт
наразылық білдірген жастар мен
студенттерге қосылып, Орталық алаңға
шығып, шеруге қатысты.
1жүргізуші: Ербол, Қайрат, Ләззат, Сабира сынды аға-апаларымыздың есімдері ешқашан ұмытылмайды, 1986 жылдың желтоқсан құрбандарына тағзым етіп, 1минут үнсіздікпен еске алайық.
2
жүргізуші:Міне,
осылайша алаңға шыққан қазақ жастары
қорлық көріп, жәбір шекті. Оладың
бірқатары түрмеге жабылып, сотталды,
бірқатары оқудан шығарылып, қызметтерінен
айырылды, қатаң сөгістер алды, ішкі
істер қызметкерлерінің үнемі назарында
болды. Қаншама қазақ жастары денсаулықтарынан
айрылып, мүгедек болып қалды. Дегенмен,
қазақтың өр Рухы өлмеді.
Тарихтың
беті айналып, 1991 жылы көп аңсап, арман
еткен тәуелсіздігімізді алдық. Осы
жолда Желтоқсан оқиғасының орны ерекше.
Қазақ даласындағы өзге ұлт-азаттық
көтерілістерден Желтоқсан көтерілісінің
бір өзгешелігі-мұнда кілең сайдың
тасындай қыз-жігітеріміздің қатысуы.
Ұлттық намысты ту еткен олар қандай
мақтауға да лайықты.Желтоқсан оқиғасына
қатысқан жандардды біз ардақтап,
құрметтей білуіміз керек.(20 жыл слайд)
1ж: Тәуелсіз Қазақстан-ұлы Отаным,
Көк туымды қалайша құлатармын.
Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
Бәріміз баласындай бір атаның.
Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,
Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.
Халқымның ахуалы дұрыс болсын,
Еліміз әрқашанда тыныш болсын-дей келе бүгінгі дөнгелек үстелді осымен аяқтаймыз. Алтын уақыттарыңызды бөліп, келіп тамашалағандарыңызға көптен-көп рахмет.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген