Материалдар / Дөңгелек үстел "Мектеп пен ата-ананың бала тәрбиесіндегі ынтымақтастығы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дөңгелек үстел "Мектеп пен ата-ананың бала тәрбиесіндегі ынтымақтастығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Дөңгелек үстел
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Мектеп пен ата-ананың бала тәрбиесіндегі ынтымақтастығы»

Мақсаты: Ата - ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты, бір - біріне деген сезімді нығайту. Бала денсаулығына, көңіл-күйіне көңіл бөлу. Мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу.

Жоспар

Шаттық шеңбер

Мектеп директорының оқу- ісінің орынбасары

Пән мұғалімдері сынып жетекшілер жұмыстары

Постер қорғау. («Отбасы тәрбиесі», «Мектеп тәрбиесі»)

Ата-аналарғажәне мұғалімдерге арналған ситуациялық сұрақтар

Кіріспе сөз. қазіргі таңда денсаулығына байланысты оқушылардың белгілі бір бөлігі білім беру ұйымдарында емес, үйде оқытылуда. Стандартқа сәйкес үйде оқыту бойынша мемлекеттік қызмет заңды өкілдің өтініші (еркін түрде) бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссия анықтамасының және мүгедек балаларға ұсынылатын білім беру бағдарламасы жөнінде психологиялық-медициналық-педагогтік консультация қорытындысының негізінде бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарымен көрсетіледі.

Әр адам қайталанбас тұлға болып есептеледі, сондықтан адам, адамгершілік тұрғылық қарым-қатынасқа құқылы. Әлеуметтік ортаға енгізу – әлеуметтік қатынастың жалпы жүйесіне және баланың өз жағдайына қарай білім алу ортасына мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік бейімделуін қалыптастыру.

Сәлемдесу Шаттық шеңбері «Бір күнгі танысыңа - қырық күн сәлем!»

Нұсқау: Барлығымыз шеңберге тұрамыз.

Оң жағыңыздағы көршіңізбен қолмен амандасыңыз,

Сол жағыңыздағы көршіңізбен иықпен амандасыңыз.

Енді барлығымыз бір – біріміздің қолымыздан ұстап жоғары көтерейік. Бір – бірімізді сыйлап, құрметтеп, бірлігіміз жарасып жүре берейік, көтеріңкі көңіл-күй орнату мақсатында өткізілді.

Сіздерді 2 топқа бөлінулеріңізді сұраймын.

Сынып жетекшілер және ата - аналар

Постер қорғау. («Отбасы тәрбиесі», «Мектеп тәрбиесі»

Ситуациялық сұрақтар

Ата-аналарға және мұғалімдерге арналған ситуациялық сұрақтар

Балаңыз ұялы телефон алып бер деп жылады. Сіз: «Шамалы шыдай тұр, уақытында алып беремін» - дедіңіз. Балаңыз тыңдамай есікті тарс жауып кетіп қалды. Сіздің әрекетіңіз? (ата-анаға)

Математика сабағында күрделі есепті оқушы ұялы телефоны арқылы мұғалімнен жасырын берілген есептерді шығарып отырды. Оны бастапқыда байқамаған мұғалім оның белсенділігіне таң қалды. Бір кезде мұғалім сезіктеніп, оның есепті өзі емес ұялы телефон арқылы шығарып отырғанын байқайды.Сіздің әрекетіңіз…(мұғалімге)

Балаңыз үнемі теледидар көріп, сабаққа деген көңіл -күйі жоқ сіздің іс-әрекетіңіз? (ата-анаға)

Оқушы сабаққа қатысуға көңіл-күйім жоқ деп , дәптерін сөмкесіне жинастырып қойды.

Сіздің әрекетіңіз…(мұғалімге)

Кейбір ата-аналардың баласының әрбір істеген іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың», деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?(ата-анаға)

Мұғалім оқушыға тапсырма береді, ал ол тапсырманы орындағысы келмейді де былай дейді: «Мен мұны істегім келмейді!» - Мұғалім әрекеті қандай болу керек? (Мұғалімге)

Нұрмұханбетова Б.Қ Сергіту сәті: «Оюлар»

Нұсқау: Барлығымыз орнымыздар тұрамыз. Нұсқаушыға қарап, іс – әрекетті қайталаймыз.

Манка терапиясы: «Ғажайып гүл»

Мақсаты: Көңіл-күй жағдайын бағалауын қалыптастыру; жан-жақты психикалық процестерді дамыту: қабылдау, есте сақтау, көңіл аудару, тілдерін дамыту, қолдың ұсақ моторикасын дамыту

Рефлекция: «Бәрі менің қолымда»

Қатысушылардың дөңгелек үстел туралы пікір-тілектерін және ұсыныстарын тыңдау

Қорытынды сөз.

Құрметті ата – аналар және ұстаздар бүгінгі «Мектеп пен ата-ананың бала тәрбиесіндегі ынтымақтастығы» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге келгендеріңізге рақмет! Мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу және оқушылардың білім,білік дағдысын қалыптастыру барысында бірлесе жұмыс атқарайық.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!