«Өмір тамаша ! Босқа
қауіпке жол берме»
( 10 сынып оқушыларымен
дөңгелек үстел)
Мақсаты:
1.
Оқушылардың өмір құндылықтары
туралы түсініктерін кеңейту. Өмір адам баласына бір-ақ рет
берілетін өте қымбат сый екенін түсінуге. асыл қасиет адам бойында
болатынын түсінуге ықпал ету;
2.
Жақсы қасиетке үйретіп, жаман
қасиеттен жиренту арқылы адамгершілік сезімдерін
дамыту;
3.
Оқушылардың өздерін жан-жақты
тереңірек ашуына бағыт-бағдар беру, оқушы көзқарасын
қалыптастыру.
Міндеттері:
- Жастар арасында суициалды
мінез-құлықтың алдын алу;
- «Өмір»-ұғымына тереңірек
үңілуге ықпал жасау;
- Өмірге деген жағымды
көзқарасын қалыптастыру;
- Өзінде бар құндылықтарды
бағалай білуге үйрету;
Барысы:
Сәлеметсіздерме құрметті
оқушылар!
Психолог: Бірінші біз
іс-шарамызды бастамас бұрын ереже қабылдап
алайық.
Ереже:
-
Біз тыныштықты
сақтаймыз;
-
Бір-бірімізді
тыңдаймыз;
-
Өз ойларымызбен
бөлісеміз;
-
Сезімдерімізді
сыйлаймыз;
-
Бір-бірімізді мазақ
етпейміз;
-
Уақытымызды үнемдеп, қысқа да
нұсқа жауап береміз;
-
Тәртіппен, өз кезегімізбен
сөйлейміз;
-
Мектеп ережемін
бұзбаймыз;
Көңіл күйлеріңіз
қалай?
Мен сіздермен бүгін жүздесіп
отырғаныма өте қуаныштымын!
Олай болса, бір-бірімізге
деген мейіріммен, жылы сезімдерімізді ояту үшін, жақсылап бір
ерекше амандасып алайықшы.
«Ерекше сәлемдесу»
жаттығуы
Ол үшін, сыныптың ішін еркін
аралап жүреміз. «Бір-бірлеріңе жақындаңдар» дегенде өздеріңе жұп
табасыздар. Содан кейін мен, сіздерге тапсырма
беремін.
Бастайық!
Енді, бір-бірлеріңе қол
алмасындар, жақындасыңдар аяқ-аяғымызды, қол-қолдарымызбен,
иық-иықтарымызбен, бет-беттерімізбен, мұрын-мұрындарыңызбен
амандастырамыз. (Жақсы,өте тамаша)
Бүгінгі біздің дөңгелек
үстеліміздің тақырыбы «Өмір тамаша. Босқа
қауіпке жол берме!» - деп аталады. Сіздер жақсы
орналасқан екенсіздер, ендеше екі топқа
бөлінейік:
1)
Өмір 2)
Бақыт
- Өмір – ол адамға бір - ақ
рет берілетін баға жетпес қымбат сый осындай сыйды саған сыйлаған
кім?..............
Әрине саған осындай баға
жетпес сый сыйлаған ең қымбат адамдардың, ол сенің ата-анаң.
Сондықтан оларды ренжітпеуіміз керек, айтады – ғой, «Анаңды үш рет
Меккеге арқалап апарсаңда борышыңды өтей алмайсың» -деп. Себебі,
біріншіден ол саған «өмір» сыйлады, саған жарық дүние көрсетті,
сені өсірді, сенің ыстығыңа күйді, суығыңа тоңды, түн ұйқысын төрт
бөліп сені аялады, тәрбиелеп өсірді.
Егер саған анаң осындай баға
жетпес сый сыйласа, сен соған лайықты өмір сүруге
тиіссің.
Өз өмірің өз қолыңда! Біреуге
ренжіп, біреуді кінәлап, мін тағу дұрыс емес. Өмірдегі қайғыны,
қиындықты, сәтсіздікті көтере білу керек. Жаңа, жақсы ойлар ойлау
керек. Адам өмірі жеңіс пен жеңілістен, сәттілік пен сәтсіздіктен,
қайғы мен қуаныштан құралады. Міне өмірдің өзі біле – білсең
сонысымен қымбат. Енді осы өмір туралы ойларымызды тренинг –
жаттығу жасау арқылы жалғастырайық.
«Джунглидегі жаңбыр». Бой
сергіту жаттығуы.
Мақсаты: Иық, мойын, омыртқа
аймақтарындағы бұлшық еттің жиырылуын жою, босаңсу, шаршағанды
басу.
Нұсқау: тар шеңбер құрамыз.
Джунгли ну орманындамыз деп ойлаймыз. Ауа райы бастапқыда өте
керемет болады. Күн көтерілгенде өте ыстық, ауа қапырық болды. бір
мезетте жеңіл самал жел соқты. Алдыңызда тұрған адамның арқасына
қолыңызбен жеңіл қимылдар жасаңыз. Жел күшейе түседі. (арқаға
батырыңқырайтын қимылдар жасалады). Құйын басталады (күшті айналыс
қозғалыстарын жасаңдар). Содан кейін жәй жаңбыр сіркірейді (
көршіңнің арқасын саусақтарыңмен түртесің). Нөсер жауын басталады
(жоғары төмен алақан, саусақтармен сипайсың). Бұршақ аралас жауын
жауа бастады (барлық саусақтарыңызбен түртесіз). Содан кейін
қайтадан нөсер жауын, жай жаңбыр, одан кейін күн
ашылады.
Енді 180градусқа бұрылып,
жаттығуды қайталаймыз.
«Ойлануға арналған
балықтар» жаттығуы (сұрақ – жауап
түрінде)
-
Өмір дегеніміз не, қалай
түсінесің?
-
Өмірдің мәні
неде?
-
Өмір адамға несімен
қымбат?
-
Ал, бақытты қалай
түсінеміз?
-
Бақытқа жету үшін адамға не
істеу керек деп ойлайсыңдар?
-
«Өмір» мен «Бақыттың»
айыриашылығы неде?
-
Өздеріңіз қандай уақытта
бақытты боласыздар? Ол үшін не керек?
-
Келешекте сен өз өміріңді
қалай құрар едің?
« Мағынаны тану» топтық
жұмыс
Психолог сөзі: сонымен өз
ойларыңмен бөлісіп, пікірлестіңдер, өмір сүру үшін күйретуші
ойлардан аулақ болуымыз керек екенін ұқтыңдар. Әр нәрсенің ақырын
шыдамдылықпен күтіп, не істесеңде ойланып істеуге үйрету керек.
Сабырлы, шыдамды болуды үйрен. Өмірде бәрі де өткінші
екенін ұмытпа. Әрі қарай ой бөлісу, пікірлесу
жаттығулар өткіземіз.
Екі топқа бөлінген
оқушыларға «Бақыт» тобына «Өмір құндылықтары» және «өмір» тобына
«Бақытты болу жолдарына» байланысты постер
қорғау.
Өмірге құштарлықты ояту»
аутотренинг.
Ыңғайлы отырыңыздар. Көзімізді
жұмайық. Өзімізді қараңғы түнде жалғыз айдалада қалғандай
сезінейік.
Қандай сезімдесіздер? (бір
қалыпты) қандай шешім қабылдайсыз?
Біршама уақыт өтті, ешкім жоқ,
тыныштық, айнала қап – қараңғы, жайлап жел тұра бастады, тоңа
бастадық, желмен қоса жабайы аңдардың дауыстары естіле бастады.
Бірте – бірте жақындап келеді.
Қандай сезімдесіздер?
(үрей) қандай шешім қабылдайсыз?
Жел күшейді. Үстіндегі
киімдеріңді жұлқылап, мазаңды кетірді. Табан астында қар жауды. Ол
боранға ұласты. Төңіректе түк көрінбейді. Қар астында қалып
қойдыңдар. Үстеріңді ауыр жүк басты, қол – аяқтарың үси бастады.
Әлсізденіп, еш нәрсеге шамаларың келмей
қалды.
Қандай сезімдесіздер?
(қорқыныш) Қандай шешім қабылдайсыз?
Өмір сүргілерің келеді. Әлі
жассыңдар. Ата – аналарың бар, бауырларың, достарың, туған ауыл.
Асыл армандарың, алға қойған мақсаттарың орындалмай қалатын түрі
бар.
Қандай сезімдесіздер?
(қимастық) Қандай шешім қабылдайсыз?
Ал енді бойымызды билеген
қорқыныштан арылайық. Қолымызды, денемізді, аяқтарымызды сілкіп –
сілкіп тастаймыз. Бәріміз бірігіп хормен:
«Өмір неткен тамаша! Өмір
маған қымбат! Менің өмір сүргім келеді. Мен өмірді таңдаймын!» -
деп айтамыз.
Енді осы тренингтен алған
әсерлеріңізбен бөліссеңіздер. Қандай күйде болдыңыз? Қызығушылықты
ояту
«Сөйлемді жалғастыр»
жаттығуы. (жазылған сөйлемді өз
сөзімен толықтырып жазып, ой
қорыту).
«Өмір»
тобына
-
Жақсы өмір –
бұл....
-
Менің өмірім –
ол.....
-
Менің өмірімнің маңызы
мынада....
-
Менің көңіл – күйім
көбінесе...
-
Жалғыздық мен үшін
ол....
«Бақыт»
тобына:
-
Бақытты адам –
ол...
-
Айналадағы әлем –
ол...
-
Менің достарыма деген қарым –
қатынасым...
-
Менің көңіл – күйім
нашарлайды, егер...
-
Отбасылық қарым – қатынас
дегенді мен былай деп түсінемін...
Пікір
алмасу. (Оқушыларға сөз
беріледі)
«Өмір ағашы) психологиялық
мінездеме
Оқушы
пікірі
Тамырды таңдағандар – істің
нәтижесіне мән беретіндер.
Діңін таңдағандар – берік,
мықты біреуге тірек бола алатындар
Жапырақ таңдағандар –
сұлулықты, әсемдікті, ұқыптылықты
қалайтындар
Мен – өмірді жас зерттеуші,
жас ғалым,
Енді оянып, енді зерттей
бастадым.
Өмір – кітап, түсінуі тым
қиын,
Әрбір күнім – әрбір бетін
ашқаным.
Психолог
сөзі: әрине өмірдің барлық
сәтсіздіктері бақытсыздық емес.
Өмір – өзен ағып жатыр
тынбайды,
Өмір болмас қасіретсіз мұң
– қайғы,
Сондықтан да, өз – өзіңе
абай бол,
Өмір сені сонда ғана
шыңдайды. – деп ақындар жырлағандай,
өмір - арнасы кең өзен, сол өзеннен өз арнаңды тауып ағу сенің
басты мақсатың. Ал өз мақсатыңа жету оңай емес, ол үшін қандай да
бір қиындықтарға, кедергілерге кездесуі мүмкін. Ал енді біреулерге
қиындықтар кездеспеуі де мүмкін. Сондай кездерде біреулерге
қызғаншықтық, көреалмаушылық танытпа, өз мақсатың үшін күресе біл.
Өзіңнің күшті жақтарыңды көрсет, әлсіздік, шарасыздық танытпа. Сен
өз өмірің үшін өмір сүруге тиіссің.
«Менің мақсатым»
жаттығуы.
Сендер әрбіреуің бір – бір
үйдің гүлісіңдер, сондықтан өз мақсаттарыңды берілген гүлдерге
жазып осы ағашқа ілулерің керек.
«Өзіндік бағалау маршы»
жаттығуы
Мақсаты: өзіне деген
сенімділігін дамыту.
Ой
толғаныс
Психолог сөзі: қымбатты
балалар! Қызықты өмір сүру үшін не істеу керек деп
ойлайсыңдар?
Мен қазір сіздерге
психологиялық кеңес беремін, естеріңе
ұстаңдар.
Психологиялық кеңес: қызықты
өмір сүру үшін....
-
Ай сайын жаңа кітап оқы,
оқығандарыңды көңіліңе тоқы.
-
Икемің бар іспен айналыс,
(мысалы: ән айту, би билеу, шеберлік
істер)
-
Әрбір демалыс күніңе жоспар
жасап, қызықты өткізуге тырыс,
-
Ертеңгілік жаттығу жаса,
сергек жүресің
-
Ата – анаңа, бауырларыңа т.б
жақындарыңа көмектесіп тұр
-
Әр айдың бір күнінде өзіңді
басқа біреудің орнына қойып көр, содан өзгеще ойлап, білім алуға
тырыс,
-
Әр күні кешке «мен бүгін не
істедім?» деп өзіңе есеп беріп үйрен;
-
Күнделік жазуға дағдылан, ол
сенің ең сенімді серігің бола алады.
Олай болса балалар бүгінгі
күнімізге ризамыз ба?
Бәріміз РИЗАМЫЗ деп қайталап
айтамыз. Рахмет!
Ұран:
1 топ. Біз өмірді
сүйеміз!
2 топ. Бақытты өмір
сүреміз!
Барлығымыз қосылып
айтайық. Біз бәріміз
біргеміз!
Қорытынды психолог
сөзі: бүгінгі «Өмір тамаша! Босқа
қауіпке жол берме» дөңгелек үстелі аяқталды. Қатысқандарыңызға көп
рахмет! Осылай өмірде белсенді, қуанышты болыңыздар! Өмірлеріңді
бағалап, мәнді өткізе беріңдер! Қызықты сәттеріңіз мол
болсын!
Абай орта
мектебі
Дөңгелек
үстел:
«Өмір тамаша ! Босқа қауіпке
жол берме»
(10 сынып оқушыларымен
дөңгелек үстел)
Дайындаған мектеп психологы:
Рахметова Гүльмира
2018-2019 оқу
жылы