Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы №9 жалпы білім беретін мектеп Бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасар Кошанова Гульбану Чамугыновна
Дөңгелек үстел: «Оқу мен оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері»
Мақсаты: Нәтижеге бағытталған оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, сапалы білімге қол жеткізу және шығармашылыққа баулу.
Нәтижесі:
-
оқытуда - жаңаша туралы ұғым қалыптасады;
-
тәжірибеде қолдану арқылы оқу, оқыту үдерісінде оқушылардың бірлескен әрекеті мен белсенді қарым-қатынасын қалыптастыра алады;
-
пікір алмасу, талқылау, зерттеу барысында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына мұғалім түрткі болып отырады.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, ватман, фламастер т.б
Қатысушылар: бастауыш сынып мұғалімдері
Жоспар:
І. Кіріспе сөз
ІІ. Ұйымдастыру
-
Дөңгелек үстел мақсатымен таныстыру
-
Сағат тілімен
-
«Құмырсқалардың еңбегі, ұжымшылдығы»
І
ІІ. Негізгі
кезең
-
Қаралатын сұрақтар
-
«Атаулар туралы үш сұрақ»
-
«Әріптестер»
ІV. Қорытынды
-
«5-5-1»
І. Кіріспе сөз
- Армысыздар, құрметті ұстаздар! Қазіргі заман талабына сай болашақ ұрпақтың оқып білім алуын еліміз алдыңғы орынға қойып отыр. Білім беру мен білім алудағы атқарылатын қарқынды жұмыстар ұстаздардың еншісінде екені айтпаса да анық. Ұлы педагог Ушинскийдің «Бала – балқытылған алтын» деген қанатты сөзі бар емес пе? Ендеше, балаға қалай бағыт берсең, солай иіледі. Сондықтан баланың бойында жақсы қасиеттердің болуын, олардың жан-жақты дамуын және рухани бай тұлға қалыптастыра білуіміз керек. Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушы бойында өзіне деген сенімділік пен жауапкершілікті дамыта отырып, ізденіске жетелейтін, іздегенге көмекші құрал болар әдіс-тәсілдер кәдеңізге жарасын!
Бүгінгі біздің пікір-сайысымызға қатысушылар жаңадан келген жас мамандар мен ұстаздар болып отыр. Ендеше барлығыңызды өз ой-пікірлеріңізді ашық айтуға шақырамын.
ІІ. Ұйымдастыру
-
«Сағат тілімен» әдісі арқылы топқа бөліну
-
«Құмырсқалардың еңбегі, ұжымшылдығы» (бейнеролик көру)
ІІІ. Негізгі
кезең
Қаралатын сұрақтар:
І топ: «Әдіс-тәсілдер дегеніміз не?»
ІІ топ «Әдістердің басты қызметі»
ІІІ топ «Әдіс-тәсілдер түрлері»
Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді.
Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру.
Оқуға қызықтырудың өте жақсы әдісі - танымдық ойындар. Пікірсайыстар да оқушыны оқуға қызықтырады. Үлгерімі төмен оқушыларды жеткен жетістігіне қуанту да олардың оқуға ықыласын арттырады.
«Атаулар туралы үш сұрақ»
Жүргізуші сабақ басында жаңа тақырып бойынша «Ойын, Абай, Алшораев» үш терминді тақтаға жазып, қатысушыларға осы атауларға қатысты мынандай сұрақтарға жазбаша жауап беруді тапсырады:
1. Қайда? Бұл терминдерді сіз бұрынырақта қайда және қандай мағынада кездестіріп едіңіз?
2. Қалай? Өз тәжірибеңізбен осы атауларды қолданудың мысалдарын келтіре аласыз ба?
3. Қандай? Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсыз?
Әдеттегідей бұл жұмысты қатысушылардың жеке, жұппен (шағын топ ішінде) ауызша немесе жазбаша орындауы ықтимал. Содан кейін жүргізуші пікірлерін тыңдайды.
«Əріптестер»
Əр оқушыға не жауабы бар, не сұрағы бар қағаз беріледі. Оқушылар сынып ішінде жүріп, сəйкес келетін сұрақ пен жауапты іздейді. Нәтижесінде «Тоғызқұмалақ» мәтінін құрастырып оқиды.
ІV. Қорытынды
«5 - 5-1»
Қатысушылар сабақ кезінде нені меңгергендері жайлы 5 сөйлем жазады. Одан кейін сол 5 сөйлемді 5 сөзге дейін қысқартады. Соңында 5 сөзді 1 сөзге қысқартады. Қатысушылар өздерінің түйінді сөзін бүкіл әріптестерімен бөліседі.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз