400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дөңгелек үстел: "Отбасы" бастауыш сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне оқушылардың мектеп,отбасы,оқушы арасындағы бірлікті нығайту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кусепова Гулбуби Алпысбайқызы

№2 шағын орталықты орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.



Отбасы- алтын діңгек!

(Дөңгелек үстел)



Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата- ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата- ана және бала арасындағы қарым- қатынасты нығайту. Ата- анаға деген бала махаббатын ояту. Мектеп, ұстаз, ата- ана бірлігін нығайту. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым- қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.


Міндеттері

-Жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым катынасты қалыптастыру.

-Мектеп,отбасы,оқушы арасындағы бірлікті нығайту.

-Оқушыларды үлкенді сыйлауға,кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу.


Көрнекіліктер: қанатты сөздер, жеміс ағашы, гүлдер, шар, слайд, «Кір жаятын жіп» әдісі,ыстық орындық.


Түрі: пікір талас, көрініс түріндегі дөңгелек үстел .


Жоспары:

  1. Топқа бөліну (Фигуралар арқылы)

  2. Бақытты отбасы аясында .(Ой қозғау)

  3. Сөз маржаны-халық мұрасы.(Оқушылардың өз дайындығы)

  4. Тығырықтан шығу.(жағдаяттар шешу,Жанұя ойыны)

  5. Отбасының жеміс берер гүлі- бала(Лездеме сұрақтар)

  6. Қорытынды. Мақалдың жалғасын тап.(Кір жаятын жіп әдісі.)



Мұғалім.Құрметті ата-аналар,ұстаздар,оқушылар.Бүгін «Отбасы- алтын діңгек» тақырыбындағы дөңгелек үстелде, бала тәрбиесі,оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға салмақпыз.Отбасы- адам баласының түп казығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап,сол ортаның ыстық суығына бейімделіп,ықпалына көніп, осында ер жетеді.Әке шаңырақ иесі.Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі.Әйел-отбасының ұйтқысы.Баланы өсіріп тәрбиелеу –ата-ана міндеті.Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу-отбасы мен мектептен алған үлгі- өнеге жиынтығының жемісі. Отбасы ,Бала,Мектеп бір-бірінен ажырағысыз үш ұғым. Ендеше,бүгінгі отырысымызды бастаймыз.

І.Топқа бөліну.

2. Үшбұрыш, шаршы, дөңгелек фигураларын таңдау арқылы үш топқа бөлінеді.

1. топ. Алтын ұя тобы. (үшбұрыштар) қызыл.

2. топ .Береке тобы. (төртбұрыштар) сары.

3. топ. Ынтымақ тобы (Шеңберлер) кызыл сары

1.Шаршы

Сіздерде төзімділік,шыдамдылық,еңбекқорлық дамыған.Өзіңіздің айналадағыларыңызға ұйымдастыру реттеу қабілеттеріңіз баршылық.Сіздерден үздік админстраторлар шығады.

2.Шеңбер.

Сіздерде адамгершілік қасиеттер жоғары дамыған.Сіздер өз әріптестеріңізді тыңдай аласыздар.Сіздерден үздік психологтер шығады.

3.Үшбұрыш.

Сіздерге басқарушылық қасиеттер тән.Өздеріңіз көздеген мақсаттарыңызға қол жеткізе аласыздар.Өздеріңізге өте сенімдісіздеро



Бақытты отбасы аясында.(Постерлерін қорғау)


Слайд арқылы видеоролик көрсетіледі.Сол көрініс арқылы әр топ өз ойларын ортаға салады.Отбасы туралы потерлерін қорғап,қанатты сөздерін жазып шығады.


ІІІ. Сөз маржаны ,халық мұрасы.

Осы кезде тақтада тұрған оқушылар,

Отбасы туралы өз дайындықтарын айтады.


1.Тәртіптің ең тамаша мектебі- отбасы. Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ салсақ Адамның бақыты болса деген. Кез- келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдіретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен кенелетінін мән бермеуі де мүмкін. Бірақ адам ұрпағымен мың жасайды. Олай болса адам өмірінің мәні өз ұрпағы.

2.Отбасы- адам баласының алтын діңгегі.

Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұл болса, баланың бас ұстазы- ата- ана.


3. Отбасы алтын ұя. Әке мен ана шаңырақтың тірегі

Адам жеміске ата-ана жеміс ағашына ұқсайды.

4.Отбасы, Бала, Мектеп бір-бірінен ажырағысыз үш ұғым. Отбасы бар жерде бала бар, бала бар жерде мектеп бар.

Отбасының жеміс берер гүлі-бала.

5.Әке ақжүрек, ана ақбұлақ деп халық бекер айтпаған.Баланы таба білсең баға біл

Ақжүніс. Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя деп бекер айтылмаған. Отбасы барша адамзатқа ең жақын,ең қасиетті ұғым.

6.Отбасының жеміс берер гүлі- бала!Баланың бас ұстазы ата-ана.ендеше болаға дұрыс тәрбие беру сіздің үлесіңіз ата-ана!


7.Әке ана үш ақ әріп тіршілік.

Үш әріптен үлбірейді гүл шығып,

Үш-ақ әріп дүниені танытқан,

Үш-ақ әріп өмірімізді жалғаған.

8.Баланы таба білсең, баға біл,дейді қазақ атам.

Баланы айналу жетілдірмейді, тәрбиелеп баптау, жетілдіреді.

9.Отбасы- таным бесігі, өркениет ошағы, отбасы,үлгі өнеге бастауы.

Отбасы сыйластық жарастық орнаған орта.


ІV. Келесі бөлім.Тығырықтан шығу.(Жағдаяттар шешу)

Оқушылар дайындаған өз көріністерін көрсетеді)Осы көріністерден өз ойларын айту.


Жанұя ойыны .Шар арқылы ойын ойнату. Музыка ойнап тұрады.Үш топқа үш шар беріп айландыру,музыка тоқтағанда кімде шар болса,көрініске сол ата-ана шығады.

1. Көрініс (Ата- ана өз баласы орнында,ойын шар арқылы) Сабақтан кешігіп келетін оқушы, мұғалім, ата- ана.

2. Көрініс ( Отбасындағы тәрбие)

1) Үй шаруашылығына байланысты баласын сабақтан жиі қалдыратын ата аналар туралы пікіріңіз қандай?

2) Бала үйге сырттан қатты ашуланып келіп бөлмесіне кіріп шықпай қойды.

Сіз не істейсіз?


3) Баламның қарны тоқ, көйлегі көп болса болды. Тәртібіне оқуына қарайтын уақытым жоқ дейтін ата- аналарға деген көзқарасыңыз қандай?

4)Балаңыз туған күніне сізге айтпай ,достарын шақырып қойды.Сіз не әрекет етесіз?

5)Сіздің балаңыз оқу озаты.Үй шаруасымен айналысқанды жек көреді,ештеңе істегісі келмейді.Балаңызды қызықтыру үшін не істейсіз?

Оқушыларға:

6)Сенің өзіңнің жақын адал досың бар,бірақ онымен дос болуға ата-анаң қарсы.Сен не істейсің? (Оқушыға сұрақ)


V.Отбасының жеміс берер гүлі- бала!


Лезлеме сұрақтар;

  1. Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?

  2. Балаларда өзімшілдік мінездің қалыптасуы неліктен?

  3. Баланы еңбекке неше жастан және қалай үйретеміз?

  4. Бала тәрбиесіндегі біздің қателіктеріміз неде?

  5. Балаңыз жалқау, еркетотай болмау үшін

  6. Қиын бала дегенді ұғымды қалай түсінесіз?

VІ. Қорытындылау (кір жаятын жіп әдісі)

Келесі бөліміміз «Кір жаятын жіп әдісі». Мақал мәтелдің жалғасын табу.

1. Атаға қарап- анаға қарап- ( ұл өсер,қыз өсер)

2. Ананың көңілі балада, (баланың көңілі далада)

3. Ата- ананың қадірін- (балалы болсаң білерсің)

4. Атаның баласы болма, (халықтың баласы бол)

5. Ұяда не көрсең, (ұшқанда соны ілерсің)

6. Балалы үй базар, (баласыз үй қу мазар)

7. Ата көрген оқ жанар, (ана көрген тон пішер)

8. Ананың сүті- бал, (баланың тілі-бал)

9. Туған үйдің түтіні жылы, (туған ананың күтімі жылы)

10. Анаңа ауыр сөз айтпа, (артыңа ауыр жүк артпа)

11. –Ананың бауыр еті, көз нұры.(бала)

12. Әке- асқар тау, (ана – шалқар көл)

Қорытынды сөз





Бақытты отбасы аясында.(Постерлерін қорғау)


1 -топ.

Отбасындағы ата-аналардың ұрыс-керіс,кикілжіңі сендерге қандай әсер береді?

2-топ.

Отбасындағы ынтымақ пен татуластық сендерге қандай тәрбие береді?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
1641
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі