400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дөңгелек үстел "Рухани жаңғыру: Ұлт келбеті - жалынды жастар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жастарды ұлттық рухта, өнер-білімге тәрбиелеп,ауылымызда еңбек етіп, ауыл,аудан атын қорғап жүрген мектептің жас мамандарын, оқушыларын үлгі ретінде насихаттау үшін завучтарға,сынып жетекшілерге көмегі бар
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ҰЛТ КЕЛБЕТІ -

ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР


Мақсаты: Елбасының бағдарламалық мақаласын тарқатып айтып беру үшін,жастарды ұлттық рухта, өнер-білімге тәрбиелеп,ауылымызда еңбек етіп, ауыл,аудан атын қорғап жүрген мектептің жас мамандарын, оқушыларын үлгі ретінде насихаттап, Елбасымыз айтқандай «еліміздің болашағы жастардың қолында», саналы жастардың қолында екендігін жас ұрпақтың бойына сіңіру бойынша жастардың  пікірін және ұсыныстарын ортаға салу.

Қатысушылар: Ауыл жастары, жас мамандар,оқушылар,ұстаздар, ауыл әкімі,мекеме басшылары

Өту формасы: Дөңгелек үстел



«Кәсібін неғұрлым қиналмай,

жеңіл өзгертуге қабілетті,

аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді»

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар:

рухани жаңғыру» мақаласынан


Бүгінде жастарға мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдаулар көп. Оларды сапалы біліммен қамтуда, өздерінің мүмкіндіктерін көрсетуде барлық жағдай жасалған. Мемлекет басшысы әркез жас ұрпаққа сенім артып, олардың инновациялық білімді игеріп, бәсекеге қабілетті болу қажеттілігін үнемі айтуда. Осы ретте, Ел Президенті жастарды жан-жақты дамуға – спортпен, өнермен айналысуға, шет тілдерін үйренуге, отандық және әлемдік әдебиеттің бай мұрасын танып-білуге, ең бастысы, әлемдік деңгейдегі кәсіби маман болуға шақырады. Сондықтан жастардың дамуы қарқынды мемлекеттің болашағын баянды ету тұрғысында аянбай еңбек етулері тиіс. Қай сала, қай істе де белсенділік танытып, жастар саясатының жүзеге асуына зор үлес қосу – жастарға міндет.

Сіздер, кемел келешек иелері ма­ңызды мәселелерді анықтап, оларды шешу жолдарын қарастырып, Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру», «Цифрлық Қазақ­с­тан», «Қазақстанда жасалған», «Білім. Ғылым. Инновация» және «Салауатты ұлт» бағыттарында ой-пікірлеріңізді ортаға салып, жаңашылдық талаптарға сай болу керексіздер.

/ видеоролик көрсетіледі/

Әрине, Елбасымыз: Мен сөзімді әсіресе жастарымызға арнағым келеді. Бүгін мен жариялаған Жаңа саяси және экономикалық бағыт сіздерге жақсы білім беруді, яғни бұдан да лайықтырақ болашақ сыйлауды көздейді. Мен сіздерге- жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын демекші, Бүгінгі күнмен үндестік тапқан азаматтық үні, Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңін ұсынамыз.

Зауреш:

Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты —
Мен жастарға сенемін!

Елназ:
Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар.
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемін!

Перизат:
Жас қырандар — балапан,
Жайып қанат, ұмтылған.
Көздегені көк аспан,
Мен жастарға сенемін!

Томирис:
Жұмсақ мінез жібектер,
Сүттей таза жүректер,
Қасиетті тілектер —
Мен жастарга сенемін!

Жұлдыз:
Тау суындай гүрілдер,
Айбынды алаш елім дер,
Алтын Арка жерім дер,
Мен жастарға сенемін!

Мадина:
Қажу бар ма тұлпарға,
Талу бар ма сұңкарға?!
Иман күшті оларда,
Мен жастарға сенемін!..


Алина:

Алаш — айбынды ұраны,
Қасиетті құраны.
Алаштың олар құрбаны,
Мен жастарға сенемін!
Мен сенемін жастарға:
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бір таңда,
Мен жастарға сенемін



Бұл өлең бүгінгі жастарды елжандылыққа тәрбиелеу жолында баға жетпес құндылыққа ие. «Мен жастарға сенемін» өлеңі атүсті оқып, жаба салатын, жай қабылдайтын дүние емес, бүкіл бір ұлтты бір арнаға ұйытып, халықты сүюге, ел үшін бар күш-жігерін жұмсайтын жас буындар тобын қалыптастыруға ықпал ететін тағылым көзі екенін көкейімізге түйіп, көңілімізге бекіту.

Бұл өлеңде азаматтық үн мен ұлттық болмыстың өзара қатынасы, елдік рух пен жастарға деген жанашырлық бар.

Ал, осы Мағжан мен Елбасымыз айтқан :"Мен жастарға сенемін" дегенін бүгінгі жастар ақтайды алды ма? Сіздер қалай ойлайсыздар ?

  • Жастар жаңалық қарайсыздар ма ?

  • Қызығушылықтарыңыз қанша?

  • Еліміздің болашақта Латын әліпбиіне көшудің жолдары, оның қажеттілігі мен артықшылықтары, жастарға беретін мүмкіндіктері туралы не білесіздер?

  • Қазіргі жастар көбінесе қалаға кетіп жатыр, жастарға ауыл ұнамайды ма екен ?

  • Өз еліңнің өркендеуі үшін не істер едіңіздер ?

Ал енді, бүгінгі шақырулы жастарымыз әр салада қызмет жасап, жетістікке жетіп жүрген жалынды жастарсыздар, Елбасының бағдарламалық мақаласындағы әрбір басымдықты өмірмен сабақтастырып, жаңағы сұрақтар төңірегінде жалынды сөз сөйлеп, өз пікірлеріңізді ортаға салыңыздар.

/Жастар сөз сөйлейді/

/Асқар ән орындайды/

Жастардың білім алуы, әлеуметтік жағдайы ерекше аталып өтіп, 2019 жыл – «Жастар жылы» деп жарияланды. Біз үшін бұл – үлкен мәртебе!"

«Табысыңның өскенін қаласаң, еңбекқор болуың қажет!» - деп, Елбасының дәйексөзін келтіргім келеді. Себебі, ұлт арасында еңбекқорлықты дәріптеу маңызды. Қоғамның әр азаматы өз жұмысын еліміздің дамуына апарар маңызды істің бөлігі деп білсе, зайырлы мемлекет ретінде көздеген мақсаттарымыз алыс емес. Елбасының халыққа жолдауы – тәлімгердің оқушыға деген ақылы, жаттықтырушының спортшыға деген бағыты, әкенің баласына өсиеті. Яғни, Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсу алгоритмі жолдауда анық көрсетілген, бастысы – оны дұрыс орындау" - дейді ол.

Сонымен қатар ол Елбасының жастарды ерекше атап өтуі, жастардың бойында жауапкершілікті арттырады дейді.

"Жауапкершілікті алу — діттеген мақсатқа қол жеткізу үшін бәріне де дайын болу дегенді білдіреді. Өз кезегінде жастар да ел үмітін ақтауға барын салулары керек.

Әр маман өз саласындағы жетістіктерді саралап, өзін-өзі қамшылап, заман талабына сай жаңаны үйренуге тырысып жүруі керек. Бұл әсіресе, сіз секілді жас мамандарға екі есе жауапкершілік жүктейді.

«Жастар жылының» логотипі әзірленді, онда жыл сайынғы көші-қон кезіндегі тырналардың ұшуы көрсетілген. Ұшудың бұл тәсілі - үлкен құстарға энергияны көп қажет ететін қашықтықты еңсеруге мүмкіндік береді. Ұшу барысында әрбір құстың қанатының соңында әуе кептелісі пайда болады, осының арқасында құстар жинақыланып, бірлескен қимылдың арқасында қосымша көтерілу күшіне ие болады. Бірлескен табысты ұшудың негізгі ережесі - топ пен барлық еңбектің нәтижесін қатамасыз ететін адал қарым-қатынастар.  Аталған бастама жастардың өзара іс-қимылын көрсетудің ең жақсы тәсілі болып табылады. Тырналар мәңгілік жастық,  бақыт пен сәттілікті бейнелейді. Жастар саясатындағы негізгі жетістіктерге  бірлескен күш-жігерлер, тәжірибе алмасу және жастардың білімі арқылы қол жеткізілді. Авторлар логотиптің түстік гаммасына ерекше көңіл бөлген. Мысалға ,сары түс - позитивті энергетиканы, мерекені, күннің нұрын, көгілдір түс - кеңшілдікті, шығармашылық әлеует пен достық қарым-қатынасты білдіреді. Көк түс- рухани тазалық мен кемелдікті, қызғылт-сары түс - тұрақтылықтың, қуаныштың, достық қарым-қатынастың символы болып табылады. 

  • Жастар жылында қандай істер атқарылуы тиіс деп ойлайсыздар ?

  • Қандай ұсыныстарыңыз бар ?

  • “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында 2 жаңа жоба іске асырылуда

«Ауыл – ел бесігі» жобасы

 “Өз жеріңді танып біл” жобалары бойынша қандай шаралар өтуін қалайсыздар ?

  • «Ұстазы қандай болса,мектебі сондай болады» деген сөз бар, ендеше «Жастары қандай болса,болашақ ел сондай болады» деген ой сыйымды ма ?

Еске сала кетейік, Президент екі жаңа жобаны іске асырудың маңызы туралы өз  Жолдауында айтқан болатын:

-Біз ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғыртуға кірісуіміз қажет. Бұған арнайы “Ауыл – ел бесігі” жобасының іске қосылуы септігін тигізеді. Бұл жоба арқылы өңірлердегі еңбекке қатысты идеологияны ілгерілетуді қолға алу керек. Бойскаут қозғалысы сияқты “Сарбаз” балалар-жасөспірімдер бірлестігін құрып, мектептерде әскери-патриоттық тәрбиенің рөлін күшейткен жөн. “Өз жеріңді танып біл” жаңа бастамасы аясында еліміздің өңірлері бойынша жаппай мектеп туризмін қайта жаңғырту керек, – деген еді Мемлекет басшысы.

Осы жобалар төңірегінде ұсыныстарыңыз болса, айта отырыңыздар !

/ Қатысушылар ұсыныстарын айтады/

Қазақстанды Отаным деп таныған әрбір азамат  қазақ елінің тарих сахнасында басты әрі мәңгілік рөлін  ойнауы үшін өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс.

 «Тәуелсіздігіміз баянды болуы үшін жас жеткіншектерді мемлекетшіл, отаншыл рухта тәрбиелеу – кезек күттірмейтін мәселе. Қазіргі таңда ұлт ретінде сақталудың бірден-бір жолы – бала бойына елжандылық пен ұлтжандылық рухын орнықтыру екені көп дәлелді керек етпейді»,-деп  президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың ұсынып отырған сындарлы саясатының басым бағытының бірі жас толқынның бойына мемлекетшіл сананы қалыптастыру болып табылады. Осы мәселені шешу үшін болашаққа, яғни жастарға сену керек. Сеніп ғана қоймай, сол сенімді ақтайтын Мағжан айтпақшы, «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты…» жастарды тәрбиелеу керек. Сонда ғана сенім ақталып, білімі парасатына сай, елдің ары мен намысын абыроймен алып жүретін жанарында жалын бар жастар өседі.


Шара соңында жиынға жиналған жастар «Атамекен» әнін бірге шырқайды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
16 желтоқсан
2253
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі