400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дөңгелек үстел: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Материал туралы қысқаша түсінік
Дөңгелек үстел Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-шарасы аясында өткізілген. Дөңгелек үстел барысында сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы, оның субъектілері, зардаптары және онымен күрес жолдары талданды
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ы.Алтынсарин атындағы 159 гимназия

Күні:02.12.2021ж.

Тақырыбы: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес!»

Мақсаты: Қоғамның әртүрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру,білімдерді дағдыландыру; саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыру, жеке тұлғалардың еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой - пікірлерімен санасуға жағдай жасау, ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Тақырыптық презентация, бейнеролик.

Түрі: Дөңгелек үстел

Дөңгелек үстелдің барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Әңгіме сұхбат

  3. Қорытынды

Қатысушылар: 1.Мектеп әкімшілігі

2. Хавалаш Айнұр

3. Алдыбекова Малика

4. Алдаберген Салтанат

5. Сұлтанғазы Бекарыс

6. Рамазанова Арайлым

7. Бертаева Мақпал

8.Тоқтамұрат Айгерім

Жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар. Бүгінгі біздің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» атты дөңгелек үстелімізді бастауға рұқсат етіңіздер!!! (Слайд 1)

2: Бүгінгі біздің сіздердің бастарыңызды қосып, дөңгелек үстел өткізудегі мақсатымыз Қоғамның әртүрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, еркін сөйлеп, пікір алмасып, ойымызды бүкпесіз жеткізу. (Слайд 2)

1: Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын  әлемдегі  барлық  елдердің  қай-қайсысын  да  қатты  алаңдататыны  анық. (Слайд 3)

2: Сыбайлас жемқорлық - бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес. Сондықтан, бұл індетке    бірлесе қарсы тұруымыз керек.    Н.Ә.Назарбаев. (Слайд 4)

1: «Сыбайлас жемқорлық» деген не? (Слайд 4)

Сыбайлас-жемқорлық деген сөзге этимологиялық тұрғыда анықтама берсек, Сыбайлас-жемқорлық деген параға сатып алу”, “пара ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ, "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.

2:Тақырыбымызды тереңірек түсініп, мәнін ашу үшін бейнероликке назар аударайық.

ІІ. Бейнеролик

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
11 ұстаз жүктеп алған
03.01.2022
5082
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі