400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дөңгелек үстел: "Ұлттық тәрбие және жаһандану"

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдіскердің бөбекжай тәрбиешілерімен өткізілген рухани жаңғыруға байланысты өткізген дөңгелек үстелі. Тәрбиешілерге арналған әдістемелік көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ұлттық тәрбие және жаһандану»

Мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту. Педагогтардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет сүйіспеншілік, көкірегі ояу болуға ұмтылу және мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.

Ұйымдастыру бөлімі: «Шаңырақ» тренинг.

-Халқымыз тек әлеуметтік-экономикалық, саяси тұрғыдан ғана емес, рухани жаңғыруға да ұлттық бірегейлік тұрғыдан дайын болуы тиіс. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ұлт болашағының тарихи маңызға ие тағы бір бағдарламасын жасап, бағытын айқындап берді.

Монтаж

Рухани жаңғырудың алты қанаты:

  • Бәсекелік қабілет. Қазіргі таңда, жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады.

  • Прагматизм. Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек. Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу.

  • Ұлттық бірігейлікті сақтау.Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.

  • Білімнің салтанат құруы. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен жоғары қоятын ұлт қана табысқа жетеді.

  • Қазақстанның революцялық емес, эволюциялық дамуы

  • Сананың ашықтығы

Бұл жаңғыру – өрге бастау Ұлтымды,

Бұл жаңғыру – төрге бастау Ғұрпымды.

Ұлттық дәстүр – менің ұлттық құлпым,

Кім көрінген қолды етпесін кілтімді.

Бұл жаңғыру – ұлыларды ұлықтау,

Ұлы Абайдың даналығын ұмытпау.

«Сөйлемді Аяқта»

«Рухани жаңғыру - .........»

«Рухани жаңғыру – дәуір талабына сай жаңғыру»

«Рухани жаңғыру – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу»

«Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі»

«Рухани жаңғыру – ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту».

. Рухани жаңғыру – Ұлттың Ұлы мұраты!

Ұлы мұрат жолында тізе қосып, іс қылу-біздің перзенттік және азаматтық ұлы борышымыз.Ал бұл сапарда жолымызға қақпан құрып, аяқтан шалушылар-Қазақстанның хас жауы. .

Ең бастысы, білім беруге қойылып отырған жаңа талаптарды орындауда көптеген жұмыстар жүргізіліп, жастардың үш тілде білім алуына, жаңа техналогияларды білім беру жүйесіне енгізуде өңірімізде келелі жұмыстар атқарылуда

Постер «Қазақстан болашақта»

Сергіту сәті: «құпия сөз»

Егер қоғамның даму кілті білімді адамдардың жаңаша қызмет атқаруын керек ететін болса, сол жаңашыл адамдарды, болашақ қоғам мүшелеріне білім мен тәрбие беруді жүзеге асыратын мамандар дайындайтын біздің білім беру ұйымдары Елбасы көздеген бағыттарға лайықты болуы тиіс.

Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана – сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі.

Сұрақтар

ҚР елтаңбасында не бейнеленген? – (тұлпар ,шаңырақ,жұлдызша.күн

Қазақстан өз тәуелсіздігін қай жылы алды? – (1991 жыл 16 желтоқсан)

«Отан қорғау» дегенді қалай түсінесің?

Әнұранның авторларын ата? – (Ш.Қалдаяқов,Ж.Нәжмединов,Н.Назарбаев.)

ҚР тұңғыш президенті кім? – (Н.Н.Әбішұлы)

ҚР неше облыс бар? – (14 облыс)

Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? – (Тоқтар Әубәкіров)

Конституция күні? – (30 тамыз)

Бекіту.

Шыңға биік Ел көз тіксе асқарлы,

Шайыр жазбай, кім жазады дастанды?!

Сүйінші, Алаш!

Тарихыңда толғаулы

Рух жаңғырар жаңа дәуір басталды

Көк түріктің ұрпағына, уа құтты

Жолын таппай, қаңғырған ел қаншама,

Білімін сақтай, жаңғырған ел бақытты

Осындай бақытты күнде күн кешіп, ұрпақтарымыздың жолдары ашық, болашақтары жарқын болсын.















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 желтоқсан
1088
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі