Материалдар / Дөңгелектер әлемі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дөңгелектер әлемі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша I-ші кіші топ Тақырыбы:Дөңгелектер әлемі Мақсаты:ұсақ қол маторикасын дамыту.түстерді ажырата білуге үйрету,баланың тілін дамыту. Бөлімі:Сөйлеуді дамыту,Сурет,Сенсорика.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Ақпан 2022
309
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

  • Қорытынды сабақ



Білім беру саласы:Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі     Сенсорика

Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы:«Дөңгелек»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты:Балаларды  дөңгелек пішінімен таныстыру.Балалардың ойлау қабілетін,танымдық қызығушылығын қалыптастыру.Заттар арасынан дөңгелек пішініне ұқсас заттарды таба білугеүйрету.Монтессори элементтерін пайдалана отырып,ойын арқылы балалардың ұсақ саусақ  моторикасын дамыту.Ойынға, ертегі кейіпкерлеріне қызығушылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Сайқымазақ,дөңгелек пішін; шар,доп, күн суреттері. 

 Қажетті құрал –жабдықтар:түрлі-түсті пластикалық қақпақтар,дөңгелек доптар,сары түсті бояу,күннің суреті.

 

Шаттық шеңбері:Арайлап таң атты,

                               Алтын сәуле таратты

                               Қайырлы таң,қайырлы күн!

                               Сәлеметсіздерме қонақтар.

Жарайсыңдар балалар!Енді орнымызға отырайық.Мен сендерге жұмбақ жасырып жіберейін.Мұқият тыңдаймыз:

Жұмбақ:

  • Шанамен сырғып жүретін,

  • Коньки,шаңғы тебетін

  • Аққала жасап ойнайтын

  • Бұл қай мезгіл?

Дұрыс айтасыңдар балалар,қыс мезгілі екен.

Сұрақ-жауап:

·                   Қазір жылдың қай мезгілі?

·                   Қыс мезгілінде неше ай бар?

·                   Қыс мезгілінің айларын атай қойыңдаршы?

Жарайсыңдар,енді тілімізді жаттықтырып алайық.Бірге қайталаймыз.

Ыс-ыс-ыс,далаға келді қыс.

Ар-ар-ар,жерге түсті қар.

На-на-на,тебеміз шана

Ла-ла-ла,қардан соқтық аққала.

 Жарайсыңдар!Тілімізді жаттықтырдық.Енді оқу қызметімізді бастайық.

Балалар,  бүгінгі оқу қызыметінде дөңгелек (шеңбер) пішінімен танысамыз.Дөңгелек пішінінің бұрыштары болмайды,оларды дөңгелетсек кедергісіз дөңгелейді. (дөңгелек пішнмен таныстырады).Балалар алдымызда тұрған заттардың барлығы дөңгелек.Қане,аттарын атап шығайықшы(доп,шар,күн,дөңгелек)түстерін ажыратайық.

Тақпақ суретпен:

  • Дөңгелекпін,дөңгелекпін,

  • Доп болып,дөңгеледім

  • Ай сияқты,күн сияқты

  • Шар сияқты дөңгелекпін

Тосын сәт:Есік қағылады,ішке сайқымазақ келеді.(әуенмен)

Сәлеметсіңдерме балалар,мен жүгіріп келе жатып құлап қалдым.Шарларым жарылып қалды,деп сайқымазақ жылайды.Мен сендерге жақсы көңіл-күй сыйлағым келген еді.

Тәрбиеші:Сайқымазақ сіз мұңаймаңыз,біздің балаларымыз сондай мейірімді,тапқыр балалар.Сізге көмектессек қалай қарайсыз?Көмектесемізбе балалар?

Балалар:Ия

Олай болса, орнымызға отырайық.Балалар біз сайқымазаққа көмектесу үшін,бірінші қолымызды жаттықтырып алайық.Ол үшін,алдымызда тұрған қарындашты алып,жаттығу жасаймыз.

  • Қарындашты аламыз

  • Алақанға саламыз

  • Домалатып ойнаймыз

  • Жаттығуды жасаймыз

I-тапсырма:.Шар жасау

Енді алдымызда тұрған үлестірмелі материалдармен сайқымазаққа шар жасап берейік.(сайқымазақтың суреті,пластикалық қақпақтар)

Сайқымазақ:Рахмет балалар!Ақылды,тапқыр бала екенсіңдер.Көңіл-күйімді көтеріп тастадыңдар.Шаршап қалған боларсыңдар.Мен сендермен бірге сергіту жаттығуын жасағым келіп тұр.Жасаймызба?

Балалар:иә

Сергіту сәті:

  • Аяқпенен топ-топ-топ

  • Ал қолменен хлоп-хлоп-хлоп

  • Бір оңға,бір солға

  • Айналамыз,кел мұнда

2-тапсырма:Түстерді ажырату

Доптарды түсіне қарай ажыратып,ыдысқа жинау(сары,қызыл,көк,жасыл).

Жарайсыңдар,барлық шартты дұрыс орындадық.Енді түстерін қайталап айтып шығайық.

Сайқымазақ шарларды алып,ойнап сыртқа шығып кетеді.

Одан кейін,боран соғып сайқымазақ тоңа бастайды.Балалар,сендер тоңбадыңдарма?мен тоңып барамын,дала шықсам аяз,боран болып жатыр.

Тәрбиеші:Сайқымазақ сен өзіп жұп-жұқа киініп алғансың.Тоңбай қайтесің.Сен қыс мезгілінде қалай киіну керек екенін білмейсіңбе?Біздің балалар біледі.Балалар қане айтайықшы біз далаға шыққанда қалай киінетінімізді.Қолымызға қолғап,басымыщға жылы бас киім,мойынорағыш,жылы күрте киіп шыеамыз. Сізге беретін артық киім жоқ.Бірақ,біз сізге жылуын шашып тұратын күн жасап бере аламыз.Әрқашан өзіңізбен бірге алып жүрсеңіз,жылы жүресіз.Жасап беремізбе балалар?

Балалар:Иә

3-тапсырма:Күн

Алақанымызды бояуға батырып,күннің шуақтарын жасаймыз.

Сайқымазақ:Рахмет балалар!Сыйлықтарың қандай керемет.Меніңде сендерге сыйлығым бар.Шарды жарып,ішінен дөңгелек печеньелерді сыйлайды.Мен енді қайтайын.Сендердің жасап берген күндеріңмен тоңбаймын деп ойлаймын.Рахмет балалар,сау болыңдар!

Барлығымыз сайқымазаққа рахмет айтып,шығарып саламыз.

Тәрбиеші:

  • Балалар бүгін бізге қонаққа кім келді?

  • Сайқымазақ сендерге не берді?

  • Біз сайқымазаққа не жасап бердік?

  • Сендерге оқу қызметі ұнадыма?

  • Оқу қызметінің тақырыбы қандай?

Жарайсыңдар,балалар.Бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңдар!




































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!