400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Доптар" сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Ермек сазды алақан арасына салып домалақтау тәсілін үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Шығармашылық. Таным

Бөлімі: Мүсіндеу.

Тақырыбы: Доптар

Мақсаты: ермексазды шымшып алу әдісі және домалақ , жұмыр мүсін туралы мағлумат беру; ермексаз алақан арасына салып домалақтау тәсілдерін меңгеру; тілдерін дамыту.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: түрлі түсті доптардың суреттері, демонстрациялық көрнекіліктер, қызыл, жасыл, сары және қара түсті ермексаз, тақтайша, ермексаз кесуге арналған құрал, тұғырық, үлестірмелі материалдар, доп.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: жұмыр заттар, түрлі түсті доптар, жастықшалар бейнеленген кітапшаларды қарау, доп туралы әңгіме өткізу.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық -қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Жұмсақ матадан жасалған домалақ пішінді, әдемі, түрлі түсті допты ұстап тұрып:

Добым, добым, домалақ,

Қайда кеттің домалап,

Үстел үстін бүлдірдің,

Тәрелкені сындырдың,-деп, сұқ саусағымен допқа ренжіген сынай байқатамын.

Бір-бірінің қолдарынан ұстап шеңбер құрып тұрады. Қимыл-қозғалысты қайталап, көңілдері көтеріңкі қалпында оқу іс-әрекетін жалғастырады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Бүгінгі оқу іс-әрекетінде біз күнде ойнап жүрген сүйікті ойыншығымыз – допты мүсіндейміз.

Балалардың үлестірмелі материалдағы суретке назар аударуларын сұраймын.

Суреттегі көк, қызыл, жасыл түсті доптарға қарай отырып, ермексаздан көлемі үлкен доптар сомдаймыз.

Сергіту сәті.

Қолды оңға созамыз,

Қолды солға созамыз.

Бір орында секіріп,

Біз демалып аламыз.

-Балалар, оң қолдарыңа ермексазды үзіп алып, сол қолдарыңмен ермексазды жауып, алақанмен алақанды біріктіріп, ырғақпен домалатыңдар.

Балалармен жеке жұмыс жүргізілемін.



-Кім қандай түстерді пайдаланды?


Балалар мұқият тыңдайды.


Үлестірмелі материалдағы доптың суретін қарастырады.



Балалар қолдарын оңға, солға жайып, бір жерде тұрып секіреді.


Ермексаздың өздеріне ұнаған түстерінен шымшу әдісімен жұмырлау, одан кейін ырғақты домалату әдісімен допты әдемілеп, допқа ұқсатуға тырысып сомдайды.

Балалар пайдаланған түстерін атайды.

Рефлексиялық түзетушілік

Балалардың өздері жасағандоптарын барлығына көрсетіп, талдаймын. Олардың жұмысын мақтап, марапаттаймын.

Өздері жасаған әдемі доптарына қарап, балалардың көңіл күйлері көтеріледі.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: доп жасау үшін ермексазды домалақтайды;

Түсінеді:доптың домалақ болатының;



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
823
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі