Тақырып бойынша 11 материал табылды

Допты домалатайық

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды бірінің артынан бірі аяқтың ұшымен және өкшемен сап түзеп жүруге жаттықтыру; сапқа өз еріктерімен тұру қабілеттерін дамыту; тұрған заттың басына доп тигізу арқылы жоғары секіру және допты аяқпен қайшылап ұстап, отырып-тұрып домалату іскерліктерін жетілдіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған іс-әрекет : Денешынықтыру

Тақырыбы; "Допты домалатайық".

Мақсаты: Балаларды бірінің артынан бірі аяқтың ұшымен және өкшемен сап түзеп жүруге жаттықтыру;

Міндеттері: сапқа өз еріктерімен тұру қабілеттерін дамыту; тұрған заттың басына доп тигізу арқылы жоғары секіру және допты аяқпен қайшылап ұстап, отырып-тұрып домалату іскерліктерін жетілдіру.

Сөздік жұмысБалалардың сөздік қорларын "Күз келді", "Алтын күз", "Паровоз боламыз" фразалары арқылы жетілдіру.

Әдіс-тәсілдерБейнежазбаны көрсету, көркем сөз, миға шабуыл, кері байланыс, жалпы дамыту жаттығуларына дайындық,  жалпы дамыту жаттығулары, негізгі қимыл жаттығулары, "Добым, добым домалақ" қимылды ойыны, "Себетке допты лақтыр" пысықтау ойыны, тыныс алу жаттығулары, "Паровоз" жаттығулары.

Құрал-жабдықтар

1. Көрнекілік материалдар

Дене шынықтыруға арналған киімдер, музыкалық аппаратура, интербелсенді тақта, доптар, келгилер.

2. Үлестірмелі материалдар

Бала санына байланысты жалаулар, кішкентай доптар.

Оқу қызметінің барысы

1. КІРІСПЕ БӨЛІМ

1.1. 
Тәрбиеші :
- Балалар, естіп тұрсыңдар ма?

- Бұл не?
Бейнежазбаны көрсету.

 

Балалар, бейнежаздан не көрдіңдер? Балалардың еркін жауаптары.
– Күз мезгілі келіп, айналаны сары түске бояды.
Көркем сөз.
"Күз"
Алма, өрікті қамбаларға 
Толтырды әкеп алтын күз.
Шәкірт болып парталарға
Отырды кеп алтын күз.
(Мұқатай Жылқыайдарұлы)

– Жарайсыңдар! Балалар, күз мезгілінің басқа қандай ерекшеліктерін білесіңдер? Балалардың еркін жауаптары.

1.2. Тәрбиеші
– Балалар, бәріміз әдемі болып, музыка әуенімен бірге біріңнің артынан бірің жүріп отырыңдар. 
– Тамаша! Музыка сипатына қарай мен қандай қимылдар жасаймын, сендер қайталап отырыңдар. Жақсы. 

Балалар музыка әуенімен бірінің артынан бірі жүреді, педагогтің белгі беруі бойынша аяқтың ұшымен және өкшемен жүреді, жай қалыпқа түсіп, тез ойнаған музыка әуенімен жүгіреді, жүгіріп келе жатып, жай жүріске түседі және аяқтың ұшымен денелерін тік ұстап жүреді. Жүріп келе жатып, шеңбер құрады және қайтадан сапқа тұрып, біртіндеп жүріп келе жатып жалпы дамыту жаттығуларын жасауға тұрады.

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Жалпы дамыту жаттығулары (жалаулармен).
Тәрбиеші әр балаға екі жалаушадан таратып береді.
– Қане, балалар, қолдарыңдағы жалаушаларыңды көрсетіңдерші. Тамаша! 

1. Бастапқы қалып: аяқ алшақ, дене тік, қол төменде.
1.1. Балалар жалауларын оң жаққа сермеп, "желбіре" деген сөзді айтады.
1.2. Бастапқы қалып.
1.3. Балалар жалауларын сол жаққа сермеп, "желбіре" деген сөзді айтады.
1.4. Бастапқы қалып. (жаттығу 4-5 рет қайталанады).
2. Бастапқы қалып: аяқ алшақ, дене тік, қол төменде.
2.1. Қолдарын жоғары көтеріп, жалауларымен "жаса" деген сөзді айтады.
2.2. Бастапқы қалып.(жаттығу 4 рет қайталанады).
3 . Бастапқы қалып: жерде отырады, аяқ алшақ, жалаулар тізе үстінде.
3.1. Жерге шалқасынан жатып, жалауларын жоғары желбіретіп "тербе" деген сөзді айтады.
3.2. Бастапқы қалып. (жаттығу 3 рет қайталанады).
4. Бастапқы қалып: аяқ бірге, дене бос, қол төменде.
4.1. Жалауларын көкірек тұсында ұстап, бір орында тұрып секіру.
4.2. Бастапқы қалып. (жаттығу 3 рет қайталанады).

2.2. Негізгі қимыл жаттығулары:
– Балалар, екі топқа бөлінеміз. 
– Бірінші топ тұрған заттың басына доп тигізу арқылы жоғары секіресіңдер. 
– Ал, екінші топ допты аяқпен қайшылап ұстап, отырып-тұрып домалату жаттығуларын орындайтын боламыз.
– Қай топтың балалары жақсы жетістік көрсетеді екен.
Тәрбиеші балаларды екі топқа бөліп, бір топқа тұрған заттың басына допты тигізу арқылы жоғары секіру жаттығуын, екінші топқа допты аяқпен қайшылап ұстап, отырып-тұрып домалату жаттығуларын балалардың естеріне түсіреді. Жаттығу аяқталғанда екі топ келесі жаттығу түрін жасау үшін ауысады. Екі топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындап жатқанда педагог жаттығулардың жасалу техникасына көңіл бөліп, дұрыс меңгере алмай жатқан балаларға ескерту жасайды. Тұрған заттың (кегли) басына тигізу арқылы жоғары секіру кезінде балалардың соғылып қалмай немесе құлап кетпей секіруіне басты назар аударады. Допты аяқпен қайшылап ұстап, отырып-тұрып домалату кезінде епті, жылдам болуды ескертеді. Жаттығуларды жақсы жасап жатқан балаларға "Ептісіңдер!", "Жылдамсыңдар!" және "Тамаша!", "Бәрекелді!" деген сөздер айтып, шабыттандырып отырады. 

2.3. "Добым, добым домалақ" қимылды ойыны.
"Добым, добым домалақ" дей отырып, балалар сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр.
Педагог балаларға кішкентай доптар таратып береді. Балалар педагог белгілеген жерге дейін доптарды домалатып әкелу керек.

2.4. Тәрбиеші балалардың негізгі қимыл жаттығуларын қалай меңгергенін тексеру мақсатында "Себетке допты лақтыр" пысықтау ойынын өткізеді.
Барысы: балаларды екі топқа бөледі. Екі топ ортасында себет тұрады. Балалар допты жерге лақтырған кезде, секіріп себетке түсіру керек. Себетке көп доп лақтырған балалар тобы жеңіске жетеді.

3. ҚОРЫТЫНДЫ

Тәрбиеші сылдырмақты ұрып, балаларды сапқа тұруға шақырады.
Балалар бірінің артынан бірі тұрып, тыныс алу жаттығуларын педагогтің көрсетуі бойынша орындайды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.04.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11