400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дос болайық, бәріміз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Сүйіспеншілік қағидалары
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Өзiн-өзi тану» сабағының жоспары

 

Мектеп: «МЖДШО бар №17 жалпы білім беретіін орта мектебі» МКМ

Сынып: 3 «А»      Оқушылар саны: 27 мұғалімі: Нургожаева К.У.

Тақырып: Дос болайық, бәріміз 

Құндылық: Сүйіспеншілік

 Қасиеттер: Мейірімділік,татулық,бірлік 

Сабақ мақсаты: оқушыларға қарым - қатынас жасаудың маңыздылығын түсіндіріп, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ұғындыру

Міндеттері: • жақсы көру, сүйіспеншілік ұғымдарының адам өміріндегі мәнін түсіндіру; • сүйіспеншілікпен қарым - қатынас жасауға баулу; • оқушыларды туған елін, жерін, ата - анасын сүюге тәрбиелеу

Ресурстар: оқулық, дәптер, ватман, маркер, бейнепроектор, ән мәтіні

Сабақ  барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.Тыныштық сәті. Нұрға бөлену Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан.Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек – қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздеріміздерге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте – бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан – жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге,достарыңыға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардыңда жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан – жануарларға,өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын.....Ғаламның барлық түкпір – түкпіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын.... Нұр менің ішімде....Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық отыра тұрыңыз.... Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.


5 мин

Үй тапсырмасын тексеру. «Мен қандаймын баламын» сұраққа жауап жазу,автор орындығы арқылы оқып береді,оқушы дәптерін тексер

3.Әңгімелеу Достықты қалай түсінесіңдер? Достарыңды ренжітіп алсаңдар, қалай татуласар едіңдер? Сендер қалай ойлайсыңдар, қыз балаларға қалай достасуға болады?




6 мин

Сабақтың дәйексөзі.

«Сүйіспеншілік - жүректен»

                                                    Ш.Құдайбердіұлы

- Ш.Құдайбердіұлы  деген  кім?

- Дәйесөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

- Сүйіспеншілік  деген сөзді естігенде ең алдымен кім естеріңе түседі?

- Неліктен сүйіспеншілікті жүректен дейді? «Татулық – достық кепілі». халық мақалы. Қыз балаларға бір бөлек, ұл балаларға бір бөлек, барлығына хормен айтқызу.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? Шын достар уәдесінде тұрады, ойындары, сөздері жарасады, бірін – бірі ренжітпейді, қуантқысы келеді, бір – бірінің көңіліне қарайды. Ал осы айтылғандар татулық белгісі. Сондықтан да шын достыққа татулық арқылы қол жеткізуге болады.





6 мин

 Оқиғаларды әңгімелеу.     Мұғалім сыйы.

1)«Ана махаббаты» аңыз әңгіме

Бір күні балалары бір келісімге келе алмай анасына келіп сұрақ қояды:

-Анашым, сіз біздердің қайсысымызды ерекше қатты жақсы көресіз?

Анасы үндеместен, шырақты жағып былай дейді:

-Мынау- шырақ, ол — мен!

Оның жалыны- менің сендерге деген сүйіспеншілігім.Осыдан кейін анасы тағы бір шырақты алып, өз шырағы арқылы жақты.

-Бұл менің- тұңғышым, оған мен өз жылуым мен сүйіспеншілігімді бердім. Қараңдаршы, екінші шырақты жағуыммен менің жылуым, сүйіспеншілігім азайды ма?

- Жоқ!

-Менің шырағымның жалыны бір қалыпты.

Сонымен анасы қанша баласы бар сонша шырақ жақты. Шырақтың жалыны көбейіп, одан сайын көп жылу берді…

Аналарың сендерді үнемі сүйіспеншілікке бөлейді, ал сендерде аналарыңды үнемі риясыз сүйіспеншілікке бөлеңдер!

Сұрақтар:

1.Балалар не себепті келісімге келе алмады?

2.Ана өз сүйіспеншілігін  қалай көрсетті?

3. Риясыз  сүйіспеншілік дегенді қалай түсінесіңдер?


-Сендер  шыр етіп дүниеге келгенде ата-анаңның қуанышында шек болмады. Ал сендер алғаш рет сәби жүректеріңмен анаңның аялы алақанын, мейірленген риясыз сүйіспеншілігін сезіндіңдер. Сондықтан да барлық жақсылықтың негізі осы риясыз сүйіспеншіліктен басталып, адам жанын нұрға , көңілін қуанышқа бөлейді.










8 мин

   Шығармашылық  іс-әрекет, топтық жұмыс.

Оқушыларды  3 топқа бөлемін.

1-топ . Отанға деген сүйіспеншіліктерін  шағын ой-толғау арқылы жеткізу.

2-топ. «Ата-анаға деген сүйіспенпеншілік» өлең  шумақтарын шығару.

3-топ. «Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін қағаз бетіне түсіру.( Сурет салу)


12 мин

Топпен ән айту.«Татуласу» О. Асқар

Әкел досым, қолыңды,

Татуласқан орынды.

Өкпелесіп не керек,

Көрсет, кәне, соныңды.

Баққа бірге кірейік,

Қол ұстасып жүрейік.

Татулықтың белгісі –

Кел, қосылып күлейік:

-Ха-ха –ха, ха- ха –ха!..

4 мин

Үй тапсырмасы.Мақалдар жазу

2 мин

Соңғы тыныштық сәті. Балалар,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп отырыңдар.Көздеріңді жұмсаңдар да болады.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал,енді көздеріңді ашсаңдар да болады.



2 мин



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 ақпан
436
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі