Тренинг
Тақырыбы:
«Дос болайық
бәріміз»
Семей 2024-2025 оқу
жылы
Тақырыбы: «Дос болайық
бәріміз»
Мақсаты:
Оқушылардың
қарым-қатынасын нығайту мен топтастыру. Сынып ішінде ауызбіршілікті
сақтауға шақыру, Достың қадірін білуге үйрету.
Тренинг
ережесі:
-бір-бірін
тыңдау;
-уақыт
үнемдеу;
-белсенділік
таныту;
-достық
қарым-қатынас;
-жағымдыэмоция
тудыру;
Көрнекіліктер: А4 форматта пазл суреттері,
шарлар,доптар,түтікшелер.
Өткізілген уақыты: 11-15.11.2024 ж 5-6
сынып оқушылары.
I.Ұйымдастыру
бөлімі
1.1. Шаттық шеңберге тұрып,
бір-бірінің жақсы қасиеттерін айту.
II. Негізгі
бөлім
2.1. Сөз жұмбақ
шешу
2.2. Топқа
бөлу
2.3. Суреттермен жұмыс «пазлды
жина»
2.4 Мәтінмен
жұмыс
2.5. «Достық шеңбері» жаттығу
ойыны.
2.6 Психологиялық тест «Қай
ағашты таңдайсыз?»
2.7«Досыма тілек
жазу»
III.
Қорытынды.
3.1.
Рефлекция
Сабақтың
барысы:
I.Ұйымдастыру
бөлімі
- Сәлеметсіздер ме балалар?
Көңіл күйлерің қалай? (оқушылар жауап береді.) Олай болса, ортаңғы
қатарды айналып, шаттық шеңберіне тұрайық( шаттық шеңберіне тұрады)
Балалар, кәнекей бір-бірімізге жақсы қасиеттерімізді айтайық. Мен
бірінші бастаймын. ( оқушылар сағат тілі бойынша бір-бірінің жақсы
қасиеттерін айтады) Жарайсыңдар, балалар! Енді осы көңіл күйімізбен
орнымызға жайғасамыз!(оқушылар орындарына
отырады)
2.1. Сөзжұмбақ
шешу
-Балалар,сабағымызды бастамас
бұрын мына сөзжұмбақты барлығымыз бірге шешіп көрейікші. Бірақ, бұл
сөзжұмбақ ерекше. Мен сендерге сұрақтар қоймаймын,тек қана бір
сөзді айтамын. Ол сөз орыс немесе ағылшын тілінде болуы мүмкін.
Сендер сол сөзді қазақша аударып, жауабын ату
керексіздер.
1.Дневник-(күнделік)
2.Thirty-(отыз)
3.Clock-(сағат)
4.Доска-(тақта)
5.Yellow-(сары)
6.Умный-(ақылды)
«Достық» сөзі
шығады.
-Сонымен балалар қандай сөз
шықты?(достық)
Сабақ тақырыбымен
таныстыру
-Біздің бүгінгі сабағымыздың
тақырыбы «Дос болайық
бәріміз»
деп аталады.
Сонымен,балалар «дос» немесе
«достық» дегенді қалай түсінесіңдер?Осы сөзді естігенде көз
алдарына не келеді?(оқушы сөзін
тыңдау)
-Дұрыс,яғни «достық» дегеніміз
екі адамның бір – біріне деген қарым – қатынасы.Ал,«Дос» деген
қиналғанда жанынан табылатын, көмектесетін жанашыр жан. Достық
деген қасиетті сөз, қасиетті сезім, ол тек жөні түзу адамдар
арасында ғана қалыптастырып, өзара құрмет негізінде ғана
дамиды.Солай ма?
-Жақсы,яғни біздің бүгінгі
сабағымыздың тақырыбы «Дос болайық бәріміз» деп аталады.Бүгінгі
сабақта біз дос,достық,нағыз достық ,елімізде тұратын халықтардың
достығы жайлы сөз қозғайтын
боламыз.
2.2.Топқа
бөлу
-Енді, бүгінгі сабағымызға
байланысты сендерді екі топқа бөлемін. «Достық», «Бірлік» атты
топтар.
2.3. Суреттермен жұмыс
«пазлды жина» ойыны.
Мақсаты: Оқушылардың қарым-қатынасын нығайту мен
топтастыру. Сынып ішінде ауызбіршілікті сақтауға шақыру, Достың
қадірін білуге үйрету. Бір-бірімен ақылдаса отырып,үйлесімжі жұмыс
жасауға үйрету.
Жүру барысы: Оқушылар екі топқа бөлінеді.
Әр топқа пазл бөліктерінен суретті жинау беріледі, шарды сол
қолымен ауаға ұшыра отырып, құлатып алмай оң қолымен пазлды жинау.
Жиналған суретке тақырып қойып, түтікшелердің көмегімен әріптерден
сөз құрау.
Жаттығудын мәні: Оқушылардың бір-бірін
тыңдай отырып үйлесімді жұмыс
істеуі.
2.4.Мәтінмен
жұмыс
-Қазір осыған байланысты
Ыбырай Алтынсариннің «Жаман жолдас» атты әңгімесін оқып
шығайықшы.
-Балалар,Ыбырай Алтынсарин кім екенін білеміз
бе?Ол кім?
-Дұрыс айтасыңдар.
Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889)
— қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф,
фольклоршы, қоғам қайраткері.Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай
облысының аумағында дүниеге келген.
-Енді оның достық тақырыбына жазылған әңгімесін
оқып шығайық.
«Екi дос кiсi жолдастасып келе жатып, бiр аюға
ұшырапты. Бұл екi кiсiнiң бiреуi әлсiз, ауру екен, екiншiсi мықты,
жас жiгiт, аюды көрген соң бұл жiгiт ауру жолдасын тастап, өзi бiр
үлкен ағаштың басына шығып кеттi дейдi. Ауру байғұс ағашқа шығуға
дәрменi жоқ, жерге құлады да созылып, өлген кiсi болды да жатты:
есiтуi бар едi, аю өлген кiсiге тимейдi деп. Аю бұл жатқан кiсiнiң
қасына келiп иiскелеп тұрды да, дыбысы бiлiнбеген соң тастап жөнiне
кеттi. Мұнан соң манағы жолдасы ағаштан түсiп, аурудан
сұрапты:
– Достым, аю құлағыңа не сыбырлап кеттi? Ауру айтты
дейдi:
– Аю
құлағыма ақыл сыбырлады, екiншi рет тар жерде жолдасын тастап
қашатын достармен жолдас болма дедi, –
дейдi.
Рефлексия
-Иә,сонымен бұл әңгіме не туралы екен?(балалар
жауабын тыңдау)
-Бұл екеуі нағыз дос па?
-Қазіргі кезде мұндай адамдар кезедесе
ме?
-Дұрыс айтасыңдар.
Достың 2 түрі болады екен.
Ол
«адал дос»және «амал дос».
-Адал дос қандай болады?
Ал,амал дос ше?(оқушылар жауабын
тыңдау)
-Иә,адал дос-шынайы дос,нағыз
дос. Ал,амал дос-өз қажетіне
жарататын немесе қиын кезде көмектеспей сатып кететін адамды
айтады.
2.5 «Достық шеңбері»
ойыны.
Мақсаты:Оқушылардың бір-бірін тыңдай
отырып үйлесімді жұмыс істеуге
шақыру.
Жүру барысы: Оқушылар шеңберге
тұрып,қолдарына түссіз пленканы ұстап келісілген ұяшыққа допты
түсіру.
2.6. Қандай ағашты таңдайсыз. (психологиялық
тест)
Төменге түспей жатып мына ағаштардың бірін таңдап
алыңыз. Әрине, қайсысы көзіңізге ерекше түсті, соның реттік
нөміріне қараңыз.

Ағашты таңдап болсаңыз, өзіңіз
жайлы мына психологиялық тестпен
танысыңыз. Сіз қандай екенсіз?
1.
Жомарт және адамгершілігі жоғары жансыз. Сіз үнемі үздік болуға
талпынасыз. Кеудемсоқтық қасиетіңіз де жоқ емес. Жұрт сырттай
сізбен тіл табысу қиын деп түсінеді. Олай емес, тек сіз
өзіңізбен-өзіңдің табысуыңыз оңай шаруа емес. Сіз үнемі белсенді
жұмыс атқарасыз. Бірақ өзімшіл емессіз. Сіз өз әлеміңізді
әдемілендіру үшін тынбай жұмыс жасайсыз. Сіз біреуді жаныңызға жара
салғанша жақсы көресіз. Ал содан кейін… содан кейін де жақсы
көруден танбайсыз. Сіздің ісіңіздің қадіріне жетіп жүрген жандар
аздау.
2.
Еліктіргіш және шыншыл адамсыз. Сіз біреуге көмектесуге қашан да
даяр тұратын жауапкершілігі жоғары жансыз. Сіз адал жұмыс жасауды
жақсы көресіз. Қандай да бір жұмысты өз міндетіңізге алудан
қашпайсыз. Сіздің мінезіңіз көпке ұнамды. Сізде үнемі көптің
көңілінен шығатын қызықты әңгіме
таусылмайды.
3.
Ақылды және ойшыл жансыз. Сіз сөзсіз ой адамысыз. Сіздің идеяңыз
бен ойларыңыз өте маңызды. Сіз жалғыз қалғанда көп ойға берілесіз.
Өзіңіздей үнемі ой үстінде жүретін жандармен сұхбат құрудан
қашпайсыз. Сіз өзіңіз дұрыс деп жасаған нәрсені жасайсыз. Оған
көпшілік бір ауыздан келісе қоймауы да
мүмкін.
4.
Зерек жансыз. Сіз өз ортаңызда сирек кездесетін жалғыз адамсыз.
Сізбен қатар тұрар жан жоқ. Тіпті сізбен салыстыруға тұрарлық жан
да… Сізді көбі дұрыс түсіне бермейді. Сондықтан ондай жандардың ісі
сізді үнемі ренжітеді. Сізге жеке кеңістік құру қажет.
Шығармашылығыңызды байыта түсіңіз. Өйткені жұрт сізді
шығармашылығыңыз үшін де қадірлейді.
5.
Сенімді жансыз. Сіз тәуелсіз жансыз. «Бәрін өзім жасаймын» деген
қағиданы ұстанасыз. Тек өзіңізге ғана сенесіз. Сіз жақындарыңыз
үшін қалай сенімді болудың құпиясын білесіз. Жұрттардан бар
тілеріңіз — олардың сізге адал болуы. Өйткені сіз адал адамдарды
бағалайсыз, шындықты сүйесіз.
6.
Мейірімді және сезімтал жансыз. Сіз адамдармен оңай қарым-қатынас
орнатасыз. Досыңыздың саны көп. Олардың өмірін жақсарту үшін
қолыңыздан келгенін аянып қалмайсыз. Сіз бар жерде кейбіреулер
өздерін артық сезінеді. Сіз махаббатқа сенесіз, онсыз өмірдің мәні
жоқ деп ұғасыз.
7.
Бақытты және өзін-өзі еркін билейтін жансыз. Сіз адамдарды
айтқызбай-ақ ұғатын кішіпейіл адамсыз. Әр адам өмірде өз жолын
салуы керек деп түсінесіз. Сіз кез келген шараны, оқиғаны да
қорқынышсыз қарсы аласыз. Көп мазаланатыныңыз тағы бар. Үнемі бос
уақытты тиімді өткізесіз.
8.
Әдемі және қайратты жансыз. Сіз көңілді де күлдіргі адамдардың
қатарынансыз. Егер әңгіме қандай да бір оқиға жайында өрбіп жатса,
үнемі «Қолдаймын» деп қол көтеруге дайын жүресіз. Сіз таңқалудан
да, таңдандырудан да жалықпайсыз. Бәрін біліп алғыңыз келіп тұрады.
Егер сізге бір нәрсе қызық болса, соның жай-жапсарын анықтағанша
байыз таппайсыз.
9.
Жолы болғыш адамсыз. Сіз үшін өмір – сыйлық. Сол сыйлықты сәтті
пайдалану керектігімен бас қатырасыз. Өмірде қолыңыз жеткен
жетістікпен марқаясыз. Жаныңызға жақын жанмен бар қуанышты бөлісуге
әзір тұрасыз. Кешіре де, кешірім сұрай да
аласыз.
Психолог: Өзіміздің қандай жан екенімізді білдік
пе?
2.7. «Досым мені түсін»
-ойыны.
Тақтаға әр топтан 2 оқушыдан шығады. 1 оқушының көзі байлаулы, 2ші
оқушы досын кедергілерден алып өтуі тиіс.
2.8«Досыма тілек
жазу»
Ал, енді, қазір барлығымыз ақ
параққа досымызға хат жолдаймыз. Көгершініміз біздің жолдаған
хатымызды достарымызға міндетті түрде жеткізетін
болады.
III. Қорытынды.
3.1.
Рефлекция.
-Сонымен балалар,дос деген кім
екен?
-Нағыз дос қандай
болады?
-Сонымен,балалар достықтың адам өмірінде
қаншалықты қымбат екенін түсіндік пе?
-Жарайсыңдар!Ендеше нағыз
достарың көп болсын.Сыныптағы достықтарын ешқашан үзілмесін.
Әрқашан да бірге болып,бір-біріңе көмектесіп жүре беріңдер! Осымен
сабағымыз аяқталды,сау болыңыздар!