Дос болайық бәріміз*

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дос болайық бәріміз*

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға достарымен мейірімді қарым-қатынаста болуды үйретуді; достық құндылығы туралы түсінік беру; достаса білуге тәрбиелеу; коммуникативті дағдыларын дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаратылыстану: Дос болайық бәріміз*

Оқу қызметінің мақсаты

Балаларға достарымен мейірімді қарым-қатынаста болуды үйретуді; достық

құндылығы туралы түсінік беру; достаса білуге тәрбиелеу;

коммуникативті дағдыларын дамыту.

Сөздік жұмыс

Достық, дос.

Әдіс-тәсілдер

Шаттық шеңбері, сергіту сәті.

Құрал-жабдықтар

1. КӨРНЕКІЛІК МАТЕРИАЛДАР

Дыбыстық жазбалар, Әйгерім қуыршағы, үлкен құрсау.

2. ҮЛЕСТІРМЕЛІ МАТЕРИАЛДАР

Шағын құрсау.

Оқу қызметінің барысы

1. КІРІСПЕ БӨЛІМ

1.1. «Дос болайық бәріміз» атты шаттық шеңберіне шақырамын.

Армысың менің достарым,

Келіңдер бәрің жиналып, (қолымен шақырады)

Алақанды соғайық,

Шеңберге бірге тұрайық. (қолдарынан ұстайды)

Жер шарындай айналып, (айналады)

Әлемге шаттық сыйлайық.

Қолымызды көтеріп, (қолдарын көкке созады)

Күннен шабыт алайық

1

Ортамызда күн нұры,

Құшаққа оны алайық. (құшақтасады)

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Педагог:

- Балалар, шеңберге тұрып бір-бірімізбен қаншалықты дос екенімізді

көрсетейікші.

- Қараңдаршы, балалар, біздің шеңберіміз қандай үлкен (шеңбердің ішінде

құрсау)!

- Ол неге ұқсайды?

- Ол күнге, шеңберге, дөңгелекке ұқсайды (педагогтің көмегімен).

- Мұқият қараңдаршы, балалар, біздің күнде не жоқ?

- Күннің сәулесі жетіспейді.

- Күннің сәулелерін жасайық. Бір қолымызбен құрсауды ұстап, екінші қолымызды

созамыз. Міне, біз сәулелерді тамаша құрастырдық!

- Сәулесі бар, үлкен, тамаша күн!

2.2. Педагог:

- Балалар, достармен тату болу керек.

- Біздің топтағы балалар тату ма?

- Тату.

Педагог:

- Бүгін бізге қуыршақ Дана қонаққа келді. Дана сендермен достасқысы келеді.

2.3. Аяқпен топ-топ-топ

Әуенді тыңдау және бейнелерді көру үшін QR-кодты сканерлеңіз

2

Балалар көңілді әуеннің мәтініне байланысты қимылдар жасайды.

2.4. Әйгерім қуыршақ:

- Балалар, сендермен қандай көңілді, сендер сондай татусыңдар! Көп рақмет!

- Балалар, сендер менің достарымсыңдар, ертең мен сендермен бірге ойнауға

келемін. Қазір үйге баруым керек. Сау болыңдар, балалар!

3. ҚОРЫТЫНДЫ

- Балалар, біз бүгін не істедік?

- Біз ойындар ойнадық.

- Біз бүгін кіммен достастық?

- Біз Дана қуыршақпен достастық.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.04.2025
232
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі