Материалдар / Дос болайық бәріміз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дос болайық бәріміз

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғәлімдерге, тәрбиешілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Шілде 2018
466
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы : Дос болайық бәріміз

Сабақтың мақсаты: оқушылардың арасындағы жағымды қарым – қатынас орнату, бір – бірін сыйлауға , адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету, коммуникативтілікті дамыту. Достықтың адам өміріндегі өзіндік ерекшеліктерін ұғындыру арқылы, оқушылардың достық қасиеттерін ұштастыру.

Көрнекілігі : қағаздан қиылған жүрекшелер , гүлдер , музыка , слайд.

Сабақтың барысы :

Шаттық шеңбері
1. Күліп тұрған адамның бейнесі
2. Алақан суреті
3. Күннің суреті
4. Жүрек суреті

 

Ерте заманның ойшылы  және асқан шешен Цицерон «Достық өз бойына қаншама сан алуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңізші! Қайда барсаңыз да ол сізге қызмет етеді, ол барлық жерде бар, ол ешқашан мезі қылмайды, ешқашанда орынсыз килігетін жері болмайды; ол  сәттілікке жаңа сәулет, әр береді, ол ортақтасқан сәтсіздіктер де көп мөлшерде өзінің уытын, дәмін жоғалтады» деген.

Достық  —  адам өмірінің сан бояулы,  көп қырлы қасиеті. Сондықтан да достық ұғымына толық анықтама беру мүмкін емес. Достықтың да түрлері көп. Адал достық, шынайы достық т.б. Ең алдымен дос болу үшін бізге қарым – қатынас жасау жолдарын білуіміз керек.

Дос қандай болуы керек?

Ақылды, көмегін аямайтын, сенімді, қамқоршы, шыншыл, қайырымды, білімді, ұқыпты т.б.

«Керемет бақ» арт – терапия, релаксация.

Өзімізді ыңғайлы, қалыпты ұстап көзімізді жұмамыз. Аяғымызды, денемізді толықтай бос ұстаймыз. Үш рет терең дем аламыз. Енді көз алдыңызға  әдемі гүлдерге толы, әсем керемет бақтың ішінде жүрміз деп елестетіңіз. Сіздің алдыңызда иісі мұрынды жаратын жұпар иісті, әдемі жүздеген, мыңдаған гүлдер өсіп тұр. Кенеттен бетіңізге самал жел соққандай болды. Жүріп келе жатып сізді алыстан көз тартып шақырғандай болып тұрған гүл өзіңіздің жаныңызға жақын. Сол гүлді қолыңызға алып иіскеп, гүлге аялап қарап тұрдыңыз. Сол гүлді сіз өзіңіздің жақын адамыңызға немесе досыңызға тарту еттіңіз. Жақын адамыңыз да осы гүл сияқты өте әдемі. (Транстан шығып өз әлемімізге ораламыз).

 

«Еркін би» жаттығуы.

Мақсаты: Бұл жаттығу қатысушыларға басқалардың алдында қысылмай билей  алуына мүмкіндік береді. Топтың араласып кетуіне , өзіндік ашылуына жағдайлар туғызу. Сонымен қатар ол би терапиясын аяқтауға көмектеседі.

Жүру барысы: Қатысушы топ дөңгеленіп отырады. Осы қатысушының арасынан  біреуі ортаға шығып билейді. Алайда  оған «жақсы биші» болу қажет емес. Оның қимылы еркін болуы керек. Оны ешкіммен салыстырмайды, ол өзінің денесіне бағынады. Бірнеше минуттан кейін ол отырады да, оның орнына  яғни ортаға басқа қатысушы шығады. Осылайша әркім өз еркімен шығып, 1-2 минут болса да өзінің биін билеп ойын ары қарай жалғасады.

 

«Май шам» тренингі.

Барлығымыз бір – бірімізбен  жағымды қарым – қатынас орнату үшін, достығымызды нығайту үшін жылы сөздер, тілектер айту арқылы жалғастырамыз.

Қоштасу ритуалы.

Күлім қағып қолымды,

Бір-екі, үш деп соғайын.

Қарап тұрған көршіме,

Қолымды мен бұлғайын.

Жылы – жылы жүзбенен,

Маңдайыңнан сипайын.

Жылы-жылы сөзбенен,

Жүрегімді сыйлайын.

Ыстық алақаныңмен,

Қолыңды бер қысайын.

Амандасып өзіңмен,

Құшақтап бір қысайын.

 

Балалар бүгін біздер достықты берік сақтау үшін, оны одан әрі нығайту үшін  көптеген нәрселермен таныстық. Сонымен қатар бойымыздағы жаман қасиеттерден арылуға күш салдық. Әрқашанда бір – бірімізді сыйлап жүрейік, өйткені сыйластық арқылы адамның бойында жақсы, ізгі қасиеттер қалыптасады екен.

 

 

 

















Тасқала аудандық білім бөлімі

Балалардың мектептен тыс жұмыс орталығы













«Тұлғалық сапаларды қалыптастыру»

Тренинг









Педагог-психолог: Наджимова С.Ш











2018 оқу жылы





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!