Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Дос болайық бәріміз»

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге өз септігін тигізеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Октябрь ауданы

«№12 ЖББОМ» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Ханат Наурызгүл

Тақырыбы: «Дос болайық бәріміз»
Мақсаты: Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым – қатынастары нығаяды.
Міндеттері:-Оқушыларды өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету, адалдыққа, шыншылдыққа үйренеді.
-Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығаяды.
- Өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым – қатынастарын дамиды.
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, «Сөйлемді аяқта» тренингі, хатқа жауап беру, пікіралмасу, жүректен-жүрекке, «Сиқырлы орындық» жаттығуы, «Ренжістік-татуластық ойыны.
Көрнекі құралдар: Ұлы ғұламалардың ойлары, нақыл ұлағатты сөздері, дос туралы мақал-мәтелдер,мозайка, слайд, мәуелі ағаш, жүрекшелер, 5 саусақты қағаз қолғап.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.«Шаттық шеңбері». Қол ұстасып,дөңгелене тұру:

Әкел,досым,қолыңды,

Татуласқан орынды.

Өкпелесіп не керек,

Көрсет,кәне,соныңды.

Баққа бірге кірейік,

Қол ұстасып жүрейік.

Татулықтың белгісі-

Кел,қосылып күлейік:

Кіріспе сөз. Құрметті оқушылар, ұстаздар бүгінгі 3 «б»сыныбында өтейін деп отырған «Достық болайық бәріміз» аттты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. Ендеше ашық тәрбие сағатымызды ашуға рұқсат етіңіздер. Достық – адамдардың бір - біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос - жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал - мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама - қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш - қызығын, ырыс - бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі.

Оқушыларды екі топқа бөлу. Екі топқа мозайка беру. Бірінші топта жан-жануарлардың мозайкасы, екінші топта барлық достықтың түрлері бейнеленеді.

Видео көрсету. «Екі дос туралы»

 II. «Тыныштық сәті»

-         Аспаннан күндіз нені көреміз?     -Күнді көреміз.

-         Күн не істейді?                               -Жарық береді,жылу береді.

-         Ендеше,көздеріңді жұмып,жайланып отырыңдар...(тыныштық

сәтінің мәтіні үнтаспада оқылады.) Мәтін аяқталғанда үнтаспадан

жүректің қағысы естіледі,интерактивті тақтада жүректің қағып тұр-

ған суреті шығады.Достар бір-бірінің жүрек қағысын тыңдайды.

-         Сендер не сездіңдер?

-         Мәтін кімдер туралы?

-         Ендеше біз бүгін достық туралы әңгімелесеміз.Бәрі хормен 

Дос болайық,бәріміз!

Мақалдарды толықтыр!

  1. «Кемшіліксіз .... іздеген адам .... қалады».

2. «Дұшпан .... айтады, дос....айтады».

3. «Жаңылмайтын ... жоқ, сүрінбейтін тұяқ .......».

4. «.... жаңасы жақсы, ... көнесі жақсы.».

5. «..........ақшаң болғанша, көп досың ...».

6. «Досы көппен .... ,

Досы жоқпен ... »

  1. «Досы ... , өзі де жақсы»

2. «.... басқа қарайды,

... аяққа қарайды»

  1. «Ақылсыз ....ақылды дұшпан ....»

4. « Досың мың ....,

... біреу болса да көп»

5. « ... адам тамыры жоқ ... тең»

6. « ... дос болсаң,

Сасқанда ақылың айтар.

... дос болсаң,

Топ ішінде бетің қайтар».

1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады»

2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады

3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ»

4. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы»

5. « Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын».

6. «Досы жоқпен сырлас,

Досы көппен сыйлас»

1. «Досы жақсының-өзі де жақсы».

2. «Дос басқа қарайды,

Дұшпан аяққа қарайды».

3. «Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық».

4. «Досың мың болса да-аз,

Дұшпаның біреу болса да-көп».

5. «Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең»

6. «Білімдімен дос болсаң,

Сасқанда ақылың айтар.

Білімсізбен дос болсаң,

Топ ішінде бетің қайтар».

Жақсы дос
Қанат конькиін аулаға қалдырды да, өзі тамағын ішуге үйге кетті. Тамағын ішіп отырып ол конькиін Маралдың теуіп жүргенін көрді. Қанат ашуланып, аулаға жүгіріп шықты. «Қазір оның сазайын тартқызамын, біреудің затын сұрамай алушы болмасын» деп ойлады.
Ашулы күйінде жетіп барды, тіпті жұдырығын да түйіп алған.
Ал Марал оны көрді де, «Танысып қой, Айдар, бұл менің ең жақсы досым Қанат» деді. Қанат ұялып қалды

Алғашқы жауын жауғанша

Данамен Бота тату дос болатын. Олар мектепке де бірге баратын. Бірде олар мектепке келе жатқанда жаңбыр жауып кетті. Дананың үстінде плащы бар еді, ал Бота көйлекпен ғана болатын.

-Плащынды шеш, екеуіміз бірге жамылайық! - деді Бота.

Шеше алмаймын, үстім су болады ! –деді Дана.

Мектепке келгенде мұғалім «Дананың үсті құрғақ, сен неге малмаңдай сусын. Неге бұлай? Екеуің бірге келмедіңдер ме?» деп сұрады.

-Дананың плащы болды, ал менде көйлек қана болды»-деді Бота.

-Екеуің бір плащты жамыла алатын едіңдер ғой. Сендердің достықтарыңның алғашқы жаңбыр жауғанша ғана екені көрініп тұр –деді мұғалім. Екі қыз да ұялғанынан қып-қызыл болып кетті.

Сен асығып барасың, ешқандай кешігуге болмайтын кездесуің бар. Досың саған тез келіп кетші, бір жағдаймен өте қатты қысылып тұрмын деді. Сенің әрекетің.

Анаң сабақтан қайтқанда нан ала кел деп ақша берді. Сені үйдегілер күтіп отыр. Түскі тамаққа нан ала келеді деп. Досың да анасы нан ала кел деген ақшасын жоғалтып алып не істерін білмей тұр. Не істейсің?

Достық- адамдардың бір- бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқы-сыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы. Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер.

* Досыңды алдамай, оған адал бол.

* Досыңды қорлама.

* Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.

* Досыңды барда да сына, жоқта да сына.

* Досыңның кемшілігін кешіре біл.

Бекіту. Бүгінгі 3 «б» сыныбында «Дос болайық бәріміз» атты ашық сабағымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер. Әр адамға өмірде бір - бірімен араласуы адамдарға үлкен әсер етіп, маңызды роль атқарады. Адамгершілік, адамшылық, достықта жоғары бағаланады. Ешқашан достыққа нақты баға берілмейді, қанша адам болса сонша пікір, ойлар бар сондықтан әркім достықты өз қалауынша түсінеді
Сонымен нағыз дос деген не мағына береді. Достық балалық шақтан басталады, өмір бойы жалғасады. Достықты сатып ала алмайсың, не оны ұстап, не көре алуға болмайды. Барлық адамдарда жолдас көп, біреулерде дос болса, біреулерде мүлдем жоқ.
Барлық адам өзін қоршаған ортада ұстай білу керек.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.10.2018
533
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12